ОҚУШЫ БІЛІМІН БАҒАЛАУДА ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫН ҚОЛДАНУ
Сабенова Балжан Кумаргалиевна
Қаракөл орта мектебінің информатика пәні мұғалімі
Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы селосы
Жоспары:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1.Тестілеудің тиімділігін арттыру формалары туралы
2.Тестілік тапсырмаларды құрастырудың әдіс-тәсілдері
3.Тест тәсілін қолданып оқушы білімін компьютер арқылы алу
4.Оқушы білімін бағалауда тестілік тапсырмаларды қолдану тәжірибемнен
ІІІ. Қорытынды
Кіріспе
Тест оқушының білімін, іскерлігі мен дағдысын тексерудің немесе оқушы білімінің белгілі бір сапалық қасиеті бар-жоғын тексерудің ерекше формасы болып табылады.
Тарихи тұрғыдан тесттердің ең көне түрі оқушылардың дарындылығы немесе олардың ақыл-ойының жалпылама даму барысын тексеруге қолданылған. Бұл тесттер оқушының белгілі бір мәліметті жадында сақтау қабілетін, ынтасын, зеректігін, нақтылы көріністі көз алдына елестету қабілетін тағы басқа маңызды сипаттарды анықтауға көмектеседі деп есептеледі.
АҚШ-та тестілеу әдісінің іс-тәжірибеде қолданыла бастауы және оның одан әрі дамуы Э.Трондайк есімімен байланыстырылады, себебі ол оқушы білімін тез де обьективті түрде анықтаудың бірден – бір құралы ретіндегі тестілеу әдісін ХХ ғасырдың басында алғаш рет ұсынған болатын. Э.Трондайк алғашында тестерді арифметика мен өзге де жекелеген пәндер бойынша қолданысқа енгізген болатын. 40-шы жылдары оқушылардың жалпылама үлгерімін анықтау мақсатында бірнеше пәндер тобы бойынша құрастырылған тестер жиынтығы баспадан шыға бастады.
Қазіргі педагогикалық практикада тестер өте жиі пайдаланып келеді. Оларды қолдану аясы да күннен күнге ұлғайып барады: оқушылардың бір пәннің бір тақырыбынан ғана алған білімін тексеруден бастап, жоғары оқу орындары мен мектеп пәндерінің барлығынан да жаппай осы тест жүргізу әдісіне көшуге бет бұрып келеміз. Тесттер мен олардың айналасындағы материалдар тек ғалымдар зерттеуіне ғана өзекті материал болып қалмай, оқу процесіне жаңа педагогикалық және ақпараттық тәсілдер мен технологияларды енгізу мақсатында білім жүйесін басқару органдары да қызықтыра бастады. Осы факторлар қолданылатын тесттердің сапасын көтерумен қатар, олардың бүгінгі пайдалану аймағын да анықтау жүйелерін даярлауға әкеліп отыр. Мұндағы бір айта кететін мәселе - кез келген бір тестің қолдану аясы оның мазмұндық, технологиялық және де басқа ерекшеліктеріне тәуелді болатыны,осыған орай педагогтар пайдалануындағы тест материалдарын топтарға бөліп жіктеу (классификациялау) қажеттілігі туындап отыр.
Тест материалы немесе тест деген түсінік әрбір сұраққа сәйкес оның мүмкін болатын бірнеше жауаптарымен бірге берілген тапсырмалар жиынын білдіреді. Тест материалдары көбінесе бланк түрінде немесе компьютерге арналған бейнелеу формасында беріледі, онда оның дұрыс жауаптарымен бірге келтірілген сұрақтар, оның бағалау критериі немесе нормасы, нәтижелерді есепке алу процедурасы, яғни шкаласы, оқушылардың тест жауаптарын қалай толтыру керектігі жайлы нұсқаулар және т.б. болады. Егер тест алу компьютер арқылы жүргізілсе, онда тест материалдары тест тапсырмаларының арнайы банктерінде жинақталып тұрады да, олардан сұрақтар нұсқасын қандай тәсілмен алуға болатыны жайлы нұсқау беріледі.
Тестердің осындай параметрлері оларды жіктеудің белгілі бір критериіне сәйкес оны тесттің қай түріне жатқызуға болатындығының айғағы болып табылады. Екінші жағынан, тест материалын бір топқа кіргізу оны жасаушылардың алдына қойған мақсатына байланысты тесттердің қандай да бір болмасын қасиеттерге, технологияларға қарай реттеуге тура келеді. Реттеліп, мақсат қойылып құрылған тест тапсырмаларын қолдану оқу процесінің сапасына, яғни оқу нәтижесіне әсер етеді.[1]
1. Тестілеудің тиімділігін арттыру формалары туралы
Ақпараттық оқыту технологияларының және модульдік оқыту тәсілінің оқу үрдісіне кеңінен ене бастауына сәйкес оқыту, білім және біліктілік сапасын бақылау, бағалаудың негізгі формасы ретінде тестік форма қолданылуда. Қазіргі кезде жоғары оқу орындарында ағымды емтихандар негізінен тест әдісімен өткізілуде және де бұл процесте негізінен тестілеудің жабық формасы пайдаланылады. Мұндай біржақты пайдаланудан барып тестілеу мүмкіндігіне күмәндану туа бастайды. Ақпараттық оқыту технологияларын пайдалануда оқыту, білім және біліктілік сапсын бақылау, бағалаудың негізгі формасы ретінде тесттік форма, тестілеу әдісі оқыту және білім алу сапасына қандай жағдайда тиімді оң әсерін тигізе алады. Осы мәселеге тікелей көшердің алдында ары қарай түсінікті болуы үшін тест және компьютерлік тестілеуге байланысты басты ұғымдардың мазмұнына тоқталуға болады.[2]
Тестілеу – өзіндік және педагогикалық білім модельдерінің сәйкестігін бағалау процесі. Тестілеудің басты мақсаты – осы білім модельдерінің бір-бірімен сәйкес келмеуінің деңгейін бағалау. Тестілеу нақты тестік тапсырмалар жинағынан тұратын арнайы тесттер көмегімен жүргізіледі. Тесттік тапсырма деп – нақты пән облысынан анық және түсінікті етіп берілетін сұраққа бір мәнді жауапты немесе нақты (түсінікті) алгоритмді орындауды талап ететін тапсырманы айтады. Тест – нақты пән облысынан оқушының білімі мен эксперттік білім моделі сәйкестігін бағалауға мүмкіндік беретін өзара байланысқан тесттік тапсырмалар жинағы. Тесттің эквиваленттік класы деп оқушының тест тапсырмаларының ішінен бір нұсқасын (вариантын) орындаса алғашқыларын (немесе кейінгілерін) орындауына да мүмкіндік беретін тесттік тапсырмалар жинағын айтады. Білім моделінің барлық модульдері бойынша әртүрлі тесттік тапсырмалар жинағы тесттік кеңістікті құрады. Өзіндік және эксперттік білім модельдері арасындағы сәйкестікті обьективті бағалауға мүмкіндік беретін тесттік кеңістіктің ішкі жиынын толық тест деп атайды. Көлемі және уақыты бойынша оптимальді тест тиімді тест болып табылады. Тестілеуді ұйымдастырушының және жүргізушінің негізгі міндеті осы тиімді тесті дайындау.
Мұғалімнің сабақтар жүйесінде оны дұрыстап ұйымдастыра білуі көптеген жағдайда оқу –тәрбие процесінің табысты болуының оң кепілі.
Ол үшін мұғалім оқушының оқу материалының меңгеру деңгейін, сапасы мен көлемін үнемі анықтап отыруы тиіс. Бұл бағытта оқушылардың сабақтар жүйесінде білім, біліктілік және дағдыларды есепке алу, бақылау және бағалаудың маңызы ерекше. Бақылаудың көмегімен теориялық білімді меңгерудің сапасы, біліктілік пен дағдының қалыптасу деңгейі анықталады. Сонымен қатар тестік тапсырмалары дұрыстап, қойылатын мақсатқа сай деңгейлеп дайындайтын болсақ, онда тестілеуді негізгі тексеру және бақылау қызметімен қатар оқушыны оқыту, үйрету, оның алған білімін бекіту құралы ретінде пайдалануға болады. Сол үшін оқу үрдісінде тестілеудің тек бір формасын ғана емес, оның әртүрлі формаларын және типтерін пайдаланған жөн.[3] Мысалы, белгілі тестік қабыршақтарда тесттік тапсырмаларды берудің мына компьютерлік формалары пайдаланылады:
1.Фасетімен берілген сұрақтар – мұнда сұрақтың типтік формасы берілгенде кейбір белгілер ғана өзгертілетін болады. Мысалы, төмендегі 1 – сұрақта «ақпарат және бит» сөздері, 2 – сұрақта «ЭЕМ және транзистор», 3- сұрақта «үлкен әріптер және Caps Lock», 4 – сұрақта «каталогтарды экранға шығару үшін және DIR», 5- сұрақта «Insert батырмасын және каталогтар мен файлдарды белгілі бір түспен бояп белгілеу үшін» сөздері ғана өзгереді.
1. Ақпарттың ең кіші өлшем бірлігі – бит
2. ЭЕМ –нің екінші буынының элементтік базасы – транзисторлар.
3.Үлкен әріптерді шығаруда қандай батырманы қолданамыз - Caps Lock
4. DOS ортасында кезекті каталогтарды экранға шығару үшін қандай команда орындалатынын анықта – DIR
5. NС командасымен жұмыс жасауда Insert батырмасы не үшін қолданылады - каталогтар мен файлдарды белгілі бір түспен бояп белгілеу үшін.
2. Жауабы шаблонмен берілетін сұрақтар – мұндағы бос орынға дұрыс жауапты жазу керек.
1.Информатика ғылымы ЭЕМ-нің көмегімен _________ заңдылықтары. 2.Байт бұл _________
3.Ехсеl-де электрондық кесте торларымен __________ болмайды.
4.Мәлімет қорында алаңды сипаттауға ________ енбейді.
5.Өту операторының қызметі __________
3.Жауаптарын сөздер жиындары бойынша беруге болатын сұрақтар – мұнда сұрақтың жауаптары негізгі сөздерін жиындары бойынша беріледі. Төменнен дұрыс жауабын таңдаңыз.
1.Word редакторы қандай редактор?
(мәтіндік*,графиктік,кестелік,расторлық)
2.1 килобайтта қанша байт бар?
(1000,100,1024*,256)
3.Microsoft Windows ортасында САҚТАУ командасын не үшін пайдаланады?
(оперативтік жадыда файлдарды сақтау, оперативтік жадыдан файлдарды алып тастау, файлдаң атын өзгерту, файлды жаңа атпен немесе басқа тасымалдаушыларға сақтау*)
4.Қандай жағдайда тармақталу алгоритмі пайдаланылады?
(кейбір командаларға бірнеше рет басқаруды беру, шарттарға байланысты басқаруды әртүрлі операторлаға беру*,анықталған операторға өту, ішкі программаға өту)
5.Интернеттің телекомуникациялық салаларының негзігі түрлеріне не енбейді?
(«бүкіләлемдік тор»-WWW, WALS, ФИДО*, ҒТР);
4.Жабық формада берілетін сұрақтар – мұнда сұраққа нөмірленген бірнеше жауап көрсетіледі, солардың ішінен дұрыс деген жауаптың нөмірін көрсету керек болады.
1.Электрондық кестеде пайдаланылатын ұғым:
А) Ұяшық (тор)*; В) Алаң; С)Идентификатор; Д)Кілт; Е)Биттер.
2.Мәліметтер қоры мынандай формалардан тұрады:
А)Түр; В)Ұзындық; С) Формат; Д)Кілт*; Е) Символ.
3.Microsoft Windows ортаымен жұмыс жасауда «бума» қандай қызмет атқарады?
А)Жұмыс үстелін тез ретке келтіру;
В)Файлдарды орналастыру мен оны жіберуді ұйымдастыру*;
С)Файлдарды алып тастау;
Д)Ақпараттарды уақытша сақтау;
Е)Файлдарды ашу, алыптастау.
4.Алгоритм структурларын көрсететін жауапты таңда:
А)Математикалық, тізбектік;
В)Арифметикалық, тізбектік;
С)Модульдік, сандық;
Д)Сызықтық, циклдық , тармақталу*;
Е)Логикалық, циклдық ,сандық .
5.Егер А=1 және В=0 мәндері берілсе, онда А ОR B мәні неге тең болады?
А)1*; В)2; С)0; Д)10; Е)01.
5. Сәйкестікке берілетін сұрақтар – мұнда әр сұрақтарға сәйкес дұрыс жауаптарын табу керек.
1.Компьютермен жұмыс жасау үшін қажетті минимальді құрылғылар жиынтығы?
А) (катологтар мен файлдарды белгілі бір түспен бояп белгілеу)
2.Сандық клавиатураға қандай батырмалар енеді?
В) («зақымдалған» программалармен жұмыс жасағанда)
3.NС командасымен жұмыс жасауда Insert батырмасы не үшін қолданылады?
С) (бүкіләлемдік компьютер желі)
4.Компьютер қандай жағдайда вируспен зақымдалады?
Д) (NumLock)
5.Internet бұл –
Е) (жүйелік блок, монитор, пернетақта);
Мысалы, мұнда жауапты кәдімгідей былайша 1Е, 2Д,... деп белгілейді.
6.Жауаптарын конструкциялауға болатын сұрақтар – мұнда берілген сұрақтың жауабы төменде ұсынылған өрнектер, символдар, таңбалар, жеке сөздер, тағы басқа тізбегінен құрастырылады(конструкцияланады).
Мысалы:
1.у = sin(x)*cos(x); y`= ? (sin(x), -,^,2).
2.y = tg(3*x); y`=? (3, 1, cos(3*x),2,^,/ ).
3.y = x^n; y`= ? (n-1, n, x, *,^) т.с.с.
Әр пәннің өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес оқыту процесінде пайдаланылатын тестік тапсырмалардың да өзіндік ерекшеліктері бар болады. Берілетін сұрақтарды және тапсырмаларды нақты, жеткілікті анық, түсінікті және ой тұжырымын жасауға ыңғайлы етіп жасау қажет. Осыған сәйкес тестердің жауаптарды да қойылған мақсатқа сай мүмкіндігінше қысқаша, нақты, анық және дәл болуы тиіс.[4]
Осы айтылған ғылыми тұжырымдамаларды басшылыққа ала отырып дайындалынған тестік тапсырмаларды мұғалімнің күнделікті сабақта пайдалануына ыңғайлы болу үшін, тестік сұрақтарды әр жеке тақырыпқа арнайы құрастырып отырған тиімді. Тестің типіне (білімділік,біліктілік және дағдылық, іскерлік) сәйкес тестік тапсырмалардың әртүрлі формаларын және типтерін пайдалану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, оладың ойлау қабілетін, зейінін, тапқырлығын, жігерін және оқуға, білім алуға, біліктілігін көтеруге деген ынтасын дамыта түсетін болады.
Тестер типін (білімділік, біліктілік немесе дағдылық екендігін) таңдау былайша анықталады:
1.инструментальді тестік программалар ерекшелігімен;
2.пән ерекшеліктерімен;
3.эксперттің тәжірибесі және іскерлігімен.
Тестік тапсырмалардың көпшілігі жоғарыда келтірілген компьютерлік формалармен ғана шектелініп қоймайды. Тапсырмалардың беру формалары көп жағдайда тесті дайындаушының шеберлігіне, тәжірибесіне және іскерлігіне байланысты болады. Тесті құрған кезде көп жағдайда (оқушылардың білім деңгейін, пән ерекшелігін, деңгейлеп ұсынуын, ұсыну кезеңін, т.с.с.) бақылау кезеңдерінде міндетті түрде ескеріп отыру қажет болады.
Тест дұрыс, тиімді жасалынған деп есептелінеді егер:
-
ол тестілеу үшін ыңғайлы (жауапты табуға бағыттайтын) болса;
-
тестердің қателіктеріне уақытында жауап беретіндей мүмкіндік болса;
-
тестілеушіге және тесті пайдаланатын оқушыларға да тиімді болса.
Оқулық материалды жүйелі түрде меңгеру процесінде оқушы бірнеше білімдік деңгейден өтеді, олардың әрқайсысы оқушының анық нақты жаңа сапалы білімдік деңгейді меңгергендігін білдіреді.
Егер оқушы алдыңғы деңгейді дұрыс меңгермеген болса, онда меңгерудің келесі жоғарырақ деңгейіне жете алмайды.
Меңгерудің бастапқы деңгейі оқушының танысу – білім негізінен, бағытын түсіне бастауын білдіреді, оның көмегімен ол ұқсас құбылыстарды (процестерді, жағдайларды) ажыратуға және білуге дайын болады. Бұл деңгейдің басты ерекшелігі мынада – сапалы деңгейге жету үшін нақты құбылысқа міндетті түрде тірек қажет.
Келесі деңгейде оқушы оқулық материалдың негізгі мазмұнын жады бойынша еске түсіре алатындай білім деңгейіне жетуі тиіс. Бұл деңгейде оған оқытуды ұсынылатын көрнектілерді көрсету қажет емес. Ол меңгерген материалын ешқандай көмексіз еске түсіре алатын болуы қажет.
Үшінші деңгейде оқушының типтік тапсырмаларды және жаттығуларды өз бетінше орындай алуы, оның материалды нақты меңгергендігін білдіреді. Ол үшін оқушы оқу процесінде өзі меңгерген ережелерді, анықтамаларды және әдістерді қолдана алуы тиіс.
Меңгерудің соңғы деңгейінде, оқушы алған білімін, іскерлігін және дағдыларын жаңа стандартты емес жағдайларды қолдана білуі керек. Осы кезеңге сәйкес ұсынылатын тест сұрақтары және жауаптары оқушының ойландыратын, логикалық сабақтастықта талдау жасауға бейімдейтін, білімде фундаментальді қалыптастыратындай мазмұнда болуы тиіс.
Сондықтан тестілеу кезіндегі пайдаланылатын тесті мұғалім оқушы үшін жоғарыдағы көрсетіп отырған деңгейлерге сәйкес оқып үйренуге және өз білімін бағалауға тиімді көмекші құрал болатындай етіп жасаған болса тіпті жақсы.
Тесті пайдалану мұғалім үшін мына мәселерді тиімді шешуге көмектеседі:
-
дер кезінде оқу процесіне қажетті оңтайлы өзгерістерді (корректировкаларды) ендіріп және жасап отыруға;
-
ағымды бақылау жүргізуде негізгі оперативті тексеруші құрал ретінде қолдануға және оқып-үйренуде тесті оқушының негізгі дидактикалық құралы ретінде жүйелі пайдаланып отыруға;
-
оқытуды қашықтан жүргізде негізгі көмекші бақылау құралы ретінде пайдалануға;
-
Оқушылардың жеке өз бетінше білім алуын қамтамасыз ету құралы ретінде қолдануға.
Сонымен, тестік тапсырмаларды жоғарыдағы атаған талаптарға және формаларға сай дайындайтын болсақ, онда тестілеудің негізгі тексеру және бақылау қызметімен қатар оқушыны оқыту, үйрету, оның алған білімін бекіту және жүйелеудің тиімді құралына айналадыруға болатындығын көреміз.[5]
Бұл жерде мына жағдайды тағы да атап кетейік: егерде тесті дәстүрлі бақылау формаларымен үйлестіре пайдалынлатын болсақ, тест
тапсырмаларының оқытудағы тиімділігі соғұрлым арта түсетін болады деп ойлаймын.
2. Тестілік тапсырмаларды құрастырудың әдіс-тәсілдері
Тест тәжірибесінде қолданылатын көп тапсырмалар формасын В.С.Аванесовпен ерекшеленген төрт канонды формаға бөліп қарастыруға болады: бір немесе бірнеше жауап таңдауға болатын тапсырмалар, ашық қалыптағы тапсырмалар, сәйкестікті құру тапсырмалары, дұрыс тізбекті құру тапсырмалары.
Тест тапсырушыға арналған қысқа формалар, әдетте тапсырманың алдында жазылады немесе тапсырма тобы және мазмұн негізінен қаріпті ресімдеуі арқылы тапсырмалар мен олардың жауаптары ерешеленеді. Нұсқаулар формасы және тапсырма мазмұны бойынша дәл келу керек. Егер тапсырмалар бір формада көрсетілсе, нұсқаулар бүкіл мәтінге бір – ақ рет жазылады. Егер тесте әртүрлі формадағы тапсырмалар болса, онда әр тапсырма формасы өзгерген сайын жаңа нұсқау жазылады. Тапсырмалар сұраулы формада емес, бекітілген формада болу керек. Тапсырманы қаріппен рәсімдеудің маңызы бар. Тапсырманың негізі бір көргеннен түсінікті болу қажет. Тест жұмысын жеңілдету үшін тапсырманың әр бөлімінің сұрақтары визуалды түрде ерекшеленуі керек, яғни негізгі бөлімдегі тапсырмалардың қарпінің форматы жауаптарының қарпінен визуалды түрде ерекшеленуі керек. Әдетте негізгі бөлімнің мәтіні жазба әрпімен жазылады да, ал жауаптары қарапайым әріптермен жазылады.Мысалы, тапсырманың негізгі бөлігін 14 –ші қаріп мөлшерімен жазылса, ал жауаптарды 12-ші қаріп мөлшермен жазуға болады. Тапсырма мәтінінде қалың қаріп қолдануға болмайды. Әр тапсырманың орындалуын бағалау ережелері тестпен бірге жетілдіріледі, олар барлық сыналушыларға бірдей.[6] Көбінесе дұрыс жауапқа 1 балл, ал дұрыс емес жауапқа 0 балл беріледі. Бұндай жағдайда оқушының алған барлық балдарының қосындысы, оның дұрыс жауаптар санына тең. Бірақ та басқа да бағалау шкаласын қолдануға болады. Балдар қосындысы оқушының білім деңгейімен бірлеседі. Жалпы балл қосындысы тест тапсырушының рейтингін белгілеу үшін қолданылады, яғни жетістіктің салыстырмалы бағасын көрсететін белгіленген топ шегі көлемінде болады.
Тестің қалыптасуына қолданылатын тапсырманың төрт формасын келтірейік:
Бір немесе бірнеше дұрыс жауаптары бар таңдамалы тапсырмалар. Бұл дұрыс жауабы бар тапсырманың жай түрі және сыналушының мақсаты дұрыс жауапты табу. Дұрыс жауапты таңдау тапсырмасының негізгі элементтерін қарастырайық. Оларға сыналушыларға арналған нұсқаулар жатады. Тапсырманың мазмұны, обьектісі, жауаптардың мазмұны мен саны, санымен қатар тапсырманы дұрыс орындау бағаланады.
Нұсқаулар. Жауапты таңдау тапсырмаларында нұсқаулардың екі түрінің бірін, тапсырманың екі түрінде де сәйкес келетін түрін қолданады. Нұсқаулар тапсырманың алдында жазылады, ол тапсырма жазылған қаріптен өзгеше қаріппен жазылады.
Тапсырманың негізгі мазмұны: Тапсырма сұраулы емес, бекітілген сөйлем бөлігін құрайды. Ұсынылған жауаптар түрлері толық бекітілген сөйлемге дейін толықтырылады. Сыналушының міндеті – пәнді оқу барысында алған білім негізін бекітуде дұрыс жауабын таңдау. Тапсырманың негізгі мазмұны мынадай болу керек, дұрыс жауапты таңдау үшін бұрынғы алған білімдерін еске түсіріп, керектісі мен есте қалғанын алу. Тапсырманың негізгі бөлігінің соңында тыныс белгілері қойылмайды.
Ашық тапсырмалар. Ашық тапсырма бекітілім түрінде құрылады, олардың жанында дайын, таңдалған жауаптар жазылмайды. Сыналушының өзі белгіленген орынға өзі дұрыс деп ұйғарған жауапты жазады. Тапсырманың бұл түрі болжам мүмкіндігін минимумға алып келеді. Ашық түрдегі тапсырмалар көмегімен атауларды, формулаларды, аттарды, деректерді, қасиеттерді, уақыттарды, себеп – тергеу қатынастары тексеріледі.[7]
Ашық түрдегі тапсырмаларға нұсқаудың мынадай түрлері бар: толықтырыңдар: егер ашық түрдегі тапсырммалар бірінен кейін бірі берілетін болса, онда тапсырмалар тобының алдында нұсқаулар бір – ақ рет жазылады. Жауапқа арналған орын фразаның аяқталуына жақын орналасқан сайын, тапсырманың мазмұны жақсы түсініледі. Ашық түрдегі тапсырманың соңына нүкте қойылады.
Ашық формадағы тапсырмаларды құрғанда, тапсырма мазмұнының логикалық белгілігі композиция принципі бойынша фасетті, параллель, қайтымдылқ, қысқалық, импликация.
Мазмұны логикалық анықтау принципіне сәйкес құрылған тапсырманы орындағанда, сыналушы пәннің мазмұнын жақсы білетін адам, жауапты тез табады. Тапсырманың мазмұны мен түрі дұрыс қиыстырылғанда ойдың өзі алып келеді. Осындай әдіс арқылы тестің әртүрлі варианттары үшін параллельді тапсырмалар құрылады.
Сәйкестікті орнату тапсырмалары. Бір жиынтық элементтерін басқа элемент жиынтығына сәйкес ету сәйкестікті орнату тапсырмалары деп атайды. Сәйкестікті орнату тапсырмаларында өзін – өзі бақылау мен білім ағымындағы бақылау тиімді. Олардың көмегімен ассоциативті білім тексеріледі, яғни форма байланыс білімі мен мазмұны, құбылыстар мен әртүрлі пәндер арасындағы ара қатынас, қасиеттер. Сыналушы жауапты сол жақтағы тізімнен және оң жақтағы бағанадан сәйкес элементтерді жинау керек. Осы формадағы нұсқау мынадай тұрде беріледі.
Сәйкестікті орнатыңдар: Тапсырманы нөмірі бірінші бағананың атауы жанына қойылады. Әр баған атауы барлық элементтерге сәйкес жиынға қатысты. Сол жақ бағанадағы жиынтық класының атауы мен оң жақ бағанадағы класс элементтері ұзын болмауы керек. Элементтер бағаналар атауына сәйкес және қысқа болу керек. Сол бағанадағы элементтер санмен нөмірленеді, оң бағанадағы элементтер жазу әріптермен белгіленеді. Нөмір мен әріп бағана элементтерінен дөңгелек жақшалар мен пробел арқылы бөлінеді. Жауап жолдары ортасына орналасады. Сыналушы жауаптың оң бағанадағы сәйкес нөмірдің жолына жазады.
Мысалы:
1. s:=0; for i:=1 to 5 do s:=s+i; a) 120;
2. p:=1; for i:=1 to 5 do p:=p+i; b) 15;
3. s:=0; for i:=1 to 5 do s:=s+2*i; b)150;
4. p:=1; for i:=1 to 5 do p:=p*2*i; c) 30;
5. s:=0; for i:=5 downto 1 do s:=s+i; d)3840;
Тапсырманың дұрыс орындалуын бағалау сәйкестігін белгілеуде дихотомикалық шкаланы қолдану арқылы орындауға болады: 1- тапсырманы мінсіз орындау, жіберілген бір қатесі болса да – 0. Бірақ кең тәртіпті шкалада негізделген бағалауды қоюға болады. 0 – мүлде дұрыс емес, 1 – дұрыс элементтері бар, 2- дұрыс элементтері көп немесе мүлде дұрыс. [8] Сол сияқты келесі мысалды алуға болады:
-
If-then-else; а) цикл – әзір операторы;
-
While-do; б) тармақталу операторы;
-
Goto; в) шартсыз көшу операторы;
-
Repeat-until; г) таңдау операторы;
Дұрыс тізбекті орнату тапсырмалары.
Қимыл тізбегі дұрыс орнату керек болған жағдайда немесе сөздерді анықтауға дұрыс тізбекті орнату тапсырмалары қолданылады. Бұл тестік түрдегі тапсырманың күрделі түрі, тапсырманы орындау процесінде сыналушы ұсынылған тәртіпсіз тізбекті сөзді құрастырудан жауап құрады. Дұрыс тізбекті орнату тапсырмалары білім процесін тексеруге оқиғалар тізбегі, қимылдар мен операциялар, сонымен қатар анықтамалар мен ұғымдар. Олар оқушыларға алгоритмді ойлауды, білімді және шеберлікті қалыптастырады. Бұл түрдегі тапсырмалар білімді бақылау құралы ретінде, оқу құралы ретінде пайдалы. Бұл түрдегі тапсырмаларға нұсқаулар мына түрде беріледі: Ретке келтіріңіз немесе дұрыс тізбек құрастырыңыз: Тапсырманың негізгі бөлігі басты әріптермен жазылады, ол сыналушы қандай білімді жариялау керек екенін, ондағы сөздің кілті атау септігінде болу керек. Нақты тапсырманың ерекшеліктеріне сәйкес қажетті түсініктемелер нұсқаулықта болады. Сондықтан да бұл түрдегі тапсырма дәйектігі нұсқаулардың өзгеруі сирек емес.[9] Сыналушы жауаптарға арналған орындардың әр жолының басына іс-қимылды реттеу реттік нөмірлі элементтерді қою керек. Бұл тапсырма форма арқылы білім дәйектілігін тексеруге болады. Тапсырманың дұрыс орындалуына дихотомикалық баға қою жиі қолданылады. 0 немесе 1. Бірақ та басқа бағалау ережесін де қолдануға болады. Мысалы, дұрыс орындалған тапсырма 3 баллмен, ал тапсырманың соңындағы қате бағаны 1 баллға кемітіледі, тапсырманың ортасында жіберілген қате – балл, ал тапсырманың басында жіберілген қате – орындаған тапсырманың бағасын нөлге кемітеді. (Аванесов, 1998ж). Тапсырмалардың жоғарыда көрсетілген түрлері білімді тексеру үшін қолданылуы мүмкін. Тапсырманы таңдау тест қолдану мақсаты мен оны құрастырушының мәніне байланысты.[10]
3.Тест тәсілін қолданып оқушылардың білімін компьютерде пайдалану.
Тест (байқау,тексеру) – оқушының білімін, іскерлігін және дағдысын тексеретін стандартталған тапсырмалар жинағы.
Тест әдісінің басқа бақылау әдістерінен артықшылығы: оқушының белгілі бір пәннен бағдарлама көлеміндегі білімін жүйелі, толық бағдарлауға мүмкіндік туады, негізгі ұғымдар мен тұжырымдар туралы қандай біліктілігінің бар екендігін аңғаруға болады. Оқушы тестідегі әрбір жауапты бір-бірімен салыстыра отырып талдау жасайды, яғни белсенді ойлау қабілетін дамуына мүмкіндік туады.
В.П. Беспалько тест тапсырмаларын білімге қойылатын талаптарға сәйкес тест деңгейлерін жасаған:
1-деңгейдегі тестілер оқушылардың жалпы түсінігін тексеруге арналған тапсырмалар. Бұл деңгейде оқу процесінде берілген жалпы ақпараттар, яғни теорияның негізгі мәселелерін білуін тексеру.
2-деңгейдегі тестілер оқушылардың бұрынғы алған білімдерін есте сақтап, оны жауап беруде қолдана білуін тексеру.
3-деңгейдегі тестеілер, яғни оқушылардың бұрын алған білімдерін практикада қолдана білуін тексеру.
4-деңгейдегі тестілер оқушылардың бұрын алған білімдері мен біліктілігінің арқасында, жаңа, тың идеялар қалыптасуын анықтауға арналған тапсырмалар, яғни оқушы өзіне таныс емес қиын тапсырманы орындау үшін бұрынғы алған білімдерін пайдалана білуі керек.[11]
Оқыту мен білімді бағалаудың жаңа технологияларын ендіру педагог қауымның тесттерге деген қызығушылығын арттыруда. Көптеген педагогикалық жаңалықтардың бірі болып табылатын тестік жүйе оқушылардың білім, білік, дағды дейгейін объективті бағалауға, оқушыларды даярлау талаптарының берілген стандарттарға сәйкестігін тексеруге, оқушылар даярлығындағы қиын мәселелерді анықтауға жол ашады. Оқыту үрдісін тестік тапсырмалардың көмегімен информатикадан білім сапасын бағалауды қамтамасыз етудің объективтік қажеттілігі, оқыту теориясы мен практикасында білімді тестік әдіспен бағалаудың жеткілікті деңгейде қаралмағандығы осы зерттеу жұмысын таңдап алуға негіз болды.
Тест – нақты пән облысынан оқушының білімі мен эксперттік білім моделі сәйкестігін бағалауға мүмкіндік беретін өзара байланысқан тестік тапсырмалар жинағы. Сабақтарда тестік тапсырмаларды пайдалану жақсы нәтижелер беріп келеді. Тестерді тұрақты пайдалану мен информатикалық диктанттар өткізу білімді жүйелі түрге келтіру, осының салдарынан білімсапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Оқу орындарында компьютердің кеңінен қолданылып, интернетке қосылып, өмірімізге белсене араласуына байланысты кейінгі кезде оқушылардың жұмысын
бағалаудың өзі әртүрлі тест программалары арқылы компьютерге жүктеліп, соның міндетіне кіріп келеді. Бұл әдіс бір жағынан оқушының білім деңгейлерін көтеріп, ойлау қабілеттерін жетілдірсе, екінші жағынан мұғалімнің уақытын үнемдейді. Қазіргі таңдағы жаңа технология –оқушылардың еңбегін рейтингтік жүйемен бағалаудың өзі көбіне осындай тест программаларына сүйенеді. Әр түрлі алгоритмдік тілде жазылған тест программалары қазірде көбейіп келеді. Тестілеу дүние жүзінде көп тәжірибеден өтіп, сыналған, жетілдірілген тәсіл болып есептеледі.
Ғылыми негізделіп, дұрыс құрастырылған тестік тапсырмаларды жүйелі пайдалану оқыту сапасын жақсартуға, оқушылардың бойында уақытты үнемдей білу, тез ойлау, жинақты болу және ұтымды шешім қабылдау, ойын дұрыс тиянақтау, өз бетінше жұмыс істей білу қасиеттерін қалыптастыруға және дамытуға мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде компьютерді пайдаланып, оқушыларды тоқсан ішінде бірнеше рет тестілеу – олардың ағымдық білімін бағалаудың негізгі әдістерінің бірі. Өзіндік жұмыстар ұйымдастыру және тест тапсырмаларын орындау оқушылардың білім деңгейін көтеретіні сөзсіз. Тестілік тапсырмалардың мазмұнын іріктеудің негізгі принциптері:
- оқытуға арналған материалдың мәнділігі мен ғылыми нақтылығы;
- тест мазмұнының оқытылатын пәннің қазіргі кездегі даму деңгейіне сәйкес болуы;
- тест мазмұны элементтерінің репрезентативтілігі;
- оқытылатын материалдың қиындық дәрежесінің біртіндеп өсуі;
- тест мазмұнының әр түрлі варианттылығы, жүйелілігі, кешенділігі мен теңдестірілгендігі;
- тест мазмұны мен формасының өзара байланыстылығы.
Оқу жетістіктерін бақылау әрқашанда өзекті мәселе болып табылады әсіресе информатика сияқты пәндер үшін. Сондықтан да тестілеуді өткізу бағытында оқушылардың негізгі пәндері бойынша білімді сапалы бағалау және бақылауға арналған автоматтандырылған тестілеу
жүйесі (тестілер генераторы, тестілік қабықша) жасалды.
Автоматтандырылған тестілеу жүйесі мүмкіндік береді:
- сабақ уақытын үнемді пайдалануға;
- оқушылардың білімін сапалы түрде бағалауға;
- оқытушыларды жазбаша түрдегі тексеруден босату;
- оқушылардың алған жаңа сапалы білімдері арқылы біліктілік пен дағдыны
қалыптастырудағы қызығушылығын арттыруға;
- ағымды бақылау жүргізуде негізгі тексеруші құрал ретінде қолдануға;
- оқытудың мотивациялық бағытын арттыруға;
- бағалаудың объективтілігіне.
Мұндай жүйелендірілген тестілеулер келесі жаңа тақырыптарды бастау үшін оқушылардың өтілген материалды қайталауларына мүмкіндік береді, яғни оқушы бойында, тез ойлау, жинақты болу және ұтымды шешім қабылдау, ойын дұрыс тиянақтау, өз бетінше жұмыс істей білу қасиеттерін қалыптастырады. Тестілік бақылауды қолдану оқушылардың оқу процесінде бір деңгейден келесі деңгейдің матералдарын игеруге жағдай жасайды.[12]
Осылайша, тесттер дәстүрлі бағалау құралдарына қарағанда оқушылардың қандай да бір саладағы жетістіктерін неғұрлым объективті және ауқымды түрде анықтауға жол ашады, білімге деген талабының жоғарылауына мүмкіндік береді деуге болады.
4.Оқушы білімін бағалауда тестілік тапсырмаларды қолдану тәжірибемнен.
Осындай автоматтандырылған тестілеу жүйелерін заман талабына сай білім беру жолында өз сабақтарымда кеңінен қолданып жүрмін.
1.ActivStudio программасында жасалған ActiVote арқылы тест алу.
5-11 сыныпқа жасадым.
І. ActiVote құралын пайдалану
1.Бас меню – ActiVote – құрылғы
2. Пайда болған сұхбат терезеде тіркеу батырмасын басу
3. Құрылғы санын енгізу, ОК
4.Берілген терезедегі тіркеу кодын енгізу арқылы әр құралды тіркеуден өткізу.
5.Барлығын атау батырмасын басып, ашылған сұхбат терезеде қалаған символды енгізу
ІІ. Мәліметтер базасын тіркеу
1.Бас меню – ActiVote – Мәліметтер базасы (База данны пользователей)
2. Пайда болған сұхбат терезеде папка1, папка2, т.б. батырмааларының жанама менюінде оң жағын шертіп, жаңа атау енгізу керек.(8 сынып, 7 сынып, т.б.)
3.7 сынып батырмасын белсенді етеміз.
4.Подпапка1, подпапка2, т.б. батырмаларының жанама менюінде 7А,7Б, т.б. 7 сыныптар атауларын енгізу керек.
5.Қолданушы – Қосу (Пользователь-Добавить) командасын орындау
6.Ашылған сұхбат терезедесыныптар бойынша оқушылар фамилияларын енгізу, ОК
7. Тіркелген тізімнен керек фамилиялар бөлігін белгілеп, қажетті сыныпты белсенді етіп, оңға батырмасын шерту
8. Файлға атау енгізіп, (мысалы: оқушы тізімі) өзіңізге ыңғайлы орынға сақтау керек.
9.Кейін мәліметтер базасын жаңа тізімдермен толықтыру қажет болған жағдайда, осы файлды ашып, 5-7 тапсырмаларды орындап, Сақтау батырмасын шертіңіз.
ІІІ. Тест құру алгоритмі
1.Бас меню – ActiVote – Сұрақтар шебері (Мастер вопросов)
2.Ашылған сұхбат терезеде – Титул орнату – Титул бетін толықтыру- Атау өрісінде тақырып атауын енгізу.
3.Сұрақтар орнату – Орнату – Жаңа сұрақ
-
Сұрақтар өрісінде сұрақ енгізу;
-
Сұрақ түрі өрісінде көрсетілген түрлердің бірін таңдау;
-
Сұрақтардың жауаптары өрісінде түр санына сәйкес жауаптарын жазу;
-
Дұрыс жауабы өрісінде сұрақтың дұрыс жауабының нұсқасын таңдау;
4. Келесі батырмасын басу
5. Флипчарт параметрлерін енгізу. Келесі батырмасын басу
6. Флипчартты сақтау (.flp кеңейтілімімен оқушыға жүргізілетін тест), ОК
7. Шығу батырмасын басу (.qmf кеңейтілімімен мұғалімге тестіні редакторлеуге арналған файл)
IV. Тест жүргізу алгоритмі
1.Жүргізілетін тест флипчартын жүктеу
2. Ашылған сеанс ActiVote сұқбат терезеде Қолданушылар – Атау берілген қолданушыларға арналған құрылғы командаларын орындау, келесі ашылған сұқбат терезеде:
-
Ашу қосымшасының Қоржын – Ішкі қоржын өрістерінен қажетті тізімді таңдау, оңға батырмасын шерту- Тест – Шығу
3. Сеанс – ActiVote сұқбат терезеден ОК таңдау
4. Тестінің бірінші сұрақ бетінде ActiVote құралын іске қосу, сонда қолданушы тізімі шығып, берілген сигналдарды қабылдау басталады.
5.Тест соңында Нәтиже шартбелгісінде шертіп тест қорытындысын аламыз. Бұл жерде Жалпы есеп, Қысқаша шолу өрістерін таңдау арқылы да
деректер алуға болады.Тест қорытындысын Excel терезесінде диаграмма
түрінде көрнекті көру үшін экспорттау тәсілін қолдануға болады. (Бас меню – Флипчарт – Экспорт – ActiVote нәтижесі – XLS(Excel)).[13]
2. MyTest –те жасалған автотест арқылы тест алу. Бұл автотест арқылы
5-11 сыныптың тақырыптық тесттеріне үлгі жасадым.
MyTest - тестілеу бағдарламасы, бағалау нәтижелерін деректерді жинау және талдау компьютерлік тестілеу құру және жүргізу үшін қолданылатын бағдарламалар жүйесі болып табылады. Бағдарлама пайдалануға оңай және ыңғайлы болып табылады. Тест жасау үшін пайдаланушы интерфейстің өте ыңғайлы сынақ редакторы бар.
MyTestEditor.exe ашу үшін екі рет нұқыңыз
«Нысана», құралдар тақтасындағы батырмасын «Қосу» немесе белгішені
«Жоспарланған тапсырманы қосу» таңдаңыз.Тапсырманың түрін таңдаңыз.
Жұмыс және жауап параметрлерін енгізу үшін өрісінде, дұрыс жауап таңдау «уақыт шегін » орнатыңыз. «Сақтау » Батырмасын басыңыз.
Кейін сұрақтар , тапсырмалар , уақыт лимиті « сынақ параметрлері » Қалыпты / кездейсоқ» таңдау үшін барлық тест сұрақтарына кірді.
Файл - Сақтау батырмасын шерту. Тестті орындау үшін «MyTestStudent.exe » файлын ашу керек.
Файл - Ашу . Енді тест таңдаңыз. Ашық.
«Бастау Test » - « Test» командаларын оындау керек.[14]
3. MS Excel – программасы арқылы тест алу.
Өз тәжірибемде жиі қолданылып жүрген Excel прогаммасында тест құру бағдарламасына тоқталсам:
В1 ұяшығына = «Пән аты мен сыныбы»
В2 ұяшығына = «Тест құрылатын тақырып атауы жазылады»
А3 ұяшығына = «Сұрақтар реті»
А4:А7:А10:А13:А16:А19:А22:А25:А28:А31ұяшықтарына=
« 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10» - сандарын енгізу.
В3 ұяшығына = «Сұрақтар»
В4 ұяшығына = «1 сұрақты енгізу»
В7 ұяшығына = «2 сұрақты енгізу»
В10 ұяшығына = «3 сұрақты енгізу»
В13 ұяшығына = «4 сұрақты енгізу»
В16 ұяшығына = «5 сұрақты енгізу»
В19 ұяшығына = «6 сұрақты енгізу»
В22 ұяшығына = «7сұрақты енгізу»
В25 ұяшығына = «8 сұрақты енгізу»
В28 ұяшығына = «9 сұрақты енгізу»
В31 ұяшығына = «10 сұрақты енгізу»
С3 ұяшығына = «Жауап реті»
С4:С5:С6 ұяшығына = «1,2,3 сандарын енгізу»
Сөйтіп, С33- ке дейін «1,2,3» сандарын енгізіп шығамыз.
D3 ұяшығына = «Жауаптар нұсқасы»
D4: D5: D6 ұяшықтарына «1 сұрақтың жауаптары»
D7: D8: D9 ұяшықтарына «2 сұрақтың жауаптары»
D10: D11: D12 ұяшықтарына «3 сұрақтың жауаптары»
D13: D14: D15 ұяшықтарына «4 сұрақтың жауаптары»
D16: D17: D18 ұяшықтарына «5 сұрақтың жауаптары»
D19: D20: D21 ұяшықтарына «6 сұрақтың жауаптары»
D22: D23: D24 ұяшықтарына «7 сұрақтың жауаптары»
D25: D26: D27 ұяшықтарына «8 сұрақтың жауаптары»
D28: D29: D30 ұяшықтарына «9 сұрақтың жауаптары»
D31: D32: D33 ұяшықтарына «10 сұрақтың жауаптары» енгізілуі керек.
F3 ұяшығына = «жауап №» енгізілу керек.
F5:F8: F11: F14: F17: F20: F23: F26: F29 ұяшықтарын ерекшелеп, құю (заливка) құралын пайдаланып, бояп қоямыз. Себебі бұл ұяшыққа қай жауап нұсқасы дұрыс деп есептесе, сол сан реті бойынша санды енгіземіз.
Енді жауаптардың дұрыстығын тексеру үшін: А35 ұяшығына =ЕСЛИ(F5=1;1;0) формуласын енгізу керек. Бұл шарт бойынша 1- сұрақтың 1-жауабын таңдаған дұрыс болып есептеліп, 1-ұпай болады. Егер 2-ші немесе 3-ші жауап нұсқасын таңдаған болса, шарт орындалмайды да 0 ұпай болады.
А35 ұяшығының шарты сияқты В35:С35:D35:Е35:F35:G35:H35:I35:J35:К35 ұяшықтарына шарттарды енгізу керек.
L35 ұяшығына= СУММА (А35: К35) енгізу керек. Бұл ұяшықта дұрыс жауаптардың саны шығады. В37 ұяшығында = «Дұрыс жауаптар саны», В38 ұяшығында = «Қате жауаптар саны», С37 ұяшығына = «L35» деп енгізу керек. С38 ұяшығына = «Баға», С40 ұяшығына= ЕГЕР (L35>=9;5; ЕГЕР (L35>=7;4; ЕГЕР (L35>=5;3; «+2»))) формуласын енгізу керек.
А35 тен К35 –ке дейінгі ұяшықтарда дұрыс және қате жауаптар 0 және 1 цифрларымен көрініп тұрады. Егер оқушылар осы цифрларды көрмесін десеңіз, А35 тен К35 –ке дейінгі ұяшықтарды ерекшелеп, шрифтін ақ түспен бояса оқушыларға көрінбей тұрады. Келесі тесттерге жауаптар нұсқасының орнын ауыстырып, енгізілген формулалардағы шарттарды да соған сәйкес түрлендіруге болады.
Осы Excel программасында тест құру әдісін қолданып, 5-11 сынып бағдарламасына сәйкес тест тапсырмаларын жасадым.
4. Сондай-ақ Easy Quizzy программасы арқылы жасалаған автотесттің жасалу жолына тоқталсам:
Программада жұмыс жасамас бұрын оны орнату керек. Ол үшін Easy Quizzy-2.0 – installer белгішесінде шертіп, компьютерге программаны орнатамыз.
Тест туралы ақпарат қалташасында Тест айнымалы: өрісіне пән атауын енгіземіз. Тест сипаттамасы өрісіне тест туралы негізгі ақпаратты енгізуге болады. Автор өрісіне өз аты – жөнімізді енгіземіз. Сұрақтар мен жауаптар қалташасында Сұрақтың типі үнсіздік келісім бойынша Дара таңдау болып тұрады.
Сұрақтың бөлімінде сұрақтың мәтіні жазылып, Жауаптар нұсқасы бөлімдеріне сәйкесті жауаптарды жазып, Дұрыс жауаптың астындағы орналасқан «Дұрыс жауап» деген қосқышты қосып, белгілейміз. Жауап нұсқасы төртеуден көп болса, төменгі жақтағы «Жауап нұсқасын қосу» батырмасы арқылы қосуға болады.
Келесі тест сұрағын қосу үшін сол терезенің сол жақ бөлігінде орналасқан «Сұрақ қосу» батырмасын шерту керек. Енді сұрақтын типін өзгертуге болады. Альтернативті таңдау нұсқасын таңдап, ИӘ немесе ЖОҚ деп жауап бере алатындай сұрақ жазып, дұрыс жауабын белгілеу керек.
Тесттің келесі сұрағын «Бірнешеуін таңдау» типі арқылы жасауға болады. Сұрақтың типі тізімін ашып, сәйкесті типті таңдауға болады. Сұрақты енгізіп, оның бірнеше дұрыс жауабын белгілеуге болатындай етіп, дұры жауаптарды бірнеше нұсқаға бөліп тастаймыз. Ескеретін жағдай: барлық жауаптар дұрыс болып кетпеу керек, арасында қате жауап болуы шарт.
Тесттің келесі сұрағын «Дұрыс тізбекті орнату» типін пайдаланып жасайық. Сұрақтың типін сәйкесті «Дұрыс тізбекті орнату» деп таңдаңыз. Сұрақты енгізгеннен кейін «Жауаптар нұсқасы» бөліміне дұрыс жауаптарды жазу керек.
Сәйкестікті орнату типін таңдап, ол арқылы сәйкестендіру тестін жасауға болады. Сұрақты жазып, «Жауаптар нұсқасы» бөлімінде пікір немесе анықтаманы жазып жанындағы тұрған өріске дұрыс жауабын жазу керек.
«Еркін жауап» типін қолданса, тестіленуші сұраққа еркін түрде мәтінмен немесе сан енгізу арқылы жауап бере алады.
Тесті баптау бөлімінде құрылып отырған тесті баптауға болады.
Терезенің стандартты тақтасындағы «Сақтау және іске қосу» батырмасын басып, тестен өту программасын шақырып, тесттен өтуге болады. Өз атыңызды енгізгеннен кейін «Тесттің басталуы» батырмасын басу арқылы тесті бастауға болады.
Терезедегі сұрақтарға жауап бергеннен кейін «Жауапты қабылдау» батырмасын басып, келесі сұраққа өту керек. Сұрақтың жауабын білмеген жағадайда «Өткізіп жіберу» батырмасы арқылы өткізіп жіберіп, кейін «Қайтып оралу» батырмасы арқылы қайтып оралуға болады немесе сұрақтар біткенде программа автоматты түрде сол сұрақтың жауабын сұрайды.[15]
Тесттің қорытындысын әртүрлі бағалау жүйесінде баптауға болады:
5 баллдық жүйе, 10 баллдық жүйе, 12 баллдық жүйе, 100 баллдық жүйе, сынақтық жүйе, тұтынушылық жүйе тағы сол сияқты болып бөлінеді.
Осы Easy Quizzy программасында Паскаль бағдарламалау тілінің тақырыптарына арналған тест құрып, тәжірибемде пайдаланып жүрмін.
Қорытынды
Тестік жүйенің беретін нәтижелері қандай болмақ?
-
Оқушылардың тақырыпты қалай меңгергенін анықтауға;
-
Оқушыларға өтілетін тақырыптардың қандай бөліктерінің ауыр тиетінін білуге;
-
Оқушылардың оқуға жауапкершілігін арттырып, олардың өздігінен жұмыс істеуге талпындыруға;
-
Оқушылардың іскерлігін арттырып, дүниені тануға ұқыптылығын дамытуға;
-
Ең бастысы, тесті құрастыру қиын да көп уақыт алатын жұмыс болғанымен, ол оқушы білімін тексерудің тездігі арқасында, мұғалім еңбегін жеңілдетуге мүмкіндік береді;
-
Жүйелі жүргізілген тест жұмысы, тестіленушінің білімін, біліктілігін дұрыс бағалайды;
Нәтижесінде тестіленушінің білімі мен біліктілігі:
-
Ақиқат бағаланады;
-
Қайталау жүзеге асады;
-
Білімі мен біліктілігі артады;
-
Оқушының ынтасы оянады;
-
Ойын жүйелеуге ықпал етеміз;
-
Оқушы өз білімі мониторингісін өзі қарап басқара алады;
Ғылыми негізделіп, дұрыс құрастырылған тестік тапсырмаларды жүйелі пайдалану оқыту сапасын жақсартуға, оқушының бойында уақытты үнемдей білу, тез ойлау, жинақты болу және ұтымды шешім қабылдау, ойын дұрыс тиянақтау, өз бетінше жұмыс істей білу қасиеттерін қалыптастыруға және дамытуға мүмкіндік береді. Әрине, тест арқылы бақылауды мамандық және пәннің өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес басқа да дәстүрлі (ауызша, жазбаша, т.б.) бақылау жұмыстарымен үйлестіре (ұштастыра) жүргізу қажет болады.
Сонда ғана тестілеу әдісінің оқытудағы тиімділігі арта түседі. Пән, нақты тарау және тақырып ерекшеліктеріне және оқушылардың бүгінгі білім деңгейіне сәйкес тестілеудің әртүрлі формаларын пайдаланылатын болсақ, соғұрлым оның оқыту және білім алу сапасына тигізетін оң нәтижелерінің қомақтылығы көріне бастайды. Сонда ғана тестілеудің артықшылықтары, тиімді мүмкіндіктері ашыла түсетін болады, бақылау және бағалаудың обьективтілігі міндетті түрде қамтамасыз етіледі. Нәтижесінде оқыту және білім алу сапасының деңгейі едәуір жақсара түсетіндігі сөзсіз.
Пайдаланған әдебиеттер:
-
Сағымбаева А. «Білім берудің тестілік әдістемесі»Әдістемелк құрал
-
Каланова Ш.М.,Усенбаева М.А. «Разработка тестовых заданий для контроля знаний студента» – Тараз,1998г
-
Русаков С.В.,Русакова О.Л.,Шестакова Л.В. «Тестовая форма контроля для базового курса ОИВТ» - Информатика и образованиу №6-7, 1997г
-
Ропопорт И.,Сельг Р., Соттер Тесты для обучении в средней школе. – Таллин – 1987г
-
Панфилов С.А.Контроль знаний на ЭВМ. Учебное пособие.
Саранск 1989г
-
Бидайбеков Е.Ы., Рах С.В., Шалабаев Е.Б.
Математико-информационные технологии в теории и практике обучения. Учебное пособие. Алматы – 1996г
-
Бидайбеков Е.Ы., Сагимбаева А.Е. Тест құрудың бір критерийі.
ИФМ№5, 1997ж 3б.
-
Балықбаев Т.О. Педагогическое и техническое основы формирования студенческого контингента. Алматы -2001г
-
Нұрбекова Ж.К., Кабжанова А., СағымбаеваА.Е. Методические особенности осуществения автоматизированного контроля знаний по курсу информатики. Алматы-2003г
-
Нұрбекова Ж.К., Сағымбаева A.Е. Білімді бақылаудың автоматтандыру тәжірибесі. Алматы- 2001ж
-
Информатика негіздері -2002ж, №6, 2-б.
-
А.Сағымбаева Тест тәсілін қолданып оқушы білімін компьютерде пайдалану. Оқыту әдістемесі.
-
М.А.Ғалымжанова, Ж.Т.Балапанова, Г.У.Санатова «Интерактивті тақтаны оқыту әдістемесі» Әдістемелік құрал. Атырау – 2009ж
-
www.google.kz сайты
-
Информатика негіздері – 2014ж №2,13-б.
20
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ "Мен және менің досым"

шағым қалдыра аласыз