Ашық сабақ "Мейірімділік - асыл қасиет"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Мейірімділік - асыл қасиет"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың «мейрімділік», «қайрымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Міндеттері: — мейрімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру; — өзара сыйластық қарым — қатынастарын дамыту; — мейірбандылыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Мектеп: М-С. Бабажанов атындағы жалпы білім беретін орта мектебі

Күні: 6. 02. 2018 ж

Тақырып: «Мейірімділік -асыл қасиет»

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиет: қайырымдылық, сыйластық, мейірбандылық

Мұғалiм: Момынова Мейрамгул Маликовна

Класс: 6

Оқушылар саны:20

Мақсаты: Балалардың «мейрімділік», «қайрымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

мейрімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

өзара сыйластық қарым — қатынастарын дамыту;

мейірбандылыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:

слайд, үнтаспа, бейнефильм, жүрекшенің үлгісі,постер, үлестірмелі карточкалар

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi. 5Т ережесі. Оқу құралын түгендеу, күнделік, оқулық, жұмыс дәптері, қаламсап, қарындаш.

Тыныштық сәтi.(баяу әуен)

  • Қандай әсер алдыныз?

  • Көз алдарыңа қандай бейнелер елестеді?

Жаңа сабақ

Жақсылық өзіңе қайтып келеді бейне фильм

Сабақ барысын талқылау:

Дәйек сөз.

Мейірімділікті анадан үйрен

Халық даналығы

  1. Дәйексөздің мағынасын қалай түсінеміз?

  2. Мейірімді болып біз қандай құндылықтарға ие боламыз?


Әңгiмелеу.

Ертегі

«Мейірімді дос»

- Мейірімділіктің артықшылығы неде?

- Мейірімді болу үшін не қажет деп ойлайсындар?

- Дұрыс әрекетке қалай қол жеткіземіз?


Балапан теле арнасынан базарлық.

http\\balapan.kaztrk.

kz\telekanal\present\

Шығармашылық, топтық жұмыс.

Балаларды қарточка арқылы төрт топқа бөлемін

1. Ата-анаңның теледидардан қарайтын бағдарламасы сенің қарайтын бағдарламаңмен бір уақытқа келіп қалды делік,сен де оны үзбей қарайсың.Бірақ өкінішке орай екеуі екі арнадан беріледі,сен қандай шешімге келер едің?
2.



Топтар бойынша әңгіме құрастырып көрініс көрсету.


Топпен ән айту

«Мейірімді болайықшы ағайын»

Сөзі: С. Қали

Әні: Қ. Мақан



Көктем етіп көркейтсе де маңайын,

Көріп жүрміз өкпешілдің талайын

Өшігуді қойайықшы өзгеге,

Кешірімді болайықшы ағайын.

Көк нөсерін көл етсе де жауындар,

Көк пен жерді сел етсе де дауылдар.

Пейілдерді пенделік пен тарылтпай,

Мейірімді болайықшы бауырлар!

Болашаққа қол ұстасып барайық,

Ақиқаттың ауылын іздеп табайық

Кішірейіп кетсе басымыз,

Кішіпейіл болайықшы , халайық!

Ел болғанмен емеспіз ғой онша көп,

Сонда дағы бөлінумен шаршап ек.

Өзімізге қалайтұғын нәрсені,

Тілейікші өзгеге де, болса деп !

Ұлыттың қамын жүректермен ұғынып,

Жұрыттың жүгін көтерейік жұмылып.

Қаратайық Құбылаға жүздерді,

Таратайық адамзатқа жылылық.





Қортындылау

-Балалар біз бүгінгі сабағымызда адам бойындағы жақсы, асыл құндылықтарының бірі мейірімділік жайлы әңгімелестік. Қазақ халқы баланы жасынан тазалыққа, ұқыптылыққа, әдептілікке, мейірімділікке, адалдыққа,

сыпайылыққа, кішіпейілдікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеген.


Балалар кімнің, ненің мейірімді екендігін мынадай сөздермен айтып жеткізеді:

- Күлімдеген күн мейірімді!

- Кіршіксіз ақ қар мейірімді!

- Бәрімізді көтеріп тұрған жер мейірімді!

- Аяулы анам мейірімді!

- Қадірлі әкем мейірімді!

- Әлпештеген әжем мейірімді!

- Еркелеткен атам мейірімді!

- Жылы жүзді ұстазым мейірімді!

- Тату - тәтті достарым мейірімді!



Сабақтың соңындағы тыныштық сәтi.

Баяу әуен, көзімізді жұмамыз.

Ал енді өздеріңді еркін сезініп, көз алдымыздан бүгінгі сабағымызды қысқаша жүгіртіп өтейік. Балалар, тыныштық сақтап,үнсіз,қолымызды жүрегімізге қойып, жүрегімізді тыңдап көрейікші. Жүрек әр түрлі сезімдерге толы. Олардың арасында жанашырлық,қамқорлық, аяушылық сезімдері басым екенін сезініңдер. Сездіңдер ме, сезген болсаңдар, сендердің жүректерің жылы да мейірімді. Олай болса, сендер де көп қайырымды істер жасап, қамқорлық көрсете аласыңдар. Жүрегіміздегі мейірім шуағы өшпесін деп бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.

Интернет желісі





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
16.04.2018
560
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі