Материалдар / Ашық сабақ. Линзалар. Линзаның оптикалық күші

Ашық сабақ. Линзалар. Линзаның оптикалық күші

Материал туралы қысқаша түсінік
Линзалар. Жарықтың шағылуы мен сынуын және сәуле бағытын өзгерту үшін қолданылады. Лупа, микроскоп, фотоаппарат және т. б. құралдар мен қондырғыларды пайдалану осыған негізделген. Осылардың көпшілігінің басты бөлігі линза болып табылады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қазан 2021
542
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Линзалар, линзаның оптикалық күші; линзада кескін алу; жұқа линзаның формуласы;
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік мақсаты: оқушыларды линза мен оның түрлерімен таныстыру; линзалардың сипаттамаларын беру; линзада кескін алу жолдарымен таныстыру;
2. Дамытушылық мақсаты: оқушылардың білім деңгейін, білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.
3. Тәрбиелік мақсаты: адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.

Сабақтың түрі: жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау
Сабақтың әдіс - тәсілдері: әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.
Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер.
Сабақтың барысы:

1. Сәлемдесу;
2. Оқушыларды түгелдеу;
3. Сынып бөлмесінің тазалығын тексеру;
4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру: жұмыс орны, оқу құралдарының бар - жоқтығы, сабаққа деген ынтасы
5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару

I. ДК. Үй тапсырмасын тексеру.
A. Теориялық білімдерін тексеру
B. Практикалық тапсырмаларын тексеру
C. Есептерін тексеру
III ДК. Білімді жан - жақты тексеру
IV. ДК. Жаңа материалдарды қабылдауға әзірлік, мақсат қою
1. Қандай құбылыс жарықтың сынуы деп аталады?
2. Қандай бұрыш түсу бұрышы деп аталады?
3. Қандай бұрыш түсу бұрышы деп аталады?
4. Суретін салып көрсет
5. Жарықтың сыну заңы қалай тұжырымдалады?

V. ДК. Жаңа материалдарды игеру.

Линзалар. Жарықтың шағылуы мен сынуын және сәуле бағытын өзгерту үшін қолданылады. Лупа, микроскоп, фотоаппарат және т. б. құралдар мен қондырғыларды пайдалану осыған негізделген. Осылардың көпшілігінің басты бөлігі линза болып табылады.

Линза (лат. Lens - чечевица) деп мөлдір (көбінесе шыны екі сфералық беттен шектелген) денені айтады.

Ортасы шетінен қалың болатын дөңес линза және ортасы шетінен жіңішке болатын ойыс линза болып ажыратылады. Осы линза түрлерін 89 а (дөңес) және 89 б (ойыс) суреттерде кескінделген және олардың шартты белгісі бейнеленген.

Сфералық беттердің с1 және с2 центрлері арқылы өтетін түзу сызық линзаның бас оптикалық осі деп аталады. Осы осьтегі о нүктесі линзаның оптика центр деп аталады.

Дөңес және ойық линзалардағы сәулелер жолы әр - түрлі.
Дөңес шыны линзалар ауада параллель жарық шоқтарын бір нүктеде түйістіреді, сол себепті оларды жинағыш деп атайды.

Ойыс шыны линзалар бұл жағдайда жарық шоғын шашыратады, сол себепті оларды шашыратқыш линзалар деп атайды. Жинағыш линзада линзадан сынғаннан кейін жарық сәулесінің созындылары қиылысатын F нүктесі линзаның бас фокусы деп аталады. Жинағыш линзада фокус нақты, ал шашыратқыш линза да жалған болады.

Кез - келген линзаның әр жағында екі бас фокус болады. Линзаның екі жағына бірдей орта болса, онда осы фокустар линзадан бірдей қашықтықта орналасады.

Линзаның оптикалық центрінен оның бас фокусына дейінгі қашықтық линзаның фокус орталығы деп аталып, фокус белгіленген әріппен белгіленеді: F – линзаның фокус орталығы.

Линзаның фокус орталығы оның бетінің қисықтығына байланысты болады. Беті дөңестеу линза жарықты бетінің дөңестігі нашар линзаға қарағанда күшті сындырады, және сол себепті фокус аралығы қысқа болады.

Жинағыш линзаның фокус аралығын анықтау үшін оған күн сәулесін бағыттау қажет. Линза артындағы экранда күннің айқын кескінін алып, линзадан экранға дейінгі қашықтықты өлшеу керек. Күн өте қашықта орналасқандықтан линзаға келіп түсетін сәулелер параллель шоқ болады, онда кескін линзаның дәл фокусына орналасады.

Фокус аралығына кері физикалық шама D әрпімен белгіленеді және де линзаның оптикалық күші деп аталады. D=1/F. Фокус аралығы неғұрлым аз болса, онда оптикалық күші соғұрлым көп болады, онда ол жарықты күшті сындырады. Оптикалық күштің СИ жүйесіндегі өлшем бірлігі м(- 1) болады. Басқаша бұл бірлік диоптри (дптр) деп аталады. 1 дптр – бұл фокус аралығы 1 метр болатын линзаның оптикалық күші. Жинағыш және шашыратқыш линзалардың оптикалық күштері таңбаларымен ажыратылады. Жинағыш линзаның фокусы нақты, сол себепті оның фокус аралығы мен оптикалық күші оң деп есптелінеді. Шашыратқыш линзаның фокусы жалған, сондықтан оның фокус аралығы мен оптикалық күші теріс болып есептелінеді.













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ