Ашық сабақ "Математика әлеміне саяхат "

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Математика әлеміне саяхат "

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепалды даярлық тобына сабақ тәрбиешілерге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Ақсу ауылы.

Окапова Асель Сыдыковна «Еркетай» бөбекжай-бақшасы» КМҚК-ның тәрбиешісі.


«Математика әлеміне саяхат»

Білім беру саласы: Таным.

Бөлімі: Математика.

Мақсаты: 1-ден 10-ға дейінгі сандармен, куб, цилиндр, шардың қасиеттерімен таныстыру. Логикалық ойларын, тілдерін дамыту.балаларды бүтін заттармен таныстыру. Оларды 2,4-ке бөлуге үйрету, кері-дұрыс санауды, геометриялық пішіндерді қайта бекіту, есептерді шығару. Математикаға деген қызығушылықтарын ояту.

Әдіс-тәсәлдері: Түсіндіру.

Көрнекіліктер: Санау таяқшалары, куб, цилиндр, шарлардың суреттері,геометриялық пішіндер,конверт, сандар.

Таңғы тілек:

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды күніміз,

Жарқырайды даламыз.

Қайырлы таң достар,

Қайырлы таң балалар.

-Балалар,бүгін таңертең түлкі келіп Математика әлемі ғаншайымынан хат қалдырып кетіпті. Ол сендерді өзінің сарайына шақырады. Саяхатқа бару үшін алдымен ғаншайымнның сұрақтарына жауап беруіміз керек.

Орманда терек ағаштары өте көп екен. Осы терек ағаштарын тура және кері санап шығайық.

(1,2,3,4,5,6,7,8,9,10. 10,9,8,7,6,5,4,3,2,1).

-Қазір қандай мезгіл?

-Күз айларын атап беріңдерші?

-Бір қолда неше саусақ бар?

-Үш аюда неше мұрын бар?

-Екі күшікте неше құлақ бар? (Балалардың жауаптары)

-Балалар, қараңдаршы , тыщқан кетіп бара жатыр, оның қолында не бар?

-Дөңгелек, шарларға ұқсайтын ойыншықтар бар.

-Балалар, тыщқанның қолындағы цилиндрдің бұрыштары жоқ. Сондықтан орнықты тура алмайды. Оларды санап көрейікші?

-Барлығы бес цилиндр.

-Жасыл цилиндр нешінші тұр?

-Жасыл түсті цилиндр үшінші тұр.

-Қызыл түсті цилиндр нешінші тұр?

-Қызыл түсті цилиндр төртінші тұр.

-Дұрыс айтасыңдар балалар, шаршаған боларсыңдар, енді денемізді бір сергітіп алайық.

Сергіту сәті:

Биік болып өсеміз,

Жапырақтай жайқалып.

Табиғатты сүйеміз,

Таза ауамен демалып.

Денемізді бос ұстап,

Билеп, билеп аламыз.

-Балалар, біздің топта геометриялық пішіндерге ұқсайтын заттар бар ме екен, соларды тауып атап беріндерші?

-Теледидар, кубиктер,доп, шар.

-Дұрыс айтасыңдар енді санау таяқшалармен жұмыс жасаймыз.

Үш алманың біреуін,

Досың сұрап алады.

Айтшы сонда нешеуі,

Өз қолында қалады?

-Екі алма қалады.

Қорытынды.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: 1-ден 10-ға дейінгі сандарды тура және кері санауды.

Қалыптасқан түсініктер: Логикалық есептер шығару.

Жасай алады: Санау таяқшаларымен жұмыс жасау.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.01.2021
626
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі