Ашық сабақ "Мектеп ережелері" 1 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Мектеп ережелері" 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне әдістемелік көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы



Пән: дүниетану.2 бөлім «Менің мектебім»

Тақырып: Мектеп ережелері






Мектеп: М-С.Бабажанов атындағы жоббм

Күні: 1 «б»сынып






Мұғалімнің аты-жөні: Сариева Г.Ш.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.1.2.6 Өзін мектеп оқушысы және сынып ұжымының мүшесі ретінде сипаттау

1.1.2.3 Мектептегі тәртіп ережелерін сақтау маңыздылығын түсіндіру

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар: Мектеп және сыныптағы тәртіп ережелерімен танысады.

Көпшілігі: Өз тәртіптерін құрдастарымен салыстыра біледі, топтық жұмыс ережесін сақтай алады.

Кейбір оқушылар: Ойын барысында тәртіп ережелерінің маңызын түсініп, оның орнауына ықпал жасай алады.

Құндылықтарды дарыту

Сынып ұжымын қалыптастыру

Алдыңғы сабақта

Менің мектебім қандай? - деген сұраққа өз мектептерін сипаттап айтып берді және мектептегі орындарды зерттеді.

Тілдік мақсаты

Тақырып бойынша сөздік қорын дамыту: ереже (правило, rule), тәртіп (поведение, behavior), жауапкершілік (ответственность, responsibility) мектеп ережесі, сынып ережесі, топтық жұмыс жасау ережесі, ережелерді сақтау.

Жоспар

Белгіленген уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Дереккөздер

Кіріспе бөлім










Негізгі бөлім

























































































Қорытынды бөлім


Көңілді шеңбер. Оқушылар музыка әуенімен көңілді шеңберге жиналады.

Ойын «Әріптерден сөз құра» Шарты: оқушылар музыка әуенімен белгі бойынша топқа бөлінеді. Әр топ үшін қима сөздер салынған конверт беріледі. Оқушылар қима қазақша түйін сөздердің біреуін жинайды және олардың орысша, ағылшынша жазылған аудармасын тауып қояды.

Shape1 Shape2 Shape3 ереже правило rule


-Балалар, шеңберде қалай отыру керек?-деген сұраққа өздері білетін тәртіп ережелерін айтады.

Күтілетін жауаптар:

- Шеңберде тыныш отыру керек.

- Бірімізді біріміз мұқият тыңдайық.

- Сөзді бөлмеу керек.

- Әркімнің пікіріне дұрыс көзқарас білдірейік.

(Ұ/Ж) Оқушылармен құрастырған ереженің не үшін қажет екенін талқылау.

Оқушылар өз идеяларын айту үшін сұрақтар қою:

- Ереже не үшін қажет?

Постер құру арқылы талқылау жүргізу.

Shape4 Shape5 Міндеттерді орындау үшін

Shape6 Ереже не үшін Тәртіп сақтау үшін

Shape7 қажет? Сыныптастармен жақсы

қарым-қатынаста болу үшін

Shape8 Қауіпсіздікті сақтау үшін


(Ж/Қ) Сыныптағы өте маңызды бірнеше тәртіп ережелерін құрастырыңдар.

  • Мектептегі қандай тәртіп ережелерін білесіңдер?

  • Тәртіп ережелері не үшін қажет?

  • Ереже сақталмаса не болуы мүмкін?

/Оқушылардың ойын тыңдау/

(Ұ) Сурет бойынша әңгіме.

- Суреттен оқушылардың қандай әрекетін көріп тұрсың?

- Олар мектептегі тәртіп ережесін сақтады ма?

- Сен оларға не айтар едің?

(М.Т) Мектеп – біздің ортақ үйіміз. Мектептің өз ережелері бар. Өз тәртібің үшін жауапты бол. Сонда мектепте әрқашан тәртіп болады.


(Ө) Мектепке қандай затты апаруға болмайды?


(Т/Тәж.) Оқушыларға күнделікті ұстанатын сынып ережесін құрау үшін постер жасап сынып бұрышына ілетінін хабарлау. Ережеге төмендегі сұрақтарды негізге алуды ұсыну.

/Оқушылар топпен талқылай отырып, сыныптағы тәртіп ережелерін құрастырады және қорғап, сыныппен бөліседі./

- сынып бөлмесінде қандай ережелерді сақтау керек?

- ережелер сақталып жүргеніне көз жеткізу үшін олар не істейді?

- ереже бұзатындарға не болатынын;

-«сыныптың ережелерді орындауларын бақылауға» кім жауапты?

- ереже сақталмаса не болуы мүмкін?


(Ө) Өзіңді асханада қалай ұстау қажет?


Ойын «Мектепте болады, болмайды» Шарты: Оқушыларға мектептегі оқушылардың іс-әрекеттері көрсетілген суреттер беріледі. Суреттерді тиісті қатарға ілу керектігі ескертіледі.

Shape9 Shape10

Болады Болмайды


Кел, талқылайық!

Мұғалім сенен демалыс күні сыныпқа гүл отырғызу үшін мектепке келу керектігін айтты. Ал сен достарыңмен стадионға баруды жоспарлап қойдың. Сен не істер едің?

Анықта. Оқушыларға үзіліс кезінде орындау үшін берілетін тапсырма. Оқушылар әңгіме кезінде неліктен бір-бірінің сөзін бөлмей тыңдауы тиіс екенін анықтау үшін мектеп қызметкерлерімен (кітапханашымен, дәрігермен, аспазбен, мұғаліммен) әңгімелеседі.


Рефлексия. Сынып ортасына екі текше қойылады. Оқушылар өз орындарын табады. «Мен мектеп және сынып ережелерін сақтау маңызды екенін түсіндім»-деген оқушылар биік текшеге отырады.

«Маған әлі де мектеп тәртібін сақтау туралы ережелерді қайталау керек»-деген оқушылар төменгі текшеге отырады.





Қима сөздер







Оқушыларға көмек ретінде суреттер көрсетіледі.









Постер құру.

















Сурет бойынша әңгіме. Оқулық, 22 бет.







Жұмыс парағы 14 бет.


















Жұмыс парағы 15 бет.



АКТ

Қосымша ақпарат.

Дифференциация - сіз қалай көбірек қолдау беруді жоспарлайсыз?

Басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз?



Бағалау – оқушылардың оқуын қалай тексермексіз?

Пәнаралық байланыстар

Денсаулық және қауіпсіздік тексерісі

АКТ байланыстары

Құндылықтар байланысы



Оқушылардың ойын, пікірін тыңдап, оларды мадақтау, идеяларына қол шапалақтау арқылы қолдау көрсетіледі.

Қабілетті оқушыларға топпен жұмыс кезінде басшылық жасау ұсынылады.

Постерді қорғау кезіндегі оқушылардың ереже құру біліктілігі және жұмыс парағында тапсырмаларды орындауы бағаланады.

Өнер пәнімен байланысады, өйткені постерлерге сурет салады, жұмыс дәптеріндегі «Мектепке қандай затты апаруға болмайды?» тапсырмасында заттарды тиісті түстерге бояйды.



Өзін-өзі тану пәнімен байланыс болады, өйткені оқушылар өздерінің жауапкершілігі мен міндеттері туралы әңгімелейді.

Сабақ екі сағатқа бөлініп өтіледі және оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес тапсырмалар алынады.

«Мектепте болады, болмайды» ойыны АКТ арқылы ойналады.

Тақырыпты өту кезінде оқушылардың бойында адамгершілік қасиеттер, мектептегі ережелерді сақтау керек екендігі туралы жауапкершілік пайда болады.






Picture 3 Picture 1



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.12.2017
2047
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі