Ашық сабақ "Мейірімділік - асыл қасиет" 6-сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Мейірімділік - асыл қасиет" 6-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал 6- сыныптарға арналған. Оқушылардың бойына мейірімділік, ізеттілік, бірлік, ынтымақ қасиеттерін дарыту. Сүйіспеншілік құндылығын оқушыларға түсіндіру. Мақсаты: Қайырымдылық,мейрімділік,адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Қамқорлық жасауға жетелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 02.02.2016ж

Мектеп: «№1 жалпы білім беру орта мектебі»ММ

Сабақтың тақырыбы: Мейірімділік - асыл қасиет

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Мейірімділік, ізеттілік, бірлік, ынтымақ т.б

Мұғалім: Тажибаева Г.Ч.

Сынып: 6 «Ә»

Мақсаты: Қайырымдылық,мейрімділік,адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Қамқорлық жасауға жетелеу.

Көрнекілік: слайд, А3 қағазы,маркер

Ресурстары :

(материалдар, дереккөздер)


1.Үй тапсырмасын тексеру.

Ескертулер

Сабақтың барысы

2. Үйымдастыру кезеңі. Сабақтағы жағымды күйге келу.

Нұрға бөлену.

Ыңғайланып отырып, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гул түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек - қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түседі. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда.Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте - бірте шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды мұғалімдеріңізге ,туыстарыңызға, достарыңызға, бағыттаңыз.

Осы нұр бүкіл әлемге: Барлық адамдарға, жан - жануарларға өсімдіктерге барлық тірі жанға таралсын.... Ғаламның барлық түпкір - түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: “Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын”.

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.Жаймен көзіңізді ашуға болады.



3. Жұмбақ жасыру:

Мейірімді,сымбатты,

Қадірменді,қымбатты,

Ең жақын жан балаға,

Кім дейсіңдер? Ол Ана

-Ана халық ұғымында жаратушы.Олай дейтініміз табиғатты да,адамды да дүниеге әкелуші ана.Ал барлық нәрсенің дүниеге келуі үлкен мейірім мен шапағаттан пайда болады.Табиғаттың барлық жанға бірдей мейірімді болуы сондықтан.Адамның да,ананың кіршіксіз мейірінен берілген мейірімділігін сақтап қалуы өз қолында.

Сұрақ-жауап

-Алтын жүректі,үлкен жүректі адамдар деп кімдерді айтамыз?

-Алтын жүректі,үлкен жүректі деген сөздер қандай мағынада айтылады?

Жетімдердің анасы,жесірлердің панасы.

Алыс аға бөбегі,Нұрағаңның Сарасы

Жанын салып жүр бүгін қарлығашы бақыттың,

Жақындаса түссін деп адамдардың арасы

Қиындықсыз өмір жоқ қиындықтан өтем деп

Дейді бізге Сарамыз,дегеніне нанамыз.

Кіріспе әңгіме

Сара Алпысқызы «Бөбек»қайырымдылық қорының негізін қалаушы. «Бөбек» қайырымдылық қорының Президенті. Назарбаеваның жетім балалардың мүдделерін қорғау ісіне қосқан үлесі өте қомақты. Жетім балаларды тәрбиелеудің жаңа жүйесін қалыптастырып,елімізде тұңғыш «SOS Киндердорф» балалар ауылының өмірге келуіне мұрындық болды.

«Бөбектің анасы атанған Сара Алпысқызының көптеген игі істерге ұйтқы болды. Еліміз аумағында балалар емханаларының ашылуына,қайрымдылық шараларын ұйымдастыруға бір кісідей ат салып келеді.Ерен еңбегі әлемдік қауымдастық назарын аударып 1999 ж «SOS Киндердорф» тің арнайы сыйлығымен марапатталған болатын

Қазақстанның бірінші ханымы бастамасымен елімізде жетім балаларды қорғау туралы Заң қабылданды.

С.А.Назарбаева еңбектері

Парферий Корнеевич Ивановтың «Детька» жүйесін пайдаланушы қатысушылардың  денсаулығын,адамгершілік тәрбиесіне нығайту және дамытудың мәселесі. (1999ж)

«Өзіңе жол» Парферий Корнеевич Ивановтың ілімі сау тұлғаны тәрбиелеудің әдісі ретінде (1999 ж)

«Өмір этикасы»  (2001 ж)

«Сүйіспеншілікпен » (2001 ж)

 С.А Назарбаева  балалардың құқықтарын қорғау саласындағы еңбектері үшін наградталды.

- І дәрежелі  Достық орденімен (2001 ж)

- «Алтын жүрек » халықаралық сыйлығының лауреаты ( 2006 ж)

- Ш. Айтматов атындағы «Алтын медаль » (2003 ж)

- БҰҰ –ЮНЕСЕФ балалар қорының  естелік медалі (2007 ж)

- Ихсан Дограмачи атындағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының халықаралық сыйақысы.

-Жетім балалардың мәселелерін  шешуде ерекше еңбегі үшін-«SOS- Киндердорф» халықаралық қорының  Алтын медалі (1999 ж)

- «Unity» халықаралық сыйлығы.

-«Курманджан Датка» сыйлығының лауреаты.

-ҚР  білім беру саласының құрметті қызметкері.

«Звезды содружества » мемлекетаралық сыйлығының лауреаты. (2010 ж)



Мейірімділікті анадан үйрен» мәнін түсіндіру

Мейірімділік сөзіне- синоним, антоним  ұғымдарын іріктеу.

«Мейірімділік – «мылқаулар  сөйлей алатын,

кереңдер ести алатын  тіл»                                      

                                                                                     К.Бови


4. Оқушыларға : жұмбақ жасыру

Сырты қатты, іші тәтті ( жаңғақ)

Балалар менің қолымда осындай 3 жаңғақ бар.Шыныңдада осы жаңғақтардың сырты қатты болғанымен,іші –сиқырлы.Егер біз осы сиқырдың  сырын білгіміз келсе, жаңғақтың  ішіндегі тапсырмаларды орындаймыз.

1-жаңғақ тапсырмасы

«Қайырымдылық» туралы әңгімелесу

 Сендер кімге және қандай жағдайда қайырымдылық жасадыңдар?

Сендерге кімдер,қандай жағдайларда қайырымдылық  көрсетті? (оқушылардың ой пікірлерін тындау)

Қайырымдылық сынықтары. (әңгімесі)

            Отбасы демалыс күндерін жағажайда өткізді.Балалар суға түсіп, құмнан қамал жасап ойнады.Кенеттен  алыстан кішкентай кемпір көрінді.Оның киімдері кір,жыртық, ақ шаштары желмен жалбырап кеткен.Ол өзімен өзі күбірлеп сөйлеп,құмнан бір заттарды теріп  алып, сөмкесіне салып жүр.

  Ата-аналар  балаларын жандарына шақырып,кемпірге жақындауға  тиым салды. Ол жандарынан өтіп бара жатып,бір затты алу үшін еңкейген уақытта отбасы адамдарына қарап  күлімсіреді, бірақ бірде-біреу кемпірдің бұл  ықыласына жауап қайтармады.

   Отбасы мүшелері,бірнеше апта өткен соң.Кішкентай кемпірдің  жағажайдан балалардың аяқтарын жарақаттап алмауы үшін,үнемі шыны кесектерін теріп жүретінің естіді. 

2 жаңғақ- тапсырмасы  «Біз де» ойын

Қайырымдылықты білдіретін және оған керісінше әрекеттерді айтады. Қайырымдылықты білдіретін әрекеттерге «біз де» деп жауап беру керек.

Қайырымдылықты білдірмейтін әрекеттерге «біз де» деп жауап бермеу  керек.

Оқушы  айыпқа тақпақ,ән, мақал-мәтел,  жұмбақ айтады.

Біз де ойыны:

-Мен жолдан өте алмай тұрған қарияны қолтығынан сүйеп өткіздім.

Балалар: біз де.

-Жылаған баланы жұбатпадым.

-Гүлдерге су құймадым.

-Сырқат әжейге дәрі әкеліп бердім.

-Інімді  ренжіттім.

- Көршіме көмектеспедім

- Ата-анама  көмектеспедім.

- Көрші қарияға күнде дүкеннен азық-түлік әкеп тұрамын.

3-жаңғақ тапсырмасы.Мұғалімнен сыйлық

Шағын ғана ауылда, орта жастағы бір кісі дүкен ашып сауда жасайды.Ол ақ көңіл,жайдарлы болғандықтан ауылдың адамдары бәрі оны жақсы көреді.Ашқан саудасы да жақсы табыс әкеледі,  сондай бірнеше дүкендер ашып тастайды. Бір күні ауыр науқастанып,бүл дүниеден өтерін сезген адам,артында қалған үш ұлын шақырып: Үшеуіңнің біреуің ғана барлық дүкендерімнің иесі бола алады дейді.Үшеуіңе  де бір-бір доллардан беремін.Осы долларға бір нәрселер алыңдар,алған нәрселерің  осы бөлмені толығымен толтыру керек дейді.

Бірінші ұлы екі қап сабан әкеледі,бөлмеге шашады. Бірақ бөлме толмайды.

Екінші ұлы екі жастық сатып әкеледі- ішіндегі мамығын бөлмеге шашады,  толмайды.

Үшінші ұлы –долларды ұсақтап 50 центін мешітке бердім,20 центін қайырымдылық қорға бердім,20 центін садақа ретінде тараттым.Қалған 10 центке екі нәрсе алдым –сіріңке мен шырақ.Бөлменің жарығын сөндіріп,шырақты жағады.Сабан мен мамыққа толмаған бөлме,аз уақыттың ішінде шырақтың нұрына бөленеді.

Әке баласына риза болып: Мұрамды саған қалдырамын.Өйткені  өмір сүрудің ең жақсы жолы-айналаңа  жарық тарату!


5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

«Мейірімділік» тақырыбына постер қорғау


6. Үй тапсырмасы.

  • Мейірімділік - асыл қасиет тақырыбына эссе жазу.


7. Сабақты қорытындылау сәті

Сара Алпысқызының ұрпақтарына деген айтқан ғибратты тілегімен қорытындылау.

Қымбатты балалар, мен - Анамын,Әжемін, шөбере сүйдім.Мен еліміздегі барлық баланы өз баламдай жақсы көремін. Сендерді үлкендердің өнегесін ғасырларға жалғайды деп сенемін. Ата-анаңа,айналадағы адамдарға мейірімді бол.Оларды сыйлай біл.Өтірік айтпа. Сонда сенің бойыңда сенімділік,өмір сүруге деген құштарлық,жалын пайда болады. Жүрегіңде өмірге,ата-анаңа ең жақын адамдарға деген бауырмалдық,сүйіспеншілік бүр жарып,махаббатқа,достық ұласқан ұласады. Мен сендерге осындай ізгі тілек тілеймін.


8. Соңғы тыныштық сәті

(Үнтаспадан арнайы әуен естіледі) Балаларға мейірімділік сезімін сезіну мақсатында тыныштық сәті ұйымдастырылады.

Мұғалім: Балалар, көзімізді жұмып, біраз демалып жақсы істерді көз алдымызға елестетейік. Біз қазір керемет, әрі сиқырлы, мейірімділік пен сүйіспеншілікке, ізгілікке толы әлемге саяхат жасаймыз.

Бұл әлемнің ауасы тым таза, жұпар иісті. Бәріміз сол әлемге қарай қадам басайық. сүйспеншілік, мейірімділік, ізгілік нұры бізге қонып, жан — дүниемізді осы жақсы сезімге толтырады. Адамдар бір — біріне тек жақсылық, қуаныш, ізгілік сыйлап жатса, қандай жақсы болар еді!

Қайтатын уақыт жетті, сиқырлы әлеммен қоштаса отырып, мейірімділік нұрын өзімізбен бірге ала кетейік. Енді балалар көздеріңді ашыңдар






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.12.2017
3579
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі