Материалдар / Ашық сабақ "Мамандықтың бәрі жақсы" Сөйлеуді дамыту

Ашық сабақ "Мамандықтың бәрі жақсы" Сөйлеуді дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Сөйлеуді дамыту "Мамандықтың бәрі жақсы" балабақша тәрбиешілеріне арналған
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады


Білім саласы:Коммуникация

Бөлімі:Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: Мамандықтың бәрі жақсы.

Мақсаты:

1. Білімділік: Балаларға түрлі мамандықтар туралы түсінік беру арқылы бұрын беймәлім мамандықтар жайлы жалпы ұғым қалыптастыру;
2. Дамытушылық: Балаларды әрқилы мамандықтарға сын тұрғысынан қарап, ойлау қабілетін, өрісін кеңейту;
3. Білімділік: Балаларға мамандықтардың пайдалы жақтарын айта отырып, олардың бәрі адам мүддесі, қоғам мен халыққа қызмет етуші екендігін түсіндіріп, жалпы мамандыққа және оны игеріп ел игілігі үшін еңбек етіп жүрген маман адамдарға деген құрметтеу, ардақтау және мақтаныш ете білу сезіміне тәрбиелеу.

Көрнекілігі: слайд, мамандар киім үлгілері.
Әдіс - тәсіл: Слайд көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын.
Барысы:
Жылулық шеңбері: «Тілек шоғы» деп аталады.(әр қайсысында бір тал гүл) бір - біріне жақсы тілектер айтады.
- Әр күнің қуанышқа толы болсын,
- Саған денсаулық тілеймін.
- Аспанымыз ашық болсын
- Ата - анаң аман болсын
- Балабақшамыз көркейе берсін.
- Деніміз сау болсын.
- Балалар қараңдаршы сендердің гүл шоқтарың үлкен тілек шоқтарына айналды.
- Мінеки өзгеге денсаулық тілеп, жақсылық жасасаң өзіңе қайтып оралады.
- Балалар осы жақсы көңіл күймен оқу қызметімізді бастаймыз.
Мамандықтың түрлері көп: Дәрігер, мұғалім, ұшқыш, тәрбиеші, құрылысшы, шаштараз,, жүргізуші, аспаз, әнші, биші, журналист, т. б көптеген мамандықтар бар. Мамандықтың жаманы жоқ, тек оны дұрыс таңдай білу керек. Қалаған мамандықтың иесі болу үшін еңбексүйгіштік пен білімділік қажет, үлкен өнер мен зор шеберлікті қажет етеді.
Слайд көрсету, әңгімелеу, балалардан сұрау түсінік беру.
Шаштараз - бұл мамандық иесі адамдардың шашын қиып сәнін келтіреді.
Дәрігер - ақ қалатты абзал жан, адам баласының арашасы емдейді шипасын тигізеді.
Мұғалім - әріп үйретіп, білім нәрімен сусындататын абзал адам.
Аспазшы - дәмді тағам пісіретін(маман иесі).
Жүргізуші - баратын жеріңе тез жеткізіп салатын, адамға қамқор болатын жан.
Құрылысшы - зәулім ғимараттар, қабат - қабат үйлер салатын маман иесі.
Міне мамандық иесінің өзіндік ерекшелігі, әр маманның өзіне тиесілі жұмыстарымен шеберліктерімен ерекшеленеді.
Слайдтан мамандық иелерін көрсету арқылы балалардан сұрақ - жауап.
Сергіту сәті:

Балалар бақшаға келеді,
Тәрбиеші оларға қуанды.
Аспазшы дәмді етіп тағам пісірді.
Ал егер жөтеле қалсақ
Дәрігер емдем жазады.
Мамандық иелеріне арналған балалар тақпақтары.
1 - бала. Қолда темір қалағым.
Саздан сарай саламын
Астанадан аумайтын
Әсем қала саламын.
2 - бала. Отанның ұланын
Баулаған мұғалім
Өзіңсің ағытқан
Білімнің бұлағын.
3 - бала. Тіс ауырса
Іш ауырса
Анам дәрі береді
Барлық адам
Барлық бала
Оны жақсы көреді.
4 - бала. Емес оның жәй ісі.
Қолда тарақ, қайшысы
Апамның бес саусағы
Шашты қырқып тауысады.
Ойлау қабілетін дамытуға байланысты ойын: «Мамандық құралын тап» Балалар суреттегі мамандық иесіне тиесілі құралын қарындашпен сызу арқылы табады.
Сюжетті рольді ойын: «Дәрігер» Ойын барысында балалар бір - бірімен қарым - қатынасты нығайту барысында сыпайылықты, инабаттылықты, адамгершілік сезімдері оянады.

Қортынды: Балалар біз бүгін мамандықтар туралы толық мағлұмат алдық оның еңбек екендігін білдік. рольдерге бөлініп дәрігердің жақсы маман екендігін ойын арқылы көрсете отырып сендер өздерің еңбек жасадыңдар, мінекей қандай еңбек болсын бәрінің өз мамандығы болады.
Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: Мамандықтар туралы толық түсінік алуы, мамандықтың еңбек екендігін, еңбек ету арқылы халыққа пайда келетінін білуі керек.
Болуы керек: Мамандықты таңдай білуі, оған деген сүйіспеншілігі болуы керек.

Мұқатайқызы Гаухар






ЖИ арқылы жасау
21 Желтоқсан 2017
22182
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі