Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ашық сабақ "Магнит" 1 сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Пән: Жаратылыстану Мектеп: Лебяжі жалпы орта білім беру мектебі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Табиғат физикасы Тақырып: Магнит Тоқсан: 3 Мұғалімнің аты-жөні: Бекужа Айгерим Ахметоллаевна Сынып:1 Қатысқандар: Қатыспағандар: |
|
Сабақтың тақырыбы: |
Магнит |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
1.5.6.1. Магниттілік қасиеті бар жекелеген денелерді анықтау; 1.5.6.2. Магниттің қасиетін зерттеу; 1.1.2.2. Көрсетілген экспериментті түсіндіру. |
Сабақ мақсаттары: |
Барлық оқушылар: магниттің магниттік қасиеті бар заттарды тартатынын біледі;
Көптеген оқушылар: магниттің қасиетін анықтау үшін жеке жұмыс жүргізе алады; нәтиже бойынша дәлел шығара алады;
Кейбір оқушылар: жасаған эксперимент негізінде қорытынды жасай алады, магниттің өмірде қолданылуы жайлы пікір айта алады. |
Бағалау критерийлері: |
1. Магниттің магниттік қасиеті бар металдарды тартатынын түсінеді; 2. Магниттің қасиетін анықтау үшін жеке жұмыс жүргізеді, нәтижеге сәйкес қорытынды шығарады. 3. «Магниттік тақта» құралының жұмыс істеу «құпиясын» анықтайды, басқа оқушыларға түсіндіреді. Магниттің күнделікті өмірде қолданылуы жайлы болжам жасайды. |
Тілдік
мақсаттар: |
Магнит, тарту, тебу. Магнит – магнит - magnet. |
Құндылықтарды дарыту: |
Сабақ кезінде оқушылардың бір-бірін тыңдау, көмектесу, топта тапсырма орындау, диалогтық сөйлесу мәденитін қалыптастыру. Ынтымақтастық, достық сезімдерін қалыптастыру. |
Пәнаралық байланыстар: |
Тірек сөзді үш тілде қолдану арқылы қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі пәндерімен байланыс іске асырылады. |
АКТ қолдану: |
Сергіту сәттері кезінде бейнеролик көрсету. Магниттің қасиеті туралы мультфильмнен үзінді көрсету. |
Бастапқы білім: |
Күнделікті өмірде электр энергиясының маңызын, батареяның электр көзі екенін біледі. |
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақта жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
Сабақтың басы 1-2 минут 3 минут Айтылым 3 минут
|
Cабақтың басында жағымды психологиялық ахуал тудыру. Балалар: Өсеміз біз күліп-ойнап, Он саусақтың саласындай. Өсеміз біз ойнап-күліп, Бір адамның баласындай! - деп шеңбер құрады. Бір-бірінің қолын ұстап, жылы лебіздерін айтады. «Электр» тақырыбы қайталау үшін «Ыстық орындық» әдісімен ойын өткізіледі. Сыныптан бір оқушы «Электр» ролін сомдайды. Қалған оқушылар оған кезек бойынша сұрақтарын қояды. Дескрипторлар: 1. Күнделікті өмірде электр қуатының маңызын айта алады; 2. Электр қуаты арқылы жұмыс істейтін құрылғыларды атай алады; 3. Батареяның қалай қуатталатынын түсіндіре алады. Қалыптастырушы бағалау: смайликтер сыйлау. Сабақ тақырыбына байланысты оқушылардың қызығушылықтарын туғызу және оларды топқа бөлу мақсатында «Құпия зат» әдісі қолданылады. Оқушыларға түрлі материалдан жасалған заттар беріледі(мысалы: түйреуіш, шанышқы, тарақ, темір ақша, шыны, орамал, ағаш қасық, т.б.). Әрқайсысы бір затты таңдап алады да, қайта ортаға жинап қояды. Мұғалім ортадағы заттарға магнитті жақындатады. Металдан жасалған заттар магнитке тартылып қалады. Мұғалім: -Балалар, менің қолымдағы заттың не екенін білесіңдер ме?- деп сұрайды. Оқушылар оның магнит екенін айтып, сабақпен қалай байланысқанын анықтайды. Қалыптастырушы бағалау: оқушыларды сабаққта белсенді жұмыс істеуге ынталандыру үшін ауызша репликалар айтылады. Оқушыларға нені оқу керектігін нақты түсіндіру мақсатында мұғалім сабақтың оқу мақсаттарын айтып өтеді. Оқушылардың таңдап алған заттарына байланысты (магниттік қасиеті бар заттар мен магниттік қасиеті жоқ заттар) топтарға бөлінеді.
1-топ 2-топ |
Көңілді әуен Смайликтер Магнит, түйреуіш, шанышқы, тарақ, темір ақша, шыны, орамал, ағаш қасық, т.б. |
Сабақтың ортасы: 10 минут Жазылым 10 минут Айтылым Тыңдалым 3 минут Тыңдалым 2 минут 10 минут Айтылым Тыңдалым |
(ЖЖ) 1-тапсырма: Шағын зерттеу жұмысын жүргізу арқылы шыны, пластик, ағаш, су, топырақ және қағаздың магнитке тартылу/тартылмауын анықтап, магниттік қасиеті бар заттардың суретін дәптерге салу (46- оқу парағы). Дескрипторлар: 1. Алгоритм бойынша жұмыс істей алады; 2. Магнитке тартылатын және тартылмайтын заттарды ажырата алады; 3. Магниттік қасиеті бар заттарды дәптерге салады. Қалыптастырушы бағалау: «Фейерверк» әдісі арқылы бағаланады.
(ТЖ) 2-тапсырма: Магниттің қасиеттерін анықтау үшін эксперимент жасайды. Әр топқа жеке тапсырма беріледі. 1-топ магниттің қағаз, тақтай және су арқылы қалай әсер ететінін зерттейді.
2-топ үлкен және кіші магниттердің тарту күшін салыстырады.
Дескрипторлар: 1. Магниттің қасиетін анықтау үшін зерттеу жұмысын жүргізеді; 2. Зерттеу жұмысы барысында анықталған мәліметтерді салыстырады; 3. Нәтижеге сәйкес қорытынды шығарады. Қалыптастырушы бағалау: «Допты лақтыру» әдісі арқылы бағаланады. Мұғалім допты шартты түрде магнит деп атайды. Кез келген зат атауын айтып, допты оқушыларға қарай лақтырады. Егер айтылған заттың магниттік қасиеті болса, оқушы бопты ұстап алуы қажет. Ал магнитке тартылмайтын зат болса, допты қайтып лақтыру талап етіледі. Мадақтау мақсатында «Бас бармақ» әдісі қолданылады. «Балапан және оның достары. Магнит» мультфильмінен үзінді көрсету. Сергіту сәті. Бейнероликтегі жаттығу қимылдарын орындату. (ТЖ) 3-тапсырма: Оқушылардың алдына «Магниттік тақта» құралы қойылады. Олар бұл құралдың қалай жұмыс істейтінін анықтап көрулері керек. Оны топта талқылап, шешімдерін дәлелдеуі керек. Магниттің күнделікті өмірде қалай қолданылатыны жайлы болжам жасауы керек. Ескерту! Егер оқушыларға құралдың жұмыс істеу тәртібін анықтау қиындық туғызса, дұрыс шешім шығаруға түрткі болатын сұрақтар қойылады. Мысалы: -Арнайы қаламның орнына жай қаламмен жазып көріңдер. Нені байқадыңдар?, т.б. Дескрипторлар: 1. «Магниттік тақта» құралының жұмыс істеу «құпиясын» анықтайды, топ ішінде талқылайды. 2. Шешімдерін дәделдейді. 3. Магниттің күнделікті өмірде қолданылуы жайлы болжам жасайды. Қалыптастырушы бағалау: Оқушылардың табыстарын мадақтап, өздеріне деген сенімін нығайту мақсатында ауызша репликалар айтылады. «Қол шапалақтау» әдісі қолданылады. |
Шыны, пластик, ағаш, су, топырақ, қағаз Қағаз, тақтай, стаканға құйылған су, көлемі жағынан әртүрлі магниттер, скрепкалар, темір ақшалар. сайты Бейнеролик
|
Сабақтың соңы 5 минут
|
Рефлексия «Білім ағашы» әдісі арқылы жүргізіледі. Сабақты жақсы түсінген оқушылар стикерлерін ағаш басына, толық түсінбегендері дініне , мүлде түсінбегендер тамырына жапсырады. |
Ағаштың суреті салынған постер стикерлер |
Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау- оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
Қабілеті жоғары оқушылар жасаған эксперимент негізінде қорытынды жасай алады, оны дәлелдей алады; магниттің өмірде қолданылуы жайлы пікір айта алады. |
Берілген тапсырмалар арқылы әрбір оқушының сабақ тақырыбын қаншалықты меңгерілгенін бақылаймын.
|
Сергіту сәттерін өткізу, оқушылардың парта алдында дұрыс отыруларын қадағалау, түзету, оқу кабинетінде санитарлық талаптардың (жылу, жарық режимі, тазалық) орындалуын қадағалау |