Ашық сабақ "Күрделі функцияның туындысы" 10 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Күрделі функцияның туындысы" 10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
математика пәні мұғалімдеріне аталған тақырыпта сабақ жоспарын құруда көмегі болар деп ойлаймын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернаты













Ашық сабақ

Тақырыбы:

«Күрделі функцияның туындысы»





Өткізген: Сағындық А.С.






















Сабақтың тақырыбы: Күрделі функцияның туындысы

Сабақтың мақсаты: Күрделі функция ұғымын меңгере отырып, элементар функциялардың туындысын табу формулалары негізінде күрделі функциялардың туындыларын таба білу; күрделі функция туындысын меңгеру арқылы тақырыпты қорыта алу.

Сабақтың міндеттері:

1) Туынды, дифференциал, күрделі функция ұғымдарына анықтама бере алу;

2) Элементар функциялардың туындыларын табу формулалары мен дифференциалдау ережелерін білу;

3) Элементар функциялардың туындысын есептеу ережесі негізінде күрделі функциялардың туындыларын таба білу;

4) «Күрделі фуннкцияның туындысы» тақырыбынан алған теориялық білім негізінде практикалық тапсырмаларды орындай алу.

Мұғалімнің оқытудағы нәтижесі: Оқушылардың өткен тақырыптан алған білімдері негізінде күрделі функцияның туындысын табуға берілген есептерді өз бетімен шығара алуы; функцияның туындысын есептей отырып, берілген нүктедегі мәнін анықтай алу; жиі қолданылатын функциялардың туындысын табу ережелері мен формулаларын жатқа білуі және практикада қолдана алуы.

Сабақ түрі: білімді бекіту сабағы

Қолданылатын стратегиялар, әдіс-тәсілдер: СТО, АКТ, Блум сұрақтары, «Кемпірқосақ»

Көрнекіліктер: туынды табу ережелері мен формулалары бар плакаттар, интерактивті тақта, түрлі-түсті фигуралар, смайликтер, стикерлер.

Сабақ барысы:

І. Қызығушылықты ояту кезеңі.

  1. Ұйымдастыру. Сәлемдесу, оқушыларды түрлі-түсті фигуралар арқылы топқа бөлу (оқушылар үстел үстіндегі түрлі-түсті фигураларды таңдайды, фигураларда түріне тәуелсіз функция атаулары жазылған. Қағазда жазылған функциялар арқылы оқушылар 3 топқа бөлінеді: 1) дәрежелік функция; 2) тригонометриялық функция; 3) логарифмдік функция).

  2. Өткен тақырыпқа шолу. Туынды тақырыбын еске түсіру мақсатында жалпыланған «Блум сұрақтары» қойылады:

  1. функциясының нүктесіндегі туындысына анықтама беріңіз. ( функциясының нүктесінің маңында анықталсын. Онда, егер қатынасының ұмтылғандағы шегі бар болса, онда бұл шекті функциясының нүктесіндегі туындысы деп атайды.)

  2. Функцияны дифференциалдау деген не? (Функцияның берілген нүктедегі туындысын анықтау процесі)

  3. Функция туындысының геометриялық мағынасы неде? ( функциясының нүктесіндегі туындысы осы функцияның графигіне нүктесінде жүргізілген жанама түзуінің бұрыштық коэффицентіне тең)

  4. Функция дифференциалының геометриялық мағынасы неде? ( функция-сының нүктесіндегі дифференциалы функция графигіне жүргізілген жанаманың өсімшесіне тең)

  5. функциясына нүктесінде жүргізілген жанаманың теңдеуі қандай? ( )

  • Элементар және күрделі функциялардан туынды алу ережелерін еске түсіре отырып, келесі тапсырманы орындаймыз.





Берілген функциялардың туындыларын тауып, дұрыс нұсқамен сәйкестендіріңіз:

Функция

Нұсқа

Функция туындысы

1

А

2

B

3

C

4

D

5

E

6

Ғ

7

G

8

H

9

I

10

K

11

L

12

M



1- D; 2- G; 3- E; 4- H; 5- K; 6- I; 7- M; 8- C; 9-А; 10- Ғ; 11-В; 12- L.

ІІ. Мағынаны тану кезеңі.

І топ

ІІ топ

ІІІ топ

Түрі

1

Дәрежелік

2

Бөлшек

3

Тригонометриялық

4

Логарифмдік

13

, ; .

күрделі функциясын анықтаңыз және -ті табыңыз.



Қосымша балл жинау есептері:



ІІІ. РЕФЛЕКСИЯ (ой-толғаныс) кезеңі.

Кері байланыс орнатуда «Кемірқосақ» әдісін қолдану. Алдымен оқушыларға стикерлер таратылады да, оқушылар бүгінгі сабақтан, жалпы «Күрделі функция туындысы» тақырыбын қорытындылау сабағынан алған әсерін, білгенін, тақырыпты қаншалықты деңгейде меңгергенін жазады. Стикерлерді тақтада ілінген кемпірқосақтың өз деңгейіне сәйкес деп шешкен түсінің тұсына жапсырады. Осылайша, кері байланыс жасалып, тақырып қорытындыланады.

Бағалау. Оқушылардың өзін-өзі бағалауын ескеріп, тақтада, топтық жұмыста сабаққа араласу белсенділігін қарастыра отырып бағалайды.

Үй тапсырмасы. Күрделі функция туындысы тақырыбын түйіндеу. Оқулықтан №476-есеп.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
07.01.2019
1529
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі