Ашық сабақ "Мен айналаны танып-білемін.Апта күндері" мектепалды даярлық тобы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Мен айналаны танып-білемін.Апта күндері" мектепалды даярлық тобы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ынталандыру. Педагог балаларды апта күндері туралы əңгімеге тартады. – Балабақшаға, үйірмелерге қай күндері барасыңдар? – Сендер қай күндері демаласыңдар? Өзектендіру. Педагог балаларға апта күндері туралы тақпақтар, жұмбақтар оқып береді. Балаларға осы тақырыпқа байланысты қандай тақпақтар білетінін жəне оны жалғастыруды ұсынады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

2ҰОҚ. Тақырыбы: Менайналанытаныпбілемін.

Апта күндері

Мектеп/МҰ: Көксай негізгі мектебі

Күні: 07.12.2017ж

Педагогтің аты-жөні: Туганбаева А.Д

Мектепалды сынып/то п Мектепалды

даярлық

Қатысушылардың саны: 10

Қатыспағандардың саны:



Оқыту мақсаттары

0.2.4.2.Аптадағы күндердің/жылдағы айлардың санын білу.

Күтілетін нəтижелер

Барлық тəрбиеленушілер:

-апта күндерін, жыл мезгілдерін атайды.

Көптеген тəрбиеленушілер:

-апта күндері мен жыл мезгілдерінің бірізділігін анықтайды.

Кейбір тəрбиеленушілер:

-апта күндері мен жыл мезгілдерін білдіретін сөздерді пайдалана отырып, өз бетінше əңгіме құрастырады.

Тілдік мақсаттар

Дағдыларын дамыту:

-жыл мезгілдері мен маусымдары туралы сөйлемдер құрастыра алады. Пəндік лексика жəне терминология:

-бүгін, кеше, ертең, бүрсігүні; тəулік бөліктері, күн, апта, ай, жыл.

Пікір алмасуға арналған сұрақтар:

  • Қыста (көктемде, жазда, күзде) қандай мерекелер атап өтіледі?

  • Алдымен не болды, содан кейін не болды?

Жазу:

-жалғастыру, бояу.

Алдыңғы білім

Уақыт түсініктері: бүгін, кеше, ертең, бүрсігүні; тəулік бөліктері, күн, апта, ай, жыл.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-əрекет


Басталуы

Ынталандыру.

Педагог балаларды апта күндері туралы əңгімеге тартады.

  • Балабақшаға, үйірмелерге қай күндері барасыңдар?

  • Сендер қай күндері демаласыңдар?

Өзектендіру.

Педагог балаларға апта күндері туралы тақпақтар, жұмбақтар оқып береді. Балаларға осы тақырыпқа байланысты қандай тақпақтар білетінін жəне оны жалғастыруды ұсынады.


Ортасы

Мақсат қою (проблемалық жағдай).

(Ө) Əліппе-дəптермен жұмыс. 1-тапсырма.

  • Кейіпкерлеріміз əр күні не істейтініне қара?

  • Аптада неше күн бар? (Жеті.) Жаңалық ашу.

(Ұ) Кемпірқосақта қанша түс бар болса, аптада сонша күн бар.

Балалар түстермен сəйкестендіріп апта күндерін атайды.

  • Бір апта бойы не болғанын айтыңдар?

  • Сендер апта күндерінің атауын білесіңдер ме? – Сурет бойынша аптаның əр күні балалардың не істегенін айтыңдар.



Жаңаны қолдану.

(Ж) 2-тапсырманы орналасу заңдылығын сақтай отырып жалғастырады жəне бояйды.

«Апта, сапқа тұр» дидактикалық ойыны.

(Т) Үстелдің үстінде цифрлары бар теріс аударылған карточкалар жатыр. Балалар белгі бойынша үстелден карточкаларды алады. Өздерінің серіктестерін іздейді, яғни қатарға тұрып, өзіндегі апта күнін атайды («Бірінші – дүйсенбі, екінші – сейсенбі»...).

Педагог дүйсенбіні; ..., сəрсенбіні жəне т.б. білдіретін күннен шығуын сұрайды.

Педагог дүйсенбіден кейін, сенбінің алдында, сейсенбі мен бейсенбінің ортасында тұрған жəне т.б. апта күнінен шығуын сұрайды.

Педагог бейсенбіден кейін (бес, алты, жеті деген цифрлары бар балалар); сəрсенбінің алдында (бір, екі деген цифрлары бар балалар) тұрған апта күндерінің шығып, өздерінің қай апта күндері екенін атауды сұрайды.

(Ө) Өткен тапсырманы бекіту үшін 3-тапсырманы орындау ұсынады.


Рефлексия

Рефлексия.

Педагог қорытынды жасап, балаларды мадақтайды. Сабақтағы өз жұмысын «Сəттілік сатысы» арқылы бағалауды ұсынады.

Педагог түсіндіреді: егер қателіктер көп болса, төменгі сатыда көңілсіз смайликтің суретін салуға болады.



Қателіктер аз болса, ортаңғы сатыда аузы түзу смайликті салуға болады. Қателіктер болмаса жəне бала барлығын жақсы түсінсе, жоғарғы сатыда күлімдеген смайликті салуға болады.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.02.2018
1166
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі