Материалдар / Ашық сабақ "Макраме тоқу технологиясы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Макраме тоқу технологиясы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың тақырыбы. Макраме тоқу технологиясы Сабақтың мақсаты:А) Білімділік: макраме тоқудың әдіс-тәсілдерін , оны өздері істеп көріп, қорытындылауға және жоспарлауға үйрету. Б) Дамытушылық: теориялық білімдерін іс-жүзінде (практика) шығармашылықпен дамыту,макраме тоқу туралы алған білімдерін , дағдыларын нығайту. В) Тәрбиелік: Өнер адамдарын құрметтеуге , әсемдікке , ұқыптылыққа , төзімділікке баулу. Эстетикалық жағынан дамыған , ойлау шеңбері кең , жеке тұлға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Панорамалық сабақ. Сабақтың әдістері: түсіндірмелі, иллюстративті, топпен жұмыс, сарамандық жұмыс. Сабақтың көрнекілігі: тоқылған дайын бұйымдар, буклет, нұсқау карта, тест-карточка. Көрнекті құрал-жабдықтар: 1.Шнур, тесьма, тоқыма жіптер, арқан, синтетік шнур т.б. әр түрлі жіптер. 2. жартылай жұмсақ жастықша немесе станок 3. тоқу үшін крючок 4. қайшы, сантимтрлы лента.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
2098
6 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы. Макраме тоқу технологиясы

Сабақтың мақсаты:А) Білімділік: макраме тоқудың әдіс-тәсілдерін , оны өздері істеп көріп, қорытындылауға және жоспарлауға үйрету.

Б) Дамытушылық: теориялық білімдерін іс-жүзінде (практика) шығармашылықпен дамыту,макраме тоқу туралы алған білімдерін , дағдыларын нығайту.

В) Тәрбиелік: Өнер адамдарын құрметтеуге , әсемдікке , ұқыптылыққа , төзімділікке баулу. Эстетикалық жағынан дамыған , ойлау шеңбері кең , жеке тұлға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Панорамалық сабақ.

Сабақтың әдістері: түсіндірмелі, иллюстративті, топпен жұмыс, сарамандық жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: тоқылған дайын бұйымдар, буклет, нұсқау карта, тест-карточка.

Көрнекті құрал-жабдықтар: 1.Шнур, тесьма, тоқыма жіптер, арқан, синтетік шнур т.б. әр түрлі жіптер.

2. жартылай жұмсақ жастықша немесе станок

3. тоқу үшін крючок

4. қайшы, сантимтрлы лента.

Иллюстративтік схема: тоқудың шартты белгілері.

Пәнаралық байланыс: бейнелеу, математика.

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Сыныптағы оқушылар санын түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.Сабақтың тақырыбымен , мақсатымен таныстыру.

2. Өткенді пысықтау.Оқушылар білімін жан – жақты тексеру мақсатында сұрақтар қойылады .

1. Қол өнердің қандай түрлерін білесіңдер ?

2. Макраме туралы не білесіңдер ?

3. Тоқыма мен макраменың айырмашылығы неде ?

4. Макраменың мағынасы қандай ?

Үйге берілген тапсырманы кім бітірді ?

3. Жаңа сабақ барысы : Сабақты бастамас бұрын қызығушылықты ояту мақсатында сөзжұмбақ шешу арқылы оқушыларды екі топқа бөлеміз.

Өнер жайлы мақал-мәтел .

Жаңа сабақ: Жазық байлау арқылы «шахмат» өрнегін тоқу.

1.Макраме өнеріне шолу жасау

2.Макраме туралы аңыз.

3.Жұмысқа дайындық.

4.Құрал жабдықтарды дайындау.

5.Өрнек және түйіндердің тоқылу әдістері

6. Жібін дайындау.

7. Жіп ұзындығын есептеп қырқу.

8. Тоқу.

1. Қазақ халқының қол өнері оның тарихымен бірге өсіп, біте қайнасып келе жатқан бай қазына. Ол тек қазақ халқының ғана емес Орта Азия, Ресей халықтарының өнерімен ұштасып келеді.

« Өнер көзі - халықта», халықсыз өнер , өнерсіз халық жоқ, оны жаңғыртып іске асыру – біздің перзенттік парызымыз.

2. Түйіндеп тоқу өнері мыңдаған жылдар бойы , атадан балаға жалғасып келе жатқан қол өнердің бір түрі.Бұл өнер екі жіпті бір-біріне байлау керек болған кезде пайда болған және ол бірінші түйін болған. Аңшылар аңдардың терілеріден және балшық шоптерінен төр тоқыған. Адамзат дамуы жолында бүл өнерге әр түрлі қараған, кезі келгенде тоқуға тыйым салынған.

Христиандарға түйіндеп тоқылған амулетін тақып жұреге рұқсат берілмеген. Ал кей бір халықтар, керісінше, түйіндер айгілі пайда келтіруіне сенген,неге дегенде тоқылған және шешілген түйіндер адам тақдырына байланысты деп ойлаған.

Түйінді тоқудың ең алғашқы атасы бау, кулон, талисман тоқыған теңізшілер.

ХІҮ ғасырда теңізшілер Испания, Индия, Қытай, Италия халықтарының өнерімен танысты. Кіим , үй жихаздарын безендірген. Бірінші рет түйіндеп тоқу мектептері ашылды. Алтын жіптен тоқылған шілтер (кружево) патша кіимін безендірген. Тек ХІХ ғасырда бұл өнерді макраме деп атай бастады.Мағынасы араб тілінде « макраме» - түйінді тоқыма немесе бахрома деген мағынаны білдіреді. Қазіргі таңда макраме жаңарып, өмірімізге қайта оралды. Түйіндеп тоқылған бұйымдар –кілемдер, кашпо, салфетка, абажур үй ішін безендіріп тұр, моншақтармен әдеми келісіп түраді.

Макраме тоқуға үлкендерде ,жастарда қызығады, әр түрлі жіптерден тоқуға болады. Ең керегі түйінді мықтылап байлау керек, сонда бұйым озының формасын жақсы сақтайды, әдемі көрінеді. Жұмыс үшін әр түрлі диаметрлі метал, пластмасса, ағаш сақиналар , таяқшалар , ескі үстел шамшырақтың қаңқасы,белдіктің ілгіші , ескі мебель, үстел, кресло және т.б. керек болады.


3. Жұмысқа дайындық.




Жіпті орап жұмысқа дайындау






Квадрат байлаумен тоқылған ромб


4. Түстердің үйлесімділігі туралы бейнелеу пәнінің мұғалімі сөйлейді:- Макраме әдемі шығу үшін түс үйлесімділігін білу керек.Табиғатта негізгі түс жеті түс бар: ақ, қара, қызыл, сары, жасыл, қоңыр, көк. Бұл жеті түс жеті қасиетті санға сәйкес келеді. Осы жеті түспен тоқылған бұйымдар өте әдемі болып шығады.

5. Математика пәнінің мұғалімі сөз сөйлейді:- Оқушылардың назарын дайын тоқылған бұйымға аударайық, осы тоқыманы қайтып есептеп тоқу керек ? – деп оқушыларға сұрақ қойылады.











« Бұрынғы кезде апаларымыз бен әжелеріміз өлшемді құралсыз, математикалық есептен хабары жоқ кезде қалай дәл тоқыған деп ойлайсыңдар ? Ал оларда өлшемдерді өздерінің атауларымен атаған. Ол өлшем атауларын біз қазір пайдаланбаймыз. Бірақ біздің апаларымыз осы күнге дейін сол атауларды пайдаланады. Оқушылардан осы атауларды сұраймыз. Елі, қарыс , қарыс сүйем – деп нені айтамыз? Осы жерде елі, тұтам , сүйем, қарыс сүйем, сынық сүйем, сере қарыс, кере қарыс деген ұғымдарға анықтама беріп кетеміз.Бұл өлшемдер саусақпен өлшенетін өлшемдер. Білек, шынтақ , қолтық , құлаш,кере құлаш туралы айтамыз. Бұл –қолмен өлшенетін өлшемдер. »

6. Сарамандық жұмыстың көрнекіліктері:

  1. Ұнтаспа

  2. тоқу схемалары

  3. станок, жіңішке ағаш, жіп .



Техникалық қауіпсіздік ережесін қайталау.

Оқушылардың жұмыс орнын ұйымдастыру.

Сарамандық жұмыстың жоспары мен бағыты.

Оқушылардың өзіндік жұмысы.

а) жіптерді қырқып дайындау

б) оны тығыздап байлау

в) тоқуды бастау

Тексеру :1.тоқылу әдісінің дұрыстығын тексеру

2. түсінбеген жерлеріне түсінік беру

3. үлгірген оқушыларға қосымша тапсырма беру.

7. Сабақты қорыту.

1. Макраме дегені не ?

2. Қандай негізгі тоқу әдісін үйрендіңдер ?

3. Тоқу үшін қандай жіптер керек болады ?




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!