Ашық сабақ "Күш пен қозғалыс .Қозғалыс дегеніміз не? "1сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Күш пен қозғалыс .Қозғалыс дегеніміз не? "1сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
түрлі денелердің қозғалысынан мысалдар келтіру; Қозғалыстың адам өміріндегі және табиғаттағы маңыздылығын анықтау; қозғалыстың түрлі траекториясын зерттеу, оларды сурет түрінде көрсету
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ тақырыбы:

Күш пен қозғалыс

Қозғалыс дегеніміз не?

Мектеп: Қарасу ЖОББМ

Күні :


Мұғалімнің есімі: Жалмагамбетова Г.Ж.

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны: 10


Қатыспағандар саны:0

Оқу мақсаты:

Барлық оқушылар:әртүрлі денелердің қозғалысына мысалдар келтіру;


Оқушылардың басым бөлігі:қозғалыстың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын анықтау;

Кейбір оқушылар:жасаған тәжірибесін түсіндіру.

Ресурстар:

ойыншық мәшинелер: жеңіл және жүк мәшине­ лері;

ағаштан жасалған балаларға арналған құрылыс материалдары;

өлшеуіш құралдар;

көлік бейнеленген ашықхат;

белгі беретін (сигналдық) парақшалар (қызыл, сары, көк);

жолақпішінді стикерлер.

Күтілетін нәтижелер:

Оқушылар:

қозғалыс дегеніміз дененің бір жерден екінші жерге орын ауыстыруы екенін біледі. Ол үшін олар ойыншық мәшинелермен тәжірибелер жүргізеді;

мәшинелердің көлемі олардың жүріп өткен қашықтығына қалай байланысты екенін түсінеді.

Сабақтың мақсаты:

1.5.1.1 түрлі денелердің қозғалысынан мысалдар келтіру;

1.5.1.2 қозғалыстың адам өміріндегі және табиғаттағы маңыздылығын анықтау;

1.5.1.3 қозғалыстың түрлі траекториясын зерттеу, оларды сурет түрінде көрсету

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Ұзындық — екі нүкте арасындағы қашықтық.


Орналасқан жері — нысан немесе дененіңкеңістіктегі­ орналасқан жері.


Өзгеріс — кез келген қозғалыспен өзара әре­кеттесу және бір күйден екінші күйге ауысу.


Қозғалыс — дененің кеңістікте және уақыт ара­лығында бір нүктеден екінші нүктеге орын ауыс­ тыруы.


Барлық денелер мен нысандар қозғалады. Адам заттар мен нысандардың бір нүктеден басқа нүктеге орын ауыстырып, қозғалуын көруге қабілетті.


Терезеге қара. Оқушыларға бірнеше минуттерезенің арғы жағындағы қозғалыстағы заттарды бақылауды ұсыныңыз. Таймерді немесе түрлі ды­ быстық­ (музыкалық) сигналдарды пайдалану ар­ қылы алдын ала уақытқа шектеу қойыңыз. Оқу­ шылардан: “Терезенің арғы жағындағы қандай нысандар қозғалды? Олар қалай қозғалды?” — деп сұраңыз. Жанды ағзаларға тән белгілерді тізіп шығуын өтініңіз. Оқушылар барлық жануарлар, адамдар және өсімдіктер де қозғалатынын, бірақ олардың қозғалысы әртүрлі болатынын түсінулері керек. Олардан “Жансыз заттар қозғала ма?” — деп сұраңыз. Оқушылардан бір-бірінің қозғалысын бақылауды өтініңіз.


Ажырат. Денелер мен заттар қалай қозғала­тынын тағы бір рет нақтылаңыз. (Кейбірі өздігінен, ал басқалары — күш түсіру әсерінен.) Адамдар мен жануарлар қалай қозғалады? (Жүгіреді, секіреді, жүреді, бауырымен жорғалайды.) Жансыз денелер қозғалуы үшін не істеу керек? (Итеру немесе тарту керек.) Суреттегі денелердің қайсысы өздігінен қозғала алады? (Негеш пен мысық — жанды ағза­ лар.) Ойыншық мәшине қалай қозғалады? (Оны итеру керек.) Арба қалай қозғалады? (Итеру немесе тарту керек.) Шана қалай қозғалады? (Тарту керек.) Итеріп жібергенде қозғалатын денелерге мысал келтіруді тапсыруға болады.

Өлше. Зерттеу кезіндегі Ахметтің және оқушы­лардың мәшинелерінің жүріп өткен қашықтығын салыстыруды өтініңіз. Математикалық салыстыру белгілерін пайдаланып, нәтижені жазуды ұсыныңыз. Кімнің мәшинесі ең ұзақ қашықтыққа жүрді? Неге олай болғанын ойлансын. Олардың болжамдарын тыңдаңыз. Жауап алу үшін келесі тапсырманы орын­ дау керек.


Ойлан. Негештің және оқушылардың мәшине­лерінің мөлшеріне назар аудартыңыз. Егер төбе­ шіктен үлкен жүк мәшинесі мен жеңіл мәшинені бір мезетте жіберсе, қайсысы ұзақ қашықтыққа жүретінін сұраңыз. Оқушылардың барлық болжам­ дарын тыңдаңыз. Шындығында дене неғұрлым­ ауыр болса, соғұрлым алыс қашықтықты жүріп өтеді. Шатаспас үшін одан әрі нақтылау қажет. Осы тәжірибені практикада тексеру үшін сыныпта жасап көруге болады.


Сен білесің бе?


Ең ұзақ түзу жол туралы айтып беріңіз. Оқушы­ ларға көздерін жұмып, осындай автострадада мәшинемен­ келе жатқанын елестетуін тапсырыңыз. Олардан нені сезгенін сұраңыз. Осындай жолда жүру жайлы ма? Оны сипаттап берсін. Осыдан кейін суреттерді көрсетіңіз, шындығында, осындай жолдар көңілсіз болып саналады, себебі жол жие­ гінде әдемі көрініс те, қалалар да жоқ.

Пәнаралық байланыс


Қосымша тапсырмалар


Математика. Ұзындықты өлшеу. Тәжірибелікжұмыс кезінде оқушылар ойыншық мәшиненің жүріп өткен қашықтығын белгілейді, салыстырады.


Үш мәшине. Саралап оқыту мақсатында оқу­шыларға ойыншық мәшинелердің жүріп өткен қа­ шықтығын өлшеуді ұсыныңыз. Оқушылар алынған өлшеу нәтижесін салыстырып, қорытынды жасай алады.

Shape1 Shape2 Shape3

Жауабы

Мәшине неғұрлым ауыр болса, соғұрлым ұзағы­рақ жүріп барып тоқтайды.

Бағалау


Оқушылар көрсетілген тәжірибені түсіндіре алады.

Арақашықтық. Оқушылар зерттеу жұмысы­ның нәтижесі бойынша сұрақтарға жауап беріп, мәшинемен тәжірибе жасап, тапсырмаларды орын­ дай алады. Жұмыс барысында тәжірибе кезеңдерін­ нақтылаңыз, мәшиненің жүріп өткен қашық­тығын қалай өлшеуге болатынын сұраңыз.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?





























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
993
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі