Сабақтың тақырыбы: М.Әуезов. «Көксерек» әңгімесін талдау
Сабақтың мақсаты:
1.әңгіме мазмұны арқылы кейіпкерлер іс-әрекетіне,автор көзқарасы-
на бойлау.
2. жазушының аң мен адам арасындағы тартысын суреттеуі арқылы
тіршілік үшін күрестің өте күрделі де қиын әрекет екенін дәлелдеу.
3. ізгілік қатынасқа үйрету (адамды сүю,өзін қадірлеу,табиғатты сүю,
адам мен табиғат бірлігін сақтау,тұтастығын қорғау)
Сабақтың түрі: сын тұрғысынын ойлау
Сабақтың әдісі: сұрақ -жауап,іздеу,талдау,топтық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: жазушы портреті,кітаптары,суреттер,сызбалар
Сабақтың пәнаралық байланысы: тарих, жаратылыстану, бейнелеу өнері
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды топтарға бөлу.
І топ. «Әдебиетшілер»
ІІ топ. «Тарихшылар»
ІІІ топ. «Табиғат қорғаушылар»
ІІ. Қызығушылықты ояту.
Көрегендікпен көтеріп ой толғаған Мұхтар шығармаларын санаулы уақытта
тауысу мүлде мүмкін емес. Олай болса,біз де ғұламаның бір ғана тағылымға толы
«Көксерек» атты әңгімесін өзімізше талдап,ой жеткізуді мақсат еттік.
Ата: Балам, не оқып отырсың?
Бала: Ата, «Көксеректі» оқып отырмын.
Ата: Оны кім жазыпты?
Бала: Сізден де үлкен Мұхтар деген атам жазыпты.
Ата: Не жайында жазылыпты?
Бала: Ата,Құрмаш деген мен сияқты бір бала бөлтірік асырапты.
Ата-ау,мен де бөлтірік асырайыншы?!
Ата:Әй,балам-ай.Бұны түсіну әлі саған ерте...ғұлама бөлтірікті дәл суреттегісі келді деймісің?! Оқи бер,балам, шығармасын, өмір жолын оқи бер.Сөздің астарын өзің-ақ кейін байқарсың.
ІІІ. Мағынаны тану.
Алдын ала берілген тапсырмалар бойынша оқушылар топтық жұмыс жасайды.
І топ: Ғұламаның тағылымға толы «Көксерек» шығармасындағы берілген астарлы ойды талдап жеткізу.
Шығармадағы арлан Көксеректі Сталиндік әміршіл-әкімшіл жүйемен салыстыру.
Көксерек атты КСРО саясатының Аққасқа атты Тәуелсіздіктен жеңілуі туралы айту.
Бөлтірікті бауырына басқан Құрмашты жатты жақынындай көретін бауырмал қазақ бейнесінде көру.
ІІ топ: М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесі мен Ш.Айтматовтың «Жан пида» романы арасындағы үндестік.Тағы басқа ақын,жазушы шығармаларынан үндестік табу.
ІІІ топ: Табиғат- күллі тіршілік атаулының құтты қоныс мекені,алтын ұя,талбесігі.
Қасқыр да осы табиғаттың бір бөлшегі.
Біз оқыған «Көксерек» әңгімесіндегі адамдардың табиғатқа қиянаты жайлы ой өрбіту.
ІV. Ой шақыру.
-
Белестен шыққан бесті ат,
Бүкір келген желісті ат.
Бейғам елді іздейді,
Малдан күдер үзбейді.
-
Таңертең төрт аяқты,
Түсте екі аяқты,
Кешке үш аяқты.
-
Жыл басына да іліккен,
Адаммен дос боп біріккен.
Жеті қазынаның бірі ол
Түнімен үйді күзеткен.
Жұмбақтардың шешуі арқылы әңгіменің басты кейіпкерлерін айту.
Басты кейіпкерлер кімдер? (Иә.Адамдар,иттер,қасқырлар) Олай болса,топтық жұмыс жүргіземіз.
V. Топтастыру. «Адам», «Қасқыр», «Ит» сөздері жазылған плакатқа олардың ерекшеліктері мен қасиеттерін жазу.
Адам
Ит
Қасқыр
Шығармашылық жұмыс.
Шығармадағы басты кейіпкерлерге байланысты мақал-мәтел айту.
1.Қасқырдың баласын бөрікке салсаң да ит болмас.
2. Ауылды жердің ұрысы бар,
Далалы жердің бөрісі бар.
3.Иттің иесі болса,бөрінің тәңірісі бар.
4.Ауыл иті болса да,бөрі келгенде бірігеді.
5. Жыланның уы тісінде,
Адамның уы тілінде.
6. Аққу көлін аңсайды,
Адам туған жерін аңсайды.
Толғаныс.Синквейн әдісі (5 жолды өлең)
1.Қасқыр
2.Сұр,қомағай,жыртқыш
3.Ұлиды, жортады,шабуылдайды
4. Қасқыр-түз тағысы
5.Қасқыр,бөрі,арлан, көкжал
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты сұрақтар беру.
1. Ауыл адамдары Көксеректі неге жек көрді,жазалады?
2. Неге Көксерек адамдар ортасына үйреніп кете алмады?
3. Көксерек Құрмаштан гөрі ақ қасқырмен неге тез бауырласты?
4. «Көксерек» әңгімесі қалай аяқталушы еді?
5.Қалай ойлайсыңдар, кемпір қарғысымен жазушының әңгімені аяқтауында не себеп бар?
Білімді бағалау:Оқушылардың белсенділігіне қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: М.Әуезовтің басқа шығармаларын оқып келу.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ М.Әуезов. "Көксерек" әңгімесі 7-сынып
Сабақтың тақырыбы: М.Әуезов. «Көксерек» әңгімесін талдау
Сабақтың мақсаты:
1.әңгіме мазмұны арқылы кейіпкерлер іс-әрекетіне,автор көзқарасы-
на бойлау.
2. жазушының аң мен адам арасындағы тартысын суреттеуі арқылы
тіршілік үшін күрестің өте күрделі де қиын әрекет екенін дәлелдеу.
3. ізгілік қатынасқа үйрету (адамды сүю,өзін қадірлеу,табиғатты сүю,
адам мен табиғат бірлігін сақтау,тұтастығын қорғау)
Сабақтың түрі: сын тұрғысынын ойлау
Сабақтың әдісі: сұрақ -жауап,іздеу,талдау,топтық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: жазушы портреті,кітаптары,суреттер,сызбалар
Сабақтың пәнаралық байланысы: тарих, жаратылыстану, бейнелеу өнері
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды топтарға бөлу.
І топ. «Әдебиетшілер»
ІІ топ. «Тарихшылар»
ІІІ топ. «Табиғат қорғаушылар»
ІІ. Қызығушылықты ояту.
Көрегендікпен көтеріп ой толғаған Мұхтар шығармаларын санаулы уақытта
тауысу мүлде мүмкін емес. Олай болса,біз де ғұламаның бір ғана тағылымға толы
«Көксерек» атты әңгімесін өзімізше талдап,ой жеткізуді мақсат еттік.
Ата: Балам, не оқып отырсың?
Бала: Ата, «Көксеректі» оқып отырмын.
Ата: Оны кім жазыпты?
Бала: Сізден де үлкен Мұхтар деген атам жазыпты.
Ата: Не жайында жазылыпты?
Бала: Ата,Құрмаш деген мен сияқты бір бала бөлтірік асырапты.
Ата-ау,мен де бөлтірік асырайыншы?!
Ата:Әй,балам-ай.Бұны түсіну әлі саған ерте...ғұлама бөлтірікті дәл суреттегісі келді деймісің?! Оқи бер,балам, шығармасын, өмір жолын оқи бер.Сөздің астарын өзің-ақ кейін байқарсың.
ІІІ. Мағынаны тану.
Алдын ала берілген тапсырмалар бойынша оқушылар топтық жұмыс жасайды.
І топ: Ғұламаның тағылымға толы «Көксерек» шығармасындағы берілген астарлы ойды талдап жеткізу.
Шығармадағы арлан Көксеректі Сталиндік әміршіл-әкімшіл жүйемен салыстыру.
Көксерек атты КСРО саясатының Аққасқа атты Тәуелсіздіктен жеңілуі туралы айту.
Бөлтірікті бауырына басқан Құрмашты жатты жақынындай көретін бауырмал қазақ бейнесінде көру.
ІІ топ: М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесі мен Ш.Айтматовтың «Жан пида» романы арасындағы үндестік.Тағы басқа ақын,жазушы шығармаларынан үндестік табу.
ІІІ топ: Табиғат- күллі тіршілік атаулының құтты қоныс мекені,алтын ұя,талбесігі.
Қасқыр да осы табиғаттың бір бөлшегі.
Біз оқыған «Көксерек» әңгімесіндегі адамдардың табиғатқа қиянаты жайлы ой өрбіту.
ІV. Ой шақыру.
-
Белестен шыққан бесті ат,
Бүкір келген желісті ат.
Бейғам елді іздейді,
Малдан күдер үзбейді.
-
Таңертең төрт аяқты,
Түсте екі аяқты,
Кешке үш аяқты.
-
Жыл басына да іліккен,
Адаммен дос боп біріккен.
Жеті қазынаның бірі ол
Түнімен үйді күзеткен.
Жұмбақтардың шешуі арқылы әңгіменің басты кейіпкерлерін айту.
Басты кейіпкерлер кімдер? (Иә.Адамдар,иттер,қасқырлар) Олай болса,топтық жұмыс жүргіземіз.
V. Топтастыру. «Адам», «Қасқыр», «Ит» сөздері жазылған плакатқа олардың ерекшеліктері мен қасиеттерін жазу.
Адам
Ит
Қасқыр
Шығармашылық жұмыс.
Шығармадағы басты кейіпкерлерге байланысты мақал-мәтел айту.
1.Қасқырдың баласын бөрікке салсаң да ит болмас.
2. Ауылды жердің ұрысы бар,
Далалы жердің бөрісі бар.
3.Иттің иесі болса,бөрінің тәңірісі бар.
4.Ауыл иті болса да,бөрі келгенде бірігеді.
5. Жыланның уы тісінде,
Адамның уы тілінде.
6. Аққу көлін аңсайды,
Адам туған жерін аңсайды.
Толғаныс.Синквейн әдісі (5 жолды өлең)
1.Қасқыр
2.Сұр,қомағай,жыртқыш
3.Ұлиды, жортады,шабуылдайды
4. Қасқыр-түз тағысы
5.Қасқыр,бөрі,арлан, көкжал
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты сұрақтар беру.
1. Ауыл адамдары Көксеректі неге жек көрді,жазалады?
2. Неге Көксерек адамдар ортасына үйреніп кете алмады?
3. Көксерек Құрмаштан гөрі ақ қасқырмен неге тез бауырласты?
4. «Көксерек» әңгімесі қалай аяқталушы еді?
5.Қалай ойлайсыңдар, кемпір қарғысымен жазушының әңгімені аяқтауында не себеп бар?
Білімді бағалау:Оқушылардың белсенділігіне қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: М.Әуезовтің басқа шығармаларын оқып келу.
шағым қалдыра аласыз


