Ашық сабақ "Мен бояймын"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Мен бояймын"

Материал туралы қысқаша түсінік
Түстерді қайталау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқу қызыметі

Білім беру саласы:  «Таным».

Оқу қызметі:Қазақ тілі

Тақырыбы: «Мен бояймын»

Мақсаты: 

1)Білімділігі: балаларға негізгі 4 түстері (қызыл, сары, көк, жасыл) топтастыруға және осы түстер арқылы білімдерін тиянақтау.
2)Дамытушылығы: баланың есте сақтау қабілетін дамыту, тиімді әдістерді пайдаланып, баланың логикалық ойлауын қалыптастыру.
3)Тәрбиелігі: баланы түрлі - түсті бояулар арқылы сабаққа деген ынтасын арттыру, балалардың бір - бірінен үйренуіне ықпал жасау.

Әдіс- тәсілдер: көрсету,түсіндіру, сұрақ-жауап әңгімелесу.

Көрнекіліктер:  компьютер, проектор, PowerPoint бағдарламасы арқылы жасалған мультимедиялық презентация, бейнекөріністер, түрлі – түсті пішіндер, шарлар, үлгі қызғалдақ, пішіндердің «Математика әлемі».

Блингвистикалық компонеті: Қызыл - красный, Көк – синий Сары - желтый, Жасыл - зеленый

Ынталандыру. Сезімді ояту

Тәрбиеші балаларды шаттық шеңберіне жинап, келген қонақтармен амандасады

Сергіту сәті

Куанамын мен де

Куанасын сен де

Куанады достарым

Жаркыраган кунге

Балалар шаттық шеңберіне тұрып тәрбиешіен бірге қайталайды.

Ұйымдастырушылық - ізденістік

Тәрбиеші балаларды өз орындарына жайғастырып отырғызады, кенеттен көңілді әуен қосылып, қуыршақ Айгүлдің даусы естіледі.

Тәрбиеші: Ой,балалар, мынау біздің Айгүл қуыршағымыздың даусы емес пе? Ол жолды таппай жүрген сияқты, қәне бәріміз Айгүлді дауыстап шақырайық, біздің даусымызды естіп жолды тауып келсін.

Айгүл қуыршақ қолында түрлі-түсті шарларды ұстап кіреді.

Айгүл:Сәлеметсіңдер ме балалар,мен өзі «Радуга» тобына келдім ба?

Тәрбиеші:Хош келдің Айгүл.

Айгүл: Балалар, мені мына сиқырлы түрі-түсті шарлар сендерге ұшырып алып келді. Мен сендерді «Түрлі- түсті бояулар әлеміне» саяхатқа шақыра келдім, менімен саяхатқа барасыңдар ма?

Тәрбиеші: Ендеше барлығымыз Айгүл қуыршақтың белінен ұстап пойызға мінеміз.

Проектордан жүріп бара жатқан пойыздың бейне баяны көрсетіледі. Кенеттен бір сиқырлы дауыстың «Түрлі- түсті бояқтар әлеміне» келгендерін хабарлайды.

Айгүл:Балалар біз «Түрлі-түсті» бояқтар әлеміне келдік. Саяхатымызды жаяу жүре отырып отырып жалғастырамыз.

Саяхат жасап келе жатқан балалардың алдынан қызыл, сары жасыл түсті шарлар шашылып жатады.

Айгүл : Ой балалар, мен сендерге жаңа ұшып келе жатқанда түрлі-түсті шарларымның жартысы түсіп қалға еді, маған шарларымды жинап беріңдерші ?
Тәрбиеші: Ендеше балалар, біз «Шарларды жина» атты қимылды ойынын ойнаймыз

Қ/О:«Шарларды жина»

Шарты:Дөңгелек шарларды себетке жинап қойып, балаларды қызықтыра отырып музыка ырғағымен шарларды, себетке жинатқызу.
Айгүл:Балалар, сендерге рахмет, енді мен сендердің арқараларыңда толық шарларым жиналды үйіме тез қайта алатын болдым.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, біз Айгүлге жоғалып қалған шарларын тауып бердік, енді біз саяхатымызды ары қарай жалғастырамыз.

Проектордан 4 түс көрсетілген бейнебаян көрсетіледі, балалар бейнебаянға қарай отырып бірге қайталайды.Тақтада ілінген ақ қағаздарды аша отырып артында жысырылған түстерді атап шығады.
Айгүл:Жарайсыңдар балалар!Рахмет сендерге менің қиын тапсырмаларымды орындай алмайды екен десем сендер өте ақылды балалар екенсіңдер, тез әрі жылдам орындап шықтыңдар.Осы тапсырмаларымды сендер орындаймыз деп шаршап қалған шығарсыңдар, бәріміз бір сергіп алу үшін қонаққа келген апайлармен бірге сергіту жаттығуын орындайық.

Сергіту сәті

Қызыл жасыл көгінай

Көбелектің көбінай

Бәрін ұстап алайын

Достарымның көбінай

Тәрбиеші: Балалар, білесіңдер ма? Біздерге Айгүл тағы да тапсырма дайындап отыр екен,осы тапсырмасын орындап берейік, ол үшін сендер алдарыңа қойылған сыйқырлы қорапшаның ішінен екі түсті флажок таңдайсыңдар

Балалар екі топқа бөлініп тапсырмаларды орындайды.Қызыл түсті флажокты таңдаған балалар алдарына берілген 2 ыдысқа құйылған, 2 ( қызыл, сары, көк,)түсті гуашьқа қолдарын мала отырып, үлкен ақ плакатқа бастырып гүлдің суретін салып береді.Ал жасыл түсті таңдаған балалар: «Түсіне және пішініне қарай» түрлі-түсті пішіндерді оз орындарына орналыстырады

Тәрбиеші:Балалар біздің енді топқа кететін уақытымыз болды. Топқа кеттік. Пойызға мініп топқа кайтамыз.

Айгүлдің белінен ұстай отырып пойызбен қайта топқа қайтады.

Тәрбиеші: Айгүл, бүгін біз сенің арқаңда бір көңіліміз көтеріліп қалды енді балалардың саған алғысы ретінде, арнап бүгін саяхат барысында танысқан түстерді пайдалана отырып, өз қолдарымен салған түрлі-түсті гүлдердің суретін сыйлыққа бергісі келеді, сен соған келісесің ба?

Айгүл: Ия әрине келісемін.

Тәрбиеші: Міне, біздің өнерлі бүлдіршіндеріміздің өз қолдарымен салынған әдемі гүлдерін қабыл ал.

Айгүл:Ой, қандай керемет, рахмет сендерге балалар, суреттерің өте әдемі шықты. Мен бұл суретті үйіме апарып керегеме іліп қоямын, осы суретке қарай отырып сендерді күнде есіме алып отырамын.Ал, енді мен қайтайын, сау болыңдар!!

Балалар салып берген суретін қолына ұстап, сиқырлы шарларын ұстап топтан шығып кетеді.

Проекторда көрсетілген музыкалық «Қызыл гүлім-ай» атты сергіту сәтін топқа келген қонақ апайлармен бірге орындайды.
-Біз саяхат барысында не көрдік?

- Сендерге саяххат ұнады ма?

Балалар сұрақтарға белсене қатыса отырып жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: балаларға негізгі 4 түстері (қызыл, сары, көк, жасыл) топтастыруға;

Түсінігі: есте сақтау қабілетін дамыту, тиімді әдістерді пайдаланып, баланың логикалық ойлауын қалыптастыру;

Көрсете біліу: түрлі - түсті бояулар арқылы сабаққа деген ынтасын арттыру;







































«Ақкөгершін» балабақшасы



















«Мен бояймын» ашық сабақ

Мектепалды даярлық тобы«Радуга».









Дайындаған: Червалиева.С.К.





2020-2021 оқу жылы





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.05.2021
1058
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі