Мағынаны тану . Мәтінмен
жұмыс
Тұз қышқылы сірке қышқылына
қарағанда иондарға көбірек диссоциацияланады. «Диссоциациялану
дәрежесі» ұғымы және α = — .... (мұндағы n – иондарға ыдыраған
бөлшектер саны, N – еріген молекуланың жалпы саны) формуласының
мәнін нақты мысалдармен түсіндіреді. Мысалы:
20С0-та тұз қышқылының
концентрациясы с (НСl) = 0.9 моль/л болған жағдайда диссоциациялану
дәрежесі:
α = 0,91 немесе
91%.
Содан соң оқушыларға деңгейлі
тапсырмалар бойынша оқулықпен өзіндік жұмыс орындау
ұсынылады.
Тапсырма. Оқулықты пайдаланып, мына
сұрақтарға жауап беріңдер.
1.«Ерітіндіде сірке сірке
қышқылының диссоциациялану дәрежесі 0,013% немесе 1,3%-ке тең»
деген сөйлем нені білдіреді?
2.Электролитті суда еріткенде
әрбір 100 молекуладан:
а)
70;
ә) 5 молекула ионға ыдыраған
жағдайда оның диссоциациялану дәрежесі неге тең
болады?
3. Бейорганикалық
қосылыстардың әртүрлі класына жататын электролиттерге 2 мысалдан
келтіріңдер: а) күшті; ә) орташа; б)
әлсіз.
4. Электролитті суда еріткенде
әрбір 100 молекуланың 70-і немесе 10-ы иондарға ыдыраған жағдайда,
электролиттің диссоциациялану дәрежесі неге
тең?
5. Диссоциациялану дәрежесі
0,31%-ке, 50%-ке, 25%-ке тең дегенді қалай түсінуге болады.
Мүмкіндігіне қарай диссоциациялану дәрежесінің концентрацияға,
температураға және электролиттің табиғатына тәуелділігін
экспериментті түрде көрсетуіне болады. Мысалы, электрөткізгіштікті
сынайтын аспапты пайдаланып, сірке қышқылының электрөткізгіштігін
тексеруді қарастырамыз. Алғаш электр шамы әлсіз ғана жылтыраса,
ерітіндіге су құйған сайын шам жарқырап, жануы күшейе
түседі.
Диссоциациялану дәрежесінің
электролиттің табиғатына тәуелділігін NaOH және KOH, HF және HCl
электролиттерінің электрөткізгіштігін салыстыру мысалында
қарастырамыз.
Сондай-ақ электролиттік
диссоциациялану дәрежесінің температураға тәуелділігін де көрсетуге
болады. Бұл үшін құралдың жоғары жағындағы сымға амперметрді
қосамыз, ал электрөткізгіштікті сынайтын аспапты стакандағы
қыздырылған (қайнатуға жеткізбей) және қыздырылмаған сірке
қышқылының ерітіндісіне саламыз.
Күшті және әлсіз электролиттер
туралы ұғым бекіту үшін олар мен бірге мынадай кестені толтыруға
болады
Оқулықпен жұмыс.
1) Электролиттік диссоциациялану дәрежесі.
2) Күшті және әлсіз электролиттер.
3) Электролиттердің қасиеттері-бұл иондар қасиеті. Көрнекі
көрсету.
1. NaCl концентрациялы ерітіндісінің
2. Сірке қышқылының концентрациялы ерітіндісінің электр
өткізгіштігін тексеру.
Сұрақтарға жауап беру.
1. Электролиттің иондарға ыдырауын қандай шама анықтайды?
2. ЭД дәрежесі дегеніміз не?
3. α(CH3COOH)=0. 3бұл нені
білдіреді?
4. α бойынша электролиттер қандай
топтарға бөлінеді?
5. Қандай қышқылдардың молекуласында сутек ионы қышқыл қалдығымен
берік байланысады? Күшті қышқыл ма, әлде әлсіз қышқыл ма?
6. Суды әрі қышқыл, әрі негіз деп неге есептейді?
7. ЭД дәрежесіне қандай факторлар әсер
етеді?
Сулы орта үшін
электролиттердің жіктелуі.
Қосылыс
кластары
|
Электролиттер
|
күшті
|
орташа
|
әлсіз
|
Қышқылдар
|
HI, HBr,
H2SO4,
HClO4,
HNO3, HCl
|
H3PO4,
H2SO3
|
H2CO3, HF,
H2S,
H2SiO3, HCN,
CH3,
COOH
|
Негіздер
|
1
|
-
|
NH4OH
және ерімейтін
негіздер
|
Тұздар
|
Еритін
тұздар
|
-
|
|
|
α– 70 – 90%
|
α – 3 – 30%
|
α – 1 – 3%
|
|