Ашық сабақ "Мағынасы қарама-қарсы сөздер"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Мағынасы қарама-қарсы сөздер"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі сабағына пайдалануға болады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ тақырыбы: Мағынасы қарама-қарсы сөздер.
Сабақ мақсаты: 1. Мағынасы қарама-қарсы сөздерді меңгерту және сөз мағынасына мән берудіүйрету,түсіндіру.
2. Оқушылардың есте сақтауын және тілін,сөздік қорын дамыту.
3. Тез ойлауға,дұрыс шешім қабылдауға,бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.

Типі: дәстүрлі емес сабақ
Түрі: жаңа білімді меңгеру
Әдістері: сұрақ-жауап,түсіндіру,ойын,баяндау
Көрнекілік: интерактивті тақта,слайдтар
Технология: дамыта оқыту .

Сабақ барысы
 I. Бағдарлау- мотивациялық кезең.

Психологиялық дайындық.

Жақсы оқып сабақты,

Әдеп сақтау сәніміз.

Сәлем бердік сіздерге,

Бас иіп бүгін бәріміз.

-Балалар, бүгінгі сабағымызда «Алтын қақпа»ойынын ойнаймыз. Ойынның шарты:Алтын қақпамыз үш қақпадан тұрады: Тас қақпа, Күміс қақпа, Алтын қақпа. Әр қақпаның өз тапсырмасы бар. Үш қақпаның тапсырмасына толық жауап берсек, алтын сандыққа жетеміз. Алтын сандықтың тапсырмасын орындасақ,бүгінгі сабағымызды қаншалықты меңгергенімізді байқаймыз.Олай болса ,Тас қақпаның тапсырмасын орындап көрейік.

Тас қақпаның тапсырмасы: «Зымыран сұрақтар»

1.Сөз дегеніміз не?

2.Сөз неден құралады?

3.Заттың атын білдіретін сөздер

4.Заттың түрін, түсін, сапасын білдіретін сөздер

5.Заттың санын білдіретін сөздер

6.Іс-әрекетті білдіретін сөздер

7.Сұлу, көркем, әдемі сөздері қандай сөздер?

8.Түс сөзі омоним бола ала ма?

9.Сөйлемдегі ойға сөйлеушінің қалай қарайтынын білдіретін,

бірақ өздері сөйлем мүшесі бола алмайтын сөздер

10.Сөз нені білдіреді?


Кестемен жұмыс

Shape2 Shape1 Shape3 Сөз


Мағынасы жуық сөздер Мағынасы қарама- қарсы сөздер Дыбысталуы бірдей, мағыналары әр басқа сөздер



-Балалар, енді мына суреттерге назар салыңдар. Не байқадыңдар? Суретпен жұмыс.

-Бұл сөздердің мағыналары бір-біріне қарама- қарсы.Олай болса, біздің бүгінгі тақырыбымыз «Мағынасы қарама-қарсы сөздер»

«Күміс қақпа» тапсырмасы.

Операциялық- орындаушылық кезең.

Күн жады.

Көркем жазу

Щщ

Ащы мен тұщыны татқан білер,

Алыс пен жақынды жортқан білер.

«Жұмбақ ойын»

Қараңғыда жымыңдайды, жанады,

Жарық түссе, бірден сөніп қалады. (жұлдыз)



Бірі ащы, бірі тәтті,

Екі ұнтақ, екеуі де ақ.

Біреуі майға ұнайды,Біреуі шайға ұнайды. (тұз бен шекер)



Бар ма ,жоқ па білмеймін,

Ол жоқ жерде жүрмеймін. (ауа)


Мағынасы қарама-қарсы сөздер: қараңғы- жарық, ащы-тәтті, Бар-жоқ.


Оқулықпен жұмыс

7- жаттығу –ауызша орындау.Өлеңді мәнерлеп оқып, мағынасы қарама-қарсы сөздерді табу. Қызғалдақтың қасына
Ісіп кетті бас,шекем.
Балы тәтті болғанмен,
Тілі өзінің ащы екен!

Енді тимен оған мен,
Қойып едім қондырмай,
Бізін сұғып басыма
(Қадыр Мырза Әли)

8- жаттығу. Мақалды жатқа жазып, мағынасы қарама-қарсы сөздердің астын сызу.

1. Мейірімді алғыс алса

Мейірімсіз қарғыс алар.

2. Ақылды іс тындырады,

Ақымақ тіс сындырады.

Ішінде мағынасы қарама –қарсы сөздері бар мақалдар айту,жазу.

Сергіту сәті

9- жаттығу. Берілген сөздерге мағынасы қарама-қарсы сөздерді тап. (ауызша орындау)

Мейірімді-

Жуас-

Қымбат-

Сұйық-

Қашық-

10-жаттығу.
● Тек мағынасы қарама-қарсы сөздер жұбын теріп жаз .
● Кестені пайдаланып,пікіріңді дәлелдеп үйрен.

Дәлелдеу үлгісі:жақсы және жаман сөздері - мағынасы қарама-қарсы сөздер,өйткені екеуінің мағынасы бір-біріне қарама-қарсы,әрі екеуі де сын есімге жатады.
● Өзің қалаған сөз жұптарымен сөз тіркесін жаз.

«Алтын қақпа» тапсырмасы

«Сөз ойла, тез ойла» ойынын жүргіземіз.Тақтадағы көп нүктенің орнына сөз тауып айту.

1.Ащы терім ақты,

Жеміс өсті ...

2.Халқың үшін жаның сал,


Қарғыс алма, ... ал.

3.Ақылсыздар ұқпайды,

Аққа .... жұқпайды.

4. Еңбекші болсаң ерінбе,

Ауырдың өзін .... де.

«Сөз жұптарын тап» сәйкестендіру

Берілген сөздерді оқи отырып,қарсы мәндес сөздерді тап.

Көңілді тәтті

Өжет өкініш

Есік жабырқау

Адал жасық

Ащы жұмсақ

Қатты төр

Қуаныш арам

Рефлексиялық- бағалау кезеңі

«Алтын сандық» тапсырмасы

Семантикалық карта толтыру.

-Балалар, біз бүгін қандай сөздермен таныстық?

Мұндай сөздер не үшін қажет? (Заттың сапа ,белгісін салыстыру үшін)

-Балалар, Алтын қақпа ойынында барлық қақпаның тапсырмасын орындап, бүгінгі сабаққа жақсы қатысып,Алтын сандықшаны өзімізге қалдырдық.

Үй тапсырмасы: 12-жаттығу

Бағалау.










Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.02.2018
553
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі