Ашық сабақ Əлемнің жеті кереметі.Артемида ғибадатханасы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Əлемнің жеті кереметі.Артемида ғибадатханасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі пəнінің мұғалімдеріне арналған сабақ.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сабақ жоспары


Пәні: Қазақ тілі

Мектеп: «Жаңаталап» жом КММ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Рахымбекова Гүлбаршын

Сынып: 6

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Бөлім:


Сабақтың тақырыбы:


Әлемнің жеті кереметі

«Артемида ғибадатханасы».

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.2.1.1 .Мәтіннен негізгі және қосымша, детальді ақпаратты анықтау, түсіндіру,

6.4.1.1 Тақырып бойынша жеке сөздер ,бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазу.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар орындай алады:

Мәтіннен негізгі және қосымша, детальді ақпараттарды анықтау

Тақырып бойынша бірге жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазу.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Мәтіннен негізгі және қосымша, детальді ақпаратты түсіндіру

Бірге және дефис арқылы жазылатын сөздерді мәтін ішінде анықтау.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Мәтіннен негізгі, қосымша, детальді ақпаратты анықтап, өз көзқарасын білдіру.

Өз көзқарасын білдіріп, бірге және дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай мәтін жаза алу.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу,түсіну, қолдану

Бағалау критерийі

  • Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты анықтайды.

  • Детальді ақпаратты түсіндіреді.

  • Мәтінде бірге және дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазады.


Тілдік мақсаттар


Оқушы орындай алады: Мәтіннен негізгі және қосымша, детальді ақпаратты анықтап, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминология:

Эфес, Иония, Артемида,

Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Неліктен «жеті» санын қасиетті санаған?

  2. Қалай ойлайсыз жеті санымен сәулет өнерінің қандай айырмашылығы бар?

  3. Әлемнің жеті кереметі қай ғасырда пайда болған?

Құндылықтарға баулу




Өзге елдің мәдени құндылығына құрметпен қарау. Өзара ынтымақтастықта жұмыс жасауға баулу.

Пәнаралық байланыс

тарих, география

АКТ-ні қолдану дағдылары

Ноутбук, интербелсенді тақта

Алдыңғы білім


Әлемнің жеті кереметі туралы біледі.


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі

5 минут






















Сабақтың ортасы

10 минут






















































2 минут





8 минут
























2 минут

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.

Жағымды ахуал орнату:

Өз есімін сын есіммен тіркестіру. Мысалы: Ақмарал арманшыл, Гүлназ гүлдей, Бақытгүл бақытты, т.б.

Топқа біріктіру «Мозайка» әдісі.

Сурет қиындылары арқылы 3 топқа бөлінеді.

І топ. «Тадж- Махал».

ІІ топ. «Мысыр пирамидасы».

ІІІ топ. «Ұлы Қытай қорғаны»

Топтық жұмыс.«Ой шақыру» әдісі арқылы сурет қиындылары туралы ақпарат жинау.

1. Әлемнің жеті кереметтерін ата?

2. Қазақстанның жеті кереметі туралы білеміз бе? Атаңдар.

3. Ұлы Қытай қорғаны несімен ерекшеленеді?




1-тапсырма. Жұптық жұмыс. «Түртіп алу» әдісі арқылы негізігі, қосымша және детальді ақпаратты анықтайды.

Шарты: Кестеге негізгі, қосымша және детальді ақпаратты теріп жазады.

«Артемида ғибадатханасы».

Ертедегі Шығыс мәдениеті тарихында айрықша орын алатын қалалардың бірі- Иония гректерінің қаласы Эфес. Осы қаланың әлемге кең танылуының бір себебі Артемида храмына байланысты болса керек. Артемида храмы біздің эрамызға дейінгі VI ғасырдың орта кезеңінде салынды. Архитекторы Херсифрон еді. Бұл жайында ертелі-кеш жазылған кітаптарда есеп жоқ. Храмның сыртқы, ішкі сән-салтанатын айтып жеткізу қиын.Бұл храмның аты әйгілі болуына Геростраттың септігі тиген. Өмірінде есте қаларлықтай ештеңе істемеген,мансапқор Герострат деген кісі өз атын тарихта қалдырғысы келіп,орны толмас зұлымдыққа барған ғой. Жүз жыл бойы көрген кісінің көзіне қуаныш, жүрегіне ләззат, ақылына жылу берген Артемида храмын осы Геростарт өртеп жіберді. Бұл біздің заманымызға дейінгі 356 жыл еді.

Эфресс тұрғындары мансапқор жауыз Геростраттың мұндай әрекетке не үшін барғандығын білгеннен кейін, енді оның атын атамауға, біржола ұмытуға шешім қабылдапты. Сөйтіп, атаққұмар жауыздан кек алмақшы болады.Бірақ сол мансапқордың аты Герострат екенін біз де біліп отырған жоқпыз ба?..


қ/с

Негізгі

Қосымша

Детальді

1




2




3






Бағалау критерийі

Дескриптор

Мәтіннен негізгі,қосымша, детальді ақпаратты анықтай алады.


Мәтінді мұқият оқиды.

Мәтіндегі негізгі, қосымша, детальді ақпаратты анықтайды.

ҚБ «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы оқушылар бірін-бірі бағалайды.

2-тапрсырма. Жеке жұмыс.

«Т» кестесі әдісі арқылы қарамен жазылған сөздерді іріктеп, нормаға сай жазыңдар.

Египет пирамидалары

Дүние жүзілік мәдени дамуға үлес болып қосылатын ғажайыптарды Азия құрлығындағы жұрт та аз тудырған жоқ. Олардың мәдениеті көне және әр алуан. Бұл өз алдына жеке әңгіме.

  • Әуелі, әлемдігі жеті ғажайып туралы айтшы,- деп өтінді Мықыр. Біліп тұрғанымды аяйын ба,бұлданғым жоқ.

  • Бірінші Египет пирамидасынан бастайық.

  • Оны білмеймін, айтпай- ақ қой,-деді ол.

  • Көне, білсең айтшы,-деді сынағым келіп.

  • Бес мың жыл бұрынсалынған. Дүние жүзіндегі ең әйгілі, зәулім,биік құрылыстың бірі.Египеттің билеуші-перғауындары өлген соң,өз денелерін сонда қойдырған.

  • Неге? –деймін мен.

  • Олар өздерін Құдайдың баласымыз деп санаған да, халық алдында өз беделін көтеріп, абыройын асыру үшін,атын шығару үшін өздеріне осындай алып, зәулім ескерткішорнаттырған.Тағы бір себебі бар,- деп ол ойланып қалды.


Бірге жазылатын сөздер

Дефис арқылы жазылатын сөздер







«Бағдаршам» әдісі арқылы жұппен бірін-бірі

Бағалау критерийі

Дескриптор

Мәтіндегі бірге және дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жаза алады.


Мәтінде бірге және дефис арқылы жазылатын сөздерді теріп, орфографиялық нормаға сай жазады.



Түрлі қима суреттер











Кесте қима қағаз

Плакат, маркерлер



































А4 парағы



































































































А4 парағы



Плакат, маркерлер









бағалайды.




Сабақтың соңы

3мин








2мин

Сабақты бекіту.

«Мерген» сұрақтар.

  1. Неліктен «жеті» санын қасиетті санаған?

  2. Қалай ойлайсыз «жеті» санымен бүгінгі тақырыптың қандай байланысы бар?

  3. Әлемнің жеті кереметі қай ғасырда пайда болған?

Кері байланыс: «Пирамида» әдісі

  1. Мен білген маңызды үш мәлімет ?

  2. Менің білгім келген екі мәлімет ?

  3. Есте сақтайтын бір маңызды мәлімет ?

Слайд



Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


Оқушыларымның қажеттілігін ескере отырып, «Мозайка» әдісі арқылы оқушыларды үш топқа бөлемін.

«Ой шақыру», «Түртіп алу», «Т» кестесі , әдістерін таңдадым.

Қабілеті жоғары оқушыларға







Оқушылардың материалды игеру деңгейін тексеру үшін «Топтық» жұмыста оқушылар бірін-бірін «Басбармақ» әдісімен бағалайды. «Жұптық» жұмыста «Екі жұлдыз, бір тілек » әдісін қолданамын және осы кезде топтар бірін-бірі бағалайды.

Екінші тапсырмадан кейін дескриптор құрамын. Жеке жұмыс барысында сол дескрипторларды негізге ала отырып, оқушылар «Бағдаршам» әдісі арқылы жұппен бірін-бірі бағалайды.Оқушылардың бүгінгі тақырыпты қаншалықты меңгергендіктерін білу мақсатында «Пирамида» әдісі арқылы кері байланыс аламын.Сабақтың өн бойында ынталандыру үшін бағалауды жүргізіп отырамын.

АКТ - ны сабақ барысында қолданғанда тоқ көздерінен сақтанып, қауіпсіздік ережелерін сақтаймын



Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.11.2018
1662
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі