жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ. Күн райын хабарлаймыз
№3 сабақ
Мектеп: «Ломоносов атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен» |
|||||
Сабақ тақырыбы: №51 Күн райын хабарлаймыз |
|||||
Күні:15.01.20 |
Мұғалімнің есімі:Ильясова А.Ж
|
||||
Сынып:4 |
Қатысқандар саны |
Қатыспағандар саны
|
|||
Сабаққа негізделген оқу мақсаты
|
4.1.5.1-өз ойын,сезімін көзқарасын өмірде болған,өзге шығармадағы ұқсас оқиғалармен салыстыра отырып білдіру. |
||||
Сабақ мақсаттары: |
Барлық оқушылар: Тақырыпқа қатысты ақпаратты түрлі дереккөздерден алып, өңдеп, себеп-салдарлық байланысын анықтап, бейнежазба түрінде көрсетеді. Мәтін кейіпкерінің іс-әрекетіне баға береді. Оқушылардың басым бөлігі: Тақырыпқа қатысты пікірлер жайлы өз көзқарасын білдіреді. Кейбір оқушылар: Ақпараттарды салыстырып, әлсіз, мықты тұстарын ажырата алады. |
||||
Бағалау критерийлері: (жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже) |
Кейіпкердің іс-әрекетін бағалайды. Түрлі дереккөздерден ақпарат алуды үйренеді. Шығармашылық жұмыстарды түрлі формада орындауға қатысады. |
||||
Тілдік мақсаттар |
Тілдік дағдылар.Терминология. Сөз тіркестері: Метеожерсерік, көген, диктор |
||||
Құндылықтарды дарыту |
Адамгершілік, еңбекқорлық. |
||||
Пәнаралық байланыстар |
Қазақ тілі, көркем еңбек, жаратылыстану. |
||||
АКТ қолдану дағдылары |
Электронды тапсырмалар. |
||||
Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім |
Ауа-райына қатысты шартты белгілерді, ауа райына қатысты халықтық болжамдарды біледі. |
||||
Жоспар |
|||||
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жаттығулар |
Ресурстар |
|||
Басталуы |
(Ұ)Психологиялық дайындық. Біз қандаймыз,қандаймыз, Шұғылалы таңдаймыз. Күлімдеген күндейміз, Еш уайымды білмейміз Топқа бөлу:,оңтүстік,солтүстік, шығыс батыс, облыстарына байланысты. Алдыңғы білімді еске түсіру (жеке,жұпта,топта, ұжымда) « 1. Ақын суреттеген қыс мінезі қандай? 2.Қыс өлеңінің авторы кім? 3.Қызыл шұнақ өлеңінің авторы кім? 4.Қызыл шұнақ деген қандай мағынаны білдіреді? «Ойыңмен бөліс» айдары бойынша мұғалім оқушыларға төмендегідей сұрақтар қояды -Ертеде адамдар күн райын қалай болжаған? -Қазір күнделікті күн райын қайдан білеміз? -Алдын ала күн райын болжайтын орталық қалай аталады? -Ауа райында болатын өзгерістерге бақылау жасап көрдің бе? ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау. Сұрақтарға жауап бергізе отырып, сабақ тақырыбын болжату. Оқу мақсатын таныстыру Күтілетін нәтижені анықтау |
Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
|
|||
Ортасы |
(ТЖ) «Бірлесе отырып орындау» айдары бойынша оқушылар еліміздің картасын пайдаланып, жеріміздің батыс, шығыс, оңтүстік, солтүстік бөлігінің бірінің ауа райын хабарлау үшін тележүргізуші (диктор) рөліне еніп, ертеңгі күн райына хабарлама жасайды. І топ – Оңтүстік Қазақстан ІІ топ – Солтүстік Қазақстан ІІІ топ –Шығыс Қазақстан ІV топ –Батыс Қазақстан аумағындағы ауа райының болжамын жасау. Дескрипторы: 1. Тележүргізуші диктор рөліне еніп, ертеңгі ауа райын қазіргі уақытпен байланыстыра хабарлама жасайды. 2. Шартты белгілерді пайдаланып, ауа температурасын көрсетеді. ҚБ «От шашу арқылы бірін-бірі бағалау» «Түсініп оқы» айдары бойынша «Джигсо» әдісімен «Құралай» мәтінін оқиды Дескрипторы: 1.Мәтінді әр топ бөліп-бөліп оқиды . 2. Мәтіннен түсінгенін айтады. «Жаңа сөздер сандығы» айдары Сөздікпен жұмыс Түз тағысы – жабайы аң Астроном – аспан әлемін зерттеуші ғалым Бейкүнә жануар – зияны жоқ жануар Көген – қой сауған кезде қозы-лақтарды мойнынан тізбектеп байлап қоятын ұзын арқан. Періште – діни ұғым бойынша адамға Алланың әмірін жеткізуші. Ойлануға берілген тапсырма Атасының «Дарқан даланың тілін ұқ, сырын сезуге тырыс» деген сөзін қалай түсіндің?
|
Тапсырма ны орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
|
|||
Аяқталуы
|
Үй тапсырмасы: Мәтінді түсініп оқу. Рефлексия: «Сиқырлы кеме»
|
|
|||
Қосымша ақпарат
|
|||||
Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз? |
|
||||
Бағалау - Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайыз? |
|
||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? |
|
||||
Қорытынды бағамдау |
|||||
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1. 2. Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1. 2. Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек? 1. 2. |
|||||
Шұғыл
SMS (хабарландыру» әдісі.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген