Материалдар / Ашық сабақ "Лепті сөйлем" 2 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Лепті сөйлем" 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Лепті сөйлем дегеніміз не
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Желтоқсан 2017
1904
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


БЕКІТЕМІН

Директордың оқу-ісі

жөніндегі орынбасары

_______ А.А.Тулегенова

















Shape1









Ашық сабақ








Сынып мұғалімі:Б.С.Медеуова






Астана қаласы

2014-2015 оқу жылы


Тақырыбы : Лепті сөйлем
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Лепті сөйлем туралы түсінік беру арқылы сөйлемдер құрату. Жаттығу жұмыстарын жүргізу арқылы жаңа сабақты меңгеру. Сөйлем құрау дағдыларын тиянақтау.
Дамытушылық: Оқушыларды сауатты жазуға үйрету, іскерлік дағдыларын қалыптастыру, байланыстыра сөйлеуді және жазуды дамыту, тыныс белгілерін дұрыс қоя білуге дағдыландыру. Өздігінен жұмыс жасауға бейімдеу.
Тәрбиелік: Оқушыларды таза жазуға, әдептілікке, еңбексүйгіштікке, жағымсыз қылықтардан аулақ болуға, білімді болуға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Көрнекілігі: сызба, слайд, сөзжұмбақ.
Сабақ әдісі: көрнекі құралдармен жұмыс, өз бетінше жұмыс, сұрақ- жауап, "мюнстернберг" әдісі, салыстыру және мәнерлеп оқу.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
1. Психологиялық дайындық
Өзімізге: Сәттілік, қуаныш!
Қонағымызға: Жақсы көңіл - күй!
Елімізге: Ашық аспан, молшылық!
- Сыныбымызға келген қонақтарға біз өзімізді не арқылы көрсетеміз?

- Ұйымшылдық, тәртіп, ең бастысы - білім арқылы көрсетеміз!
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
- Ал балалар үйге қандай тапсырма берілді?
Үйге жаттығу берілді.
Қане, оқып шығайықшы.
ІІІ. Өткенді қайталау
- Қане, балалар, біз сендермен өткен сабақта қандай тақырыптармен танысып едік?
- Ия, Сөйлем және олардың түрлерімен.
- Сөйлем дегеніміз не?
- Сөйлем дегеніміз адамның аяқталған ойы.
- Сөйлемнің неше түрі бар?
- Сөйлемнің үш түрі бар.
- Сұраулы сөйлем дегеніміз не?
- Сұраулы сөйлем дегеніміз жауап алу мақсатымен айтылған сөйлем. Сұраулы сөйлемнен кейін (?) белгісі қойылады.
Мысалы: Сен қай сыныпта оқисың?
- Хабарлы сөйлем дегеніміз не?
- Хабарлы сөйлем дегеніміз бірдеңенің жайын хабарлап тұрады. Хабарлы сөйлемнен кейін (.) қойылады.
Мысалы: Менің апам ауылдан келді.





IV. Сөзжұмбақ шешу
1) Ешкінің төлі
2) Төрт түлік
3) Ең ірі жануар
4) Үй құсы
5) Аңның үйі
6) Біздің оқитын бөлме
7) Бас киім
8) нан атасы
9) Әнші құс
10) Кіші сөзінің қарсы мағынасы
11) Білім ордасы
---------Л а қ
---------Е ш к і
---------П і л
---------Т а у ы қ
----------І н
---------С ы н ы п
-------б Ө р і к
б и д а Й
-----б ұ Л б ұ л
---ү л к Е н
---------М е к т е п

V. Жаңа сабақ
Бүгінгі сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
Ендеше, балалар біз бүгін сіздермен сөйлемнің үшінші түрі лепті сөйлеммен танысамыз.
Лепті сөйлем дегеніміз адамның көңіл – күйін білдіреді. Сөйлемнен кейін (!) белгісі қойылады.

Мысалы: Алақай, ертең мен киноға барамын! Ура, бізге ертең демалыс!
Суретпен жұмыс

Сурет бойынша әңгіме құрастыру. Құрастырған мәтінде сөйлемнің қандай түрлері бар?

Тірек сөздер: гол, қақпашы, футболшы, жанкүйерлер.
VI. Оқулықпен жұмыс.
1 - жаттығу (ауызша)
Өлеңді оқып, көтеріңкі көңіл дауыс ырғағымен айтылған сөздерді тап. Сөйлем соңындағы тыныс белгілеріне назар аудар.

2 - жаттығу (жазбаша)

Сөйлемдердің соңына тиісті тыныс белгілерін қойып жаз.
1. Менің Отаным - күн шұғылалы Қазақстан. 2. Отанымыздың даңқы арта берсін! 3. Көл жағасы қандай керемет! 4. Біздің міндетіміз - жақсы оқу. 5. Ертеңгілік тамаша өтті.





Сурет бойынша әңгіме құрату.
Сурет астында жазылған сөйлемдерді салыстырып оқу. Сөйлем түрлеріне қарай ажырату. Лепті сөйлемдер қандай көңіл күйді білдіріп тұр? Таңдану, ренжу, қуану немесе бұйыру ма?
1. Әкем жұмыстан келді. Алақай, Астанадан әкем келді!

2. Ағаш жапырақтары әдемі болып сарғайған. Жапырақтар қандай әдемі болып сарғайған!

3. Мақсат, бері келші. Мақсат, бері кел!
VII. Сергіту сәті.
Қане енді орнымыздан тұрып бойымызды жазып алайық.
3 - жаттығу

Өлеңді рөлге бөліп оқу. Өлеңде сөйлемнің қандай түрлері бар?
Мюнстернберг” әдісі

Әріптер ішінен сөздерді тауып, мағынасын түсіндіру, тыныс белгілерін қою.

1. шдьМеніңрпииелімутьборорнаыирпҚазақстанқұдбьзщ

2. гьтмак күншбтцуенщсуыттыхзщштпрсмч мацйфчышг

3. щгнкмсьалақайзюбтйфятбқарщзхюбьтжаудыюдбгнюгк
Сабақты бекіту.
Өкіну --- Сүйікті менің Қазақстаным жасасын!
Армандау --- Қап, бақшаның есігін жауып қоймағаным - ай!
Бұйрық ---- Қане, күнделігіңді берші!
Ұрандату ----- Шіркін, айға самғап ұшсам ғой!
VIII. Үйге тапсырма.
Қорытындылау.
“Жұмбақ шешу”
1. Өзім сөзден тұрамын
Біткен ойды құрамын ( Сөйлем)
2. Сөзді құрап, доп тіземін,
Қоя салсаң, бір тары,
Жаңалықты жеткіземін ( Хабарлы сөйлем )
3. Ойды аяқтап орақ тұрады,
Жауап сөз қалап тұрады (Сұраулы сөйлем)
4. Ұранды, шаттықты
Өкініш аптықты
Білдіріп ойын талайдың
Шарға ине қадаймын (Лепті сөйлем)
- Сонымен балалар лепті сөйлем дегеніміз не?
- Лепті сөйлемнен кейін қандай тыныс белгісі қойылады?
ІХ. Бағалау.

Үйге тапсырма

4-жаттығу. Сөйлемді хабарлы және сұраулы сөйлемдерге айналдырып жазу.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!