Ашық сабақ "Матадан қол сөмке тігу"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Матадан қол сөмке тігу"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мата қиындыларынан түрлі сөмке тігу түрлетін үйрету
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Матадан қол сөмке тігу,пішу

Мақсаты: Сөмкенің шығу тарихымен, түрлерімен таныстыру, жасалу жолын үйрету.Өлшеу, пішу, кесу мен тігу жолдары туралы біліктілігін арттыру. Тігіс тігу кезінде дағдыны қалыптастыру. Бұйымдыөз бетінше орындауға оқушыға мүмкіндік беру .Оқушының өз бетінше жұмыс жасауға еріктілігін, өз күшіне сенімін, еңбек мәдениетін дұрыс ұйымдастыру дағдысын қалыптастыру.

Бiлiмдiлiк: Оқушыларға мата туралы мәлімет беру

Тәрбиелiк: Оқушыларға алдын ала болжауға , қиындықты жеңуге ұқыптылыққа, үнемділікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың еңбекке деген қабілетін,ынтасын, талабын,іскерлігін дамыту. Өз бетерімен жұмыстануға дағдыландыру

Көрнекілiгi: матаның суреттер үлгілер, дайын бұйымды көрсету

Түрлі маталар т.б.

Сабақтың түрi: Жаңа материалды түсіндіру

Сабақтың әдiсi: Практикалық , түсіндірмелі 

Пәнаралық байланыс : тарих, өсімдіктану,әдебиет.

Сабақтың барысы: 

Ұйымдастыру Сәлемдесу,түгендеу.

«Жүректен –жүрекке »психологиялық жаттығу

Өткен тақырыпты қайталау

Сұрақ-жауап арқылы «Сұрақ бізден жауап сізден»


Жаңа сабақ

Мата тұрмысымызда кеңінен қолданылады. Күнделікті киімдеріміздің, үй, тұрмыс заттарының бәрі матадан тігіледі.Демек , матасыз өмірімізді елестете алмаймыз.
Мата – жіптер жүйесін өзара көлденеңінен тік айқастырудан туған тоқыма бұйым. Матаның бойымен кететін жіптерді негізгі жүйе, ал матаға көлденең түсетін жіптерді арқау жүйе деп атайды. Мата арнайы тоқу станогында тоқылады. Мата жіптер айқасуынан, ал жіптер бірнеше қабат жіңішке талшықтардан тұрады.
Тоқылған талшықтарға байланысты маталар – табиғи талшықтардан алынған және жасанды талшықтардан алынған болып екіге бөлінеді.Коллекцияның көмегімен матаның екі түрін тану.
Табиғи талшықтардан алынатын материалдар гигиеналық тұрғыдан алғанда денсаулыққа пайдалы, бірақ тез қыртыстанғыш, үтіктелуі қиын және тез отырады.
Жасанды талшықтардан алынатын қоспа маталар жылтырлау, беті тайғақ , тез сетінейді, аз қыртыстанады. Мұндай матадан тігілген киім жақсы үтіктеледі, оңай жыртылады, тез кебеді.
Мата талшықтарын мақтаның піскен қауашағынан алады. Жануарлар өнімінің талшықтары қой, ешкі, түйе жүндерінен алынады.
Зығырды ертеде “ Орыс алтыны ”, ал мақтаны “ақ алтын” деп атаған. Орыс көпестері зығыр матасын Үндістанға сатқан. Ол барлық жерде киім, төсек жабдықтары, іш киім, сүлгі мен дастарқан тігуде қолданылған. Зығыр матасы тез қыртыстанады, оны болдырмау үшін зығыр матасына лавсан жіптерін қосып тоқиды. Мақта көптеген елдерде өсірледі. Жазы ыстық Оңтүстік Қазақстан облысында мақта дақылын өсіру, өңдеу кеңінен қолға алынған . Мақта көктемде егіледі, жазда қоза өсіп шығады.Уақыты жеткенде олар гүлдеп, бұталарында ішінде мақтасы бар жасыл қауашақтар өсіп шығады. Қауашақ ішіндегі тұқымдар жұмысақ ақ түбімен көтеріледі. Түбіт тез өсетіндіктен, қауашақ ішіне сыймайды, қауызды жарып шығады. Мақтаны күзде жинайды.Мата шаруашылықта өте көп пайдаланады. Маталар тоқылуына қарай,өнделуіне қарай әр түрлі болады. Мысалы: жүн,жібек, зығыр, атлас және т.б. Жібек және жүн маталарды жануарлардан алынған табиғи талшықтардан дайындалады.табиғи жүн қой,ешкі, түйеден алынады.Көбіне жүн матаны қой жүнінен жасайды, себебі еліміз қой шаруашылығымен шұғылданады.Қойдың жүнін қайшымен немесе қайшымен қырқады.Жүнді алғаннан кейін алғашқы өндеуден өткізу керек:жүнді сорттайды-талшықтарды сапасы бойынша іріктейді:қоқымдарынан тазартып түтеді, қопсытып ыстық сумен жуады,арнайы машиналарда кептіреді

Табиғи жібек –өте жіңішке,нәзік жіп.Оны тұт жібек құртының қуыршағынан алады.Қуыршақтағы жібек жібінің ұзындығы 700-800 метрге дейін жетеді.Жіп өте жіңішке болғандықтан , бінеше қуыршақтың жібіе біріктіреді.Ондай жіпті жібек шикізаты деп атайды
Жібек мата табиғи және жасады жібек талшықтарынан тоқылады . Жібек алу әдісі ерте заманда Қытайда пайда болған.












Практика 2

Матадан сөмкені пішіп ,тігеді.Сөмкені тігу үшін қажетті заттар дайындау ине жіп ,қайшы түрлі қалдық маталар .Мата бетіне үлгі бастырып қияды.Үлгі арқылы пішіп қиып алады.



Бекіту:

Мата дегеніміз не?

Матадан қандай бұйымдар жасауға болады?

Матаның қандай түрлерін білеміз?

Матаның қандай қасиетін білеміз?




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
01.03.2021
1627
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі