Материалдар / Ашық сабақ "Мамандықтың бәрі жақсы"

Ашық сабақ "Мамандықтың бәрі жақсы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне арналған . Балаларды қоршаған ортамен таныстыру барысында әр жыл мезгілдерінің өзіндік ерекшеліктерін таныту. Сөйлеу барысында сөздік қорларын молайту. бұл ұйымдастырылған оқу қызметі жас мамандарға көмекші құрал есебінде пайдағасады деген ойдамын. Өзімнің іс-тәжірибемді осы сайт арқылы балабақша тәрбиешілерімен бөліскім келді. Тәрбиешілер сіздерге көмегі тиеді деген ойдамын.
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы

3 «Елочка» бөбекжай балбақшасы

Тәрбиеші: Дингуатова А.И



«Гүлдер» ортаңғы тобының балаларына арналған ұйымдастырылған оқу қызметі



Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі

«Мамандықтың бәрі жақсы»


Білім беру саласы:«Коммуникация», «Таным», «Шғармашылық»

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Мақсаты: Балалардың әртүрлі мамандықтар туралы білімдерін толықтыру.

Жұмыстың мазмұнымен, мағынасымен айырықшаланатын мамандық әлемінің

түрлілігі туралы түсінік қалыптастыру. Жүргізуші, шаштарзбен таныстыру.

Білімділік: Мамандық түрлерімен таныстыру.

Дамытушылық: Мамандықтар туралы балалардың білімдерін кеңейту арқылы балалардың сөздік қорын ,ой-өрісін, шығармашылық қиялын дамыту. Адам өміріндегі іс-әрекеттің маңызын көрсету. Балалардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдетіп қызығушылықтарын арттыру.

Тәрбиелілік: Әр түрлі мамандық түрлеріне және еңбек адамдарына құрмет

сезіммен қарауға қызығушылықтарын арттыру,үлкендердің еңбегін бағалап,

құрметтеуге тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: маман, тігінші, құлысшы, дәрігер, мұғалім, жүргізуші, шаштараз

т.б.

Қолданылатын құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: мамандық иелерінің

суреттері.

Қостілділік компонент: тігінші-портниха- seamstress,құрлысшы-стройтель-a

builder, дәрігер-врач-doctor, шаштараз-парихмакер-hairdresser, жүргізуші-

водитель-driver, профессия-мамандық-proffesion.

  1. Жылулық шеңбері. Қонақтармен амандасу.

Үлкенге де Сіз

Кішіге де Сіз

Құрметпенен сіздерге

Бас иеміз біз.(Бас иеді).

Қуан шатан алақай

Қуанатын күн бүгін

Қайырлы таң балалар,

Қайырлы таң апалар

Салем бердік, сәлем бердік сіздерге

Сәлеметсізбе, Здраствуйте, Hello!

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де .

Қуанайық достарым ,

Арайлап атқан күнге.

Балалар бүгін мен сіздерді әдемі қалыптарында көргеніме қуаныштымын.

Балалар бүгін сіздердің көңіл күйлерін қандай?

Балалар: Біздің көңіл күйіміз тамаша!

Енді осындай көтерінкі көңіл күймен бүгінгі оқу қызметін бастайық.

Балалар сендер айта қойындаршы, біздің апталық тақырыбымыз қалай аталады кім айта қояды екен?

1 бала: -Біздің апталық тақырыбымыз «Кім болам деп аталады»

Балалар осы «Мен кім болам» тақырыбында кімдер туралы әңгімелестік?

2 бала: –Біз түрлі маман иелері туралы әңгімелестік.

Ал балалар қандай мамандық иелері болады екен барлығымыз есімізге түсіріп айтып көрейікші.


Осы кезде балалар түрлі мамандар туралы айтады.

  1. Тапсырма

Дәрігер

Түрлі-түрлі аурудан

Емдік дәрі беретін

Мен дәрігер боламын.

Полиция

Ел қорғаны болатын

Мен боламын полиция

Шаштараз

Оң қолымда алмас қайшы

Сол қолымда тарағым

Мен шаштараз боламын

Тәрбиеші

Мен үлкейіп өсіп толамын

Сонда өзім осы ауылдын бөбектерін

Оқытып, үйрететін тәрбиешә боламын боламын.

Өрт сөндіруші

Не күтерін білмейміз біздің алдан?
Кім құтқарар біздерді «тілсіз жаудан»?
Өрт сөндіруші мен болам

Тігінші

Түрлі-түрлі матадан

Киімдерді тіген

Мен тігінші боламын

Құрлысшы

Кірпіштерді қалайтын

Зәулім үйді салатын

Мен құрлысшы боламын

Шебер ұста

Қажетіне халықтың

Аямайтын еңбегін

Мен шебер ұста боламын

Аспазшы

Дәмді тамақ пісіретін

Мен аспазшы боламын

Банк қызметкері

Ақшаны шатыспай санайтын

Мен банк қызметкері боламын

Балалар барлығы қосылып: Болашақта мықты маман боламыз!

(Осы кезде есік қағылып қонаққа Саяхатшы Дара келеп, қолында досына арнаған сыйлығы бар балалардан көмек сурайды)

Дара: Сәлеметсіздерме балалар! Hello!

Мен өзімнім досым Ботидың (маймыл) туған күніне барамын, соған әдемі етіп шашымды қиып, сәндейін деп едім, кім менің шашымды қиып, сәндеп береді екен?.

-Балалар Дараға кім көмектесе алады?

Дәрігер көмектесеме, Құрлысшы көмектесеме айтып жіберіңізші Кім сән үлгісін жасай алады екен?

Олай болса саяхатшы Дараға жұмбақ шешу арқылы шашың кім қиып, сәндеп беретінің айтайық.

  1. Тапсырма Жұмбақ шешу

Мектептің жүрегі ,

Білімнің тірегі. (Мұғалім) мұғалім-учитель-teather

Сауықтырар сырқатты ,

Жылы үнмен тіл қатты. (Дәрігер) дәрігер-врач-doctor

Тікті әсем киімді, дүкенге әкеп ілінді. ( Тігінші) тігінші-портниха- seamstress

Өскен шашты жарытпайтын,
Қайшысы бар жалақтайтын.
(Шаштараз) шаштараз-парихмакер-hairdresser

-Балалар Дараға шаштараздың көмектесетінің айтады.

Шаштараз: Ендеше Дара менімен бірге менің шаш таразыма жүрініз, шашыңызды әдемілеп сәндеп берейін.

Тәрбиеші: Балалар олай болса барлығымыз барып шаштарзға көмектесейік, шаштарзда алғашқы шаш қиып үйренушілерге мынадай үлгілер бар екен, біздерде осы үлгілердегі шаштарды қиып, әр-түрлі шаш үлгілерін жасап үйреніп көрейік.

Саусақ жаттығуы:

Алдымен саусақ жаттығуын орындап алайық.

Оң қолымда алмас қайшы

Сол қолымда тарағым

Тарақпенен шашты сәндеп

Әдемілеп қиямын.

  1. Тапсырма: Дараның екінші тапсырмасы орындалады. «Кім жылдам»

Барлық балалар саяхатшы дараның шашын кім әдемі етіп, кім сәнді етіп қияды екенінің білу

Балалар жұмыстанады.

Алаяқ түлкі: Балалар жұмыстарын аяқтап қалған кезде алаяқ келіп Саяхатшы Дараның сыйлығын ұрламақшы болады, оны балалар көріп қалып Алайақ ұрлама, алайақ ұрлама!-деп айтады.

Балалар: Алайақ ұрлама, алайақ ұрлама!

Алайақ түлкі: -Сыйлықты ұратпайды, көріп қойды, көріп қойды-деп шығып кетеді.

Дара: Балалар рахмет сіздерге менің досыма апара жатқан сыйлығымды ұрлатып алуға қалдым, сіздердің көмектеріңізбен алаяқ ұрыны дер кезінде көріп қалдық сіздерге көп рахмет! Мен сондай қуанып тұрмын мен сіздерді өзіммен бірге менім досым Ботидың туған күніне шақырамын.

-Балалар менімен бірге туған күнге барасыздарма?

Балалар қуанып келіседі.

-Ия, барамыз!

Сергіту сәті «Тук-тук»

Тук-тук-тук-тук-тук-тук , Қолымызды ұрамыз

Тук-тук-тук-тук-тук-тук, Қатты-қатты соғамыз

Тук-тук-тук-тук-тук-тук, Екіі қолды соғайық

Тук-тук-тук-тук-тук-тук, Балғатай біз ұрайық

Тук-тук-тук-тук-тук-тук, Өкшемізді соғайық

Тук-тук-тук-тук-тук-тук, Табан мен де ойнайық

Тук-тук-тук-тук-тук-тук, Екі аяқты алма кезек

Тук-тук-тук-тук-тук-тук, Қалыспайды ол бізден

Тук-тук-тук-тук-тук-тук, Екі қол екі аяқпен

Тук-тук-тук-тук-тук-тук, Қатар соқшы кел бізбен.

Тыныс алу жаттығуы: «Үлкен болып өсеміз»

«Үлкен болып өсеміз»-б.қ. аяқтары бірге, қолдары түсірулі, аяқтың ұшымен көтеріліп, қолын жоғары созған кезде тыныс алу. Табанына түгел басын, төмендегенде, қолын түсіріп- «Ух-х» деп тыныс шығару.

Дара: Балалар бірақ туған күн кеші болатын жерге бару үшін жаяу бару мүмкін емес өте алыс қашықта екен?

Балалар мұндай кезде біздер немен барамыз?

Балалар: Көлікпен

Олай болса біздер туған күнге бару үшін көлік шақырайық. Мен қазыр өзімнің ұялы телефонымнан жүргізушіге хабарласып тез арада көлік шақыртайын.

Осы кезде көлігін айдап жүргізуші келеді

Балалар барлығы орындарынан тұрып амандасады.

Жүргізуші: Сәлеметсіздерме балалар!

Балалар: Қош келдіңіз!

Жүргізуші жүргізуші-водитель-driver, профессия-мамандық-proffesion.

Жолда жүріп үнемі

Жолаушылар тасимын

Бағдаршамға бағынып

Сақтықтыда ойлаймын

Жүргізуші мен болам.

Тәрбиеші: Жүргізуші сіздің атыңыз кім?

Менің атым Арсен

Сіз жүргізуші қалай болдыңыз?

Арсен: Мен арнай оқу орталығына барып жүріп жүргізуші мамандығын оқып, жолда жүру ережесін меңгеріп, машинаның тетіктерін қалай басқару керектігің үйрендім.

Арсен: -Содан бері маған мынадай жүргізуші куәлігін берді. Мен Содан бері жүргізуші болып қызмет атқарамын.

Тәрбиеші: Балалар көрдіңіздерме жүргізуші куәлігін алу үшінде арнайы оқу орталығына барып оқу керек екен.

Ол жақта бағдаршаммен және жолда жүру ережелерін оқытып үйретеді екен. Машинаның тетіктерін де қалай басқару керектіңін үйретеді екен. Қала көшелерінде көлікпен қалай жүру керектігін де үйретеді екен.

-Балалар көрдіңіздерме кез-келген адам көлік жүргізушісі болмайды екен. Міне Арсен жүргізуші куәлігінді қалтаңа салып қой.

Жүргізуші: -Балалар мен сендерге тапсырма алып келдім. Егер сендер сол тапсырмаларды орындасаңыздар сіздерде жүргізуші бола аласыздар.

жүргізуші Арсен біздерге тапсырма алып келіпті, Егер Арсеннің тапсырмаларын орындасақ, Біздерде арсен сияқты жүргізуші бола алады екенбіз.

-Балалар сіздер жүргізуші болғыларын келеме?

Балалар. Ия бізде жүргізуші болғымыз келеді.

Тәрбиеші: Балалар тапсырманы орындау үшін алдымен саусақ жаттығын орындап алайық

Саусақ жаттығуы: «Cars fingers family»

Тапсырма: «Көлік» ойын көлік құрастыру шырпы қорапбынан машина құрастыру.

Тапсырма: Желім арқылы сурет салып түрлі-түсті құм арқылы безендіру.

-Дарада балалармен тапсырмаларды дұрыс орындағынына қуанып өте риза болады.

Сергіту жаттығуы

Бөлінбейді іргеміз,

Әрқашан да біргеміз!

Әрқашан да тілектес,

Досыңа сен көмектес!

Тыныс алу жаттығуы: «Бағдаршам»

«Бағдаршам» -б.қ. отыру, аяқтарын қосып, қолдарын жан-жаққа көтеріп, «С-с-с» дыбысын айтып, ұзақ тыныс шығарған кезде жайлап түсіру (3-4рет).

Дара: Балалар уақытың қалай тез өткенің байқамай қалыппыз ғой. Тездетіп жолға шығайық. Менің досым Ботидың туған күніне кешігіп қалып жүрерміз.

Тәрбиеші: Балалар олай болса біздер алдымен бүгінгі оқу қызметінде не білдік қорытып айтып кетейік.

Сабаққа кері байланыс: -Балалар біздер «мамандықтың бәрі жақсы» тақырыбында тағы кімдер туралы білдік? -Шаштаразбен біздер не істедік? -Ал жүргізуші болу үшін көлікті кез-келген адам жүргізуге болама? -Дарамен бірге орындаған тапсырмалар сендерге ұнады ма?

Сюжеттік ойын:

Диспечер: Құрметті жүргізуші Арсен Руслан ұлы келіп құжаттарыңызды көрсетіп, тексетіңіз.

Жүргізуші: Құжаттарын беріп тексеттеді.

Диспечер: Құжаттарыңыз түгел, дұрыс екен. Барып дәрігер қабылдауынан өтіңіз.

Жүргізуші: Дәрігерге барады.

Дәрігер: Сәлесетсізбе! Қаліңіз қалай, еш жеріңіз ауырмайма?

Жүргізуші: Жоқ, еш жерім ауырмайды.

Дәрігер: Келіңіз қан қысымыңызды өлшейін......(Өлшеп болған соң)

-Қан қысымыныз қалыпты, жолға шығуға болады.

Жүргізуші: Рахмет сізге! Сау болыңыз! (Барып автобус көлігіне жайғасады)

Диспечер: Құрметті жолаушылар Орал Ақтөбе бағытындағы автобус авто көлігі жолға шығуға дайын. Жол ақысын толеп, билеттеріңізді алуға болады.

(Балалар кезекке тұрып , билеттерін алып, автобус көлігіне отырып дайындала береді)


Дара мен балалармен қоштасып сау бол-деп шығарып саламын. Олар көлікпен жүріп , топтан қоштасып шығып кетеді.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: Мамандық түрлерін біліп, олардың еңбектерін білуі керек. Нені игеру керек: Шаш үлгілерін қиып, көлік құрастыра білуді игеру керее Нені біледі: Үлкендердің , мамандық иелерінің еңбегін бағалай біледі.





















ЖИ арқылы жасау
04 Ақпан 2018
980
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі