Материалдар / Ашық сабақ "Математика еліне саяхат "
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Математика еліне саяхат "

Материал туралы қысқаша түсінік
Осы материал әдестімелік көмек мұғалімдерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Сәуір 2021
348
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ашық сабақ ересек тобы

Білім беру салалары: «Таным»

Бөлімі: Математика негіздері

Тақырыбы: Математика еліне саяхат (1-ден 5-ке дейін санау)

Мақсаты: 5 көлемінде сандық есептеу дағдысын дамыту, сандарды тура және кері санауға, сандар көршісін атауды, кеңістікті бағдарлау оң, сол, алдыда, артта ұғымдарын дамыту.

Міндеттері:

1. Білімділік: Геометриялық пішіндер туралы білімдерін кеңейту. Апта күндерін атауды үйрету, балалардың тілін дамыту жұмыстарын жалғастыру, білімге деген құштарлығын арттыру.

2. Дамытушылық: Балалардың білімін дамытушы ойындар арқылы әртүрлі тапсырмаларды орындай отырып, салыстыру, санау, топтау дағдыларын ойын арқылы дамытып, санамақ айту арқылы сөздік қорларын молайту, ой - өрісін дамыту.

3. Тәрбиелік: Балаларды тапқырлыққа, іздемпаздыққа тәрбиелеу. Табиғат пен адам арасындағы қарым - қатынас арқылы татулыққа, бірлікке, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Санамақ таяқшалар, геометриялық пішіндер кесінділер, ойыншықтар, үйшік.

Әрекет кезеңдері

Мотивациялық – қозғаушылық:

Балалар барлығымыз жылулық шеңбер бойына тұрып қонақтармен амандасайық.

Күннің көзі ашылып,

Көкке шуақ шашылып,

Құтты қонақ келіпті,

Төріме міне еніпті,

Амандасу үлкенге

Тәрбиенің басы ғой,

Ал қанекей бәріміз,

«Сәлеметсіз бе,» дейік үлкенге,

Сәлеметсіздер ме, апайлар!

(Балалар қонақтармен амандасады).

- Қане барлығымыз орнымызға отырайық. Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Көктем мезгілі

- Көктемде неше ай бар?

Үш ай бар: наурыз, сәуір, мамыр

- Бір аптада неше күн бар?

Бір аптада жеті күн бар: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.



- Мен сендерге жұмбақ жасырайын, мұқият тыңдаңдар

Туысқан бес кісі, Бірінен – бірі кіші. Бәрінің аты бір, Ең кішісі шеткісі. (шешуі: бес саусақ)

- Сандарға арналған санамақ кім біледі?

Айдана: «Бір үйде біз нешеуміз?» санамағы.

Бас бармақ - әкем, Балан үйрек - шешем, Ортан терек - ағам, Шылдыр шүмек - әпкем, Кішкене бөбек - мен. Бір үйде біз нешеуміз? Бір үйде біз бесеуміз.

Іздену барлау Д. о «Үйшік».

- Қараңдаршы балалар жазық далада үлкен емес, кіші емес бір үйшік тұр. Сол жазық дала бойымен 1 саны жүгіріп келеді, үйшікті көреді де есікті қағады, ешкім дауыс бермеген соң ішке кіреді. Осында тұрайын деп отырады. Солай 2, 3, 4, 5, сандары келіп берілген тапсырманы орындап барлығы бірге тұрады.

5 саны: Есік тұтқасын ұстап ойланады. Әрі ойланып, бері ойланып сопақша пішін деп жауап беріп, үй ішіне кіреді. Осылайша сандар бірге тату - тәтті дос болып бірге тұрады. (Сандар қатарымен тұрады)

Балалар қандай сандар екен? Осы сандармен ойын ойнайық «Қай сан жоқ?» Ойлау қабілеттері арқылы сандарды санау арқылы, жоқ санды табу.



Сергіту сәті:

1 дегенде тұрайық,

2, 3, 4,- алақанды соғайық,

Оң жаққа бұрылып,

Сол жаққа бұрылып

Бір отырып, бір тұрып,

Біз жүгіріп алайық.

5 дегенде асықпай,

Орнымызды табайық.

Балалар, есікті біреу қағып жапқан сияқты, естисіңдер ме? - Хош келдің, сен кімсің?

Жалқаубек: - Сәлеметсіңдер ме, балалар, менің есімім. Мен көмек сұрап келдім. Маған апайым тапсырма берді. Сендер көмектесесіңдер ме?

1 - тапсырма: сандарды тура және кері санау.

2 - тапсырма: мына пішіндер қандай пішіндер деп аталады? Қанша бұрыштары бар? Түстері қандай?

Санамақ таяқшалардан қандай пішіндер құрастыруға болады? Жалқаубекпен ойын ойнайық. Геометриялық пішіндерге, сандарға байланысты сұрақ - жауап арқылы ойлау қабілеттеріңді байқап көрейік.

«Көңілді математика» Д/ойыны.

1. Қандай зат дөңгелек тәрізді болады?

2. Екі тышқанда неше құйрық?

3. Сендердің жастарың нешеде? (Балалар қуана ойнайды).

1 саны: Мен - 1саны, Бір дегенім - бала, Санды дұрыс сана. Сенің қанша атаң бар? Сенің қанша апаң бар?

2 саны: Мен 2 санымын, сен қызыға қараған. Екі дегенім – ешкі, Таудан келер кешке. Лағы оның қанша? Ізде келмей қалса.

3 саны: Мен 3 санымын, құралған екі ілмектен. Үш дегенім - үйім, Үйде жақсы күйің, Бақшадан да қалма, Тап - таза боп киін.

4 саны: Мен 4 санымын, иілген үшкір шығанағым. Төрт дегенім - түлік, Жүрген мұны біліп, Жылқы, сиыр, түйе, қой, Санаңа мұны түйіп қой.

5 саны: Мен сопақша пішінмін деп кіріп кетеді.



Рефлексивті – қорытындылау

- Жарайсыңдар балалар, өте тапқыр екенсіңдер. Жалқаубек біздің балалардың білімге деген құштарлығын байқаған боларсың. Сен де апайлар берген тапсырманы күнделікті орындап жүр.

- Балалар мен сендерге беретін сыйлықтарым бар. Балалар сендерге көп - көп рахмет!















































Білім беру салалары: «Таным»

Бөлімі: ҚМҰҚ

Тақырыбы: Математика еліне саяхат

Мақсаты: Сандарды санау, салыстыру, геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіту, ойлау қабілеттерін, қиялын, есте сақтап түсіну, сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қалыптастыру.Балалардың білімге деген қызығушылығын арттыру, бірлікке, татулыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Буратино, математика, жұмбақтар, мақал- мәтел, жаңылтпаштар аялдамасы, геометриялық пішіндер, үйшіктер.

Балалар қараңдаршы , бізге қонақтар келіпті, қане алдымен сәлемдесіп алайық.

(Балалар шаттық шеңберін құрып амандасады)

Бәріміз енді тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық

Жақсы – жақсы сөздерді,

Қонақтарға сыйлайық!

Табиғат біздің анамыз,

Табиғатқа баламыз.

Иіліп сәлем береміз,

Біз әдепті баламыз.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, менің қолымнан не көріп тұрсыңдар?

Балалар : Жүрек

Тәрбиеші: Қане, балаларжүрегімізден шығарып жылы сөздер айтайықшы.

Балалар: Аспанымыз ашық болсын

Күніміз жарқын болсын

Еліміз тыныш болсын

Ауырмайық , денсаулық болсын

Нанымыз көп болсын

Ата- анамыз аман болсын

Бейбітшілік болсын

Балабақша гүлдене берсін!

Апайлар аман болсын

Қане балалар, осы айтқан жылы лебіздерімізді апайларға сыйлайықшы

Тәрбиеші: Балалар сендер бір- біріңнің қолдарыңнан ұстап тұрғанда нені сезесіңдер?

Балалар: Жылулықты, мейірімділікті, достықты.

Тәрбиеші: Жақсы  балалар бүгінгі күнімізді мейіріммен, қуанышпен бастайық.

Тәрбиеші: Балалар қазір жылдың қандай мезгілі?

Балалар: көктем мезгілі

Тәрбиеші: көктемнің қандай айы

Балалар: наурыз айы

Тәрбиеші: Балалар көктем  мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?

Балалар: Қар ериді, жылғалармен су ағады, ағаштар бүршік жарады, күн жылынады т.с.с.

Тәрбиеші: Балалар біздер күзді неге алтын күз, жомарт күз деп атаймыз?

Балалар: Күзде өсімдіктер, астықтар піседі, көкөніс пен жеміс жидектер көп болады

Жарайсыңдар балалар , ал қараша айын неге қоңыр күз дейміз?

Жаңбыр жиі жауады, ауа- райы салқындайды, жапырақтар жерге түсіп, қурайды.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, олай болса күз  туралы  кім тақпақ  айтып береді, кім күз туралы тақпақ біледі?

Көктем қандай көңілді

Көктен жаңбыр төгілді,

Мөлдір аспан ашылып,

Күннің көзі көрінді.       

Көктем, көктем көктемде

Құстар келіп жеткенде

Қуанып бір қаламыз

Әнмен қарсы аламыз!

Тәрбиеші: Балалар енді «Қай ойыншық жоқ» ойынынойнап жіберейік

Ойынның тәртібі: Ойыншықтар стол үстінде тұрады, балалар көздерін жұмады. 1,2,3, дегенде көздерін ашып , қай ойыншықтың жоқ екенін тауып айтады.

Осы кезде есік қағылады. Балалар есік қағылған сияқты кім екен бұл?

Буратино: Саламатсыздар ма балалар

Балалар: Саламатсыз ба Буратино

Буратино:Балалар осы жер «Ғажайып білім әлемі ме»

Тәрбиеші: Жоқ Буратино, бұл жер балабақша

Буратино: Балалар мен алтын кілтімді жоғалтып алдым,кім алып кеткенін білмеймін. Маған көмектесіңдерші. Кілтімді іздеп келе жатып, жолда ақ тиінді көріп едім, кілтіңді «Ғажайып білім әлеміне» барсаң табасың деді. Мен «Ғажайып білім әлеміне »қалай барсам екен баратын жолды таба алмай адасып, осы топқа кіріп кетіппін. Маған баратын жолды көрсетіп жібересіңдер ме?

Тәрбиеші: Еш уайымдама,  Буратино

Қане балалар Буратиноға көмектесеміз бе

Балалар: Иә, көмектесеміз

Тәрбиеші: Олай болса балалар Буратиноны ертіп, жол көрсетіп, «Ғажайып білім әлеміне»бізде саяхатқа шығып қайтайық. Саяхатқа шығамыз ба?

Тәрбиеші: Балалар саяхат кезінде бізге әртүрлі қиындықтар кездеседі, сол қиындықтарды бірге жеңе білейік. Ол үшін бір- бірімізді сыйлап , тыңдауымыз керек. Балалар қане енді паровозға мініп, жолға шығайық.

Тәрбиеші: балалар міне біз 1-шіаялдамаға да келіп қалыппыз

Бұл бірінші аялдама: «Математика» аялдамасы екен

Бірінші аялдама бізге мынадай тапсырмалар тапсырыпты:

1-10 ға, дейін тура және кері санау

Геометриялық фигуралардың пішіндерін ажыратып, түстерін ата

Үйшіктің терезелерін  тауып жабыңдар

2-шіаялдама  бізге жұмбақтар жасырыпты

Екінші аялдама «Жұмбақтар» аялдамасы екен

Бой жаза алмай, ойнай алмай

Денең мұздап тоңады.

Бөбектерім айтыңдаршы

Бұл қай кезде болады?     (Күз)

Таңмен көзін ашады

Әлемге нұрын шашады.  (Күн)

Тырс- тырс тамады

Сайға қарай ағады.         (Жаңбыр)

Дидактикалық ойын: «Топтап жина»

Мақсаты:Балаларды топтай білуге және оларды санай білуге үйрету

Балаларды екі топқа бөліп суреттерді топтап жинауға үйрету

Сергіту сәті: Орнымызда тұрамыз,

Дөңгелекті құрамыз

Қолымызбен шапалақтап,

Аяқпенен ұрамыз

3-ші аялдама  «Гүлдер» аялдамасы . Балалар бөлме гүлдері мен дала гүлдерін ажыратады.

Қане, балалар, сапарымызды жалғастырайық! Ой, балалар алдымызда көлшік жатыр ғой, одан қалай өтеміз? Аяғымызды ластамай, батпаққа батпай,көлшіктен ақырындап, абайлап  өту үшін не керек?

Балалар: Көпір керек

Тәрбиеші: Балалар мына жерде таяқшалар жатыр екен, енді осы таяқшалардан көпір жасайық. Қане балалар мына таяқшалардың түсі қандай? Міне балалар бау- бақшаға да келіп қалдық.

Балалар жемістерді талға іледі, көкөністерді жерге отырғызады.

4-ші аялдама «Мақал- мәтел» аялдамасы

Біздерге мақалдарды толықтыр депті. Қане кім айтады?

Аққуды атпа, досыңды сатпа

Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын

Ағаш тамырымен , адам бауырымен мықты

Білімі жоқ адам, тұзы жоқ тағам

Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ

Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Ақыл азбайды, білім тозбайды

5-ші аялдама  Дидактикалық ойын: «Кім жылдам, дұрыс құрастырады?»

Буратиноның кілтін құрастыру

Буратино : Алақай, алақай менің кілтім табылды. (Қақпаның аузында , Буратиноның алтын кілті тұрады.) Қақпаның үстіңгі жағында «Ғажайып білім әлемі» деген жазуы бар.

Тәрбиеші : Балалар қараңдаршы біз алтын қақпаға да келіп қалыппыз. «Ғажайып білім әлемі» деген осы жер балалар. «Ғажайып білім әлемі» бізге ең бастысы

білім сыйлады. Біз бәріміз бірігіп, қызықты тапсырмалар орындадық, Буратиноға кілтін табуға көмектестік.

Буратино: Балалар сендерге көп-көп рахмет. Сендер маған «Ғажайып білім әлеміне» баратын жолды көрсетіп, алтын кілтімді табуға көмектестіңдер,  көптеген тапсырмалар орындадыңдар.Өмірде тек білімді емес, қайырымды балалар екендеріңді көрсеттіңдер. Мен осындай «Балбөбек» балабақшасының тапқыр, ақылды, білімді балаларының барына қуанып тұрмын.Мен сендерге және қонақ апайларға арнап гүл ала келдім. Ол жәй гүл емес, әрқайсының ішінде сіздерге арналған өлең шумақтарым  бар.

(Буратино сыйлықтарын таратып кетіп қалады)

Тәрбиеші: Міне балалар Буратиноға көп көмек көрсеттіңдер. Кілтін табуға көмектестіңдер. Өздеріңнің ұшқыр ойларыңды , тапқырлықтарыңды, қиындықтан қорықпайтындарыңды көрсеттіңдер.Осымен «Ғажайып білім әлеміне» саяхатымыз аяқталды, енді өзіміздің тобымызға оралайық.

Қорытындылау: Балалар сендерге саяхат ұнады ма?

Сендер саяхатқа қайда бардыңдар? Біздер кімге көмектестік?

Өте жақсы балалар, енді қол ұстасып, бір- біріміздің жүрек жылуымызды сезініп, бүгінгі саяхатымызды аяқтай отырып қонақтар мен қоштасайық

Қол ұстасып тұрайық

Шеңберді біз құрайық,

Көріскенше күн жақсы

Сау- саламат болайық.

Сау болыңыздар!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!