Материалдар / Ашық сабақ. Мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі заң шығару негіздері 11-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ. Мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі заң шығару негіздері 11-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал мектеп педагогтарына
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қазан 2020
807
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Бекітемін»

Мектеп директоры: М. Омарбек

  1. Сабақтың тақырыбы: Мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі заң шығару негіздері.

  2. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі заң шығару негіздері мен әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін

мемлекет шешетін міндеттерді ұғындыру.


  1. Уақыты: 40 минут.


  1. Өткізілетін орны: 11 сынып, АӘД бөлмесі.


  1. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы.


  1. Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 мин.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 10 мин.

10 сыныпта өтілген тараулар мен тақырыптарға шолу жасау,

б) Негізгі бөлім – 20 мин.

Мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі заң шығару

негіздері.

Қазақстан тәуелсіз мемлекет болған кезден бастап, оның алдында өзінің дербес ҚК–ін құру міндеті тұрды.

1991 жылы 25 қазанда ҚРП Жарлығы бойынша Қазақ ССР-інің мемлекеттік қорғаныс комитеті құрылып, кейіннен ҚР Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды.

ҚР ҚК-не басшылықты ҚРП – Жоғарғы бас қолбасшы жүзеге асырады, ал тікелей басқару – ҚР Қорғаныс министіріне жүктеледі. Қазақстанның алғашқы Қорғаныс министрі болып армия генералы С. Қ. Нұрмағамбетов тағайындалды.

ҚР ҚК-нің құрамына 40 – жалпы әскери армия, ӘӘК және ӘШҚҚ әскерлері, сондай-ақ оларға қызмет көрсету және қамтамасыз ету бөлімдері мен құрамалары кірді. Әскерді тікелей басқару және ТМД мемлекеттері Қорғаныс министрлігі ведомстваларымен бірлесе басқару жүйесі құрылды, әскерге медициналық қызмет көрсету, оларды материалдық-техникалық қаражатпен қамтамасыз ету мәселелері шешілді. Осылайша Елбасы Н. Ә. Назарбаев ҚР ҚК –ін құруды заңды түрде бекітті.

Бүгінде Қазақстан өз азаматтарының әскери қызметін өтеу шарттары мен тәртібін дербес анықтайды, республика аумағында қару-жарақ пен техниканы, әскерлерді орналастыру мәселелерін шешеді.

ҚР-ның Конституциясында «Мақсаты немесе іс-әрекеті Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыруға бағытталған қоғамдық бірлестіктер құруға және олардың қызметіне, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскериленген құрамалар құруға тиым салынады» делінген.

Қоғам қорғаныштығының тағы бір кепілі - әскери қызметшілердің қандай да бір саяси партияны қолдауына немесе оған қатысуына жол бермеу болып табылады.

ҚР-ның Әскери доктринасы мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, соғыстар мен қарулы қақтығыстардың алдын алуға, әскери құрылыс ісіне, сондай-ақ ұлттық мүдделерді қорғау және ҚР-ның халықаралық міндеттемелерін орындау мақсатында ҚК-ді, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарды қолдануға негіз болатын көзқарастар жүйесі болып табылады.

ҚР-ың Әскери Доктринасы ҚР Президентінің қатысуымен 2000 жылғы 10 ақпанда бекітілді.

Әскери Доктрина әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін қалыптастыруға бағытталған.

Онда:

  • мемлекеттің экономикалық мүмкіндіктерін ескере отырып, ҚК әрі қарай кезеңмен құру мен реформалаудың негізгі бағыттары;

  • әскери қауіпсіздікті әскери-экономикалық қамтамасыз етудің мақсаты, негізгі принциптері, міндеттері мен бағыттары айқын көрсетілген.

Әскери доктрина ХХ ғасырдың аяғында қалыптасқан жағдайларда әскери қауіпсіздік жүйесін жасауға бағдарланған болатын және тұтастай алғанда өзіне жүктелген қызметті атқарып шықты, ал жаңа доктрина соны дамыту мақсатында әзірленді.

2007-2012 жылдарға арналған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясына және 2007 жылдың наурызында бекітілген жаңа Әскери доктринаға сәйкес қазіргі кезде мемлекеттің әскери саясатын және оның әскери ұйымын жаңа жағдайлар мен нақтылықтарға бейімдеу қажет болып отыр. Соған орай Қорғаныс министрлігі ҚК-ді жаңа тұрпатқа көшіру шараларын қолға алуда. Ал жаңа тұрпатқа көшу дегеніміз құрамы мен құрылымы жағынан теңдестірілген, осы заманғы қатерлерге бейімделген әскер құру болып табылады.

Жаңа доктринаны қабылдауға:

  • Қазақстан қоғамын әлеуметтік-экономикалық және саяси жаңғырту;

  • өткір әлеуметтік-саяси қақтығыстармен және қарама-қайшылықтармен, халықаралық тұрақсыздықпен, әлеуетті қатерлердің бар болуымен сипатталатын әскери-саяси ахуалдағы өзгерістер себеп болды.

Құжатта атап өтілгендей, ҚР-ның геосаяси төңірегінде айтарлықтай өзгерістер болды, қауіп – қатерлердің түрлері көбейіп, ұлттық қауіпсіздік саласындағы бірқатар стратегиялық міндеттер өзгерді.

Сонымен қатар, қазіргі кезде қарулы күрестің құралдары мен осы заманғы әскери қақтығыстардың сипаты өзгеруде. Осыған байланысты Қазақстан өзінің әскери ұйымын бүгінгі таңдағы болмысқа бейімдеуге тиіс. Жаңа Әскери доктрина ҚК-ді дәйектілікпен жаңа тұрпатқа көшіруді және оларды мемлекеттің қорғаныс және қауіпсіздік, әскери істегі инновациялар саласындағы саясатқа, әскери-саяси сапалық жаңа деңгейге шығарады.

Әскери доктринаға сәйкес, ҚК-дің, басқа да әскерлер мен әскери құрамалардың басты мақсаты – елді сыртқы агрессиядан және басқа да соғыс қатерлерінен қорғау, сондай-ақ ҚР-ның халықаралық міндеттемелерінен туындайтын міндеттерді орындау.


в) Қорытынды бөлім – 7 мин.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. ҚР ҚК-ін құруға не ықпал етті?

  2. Қазақстанның ішіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қандай заңдылық негіз құрылды?

  3. ҚР-ның Әскери доктринасы дегеніміз не?

  4. Әскери доктринаның бағыттары қандай?

  5. Жаңа доктринаны қабылдауға не себеп болды?

  6. Әскери доктринаның басты мақсаты не?

-Бағалау;

-Сапқа тұрғызу;

-Қоштасу.

Алғашқы әскери дайындықты

ұйымдастырушы-мұғалімі: _____________ Н. Керімбек












«Бекітемін»

Мектеп директоры: М. Омарбек

  1. Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери дәстүрлерінің құрылу тарихы , офицер мамандарды даярлаудың мақсаты мен міндеттері.

  2. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ҚР ҚК-нің әскери дәстүрлерінің құрылу тарихын, офицер

мамандарды даярлаудың мақсаты мен міндеттері туралы түсінік беру.

  1. Уақыты: 40 минут.

  2. Өткізілетін орны: 11 сынып, АӘД бөлмесі.

  3. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, Қазақстан тарихы.

  4. Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 мин.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 10 мин.

  1. ҚР ҚК-ін құруға не ықпал етті?

  2. Қазақстанның ішіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қандай заңдылық негіз құрылды?

  3. ҚР-ның Әскери доктринасы дегеніміз не?

  4. Әскери доктринаның бағыттары қандай?

  5. Жаңа доктринаны қабылдауға не себеп болды?

  6. Әскери доктринаның басты мақсаты не?


б) Негізгі бөлім – 20 мин.

ҚР ҚК-нің әскери дәстүрлері.

Жауынгерлік дәстүрлер – бұл армия мен флотта жауынгерлердің ұрыстағы және әскери қызмет атқару кезіндегі тарихи тұрғыда қалыптасқан және ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын қағидалары, салттары мен құлық нормалары.

ҚР ҚК-нің жауынгерлік дәстүрлеріне: өз мемлекеті мен халыққа берілгендік, агрессорларға деген өшпенділік; өз күшіне сенімділік; армия мен флотқа сүйіспеншілік; әскери антқа, әскери бөлімнің жауынгерлік туына және әскери борышқа берілгендік; ұрыста жаппай ерлік көрсету; мықты әскери жолдастық, командирді құрметтеу және оны ұрыста қорғау; әскери шеберлікті жетілдіруге және әскери тәртіпті нығайтуға жоғары қырағылық пен жауынгерлік әзірлікті сақтауға, саяси білім деңгейін жоғарылатуға үнемі ұмтылу; ТМД жауынгерлерімен жауынгерлік ынтымақтастық, егемен демократиялық мемлекетті қорғауға дайындық жатады.

Дәстүрлер бір сағатта және бос орында пайда болған жоқ. Қазақ халқының үш мың жылдан астам бай тарихы бар, халықпен бірге жаңа дәуірдің басында-ақ А. Македонский әскерлеріне күйрете соққы беріп, ұлы басқыншының шығысқа қарай жылжуын тоқтатқан.

V111 ғасырда араб және қытай басқыншыларының Қазақстан жеріне қоныстанған мемлекеттерді бағындыру әрекетінен түк шықпады.

Х111 ғасырдан бастап түрік тайпалары түрік-моңғол империясы құрамына кірді. Тарих деректері айғақтағанындай, Шыңғысхан әскерлерінің сол қанатын жауынгерлік өнері мен батылдығы үшін даңққа бөленген қазақ халқының ата-бабалары – түркілер құрған, ал олардың қолбасшылары қарсыласқа тұтқиылдан, тылда және қапталға бойлай еніп шабуыл жасай алумен ерекшеленетін.

1466 жылы құрылғанынан бастап, 530 жыл өмір сүрген Қазақ хандығы Орталық Азия гегемоны болып табылды, ал көршілерді шебер қолбасшылар бастаған қазақ атты әскерінің әскери қуатын сыйлауға және олармен есептесуге мәжбүр етті.

Жоңғар басқыншылары қазақ мемлекетіне қарсы агрессия бастай отырып, қанқұйлы да күшті жауларға күйрете соққы берген тең емес шайқастарда жеңіске жеткен қазақ жауынгерлерінің күші мен қуатын мойындады, Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай, т.б. батырлар есімін азиялықтар да, одан тыс жердегілер де жақсы білді.

Қазақтар әрқашан епті де ержүрек жауынгерлер бола білді, олар жорықтық ұрыстың барлық ауыртпалығы мен азабын аттың үстінде жүріп көтере білген. Сондықтан да Аманкелді Иманов, Бекболат Әшекеев және т.б. көптеген әскери басшылардың болуы заңды да.

1918-20жылдары Қазақстан аумағында: 4атты әскер бригадасы, 4атты эскадроны, 4жаяу әскер полкі, 8қарауыл ротасы және т.б. бөлімшелер болды. Олар Азамат соғысына белсене қатысты.

Азамат соғысынан кейін Қазақстан аумағында Орта Азия және Түркістан әскери округі әскерлері орналасты.

Біздің ҚК-іміздің ерлік тарихы Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың батырлығында толық және айқын аңғарылады. Қазақстаннан майданға 1млн 200мың адам кетіп, оның 600 мыңнан астамы оралған жоқ. Олар Отан үшін, біздің болашағымыз үшін өздерінің қымбат өмірін қиды. Қазақстандықтардың көрсеткен ерлігі мен теңдесі жоқ табандылығы туралы талай жазылды. Әсіресе Мәскеу түбіндегі 28-гвардияшы-панфиловшылардың аңызға айналған ерлігін атап айтқан жөн.

Біздің ҚК-іміздің жас жауынгерлері ардагерлердің лайықта ізбасарлары болды және неміс басқыншыларымен шайқаста өздерін мәңгі даңқа бөледі. Олар, аты аңызға айналған адамдар – екі мәрте Кеңес Одағының Батырлары – Т.Бигелдинов, Л.Беда, С.Луганский, И.Павлов және Кеңес Одағының Батырлары – Н.Әбдіров, М.Мәметова, Ә.Молдағұлова, Б.Момышұлы және көптеген басқа адамдар тек тарихи бейне ғана емес, ерліктің жанды үлгісі болмақ.

Соғыс ардагерлері Қ.Қайсенов, С.Нұрмағамбетов, Н.Тайыпов Республиканың жоғарғы марапат белгісі – «Халық қаhарманы” атағына ие болып, “Алтын жұлдыз” белгісін алды.

Ұлы Отан соғысындағы ерліктері үшін 11600 адамға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді, оның ішінде 497 қазақстандықтар бар, оның 97-сі қазақ; 110 қазақстандық үш дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталған.

Соғыс жылдарында республика аумағында көптеген әскери-оқу орындары жұмыс жасады. Солардың бірі – Алматы атқыштар-пулеметшілер училищесі 1940жылы маусым айында ашылды. Училищеде барлығы 6333офицер куәлігі берілді, сонымен бірге курсанттар бригадасынан 7001 қатардағы сарбаз бен сержант аттанды.

Алматының 22-ші әскери-авиация мектебі 662, 991, 992 авиаполктері құрамында соғысқан командир, инструктор-ұшқыш, инженер-техник мамандарын және түнде шабуылдайтын ұшқыштар дайындады.

1942жылдың ақпанынан 1943жылдың сәуіріне дейін Атырауда жаяу әскер училищесі жұмыс істеді. Соғыс кезінде Қазақстанға орталықтан көптеген училищелер көшірілді. Кеңес Одағының маршалы Б.М.Шапошников атындағы Тамбов Қызыл Тулы жаяу әскер училищесі 1941жылдың күзінде Семейге көшіп келді. 1943жылдың маусымына дейін 2725 адамды оқытып шығарды. 1944 жылы сәуірде Тамбовқа қайта оралды.

1941жылдың қарашасынан 1945жылдың ақпанына дейін Талғарда Рязань атқыштар училищесі орналасты. Ол 1943жылдың наурыз айынан бастап, 141офицерді дайындап шығарды.

Қостанайда орналасқан Сталинградтың Қызыл Тулы ұшқыштар және әскери десанттық мамандар дайындайтын әуе училищесі 244 ұшқышты оқытып шығарды.

Харьков обылысынан келген Чугуев әскери әуе училищесі Оңтүстік Қазақстанға – Шымкентке, Жамбылға, Сайрамға, Арысқа орналасты. Соғыс жылдары 3228 ұшқыш дайындады.

Серпухов әуе механиктерінің әскери мектебі 1941 жылы 26қазанда Қызылордаға көшіп келді. Онда 4097 әуе маманы даярланды.

Алматыға Мәскеудің жоғарғы шекара мектебі мен Харьков Ішкі істер халық комиссиараты училищесі көшіп келді. Қазір осы училищенің базасында ҚР Шекара әскерлерінің институты құрылған.

Сонымен, барлығы біздің республиканың аумағына 1941-45 жылдары 27 әскери-оқу орындары орналасты. 1941-45 жылдары бұл училищелерде 16мың офицер, 10500 сержант оқып, 10мыңнан аса түрлі маман дайындалып, майданға аттандырылды.

Майдангерлердің жауынгерлік дәстүрі қазіргі уақытта да дамып келеді. ҚРҚК құрамына Ұлы Отан соғысында аты аңызға айналған бірнеше дивизиялар кіреді. Олардың ішінде біздің елімізден тыс жерде құралған Уман гвардиялық дивизиясы бар.

Орденді гвардиялық дивизияның даңқты жауынгерлік жолы туралы Ұлы Отан соғысы жылдарында ол қатысқан Мәскеу түбіндегі шайқас, Сталинград, Курск шайқастары, Корсунь-Шевченко, Уман-Боташанск операциялары, Будапешт шайқасы және Вена операциясы арқылы білуге болады.

Дивизияның 8 жауынгері Кеңестер Одағының батыры атағына ие болды. 11-ші дәрежелі Суворов ордені Уман дивизиясы атағына Корсунь, Кишинев және Вена полктерінің атақтары қосылды. Гвардияның жауынгерлік туына полктердің наградалары: Суворов, Кутузов, Александр Невский, Богдан Хмельницкий ордендері қосылды. Қазақстан тәуелсіздік алған соң, бұл дивизияға құрметті атақ – Қарасай батыр аты берілді.

Гвардиялық құрама – ҚР ҚК –індегі жалғыз оқу орталығы болып табылады. Онда 10-нан астам мамандықта жауынгерлерді даярлайды. Қазақстан армиясының генералдары мен көптеген офицерлері әскери басшы ретіндегі өз қалыптасуларын нақ осы дивизияда өткізді.


в) Қорытынды бөлім – 7 мин.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Жауынгерлік дәстүр ұғымының мәні неде?

  2. Қазақстан аумағындағы әскери істің даму тарихы туралы не білдіңдер?

  3. Даңқты батырларды атаңдар, олардың ерлігі туралы баяндаңдар.

  4. Өздерің білетін Ұлы Отан соғысының батырлары туралы айтыңдар.

-Бағалау;

-Сапқа тұрғызу;

-Қоштасу.


Алғашқы әскери дайындықты

ұйымдастырушы-мұғалімі: _____________ Н. Керімбек

































«Бекітемін»

Мектеп директоры: М. Омарбек


Сабақтың тақырыбы: Саптық адым, қозғалыс кезінде бұрылу.


  1. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға саптық адымның түрлерін, қозғалыс кезінде бұрылу

тәсілдерін үйрету.


  1. Уақыты: 40 минут.


  1. Өткізілетін орны: 11 сынып, саптық алаң.


  1. Көрнекілік құралдар: Саптық жарғы, АӘД оқулығы.


  1. Сабақтың барысы:


а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.


ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 5 минут.

  1. Жауынгерлік дәстүр ұғымының мәні неде?

  2. Қазақстан аумағындағы әскери істің даму тарихы туралы не білдіңдер?

  3. Даңқты батырларды атаңдар, олардың ерлігі туралы баяндаңдар.

  4. Өздерің білетін Ұлы Отан соғысының батырлары туралы айтыңдар.



б) Негізгі бөлім – 20 мин.



Саптық адым, қозғалыс кезінде бұрылу.

Қозғалыс адыммен немесе жүгірумен жасалады.

Адыммен қозғалыс жасау минутына 110 - 120 адым, адымның шамасы 70 – 80 см.

Жүгірумен қозғалыс жасау минутына 165 - 180 адым, адымның шамасы 85 – 90 см.

Адым саптық және жорықтық болады.

Саптық адым бөлімшелердің салтанатты шерумен жүріп өту кезінде; олардың қозғалыс кезінде әскери сәлемдесуді орындау кзінде; әскери қызметші саптан шыққанда және қайтып келгенде; саптық даярлық жөніндегі сабақтарда қолданылады.

Басқа жағдайларда жорықтық адым қолданылады.

Саптық адыммен қозғалыс жасау: «Саппен адым бас!» (қозғалыс кезінде: «Саппен – адымда!» пәрменімен, ал жорықтық адыммен қозғалыс жасау: «Адым бас!» пәрмені бойынша басталады.

Алдын ала пәрмен бойынша дене біршама алға ұмсындырылады, оның салмағы орнықтылығын сақтай отырып, оң аяққа салынады; орындалатын пәрмен бойынша қозғалыс сол аяқтан толық адыммен басталады.

Саптық адыммен қозғалыс кезінде аяқтың ұшын жерден 15–20см жоғары көтеріп, аяқ алға созылады және табанға нық қойылады. Иықтан бастап, қолдармен дененің айналасында қозғалыс жасау керек; алға – оларды шынтақта денеден алақанның еніндей ұстап, белдіктен жоғары көтерілетіндей бүгіп, ал шынтақ қолдың білегінің деңгейінде болу керек; артқа – иық буынының шегіне жеткенше. Қолдың саусақтарын жартылай бүгіп, басты тік ұстап, өзінің алдына қарау керек.

Жорықтық адыммен қозғалыс жасау кезінде аяқтың ұшын созбай, еркін қозғау керек және оны жерге әдеттегі жүрістегідей қою керек; қолмен дененің айналасында еркін қозғалыс жасау керек.

Жорықтық адыммен қозғалыс жасау кезінде: «Тік тұр!» пәрмені бойынша саптық адымға көшу керек. Саптық адыммен қозғалыс жасау кезінде: «Еркін тұр!» пәрмені бойынша жорықтық адыммен жүру керек.

Орнында тұрып адым жасау «Орныңда адым – бас!» (қозғалыста: «Орныңда!») пәрмені бойынша жүргізіледі.

Осы пәрмен бойынша аяқты жерден 15-20см көтеру керек және оны ұшынан бастап табанға толық қою керек, сол аяқты жерге қоюмен бір мезгілде берілетін: «Тура!» пәрмені бойынша оң аяқтан орнында тағы бір адым жасап қозғалысты сол аяқтан толық адыммен бастау керек.

Қозғалысты тоқтату үшін <

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!