Ашық сабақ "Күз. Күзгі жапырақтар"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Күз. Күзгі жапырақтар"

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта». «Шығармашылық». Бөлімі: Жаратылыстану. Сурет салу. Тақырыбы: «Күз. Күзгі жапырақтар». Мақсаты:Күзгі табиғатты бақылау кезінде қарапайым өзгерістерді атай білуге және өздерінің сезімдері туралы әңгімелеуге үйрету. Дәстүрден тыс паролон губкамен суретті бастырып салуды үйрету. Орман ағаштарымен таныстыру. Сөздік қорларын жетілдіріп, ауыз екі сөйлеулерін дамыту. Ұсақ қол моторикасын дамыту. Табиғатты қорғауға тәрбиелеу. Ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ашық ұйымдастырылған оқу іс әрекеті.

Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта». «Шығармашылық».

Бөлімі: Жаратылыстану. Сурет салу.

Тақырыбы: «Күз. Күзгі жапырақтар».

Мақсаты:Күзгі табиғатты бақылау кезінде қарапайым өзгерістерді атай білуге және өздерінің сезімдері туралы әңгімелеуге үйрету. Дәстүрден тыс паролон губкамен суретті бастырып салуды үйрету. Орман ағаштарымен таныстыру. Сөздік қорларын жетілдіріп, ауыз екі сөйлеулерін дамыту. Ұсақ қол моторикасын дамыту. Табиғатты қорғауға тәрбиелеу. Ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Қажетті көрнекі құралдар: кейіпкер, ағаштардың макеттері, ақ қағаз,паролон губкадан қиылған жапырақтар, сулық,езілген гуаш бояуы,қылқалам.

Әдіс-тәсілдері: Ғажайып сәт, әңгімелесу, сұрақ – жауап .

Сөздік жұмыс: қонақ,күз ханшасы.

Билингвальді компонент: Жапырақ-листья. Күз-осень.


Оқу іс- әрекетінің кезеңдері



Тәрбиешінің іс- әрекеті



Балалардың іс әрекеті

Мотивациялық -

қозғаушылық


Шаттық шеңбері.


-Армысың қайырымды Аспан Ата!

Армысың мейірімді Жер-Ана!

Армысың шұғылылы Алтын-Күн!

Күліп шықты күн бүгін!

Қайырлы таң,қайырлы күн,

Қуанышты күн бүгін!

Қайырлы таң апайлар,

Қайырлы таң достарым!





Балалар тәрбиешімен бірге шаттық шеңберіне тұрады. Қимыл-қозғалыспен қайталайды.










Ұйымдастырушылық -ізденушілік

-Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз мезгілі екенін қайдан білдіңдер?

-Күз мезгілінде неше ай бар?

-Күз айларын атап беріңдерші?

-Күзде құстар қайда ұшып кетеді?

Ғажайып сәт

Есік қағылады. Ішке күз ханшайымы кіреді. Балалармен, қонақтармен амандасады.

Күз ханшасы:

-Сәлеметсіңдер ме балалар!

Мен сендерге алтын күз елінен қонаққа келдім. Сендерге өзімнің сыйымды да ала келдім. Сыйыммен қоса өзімнің тапсырмаларымды да ала келдім. Менің тапсырмаларымды орындауға әзірсіңдерме?

Тәрбиеші:

-Балалар күз ханшайымы біздерге тапсырмаларын ала келіпті. Ендеше сол тапсырмаларды орындап көрелік.

Күз ханшайымы:

-Алдымен мен сендерге жұмбақ жасырамын.

1. Түрі шар сиақты.

Түсі қып-қызыл,

Дәмі бал сиақты. (Шие)

2.Көкпеңбек еді көктемде,

Қызарды күні жеткенде. (Алма)

-Жарайсыңдар балалар! Ал енді менің екінші тапсырмам ақ қағазға әдемі,әсем жапырақтардың суретін салып берісіңдер. Мен ол жапырақтардың суреттерін өз еліме алып кетемін. Өз елімдегі достарыма сендердің аттарыңнан сыйға беремін.


-Күз мезгілі.


Ағаштардың жапырақтары сарғайып,

жерге түседі.

Қыркүйек,қазан,қараша.

-Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.


Балалар есік жаққа назар аударады.

Балалар күз ханшайымымен амандасады.







-Ия, әзірміз.











Балалар жұмбақты шешеді.



Ұйымдастырушылық -ізденушілік

Тәрбиеші:

-Балалар, сурет салмас бұрын саусақ жаттығуын жасап алайық.

Оң қолымда бес саусақ (Саусақтарын қимылдатады).

Сол қолымда бес саусақ.

Бесті беске қосқанда

Болып шықты он саусақ.

Балалар алдарымызда ақ қағазды аламыз. Мында езілген бояулар бар. Сол бояуларға мына губкамызды батырып,ақ қағазға бастырамыз. Ақ қағаздың бетіне толықтай жапырақтардың суретін бастырамыз. Тәрбиеші біреуін өзі жасап көрсетеді. Содан соң балаларға өздері жасауларын ұсынады. Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.

Сергіту сәті: «Шөп».

Шөп үстімен жүреміз:

Сырт-сырт,сырт-сырт.

Тас үстімен жүреміз:

Тарс-тарс, тарс-тарс.

Су ішімен жүреміз:

Шолп-шолп, шолп-шолп.

Жол бойымен жүреміз:

Топ-топ,топ-топ.

Балалар салған суреттерін күз ханшасына сыйға береді.

Күз ханшасы:

-Ой балалар, маған суреттерің ұнады. Ол кепсін, кепкесін мен оны өзіммен бірге ала кетемін,алтын күз еліндегі достарыма беремін,олар бір қуанып қалатын болды.

Енді сендермен ойын ойнағым келіп тұр.

Дидактикалық ойын: «Дәмін тат».

Балалардың көзі байланады.

Мақсаты: Жемістердің дәмі мен






Саусақ жаттығуын жасайды.








Балалар тәрбиешінің көмегімен суретті бастырып салады.





Сергіту жаттығуларын тәрбиешімен бірге қайталайды.







Балалар суреттерін күз ханшайымына сыйға береді.


иісі арқылы танып білу.

Ортаға балалармен ойын ойналады.

Күз ханшайымы:

-Балалар, ойынды жақсы ойнайсыңдар екен. Енді мен өз еліме кетейін, ал мына суреттерді ала кетейін. Өзіммен ала келген сыйымды сендерге берйін. Тәрбиеші апайларың сендерге үлестіріп береді. Сау болыңдар.

Пысықтау. Біз бүгін күз мезгілі жайлы айттық. Күзде болатын ерекшеліктерді айттық.

Қимылды ойын: «Құм,тас,су»

«Құм» дегенде жан жаққа шашыламыз. «Тас» дегенде мүсін болып қатамыз. «Су» дегенде толқын боламыз.



Иіс сезу,дәмін тату арқылы жемістерді ажырату.








Балаларкүз ханшайымымен қоштасады.



Балалар қызыға ойнайды.



Рефлекциялық -

түзетушілік

Қорытынды:

-Балалар бүгін біз жылдың қай мезгілі туралы айттық?

-Күз мезгілінің неше айлары бар екен?

-Қонаққа бізге кім келді?

Біздер оған қандай суреттер салдық?

-Жарайсыңдар балалар бүгін сендер тапсырмаларды өте жақсы орындадыңдар. Суретті де тамаша салдыңдар. Сендерге көп-көп рахмет!

-Ал енді қонақтармен қоштасайық.


-Күз мезгілі.


-Үш айы бар.



-Күз ханшайымы.







-Сау болыңыздар.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: жылдың қай мезгілі екенін атай білу.

Талапты болуы: суретті әдемілеп салу,бой сергіту жаттығуларын жасай білу.

Көрсете білуі: дидактикалық ойын ойналды,сұрақтарға жауап берді.















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.01.2018
15866
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі