Сабақта іске асатын оқу
мақсаты
|
8.4.4.1 Тақырып бойынша
мәліметтерді жинақтап, эссе жазуда тиімді
қолданады.
|
Сабақтың мақсаты
|
Барлығы: мәтіндердің мазмұнын түсінеді және
мәліметтер жинақтай алады;
Көпшілігі: жинаған
мәліметтерді эссе жазуда тиімді қолданады;
Кейбіреуі: тақырып
бойынша өз ойын еркін әрі жүйелі жеткізе
алады.
|
Тілдік
мақсаты
|
Жаңа сөздердің аудармасын өздері табады;
әдеби тіл нормасына сай сөйлеуге дағдыланады; өз ойын анық әрі
жүйелі жеткізуге тырысады.
|
Құндылықтар
|
«Мәңгілік ел» идеясы: Зайырлы қоғам және
жоғары руханият
|
Пәнаралық байланыс
|
Физика, астрономия, қазақ
әдебиеті
|
Сабаққа қажетті сілтемелер мен
сайттар
|
|
Кезең
|
Жоспарланған тапсырмалар
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
Ұйымдастыру кезеңі
Қалдарың қалай? Көңіл-күйлерің жақсы
ма?
|
|
|
Сергіту сәті
«Ғалым болсам ... »
(Оқушылар шеңбер құрып,
әрқайсысы төмендегі 1-ші сөйлемді толықтырады да, жанында тұрған
көршісіне сұрақ қояды.)
Ал егер де сен ғалым болсаң,
нені зерттейсің ?»
|
Презентация (1-слайд)
(Сергіту сәтінің
сөйлемдері)
|
|
Формативті бағалау
Өзін-өзі бағалау
|
|
|
Оқушыларды топтастыру
Оқушылар күн мен жерге
байланысты жұмбақтар мәтінінің сөздері жазылған қиындыларды
құрастырады. (Сыныпта қанша оқушы болса,
сонша қағаз қиындылары дайындалады).
1.
|
Қызыл күлше тау асады,
Ыстық нұрын
шашады. (Күн)
|
2.
|
Сатайын десем ауыр кілем,
Сатпайын десем тәуір
кілем. (Жер)
|
Жұмбақ мәтінін құрастыруды аяқтағаннан кейін
шешуін табады.
Топтардың аттары: «Күн» тобы және «Жер»
тобы.
Әр
топтың көшбасшылары анықталады.
|
Жұмбақ мәтініндегі сөздер жазылған қағаз
қиындылары
«Күн» тобы
«Жер»
тобы
|
|
Қалыптасырушы бағалау
Өзін-өзі бағалау
|
|
|
Қызығушылығын ояту
-
Балалар, бүгінгі сабақтың не туралы болатындығын
түсініп отырған боларсыңдар?
-
Әрине, бүгінгі сабағымыз Күнге
арналады? Сендер Күн туралы не білесіңдер?
(Оқушылар күн туралы не
білетіндерін айтады.)
Күн туралы кіріспе
бейнежазбаларын көреміз.
bilimland.kz-kk#kun
bilimland.kz/kk#kun
(Сабақтың тақырыбы ашылады және оқу мақсаты
түсіндіріледі.)
Енді, балалар, Күн жүйесіне
байланысты «Күн жүйесі дегеніміз
не?» және
«Күн жүйесіндегі
ғаламшарлар» бейнежазбаларын
тамашалаймыз.
bilimland.kz/kk#kun-zhujesi-degenimiz-ne.
bilimland.kz/kk#kun-zhuieindegi-planetalar.
(Оқушылар көрген
бейнежазбадағы мәліметтерді мұқият тыңдап, қағазға қысқаша түртіп
отырады.)
|
Презентация (2-слайд)
(сабақтың тақырыбы
жазылған)
BILIM Land
бейнежазбалары:
bilimland.kz-kk#kun
bilimland.kz/kk#kun
bilimland.kz/kk#kun-zhujesi-degenimiz-ne.
bilimland.kz/kk#kun-zhuieindegi-planetalar.
|
|
Топтық жұмыс
Тапсырма: «Күн жүйесі және
ондағы планеталар» тақырыбында тұжырымдамалық карта
(постер-сызба) жасау
Бағалау критерийі: Көрген бейнежазбалардағы басты
мәліметтерді тұжырымдамалық картаға түсіреді.
Дескриптор:
1. Тақырыпқа байланысты басты
мәліметтерді тұжырымдамалық картаға сызба түрінде
жазады.
2. Тұжырамдамалық картаны
ауызша қорғайды.
3. Әр топтың көшбасшылары
жетекшілік жасайды.
4.Тұжырымдамалық карта жасаудың талаптарын
сақтайды.
5. Картаға қатесіз, сауатты
жазады.
|
Презентация
(3-слайд) (тапсырма мен бағалау
критерийлері және дескриптор жазылған)
Тұжырымдамалық карта
(А3 қағазы, түрлі түсті
маркерлер, сызғыш, қарындаштар)
|
|
Қалыптастырушы бағалау
«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі (екі жетістік – бір
ұсыныс)
|
«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі
|
Сабақтың ортасы
|
Twig bilim-нен «Біздің Күн жүйеміз»
бейнежазбасын көреміз.
Топтық жұмыс
Тапсырма:
«Күн» тобына: 1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқу,
тірек сөздерді тауып жазып, қысқаша мазмұндау.
Жаңа сөздер: заманауи бағалаулар,
құрайды.
Тірек сөздер: күн жүйесі, ғарыштық денелер,
заманауи бағалаулар, Құс жолы, Ғалам.
«Жер» тобына: 4-тапсырма. Мәтінді түсініп оқу,
тірек сөздерді тауып жазып, қысқаша мазмұндау.
Жаңа сөздер: ғарыштық кеңістік,
қалыптасқан.
Тірек сөздер: ғаламшарлар, Күн жүйесі, жұлдыз,
ғарыштық кеңістік, газды шаң бұлты.
Бағалау критерийі: Мәтіндегі тірек сөздерге
сүйене отырып, мәтінді мазмұндайды.
Дескриптор:
1.Мәтінді түсініп оқиды.
2.Жаңа сөздердің аудармасын
табады.
3.Мәтіндегі тірек сөздерді
анықтайды.
4.Мәтінді тірек сөздерге
сүйене отырып мазмұндайды.
Қалыптастырушы бағалау
«Кері байланыс бутерброды» (мақтау – сын –
мақтау)
(Әр топ бір-біріне кері байланыс
береді.)
|
Twig BILIM-дегі
бейнежазба:
«Біздің Күн жүйеміз»
«Қазақ тілі» оқулығы 8-сынып
Презентация (4-слайд)
(Тапсырмалар жазылған)
Презентация (5-слайд)
(Бағалау критерийі мен дескриптор
жазылған)
«Кері байланыс бутерброды»
|
|
Twig bilim-нен «Күн жүйесінің пайда болуы»
бейнежазбасын көреміз.
Жеке
жұмыс
Тапсырма: «Күн жүйесі» тақырыбында эссе
жазу
iTest-тегі «Эссе-нұсқаулар-эссе құрылымы»
ақпаратын оқимыз және талдаймыз.
Эссе жоспары:
І.
Кіріспе
ІІ.
Негізгі бөлім
1.Күн жүйесі дегеніміз не?
2.Күн жүйесіндегі планеталар
ІІІ. Қорытынды
Бағалау критерийі:
Тақырып бойынша мәліметтерді жинақтап, эссе
жазады.
Дескриптор:
1)
тақырып бойынша мәліметтер жинақтайды;
2)
тақырыптан ауытқымайды;
3)
көлемі 120-150 сөз шамасында болатын эссе жазады.
4)
орфографиялық, пунктуациялық заңдылықтарды
сақтайды.
(Эссе жазған дәптерлерін
тексеру үшін жинап аламын.)
|
Twig BILIM-дегі
бейнежазба:
«Күн жүйесінің пайда
болуы»
iTest-тегі «Эссе-нұсқаулар-эссе
құрылымы»
Презентация (6-слайд)
(эссе жоспары жазылған)
Презентация (7-слайд)
(бағалау критерийі мен дескриптор
жазылған)
|
Сабақтың
соңы
|
Қорытынды
«Күн шуағы»
әдісі
(Тақтаға күннің суреті жапсырылады да,
оқушыларға күннің шуағы салынған қағаздар таратылады. Күн шуағына
әр оқушы бүгінгі сабақта естерінде сақтаған сөздерді жазып
шығады.)
Оқушыларға жетекші сұрақтар:
1.
Бүгінгі сабақта қазақ тіліндегі қандай сөздерді есіңде
сақтадың?
2. Есіңде сақтаған сөздердің
орысша аудармасы қандай?
|
Презентация (8-слайд)
«Күн шуағы» әдісі (оқушылар
үшін жетекші сұрақтар жазылған)
|
|
Рефлексия
«Сөйлемді аяқтау»
әдісі
«Мен түсіндім ...»
«Мені таңғалдырды ...»
«Мен үшін қиын болды ...»
«Алдағы уақытта - ...
»
|
Презентация
(9-слайд)
(рефлексия сөйлемдерінің басы
жазылған)
Рефлекция парақшалары
|
|
Үйге тапсырма: «Күн жүйесі» тақырыбында сөзжұмбақ
құрастыру. (9 сұрақтан тұрады.)
|
Сөзжұмбақ «Күн жүйесі»
|