Материалдар / Ашық сабақ көркем еңбек пәні

Ашық сабақ көркем еңбек пәні

Материал туралы қысқаша түсінік
ашық сабақ
Авторы:
25 Қырқүйек 2020
457
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

ТІРЕК КОНСПЕКТ

ФИЗИКА


Пән: Физика

Сынып: 7

Тоқсан: I

Сабақ 8

Сабақтың тақырыбы

Механикалық қозғалыс және оның сипаттамасы. Санақ жүйесі

Бөлім

Механикалық қозғалыс

Ресурстар

https://www.youtube.com/watch?v=Xm5n6IHq8nc

Сабақ мақсаты

  • Санақ жүйесі, механикалық қозғалыстың салыстырмалылығы, траектория, жол, орын ауыстыру туралы түсінік қалыптасады, маңызын түсінеді.

Қысқаша тірек конспект

Механика — физиканың материя қозғалысының ең қарапайым түрін — механикалық қозғалысты, яғни денелердің кеңістіктегі уақыт бойынша өтетін қозғалысын зерттейтін бөлімі. Механикалық қозғалыстың кеңістікте және уақыт бойынша өтетіндігін кез келген механика заңынан байқауға болады. Айқын түрде ме, әлде көмескі түрде ме, әйтеуір олардың барлығының құрамына кеңістіктік-уақыттық қатынастар — қашықтықтар мен уақыт аралықтары кіреді.

Дененің кеңістіктегі орны басқа бір денелерге қатысты ғана анықталады. Дененің қозғалысына, яғни оның кеңістіктегі орнының уақыт бойынша өзгеруіне қатысты да осыны айтуға болады. Қарастырылғалы отырған дененің орнын анықтауға мүмкіндік беретін денені (немесе бір-бірлеріне қатысты тыныштықтағы денелер жүйесін) санақ денесі деп атайды.

Анығына келетін болсақ, дененің қозғалысын сипаттау үшін санақ денесімен қайсыбір координата жүйесін, мәселен, декарт координата жүйесін байланыстырады. Дененің координаталары оның кеңістіктегі орнын анықтауға мүмкіндік береді. Дененің қозғалысы кеңістікте ғана емес, сонымен қатар уақыт бойынша да өтетін болғандықтан, қозғалысты сипаттау үшін уақытқа да санақ жүргізе білуіміз керек. Мұны сағаттың көмегімен іске асырады.

Санақ денелері жиынтығы немесе олармен байланысқан координаталар жүйесі және өзара сағаттар санақ жүйесін түзеді. Санақ жүйесі түсінігі физикада түпкілікті түсініктер қатарына жатады. Қашықтықтар мен уақыт аралықтарының көмегімен қозғалыстарды кеңістіктік-уақыттық сипаттау тек белгілі санақ жүйесі таңдалып алынғаннан кейін ғана мүмкін болады.

Кеңістік пен уақыттың өздері де басқа обьектілер тәрізді физикалық обьектілер болып табылады, бірақ басқа обьектілерге қарағанда маңыздырақ және қажеттірек. Кеңістік пен уақыттың қасиеттерін зерттеу үшін, олардың өздерінде өтіп жатқан денелердің қозғалыстарын бақылау керек. Денелердің қозғалыс сипатын зерттей отырып, біз сол арқылы кеңістік пен уақыттың қасиеттерін де танитын боламыз.

Shape1











Тапсырма

1. Траектория – бұл …

А) дененің жүріп өткен жолы

В) дененің қозғалысы барысында қалдырған ізі

С) дененің қозғалысы барысындағы орны

2. Жол дегеніміз –

А) дененің жүріп өткен траекториясының ұзындығы

В) дененің қозғалысы барысында қалдырған ізі

С) дененің қозғалысы барысындағы орны

3.Орын ауыстыру – бұл ........

А) дененің жүріп өткен траекториясының ұзындығы

В) дененің қозғалысы барысында қалдырған ізі

С) дененің бастапқы орны мен соңғы орнын қосатын бағытталған кесінді

4. Векторлық шамалар – бұл …

А) тек қана модулі бар шамалар.

В) тек қана бағыты бар шамалар.

С) модулі және бағыты бар шамалар.

5. Скалярлық шамаларды анықтаңдар

А) тек қана модулі бар шамалар.

В) тек қана бағыты бар шамалар.

С) модулі және бағыты бар шамалар.

6. Қозғалыс салыстырмалылығының анықтамасын жаз. __________________________________________________________________________________________________________________________________________________

7. Ғарыш кемесі 20 км биіктікке көтеріліп Жерге қайта оралды. Ғарыш кемесінің жүріп өткен жолын және орын ауыстыруын табыңыз.

Жауабы: ____________________________________________

8. 400 км жолды метрға ауыстырыныз және стандарт түрде жазыңыз.

Жауабы: ____________________________________________


Кері байланыс

(whatsapp мобильді қосымшасы арқылы немесе электронды почтаға):

Мен не білдім?

Мен үшін бұл жаңалық болды.

Бұл менің білгендеріме қарама қарсы болды.

Бұл туралы көбірек білгім келеді.


Мұғалімнің аты-жөні: Дастанова Г.К

Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі