Ашық сабақ Мектептегі бір күнім

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Мектептегі бір күнім

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тақырыбы: Мектептегі бір күнім

Сабақтың мақсаты:

Білім • Оспанхан Әубәкіров туралы біледі, Жабақтың қандай бала екенін анықтайды.

Түсінік • Атасының Жабақтың сөзіне не үшін күлгенін, жеті шалдың кімдер екенін анықтайды.

Қолданыс Атасына, Жабаққа мінедеме жазады, сұрақтарға жауап береді.

Анализ • Әңгімедегі түсініксіз сөздердің мағынасын анықтайды.

Синтез • Аптаның әр күнінде болатын сабақтар туралы әңгімелейді, талдайды.

Баға • Кейіпкерлер бейнесі арқылы автордың айтпақ болған ойын ашады, оларға баға береді.


Сабақ құрылымы:

І. Ақпарат блогы.

ІІ. Логикалық тапсырмалар блогы.

ІІІ. Жаттықтыру және білімді есепке алу блогы.

ІV. Интеллектуалдық тренинг блогы.

V. Күтілетін нәтиже блогы.


Оқыту әдісі: «АКТ» «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқытуды басқару және көшбасшылық».

Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі: Бағыт-бағдар береді, оқушыларға қажет болғанда көмек береді, олардың танымдық тапсырмаларды өз бетімен орындауын қадағалайды (технологиялық)

Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру формасы: Бақылау-сынақ сабағы

Танымдық тапсырмалар: Сабақтың ЖБЕА блогында беріледі.

Оқушы іс-әрекетін ұйымдастыру:

Күтілетін нәтижеге қол жеткізу үшін алгоритм бойынша кестеде берілген тапсырмаларды орындап, сұрақтарға жауап беру; Өз мүмкіндігіне қарай деңгейлік тапсырмаларды орындау.


Оқушыда дағды қалыптастыру: Өзін-өзі дамыту дағдылары – өзінің деңгейін бағалау, оны жоғарылату бағытында жүйелі жұмыс жасау, белгіленген мақсатқа жетіп барып қанағаттану, осындай «сәттілік сәтіне» ұмтылу; жинақталған білім мен қалыптасқан дағды негізінде ой қорыта алу.

Негізгі ұғымдар мен терминдер:

Еркелік, мектеп, апта күндері.


Ақпарат көздері:

1. Ғаламтор желісі.

2. Әдебиеттік оқу. 2-сынып. Б.Т. Қабатай. Алматы «Атамұра» 2017 ж.


Сабақты бағалау:

Оқушының оқу іс-әрекеті ол СТК-дағы тапсырмаларды орындау деңгейіне

байланысты бағаланады.


САБАҚ БЛОКТАРЫ

І. АҚПАРАТ БЛОГЫ 10 минут

Тақырып жоспары:

Жұмбақты шештіру.

1. «Жеті шал» әңгімесінің сюжеті:

1)Жабақ – атасының еркесі.

2)Жабақтың мектепке баруы.

3)Мектептен келіп, жеті шал туралы айтуы.

4)Атасының күлуі және немересіне түсіндіруі

5)Оспанхан Әубәкіров туралы мәліметті оқу.

2.Әңгіменің сөздік қоры


Слайдтар:

1-слайд

1-тақырыпша 1. «Жеті шал» әңгімесінің сюжеті:

1)Жабақ – атасының еркесі.


2-слайд

2-тақырыпша – 2)Жабақтың мектепке баруы.


3-слайд

3-тақырыпша – 3)Мектептен келіп, жеті шал туралы айтуы.


4-слайд

4-тақырыпша - 4)Атасының күлуі және немересіне түсіндіруі


5-слайд

5-тақырыпша - 5)Оспанхан Әубәкіров туралы мәліметті оқу.


6-слайд

6-тақырыпша 2.Әңгіменің сөздік қоры



ІІ. ЛОГИКАЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАР БЛОГЫ 5 минут

Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша

қорытынды шығар.

Кейіпкер

Іс-әрекеті

Мінез-құлқы

Жабақ



Атасы




ІІІ. ЖАТТЫҚТЫРУ ЖӘНЕ БІЛІМДІ ЕСЕПКЕ АЛУ БЛОГЫ 15 минут


Деңгейлік тапсырмалар:

І деңгей тапсырмалары

  1. Оспанхан Әубәкіров кім, қай жерде туылған, қандай шығармалары бар?

  2. Жабақ қандай бала?

  3. Неше жасқа дейін атасының арқасына мініп жүреді?

  4. Мектептен қандай хабар айтып келеді?

  5. Атасы оның сөзіне тез түсінді ме?

  6. Атасы не үшін күлді?

  7. Жабақтың айтқан жеті шалы кімдер екен?


ІІ деңгей тапсырмалары

  1. Жабаққа мінездеме беру. Әңгімедегі бейнеленген іс-әрекеттері арқылы оның бейнесін суреттеп жазу. Атасына мінездеме беру

  2. 6-тапсырма. Сұрақтарға жауап жазу.


ІІІ деңгей тапсырмалары. 4-тапсырма

Сөздікпен жұмыс.

«Сөздің қабығын аршу» -

Қалақтай баласы –

Мылтықпен атқандай –

Үріккен танадай тапырақтап –


_________________________________________________________________

ІV. ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ТРЕНИНГ БЛОГЫ 6 минут

Топтық жұмыс. 5-тапсырма


1-топ. Дүйсенбі күні болатын сабақтар туралы әңгімелейді.


2-топ. Сейсенбі күні болатын сабақтар туралы әңгімелейді.


3-топ. Сәрсенбі күні болатын сабақтар туралы әңгімелейді.


V. КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ БЛОГЫ 4 минут


Кестені толтыра отырып, сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.


Кейіпкер

Кейіпкерлер арқылы автордың айтпақ болған ойы

Кейіпкерлер бейнесі арқылы өзімізге қандай үлгі аламыз?

Атасы



Жабақ




Үй тапсырмасы

Бонус-бал алуға тапсырма: Хрестоматиядан М. Жаманбалиновтың «Бір апта» өлеңін оқып, мәтін үлгісімен өлең құрастырып келу.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.04.2019
1454
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі