Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Кристалдық торлардың типтері" 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
1. «Қызығуды ояту» 1. Алғашқы периодтық жүйені кім, қай жылы ашты? 2. Периодтық жүйеде қанша топ бар? 3. Периодтық жүйеде қанша период бар? 4. Әр топ қандай топшаларға бөлінеді? 5. Периодтар нешеге бөлінеді және қалай? 6. Атом құрамы қандай? 7. Атом құрылысының ядролық моделін кім ұсынған? 8. Период нені көрсетеді? 9. Топ нені көрсетеді? 10. Нейтрон санын қалай анықтаймыз?
Материалдың қысқаша нұсқасы



28 сабақ




Химия



Күні:

Сабақ тақырыбы:

Кристалдық торлардың типтері.

Сілтеме:

Жалпы білім беретін мектептің 8 – сыныбына арналған оқулық «Химия» Алматы «Мектеп» 2016ж, Н.Нұрахметов, К.Сарманова, К.Жексембина, орта мектептің 8-11 сынып оқушыларына арналған оқу құралы. Химия есептері мен жаттығуларының жинағы Алматы «Рауан» 1997 Я.Л.Гольдфорб, Ю.В.Ходаков, Ю.Б.Додонов, Химия жұмыс дәптері, Н.Нұрахметов, К.Сарманова, Н.Заграничная,Алматы «Мектеп» 2008ж.Ә.Темірболатова Химиядан есептер жинағы Алматы «Мектеп» 2013 ж

Жалпы мақсаттар:

Заттардың агрегаттық күйлерімен таныстырып, олардың түрлерін ажырата білуге үйрену


Күтілетін нәтижесі

заттардың агрегаттық күйлерін біледі

жай және күрделі заттардың кристалдық торларын түсіндіреді

Заттардың құрылысының қасиетіне тәуелділігін салмақтайды


Сабақтың көрнекілігі

Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі, интерактивті тақта, маркер, қарындаш, плакаттар, слайдтар. 8-сынып электрондық оқулық. АКТ-ны пайдаланып, жас ерекшеліктеріне сай сұрақтар мен тапсырмалар, ББү кестесі

Ұйымдастыру кезеңі


  • Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.

  • Оқушыларды топқа бөлу

  • Оқушыларға бағалау парақшалары таратылады.

Қызығушылықты ояту


1. «Қызығуды ояту»

  1. Алғашқы периодтық жүйені кім, қай жылы ашты?

  2. Периодтық жүйеде қанша топ бар?

  3. Периодтық жүйеде қанша период бар?

  4. Әр топ қандай топшаларға бөлінеді?

  5. Периодтар нешеге бөлінеді және қалай?

  6. Атом құрамы қандай?

  7. Атом құрылысының ядролық моделін кім ұсынған?

  8. Период нені көрсетеді?

  9. Топ нені көрсетеді?

  10. Нейтрон санын қалай анықтаймыз?

2. «Кім шапшаң?»

  1. Al + O2

  2. Fe + O2

  3. Fe + Cl2

  4. Al + Cl2

  5. H2 + Cl2

  6. H2 + O2

Жаңа сабақ





Аморфты зат (гр. а — жоқ; гр. morphe — пішін, форма; гр. substantia — зат) — борпылдақ дәнекер ұлпасы жасушалары мен талшықтарының аралықтарын толтырып тұратын, атқаратын қызметіне сәйкес қоймалжындығы өзгеріп отыратын гел тәрізді іркілдек пішінсіз масса. Әртүрлі мүшелердегі борпылдақ дәнекер ұлпасы жасушааралық тірі затындағы негізгі аморфты заттың мөлшері мен химиялық құрамы сол ұлпаның қызметі мен жағдайына байланысты ұдайы өзгеріп отырады. Негізгі аморфты зат — гликозаминді гликандардан, протеинді гликандардан, гликопротеидтерден, судан жөне түрлі бейорганикалық тұздардан тұрады. Бұлардың ішінде аморфты зат қүрамының негізін сульфаттанбаған гликозаминді гликандардың күрделі полимерлі түрі - гиалурон қышқылы құрайды. Бұл қышқылдың ұзын тармақталған полимерлі тізбегі әртүрлі бағытта иіліп, аралықтарында ұяшықтары мен өзектері болатын молекулалық тор жасайды. 

Кристалдар – атомдары мен молекулалары кристалдық тор түзетін қатты денелер. Кристалдар (грекше krystallos, оның алғашқы мағынасы мұз дегенді білдіреді) қатты денелердің тепе-теңдік күйі болып табылады. Белгілі бір термодинамикалық (қысым, температура) жағдайда кристалдық күйде болатын химиялық заттың нақты, тек өзіне тән кристалды атомдық құрылымы болады. Бұл құрылым атомдардың орналасуына байланысты кристалдардың сыртқы симметриясын және олардың анизотропиялық қасиеттерін бейнелейді. Табиғатта және техникада кездесетін қатты материалдардың көпшілігі – поликристалдар. Олар ретсіз орналасқан ұсақ кристалдардан (кристалиттер) құралады. Бұған көптеген минералдар, техникалық металдар мен қорытпалар жатады. Кристалдардың жеке ірі түрі монокристалл деп аталады. Табиғатта салмағы жүздеген килограмға жететін кварц, дала шпаты, флюорит кристалдарымен қатар мөлшері өте ұсақ алмас кристалы да кездеседі. Термодинамикалық тепе-теңдік жағдайда өсірілген кристалдардың пішіні белгілі бір симметриялы, дұрыс көпжақ түрінде болады. Олардың жақтары жазық болып келеді де, қырлары түзу сызық бойымен тұрақты бұрыш жасай қиылысады, яғни кристалдану кезінде кристалдардың жақтары өзіне-өзі параллель жылжиды. Бұл заңдылық геометриялық кристаллографияда бұрыштардың тұрақтылық заңы деп аталады. Геометриялық кристаллографияның ІІ заңы – бүтін сандар заңы — кристалдық заттардағы микропериодтылықтың макроскопиялық көрінісі болып табылады. Кристалдық тордың кез келген атомдық жазықтығы координаттық осьтер бағытында тор периодының бүтін сандарымен сипатталады. Кристалдың жақтары симметриялы болады, жақтары мен қырлары бір-бірімен симметрия амалдарының нәтижесінде беттесе алады. Әрбір амал симметрия осіне, жазықтығына не центріне байланысты орындалады. Кристалдық көпжақтар да симметрияның белгілі бір элементтерінің жиынтығымен сипатталады. Симметрияның 32 класы (32 нүктелік тобы) бар. Әрбір класс симметрияның белгілі бір элементтерімен сипатталады. Кристалдық тордың ерекшелігіне қарай кристалдың сыртқы пішіні белгілі бір класқа және сингонияға бөлінеді. Температураның не қысымның өзгеруіне байланысты кристалдардың құрылымы да өзгереді. Кейбір кристалды күйлер (фазалар) метастабильді (салыстырмалы тұрақты) күйде болады. Берілген зат құрылымының әр түрлі бірнеше кристалдық фазада болуы полиморфизм (мысалы, ақ және сұр қалайы, алмас және графит, кварцтың түрлері, т.б.) деп аталады. Қатты кристалдарға қарағанда, сұйық кристалдар мен аморфты денелерде (мысалы, шыны) атомдардың орналасу тәрітібі нашар сақталады. Кристалдардың өсуі кезіндегі тепе-теңдік шарттарының бұзылуы, кристалдану кезінде қоспалардың араласуы тәрізді әр түрлі әсерлердің салдарынан кристалдың идеал құрылымында ауытқулар байқалады. Кристалдық тор атомдарының орнын басатын аз мөлшерде қоспа атомдарын өндіру тәсілі кристалдың қасиеттерін өзгерту үшін техникада кең қолданылады. Мысалы, Al2O3  хром қосу арқылы кванттық электроникада пайдаланылатын лағыл (рубин) алынады. Кристалдардың бірқатар қасиеттері (жылулық, серпімділік, акустикалық) атомдардың өзара әсеріне байланысты анықталады. Мысалы, графитте атомдар жеке қабаттар түрінде орналасады. Оның көршілес екі қабаты арасындағы қашықтық бір қабаттағы атомдар арасындағы қашықтықтан үлкен болады. Сондықтан деформация кезінде графит жеке қабаттар бойынша біртіндеп ыдырайды. Бұл құбылыс графитті қарындаш ретінде пайдалануға мүмкіндік береді. Кристалдар электроникада, оның ішінде, кванттық электроникада ерекше орын алады. Аса қатты кристалдар (алмас, т.б.) материалдарды өңдеуде және бұрғылау ісінде пайдаланылады. Лағыл, сапфир, т.б. кристалдар сағат және басқа да дәл өлшеуіш аспаптардың негізгі элементі болып есептеледі.

Тапсырмалар

І-тапсырма. 1. Артығы қайсы?

 1-топ  Иондық байланыс    Вr2, Н2S, NН3 Н2О, AgCl, СО2, N2, NН3, О2, Н2S, НF, Mg(OH)2,  F2, СІ2  NaCl,  Li2 О 

2-топ    Ковалентті полюсті

байланыс   Вr2, Н2S, NН3 Н2О, AgCl, СО2, N2, NН3, О2, Н2S, НF, Mg(OH)2,  F2, СІ2  NaCl,  Li2 О 

3-топ   Ковалентті полюссіз

байланыс  Вr2, Н2S, NН3 Н2О, AgCl, СО2, N2, NН3, О2, Н2S, НF, Mg(OH)2,  F2, СІ2  NaCl,  Li2 О 

НЕГЕ?    Мына сөйлемді жауап үшін пайдаланыңыз:

байланысқа  …байланысқа … байланысқа жатады,  барлығы  … болып табылады, сонымен қатар … құрамына кіретін …   …. табиғаты бойынша  химиялық … түсіндіріледі.

Керекті сөздерді: жоғарғы тапсырмадан аласыңдар

ІІ-тапсырма. 2. Маған көрсет!

Сөйлем беріледі, сол сөйлемге қатысты бірнеше формула  беріледі, олардың ішінен дұрысын таңдап алу керек. Мен 3-ке дейін санап болғанда, әрбір сөйлем үшін дұрыс формула жазылған планшеттеріңді көтеріңдер. Бір сөйлемді бір рет талқылаймыз.

Тәжірибе:  Барынша көп дұрыс жауап берген оқушы сыйлық алады.  Заттардың ерітіндісіндегі сутектік көрсеткішті және тамшыуырмен бергілі мөлшері алынатынын GLX –пен көрсетіледі.

1-топ мына қосылыс  O 2    ковалентті полюссіз байланысты заттарға жатады, табиғаты жай зат ортасы    газ

2-топ мына қосылыс  NaCl  иондық  байланысты заттарға жатады , табиғаты кристалл зат (тұз)  ортасы   бейтарап.

3-топ мына қосылыс   HCl  ковалентті полюсті байланысты заттарға жатады, табиғаты  сұйық  (қышқыл)

ортасы  қышқылдық           NaCl , HCl ,  O 2

ІІІ-тапсырма. 3.  Крестиктер-нөлдіктер

1. химиялық байланыс түрлерін атап мысал келтір.

2. ковалентті полюсті байланыс түрлеріне жататын заттардың формуласын жазып мысал келтіріңдер

3. мына қосылыстардағы :     NH3 , CO2 , CsF, NaJ ,  H2  , N2  химиялық байланыс түрлерін анықтаңдар

4. Мына заттардың химиялық байланысын электродық формуламен көрсет  Сl2  , HF ,  H2

ІV-тапсырма. 4. Сұрақты тап…   Атом , Молекула, Күрделі зат, формула , Негіздер, Қышқылдар, Тұздар, Элементтердің  электрондық  қабаты, Электртерістілік, Заттың табиғаты.

. Сұрақтар:

  1. Қатты денелер қалай бөлінеді?

  2. Аморфты күйлер дегеніміз не?

  3. Кристалдық күйлер дегеніміз не?

  4. Аморфты және кристалдық күйлердің айырмашылығы қандай?

  5. Жай заттар дегеніміз не? Мысал келтір.

  6. Күрделі заттар дегеніміз не?

  7. Осы заттардың арасында қандай байланыстар болады?

  8. Ковалентті полюсті байланыс дегеніміз не? мысал келтір.

  9.  Ковалентті полюссіз байланыс дегеніміз не?мысал келтір.

  10. Иондық байланыс дегеніміз не? мысал келтір.

  11. Электіртерістілік дегеніміз не?

  12. Периодтық жүйеде қай топтың элементтерінің электртерістілігі жоғары?

  13. Металдық байланыс дегеніміз не?

V-тапсырма. 2. Тест тапсырмасы.

1.Кристалдық күйде металл атомдары бір-бірмен байланысады.

А) иондық байланыспен В) донорлы-акцепторлық байланыспен

С) металдық байланыспен Д) ковалентті байланыспен Е) сутекті байланыспен

2. молекулалық крсталдық торы бар зат

А) кремний В) хлорсутек С) мырыш гдроксиді Д) барй оксиді Е) алюмний

3. темірдің кристалдық торының түрі

А) металдық В) атомдық С) иондық, металдық Д)молекулалық Е)иондық

4. Атомдық кристал торы бар зат

А) алмаз В) иілімді күкірт С) ақ фосфор Д) ас тұзы Е) хлор

5. Металдық тордың ерекшеліктері-тор түйіндеріндде орналасатын бөлшектер

А) металл иондары мен молекулалар В) протондар және атомдар

С) электрондар және молекулалар Д) атомдар және электрондар Е) металл атомдары мен иондары

Бағалау

Формативті бағалау: екі жұлдыз, бір ұсыныс.

Топтағы оқушылар бағалау парақшаларына критерий арқылы бағалайды


Кері байланыс

Бүгінгі сабақта не үйрендім? Оқушы рефлексиясы

Үйге тапсырма




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.02.2018
448
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі