Ашық сабақ логопед мектепке дейінгі білім беру

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ логопед мектепке дейінгі білім беру

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша жасындағы балалардың дауыс ырғағын қалыптастыруға арналған логопедиялық оқу қызметі. Оқу қызметімде: Күз мезгілі туралы мәліметтер беріледі, тыныс алу жаттығуы, артикуляция жаттығу, жағдаяттық ойын, дидактикалық ойын, ұсақ қол моторикасын дамытуға арналған жұмыстар жүргізіледі.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Күні:19.10.2021

Тақырыбы: «Дауыс ырғағын қалыптастыру»

Мақсаты: Артикуляциялық жаттығуларды қолдану арқылы баланың дыбыстау мүшелерінің қызметі арқылы дыбыс шығару дағдысын қалыптастыруға ықпал ету.

Білімділік- дауыстың күші, екпіні, ырғағы, жайлылығы, дауыс ұзақтығын дамытып, дұрыс сөйлеуге машықтандыру.

Түзетушілік- артикуляциялық моториканы, дұрыс тыныс алуын, фонематикалық естуді, зейінді, ойлауды дамыту.

Тәрбиелік- Сабаққа деген баланың жағымды көзқарасын, ұқыптылығын қалыптастыру.

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, үйрету, көрсету.

Көрнекіліктері: Тыныс алу жаттығуына арналған жаңбыр тамшылары, артикуляциялық суреттер, заттық суреттер, сюжеттік суреттер.

Оқу іс әрекетінің барысы

I.Ұйымдастырушылық кезең.


Шаттық шеңбері:

-Сәлем деймін күнге мен,

-Сәлем деймін мен саған.

-Сәлем деймін бақшаға,

-Сәлем бердік баршаға!

Балалар шеңберге тұрып мазмұнына қарай қимылдайды.

Логопед: Балалар қараңдаршы біздің поштаға хат келіпті, кімнен екен?

-Хатты ашып оқимыз ба?

Балалар: Иә

«Сәлеметсіңдер ме, балалар! Менің сендермен ойнағым келеді. Сендердің топтарында жасырынып отырмын. Мені табу үшін тапсырмаларымды орындауларын керек. Мен көңілді, мейірімді, балаларды жақсы көремін»





Логопед: -Ол кім деп ойлайсыңдар?

-Кім екенің нақты білу үшін мына хаттың ішінде бірнеше бөлікке бөлінген суреттер бар. Оны құрастырып көрейік.

Балалар: Суретті құрастыруға кіріседі.

Логопед: -Сендер таныдыңдар ма, ол кім?

Балалар: Сайқымазақ

Логопед: -Дұрыс айтасыңдар.Сайқымазақ.

Қардың дауысы естіледі.

-Естідіңдер ме, балалар! Бұл ненің дауысы?

-Ол сайқымазақ бізді шақырып тұр.

-Міне қардың дауысы қайдан шықты десем.

Логопед: Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: Күз мезгілі

Логопед: Күз мезгілінің қандай ерекшеліктері бар?

Балалар: Жаңбыр жауады, күн суытады, жапырақтар жерге түседі, құстар жылы жаққа ұшып кетеді, жылы киім киеміз.

Логопед: Жарайсыңдар!

II.Тыныспен жұмыс «Жаңбыр тамшылары»

Бұлттан жауған жауған жаңбыр тамшыларын үрлеу.

Мақсаты: бұлттарда жаңбыр мықтылап бекітілген, соларды қозғалту керек.

III.Дыбыстың артикуляциясын нақтылау, артикуляциялық гимнастика.

Мақсаты: Тіл дыбыстарын дұрыс айтуға керекті сөйлеу мүшелерінің қимыл-қозғалыстарын толық жетілдіру.

IV.Негізгі кезең

Фонематикалық естуді дамыту.

«Орманға саяхат» жағдаяттық ойыны

Логопед: Өздеріңді ормандамын деп елестетіңдер. Соқпақ жолмен орман ішіне енген үстіне ене түсеміз. Жерді, тауды тасты, орманды бәрін қалың қар басып жатыр. Ормандағы ағаштардың бәрі ақ көрпеге оранғандай. Тыңдаңдаршы. Орман іші неге тұнып тұр? Не естідіңдер? Қоныз қандай дыбыс шығарады? (ж.ж.ж)



Балалар бүгін бізге қонаққа үй жануарлары мен жабайы аңдар келді. Жануарлардың дауысын дыбыстап ойнайықшы.

Сергіту сәті

«Жирафтардың дақтары»

V. Дидактикалық ойын «Кімнің құйрығы?»

Ойын мақсаты: Жануарлардың атын атап көрсету, құйрығын тапқызу.

VI.Ұсақ қол моторикасын дамыту «Сайқымазақ доптары»

Мақсаты: Бізге берілген сайқымазақ суретінің доптарын саусақ ұштарымен бояу.

VII.Қорытынды кезең

Логопед: Жарайсыңдар! Барлық тапсырмаларды орындап шықтық. Бізге өз тапсырмаларын орындатқан кім? Сайқымазақ

-Міне қызық сайқымазақ қайда тығылып қалды екен?

Осы кезде сайқымазақ сылдырмақты сылдырлатып кіреді. Әр баламен жеке-жеке амандасады.

Сайқымазақ: -Мен сендермен ойындар ойнадым. Тек қонаққа келгем жоқ, балалардың білімді, ақылды, тәртіпті екендеріне көзімді жеткіздім. Өйткені осында өте ақылды балалар тәрбиеленіп жатыр екен. Барлық тапсырманы дұрыс орындадыңдар.

- Сонымен қатар тағыда қызықты ойынымды ала келдім. Менімен бірге «Көпіршіктерді жару» ойынын ойнайық. Балабақшада ойын ойнау маған ұнады. Бірақ маған басқа жаққа қонаққа баруым керек. Ал сендерге мен силыққа өзіммен шар алып келдім. (балаларға шар сыйлайды.)

Балалар: Сайқымазаққа өз қолдарымен жасаған силықтарын береді.

Сайқымазақ: Келесі кездескенше сау болыңдар!

Балалар: Сау болыңыз сайқымазақ!

Логопед: Балалар сендерге бүгінгі тапсырмалар ұнады ма?

Балалар: Иә!

Жарайсыңдар балалар!

Сау болыңыздар қонақтар!



Бекітемін:

Қызылорда қаласы білім бөлімінің

«Ер Төстік» бөбекжай - бақшасы

КМҚК меңгерушісі________C.У.Абуова

«____» «__________2021 жыл











Ашық оқу қызметі (топтық жұмыс)





Тақырыбы: «Дауыс ырғағын қалыптастыру»

Логопед: Сұлтан Перизат























Қызылорда, 2021 жыл





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.10.2021
1535
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі