Материалдар / ашық сабақ "Мақсат жетістік желкені" 8 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ашық сабақ "Мақсат жетістік желкені" 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
8 сынып "Мақсат жетістік желкені" тақырыбындағы ашық сабақ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
831
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Оңтүстік Қазақстан облысы

Кентау қалалық білім беру бөлімі

Байылдыр ауылы

«С.Қожанов атындағы № 9 жалпы орта

мектеп» коммуналдық мемлекеттік

мекемесінің

Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі

Бұхарбаев Жақсыбек Айнабекұлына



«Сабақтағы жалпы адамзаттық құндылықтар» тақырыбындағы сырттай өткізілетін

Республикалық бейнесабақтар байқауына қатысушы туралы мәлімет


Өтініш


1

Байқауға қатысушының аты-жөні

Бұхарбаев Жақсыбек Айнабекұлы

2

Қызметі

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

3

Елді мекен, мекен-жайы

Кентау қаласы. Байылдыр ауылы Чехов №19

4

Жұмыс орны

«С.Қожанов атындағы №9 жалпы орта мектеп»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

5

Пән бойынша аттестатталған санаты

2013ж жоғары санатқа

6

Педагогикалық пед өтілі

13 жыл

7

Электронды пошта жәшігі

jaksibek8080@ maiI.ru

8

Байланыс сымтетегі /телефоны/

8-705-88-77-184

9

Сабақтың тақырыбы

«Мақсат –жетістік желкені»

10

Сыныбы

8 сынып





























Мектеп: «С.Қожанов атындағы № 9 жалпы орта мектеп » коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Күні:

Пән мұғалімі: Бұхарбаев Жақсыбек Айнабекұлы

Сыныбы: 8

Оқушылар саны -20

Тақырыбы: Мақсат – жетістік желкені

Құндылық: Нақты және дұрыс іс-әрекет

Қасиеттер: Ойға бөлену, ізденіс, қабілеттілік, адамгершілік.


Сабақ мақсаты : Жеке тұлғаның алдына қойған мақсатын, табиғи дарындылығы мен қабілетін айқындауда ізденуге, құзіреттілікке, талаптана білуге үйрету, дұрыс әрекет ету, құндылығынан туындайтыны туралы түсінік беру.

Міндеттері:

- оқушыларды еңбек қорлыққа үйрету;

- оқушылар бойындағы табиғи дарындылығын дамыту;

- төзімділікке тәрбиелеу.

Ресурстар:

оқулық, дәптер

(аудио,видео жазбалар)

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастырукезеңi: Сәлемдесу, сабақ процесі атмосферасына икемдеу;

2.Тыныштық сәтi.

«Теңізге саяхат »

Сұрақ

  1. Қандай сезімде болдыңыз?

  2. Теңізден кейінгі көңіл- күйіңіз қандай?

3.Үй тапсырмасын тексеру:

Тапсырма :

1..Туған жерлеріңнің жеті кереметін атаңыз?

2. Эссе

Сабақ барысын талдау:




/ 3 мин /





/ 2 мин /

  1. 4. Дәйексөз

  2. «Мақсатсыз жанталасып жүрген адамнан өз мақсаты көзден таса етпеген сылбыр адам әлде қайда артық».

  3. Э.М.Форстер


/ 2 мин /

4.Оқиғаны баяндау / әңгiмелеу/

«Адам өмірі »

Ертеректе «Үш ағайынды жігіт «Адам өмірінің өткені, қазіргісі, әлде болашағы маңызды ма?» деген сауалға дауласып қалады.
Біріншісі:
- Өткен өмірім менің қазіргімнің бастауы болды. Бұрын үйренгендерім қазіргі өміріме азық болып отыр. Мен өз – өзіме ризамын, себебі алға қойған мақсаттарыма жету үшін мен қажымай – талмай күресе білдім. Өз өміріме серік еткен жолдастарым да сенімді, - дейді.

Сонда екіншісі:
- Егер сенің айтқаның дұрыс болса, адам «Түйе көргенінен жазбас» дегендей, бір орнында дамымай тұрып қалар еді. Маған бұрынғы үйренгенім, қазіргі білетінім маңызды емес, болашағым маңызды. Сондықтан да мен өз болашағыма қажетті нәрселерге үйренемін. Маған «екі жыл бұрын мен кім едім?» деген сауалдан «екі жылдан кейін менің өмірім қандай болады?» деген сауал маңыздырақ. Менің қазіргі қаракетім бұрын қандай болғаныма емес, болашақта қандай болатындығыма бағытталып отыр. Маған жаңа таныстар өте ұнайды, олардан білмегенімді үйренемін, ал ескі таныстарымның білетінін өзім де білемін, - деп дауласа жөнелді.

- Өткен мен болашақ тек сендердің ойларыңда ғана болатындығын ұмытып кеттіңдер ме? – деп сөзге араласты үшіншісі:
- Өткенің енді қайтып келмейді, ал болашағың жеткізбейді. Сондықтан да өткеніңді қанша аңсасаң да, болашағыңды қанша қиялдасаң да, олар қолға түспейді. Тек қазіргі өміріңде ғана алдыңа ізгі мақсат қойып, өміріңнің әр сәтін осыған арнасаң ғана, өз өміріңді өзгертуге болады. Өйткені өткен бақытты ойлау – жаныңды жабырқатады, болашақ бақыт туралы ой жаныңды жегідей жейді, тек қазіргі өмірде ғана өз ойыңды жүзеге асыра аласың».


Сұрақтар:

1.Сіз қайсы кейіпкердің пікірімен келісесіз? Неліктен.

2.Қалай ойлайсыз, адам өмірінің өткені, қазіргісі, болашағы маңызды

ма? Неге.

3.Өткен балалық шақ жаныңды жабырқатады,болашақты ойлау

жаныңды жегідей жейді деген пікірді қалай түсінесіз?










/ 10 мин /




























6. Шығармашылық жұмыс. Постермен жұмыс

Критерийлері:

1.Постер эстетикалық талғамға сай түзілуі керек;

2.Тақырыптың толық ашылуы;

3.Нақты түйінді ой жазылу керек.

4. Сынып ережесін сақтау.

Әр топ постер арқылы жеке жұмыс жасайды.

Оқушыларға «Мақсатқа жету жолы»

І-ші, ІІІ топ жазбаша түрінде жеткізу.

ІІ-ші және ІV-шi топ сызба нұсқа арқылы түсіндіру.

Топ арасында жұптық,топтық қалқылау жасайды.

Қорғайды.




/ 10 мин /








/ 5 мин/

/ 1 мин/

7.Топпен ән айту. Мақсат - бақыт бастауы

Сөзі:А.Беляевтікі,

Әні:Б.Қажымұқановтікі.

Жолдас керек әр жанға,

Мақсат керек бір биік.

Тұманы мол жалғанда,

Тұрмайды ма нұр құйып.

Сылдыр сөз бен күлкіңмен,

Жете алмайсың мұратқа.

Адасасың іркілген,

Арман жаңа жырақта.

Қайырмасы

Мақсат бойға күш берер

Жақсы жырдай.

Ойың да оғыс кетпес.

Адалдыққа жүгін де,

Жазықсызды қолда,

Мақсат жеңер түбінде.

Сол жырақты межелеп,

Жүмса қайрат-күшіңді.

Жатпайды ешкім елеп сені,

Кез -келгенге жүгінбе

Өзің ұмтыл жалында,

Тосады өмір түбінде.

Бақытыңның бағында,

Тосады өмір түбінде.






/ 3 м 30 сек /


8. Үй тапсырмасы

Жұмыс дәптеріндегі 8-сабақ; 17-беттегі 2-тапсырма;

Қ.Мырзалиевтың «Мақсат» атты өлеңін жаттау.


/ 2 мин /

9. Соңғы тыныштық сәтi

Бүгінгі өткен сабағымызды тағы да ой елегінен өткізіп, тыныштықта баяу әуенмен ойымызды жинақтаймыз. Бүгінгі күні теңізге достарымызбен серуендеп демалып келдік.Туған жеріміздің 7 керемет әлемімен танысып шықтық.Постер арқылы мақсатқа жетудің жолын әр оқушы өз ойын түсіре білді.Сабағымызды қорытындылай келе «Мақсат- жетістік желкені» атты сабағымызда кез келген жетістік адамның өзін,оның жақындарын қуанышқа, шаттыққа бөлеуі керек. Өз мақсатыңа жақындаған сайын оған жету жолы қиындай түсетінін, сол қиындыққа мойымай шыдамдылық, төзімділік таныта білу керек. Ойлаған арман мақсаттарыңыз, орындалсын.





/ 3 мин /







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!