Ашық сабақ "Мектепке барар жол" 1сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Мектепке барар жол" 1сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі мұғалімдеріне қажат
Материалдың қысқаша нұсқасы

САБАҚ: Мектепке барар жол

Күні: 24.01.2016

Сыныбы: 1б сыныбы

Мектебі: Дөң орта мектебі КММ.

Мұғалімнің аты-жөні: Смагулова Э.С.

Сабаққа қатысқан оқушылар саны:10 Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:0

) Мақсаты (мақсаттары

1.5 Аудиовизуалды материал мазмұнын түсіну

3.1 Оқу түрлерін қолдану

2.1 Лексикалық қорды меңгеру

4.1 Мəтінді түрлі формада ұсыну

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

Барлық оқушылар:

Тыңдаған мәтінді түсінеді, түсінгенін пікір, сұрақтар немесе қимыл арқылы білдіреді

Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды және сөздердің мағынасын түсінеді

Таныс сөздерді қолдану арқылы сұрақ қояды және сұраққа жауап береді. Білетін дыбыстарды пайдалана отырып, сөздер жазады.

Оқушылардың басым бөлігі:

Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды және сөздердің мағынасын түсінеді

Кейбір оқушылар:

Таныс сөздерді қолдану арқылы сұрақ қояды және сұраққа жауап береді.

Сабақ мақсаты

Оқушылар:

  • мәселені түсінгенін сұрақ қою/жауап беру/мазмұндау немесе диалогке қатысу арқылы көрсете алады.

  • сұрақ қою мен жауап беру барысында таныс сөздерді орынды қолдана алады.

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Көлік, автобус, пойыз, трамвай, троллейбус, , жеңіл машина, автобусқа отырамын, автобустан түсемін, жаяу жүремін.

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар:

Машинамен, автобуспен, велосипедпен саяхатқа шықтың ба?

Саған қай көлік ұнайды?

Саяхаттың қандай түрлері бар?

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Кеспе қағаздағы суреттер бойынша көліктер атауын жазу.

Алдыңғы оқу

«20 сұрақ – иә не жоқ деген жауап» әдісі бойынша «Меніің елім» тақырыбына сұрақ-жауап

Жоспарланған

Уақыт

Жоспарланған жаттығулар(төменде жоспарланған тақырыптармен қатар ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы

10 мин

1. Ұйымдастыру

2. Психологиялық ахуал жасау( Шаттық шеңбері) 2 мин

3..Үй тапсырмасын сұрау: Менің елім тақырыбына қатысты жаңа сөздерді қайталау (Ыстық доп) 5 мин

4.. Миға шабуыл. Көліктер туралы мульфилм көрсету. 3 мин


https://www.youtube.com/watch?v=txYwvX_zibc


доп




Ортасы

25 мин

1. Мектепке барудың түрлі жолдарын көрсететін көлемді суреттер дайындап, ілу: мен жаяу кетіп барамын, жеңіл көлікпен, автобуспен, велосипедпен, пойызбен және т.б.

2. Суретке қарап, ондағы көліктерді атап айту. 3 мин

3. Оқушыларды оқулықтағы көлік түрлерімен саяхаттау туралы мәтінмен таныстыру (мәтінді мұғалім оқиды, оқушылар тізбектеп оқиды).5 мин

4.. Жаңа сөздерді қайталау(хормен), жекелей

Сөздерді танып-білу дағдыларын дамыту; Әріптердің дұрыс дыбысталуын меңгеру; 5 мин

5. «Стоп-кадр» әдісі. 10 мин

  • Мектеп автобусына міну;

  • Ата-анасымен қоштасу;

  • Мектепке келе жату.

6. Сергіту сәті « Бір оңға, бір солға» 2 мин

7. Жазу дәптеріндегі тақырыпқа байланысты сөздерді басып жазу. 5 мин

Қазақ тілінің төл дыбыстары:

һ, Іі, Ыы дыбыстарын және оларды таңбалаушы әріптерімен таныстыру, жазғызу. Бұл жұмыстар әріптер, жеке буындар мен сөздерді жазу арқылы жүргізіледі.

8. «Артығын тап» әдісі


Аяқталуы

10 мин

«Бір минут қана» немесе «Бағдаршам» 3 мин

Кері байланыс. «Бас бармақ» 3 мин

Үй тапсырмасы: «Мектепке барар жол» тақырыбына жаңа сөздерді қайталау 2 мин

Бағалау 2 мин


Жоспар



Қосымша ақпарат

Саралау-Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау-Оқушылардың үйренгенін қалай жоспарлайсыз?

Пән аралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ мен байланыс Құндылықтардағы байланыс

  • Сөздерден сөз тіркістерін, сөз тіркестерінен сөйлем құрастыру (графикалық органайзер)


  • Мадақтау, бағдаршам, бас бармақ, қалыптастырушы бағалау.

  • Әлемтану, Өнер, дене шынықтыру, орыс тілі.

  • Сергіту сәтін жасату, партада отыру ережесін айту, АКТ-ны 5-7 мин көлемінде қолдану.

  • ЖЖЕ түсіндіру. Адами құндылықтарды түсіндіру.

Рефлексия

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды?Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төменгі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болады (Оқытуда да, оқуда да ескеріңіз )?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (Оқытуда да, оқуда да ескеріңіз )?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеме оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетінін не білдім?



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
1899
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі