Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
ашық сабақ Мен өз Отанымның патриотымын 7 сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Мақсаты: Оқушыларға патриоттық тәрбие беру. Отан сүюшілікке, ерлікке, ұлтын суюшілікке, батылдыққа, табандылыққа – талеранттылыққа, өжеттілік, қайсарлыққа баулу.
Көрнекілігі: суреттер,шар,интерактивті тақта
Кіріспе:
Психологиялық даярлық. Оқушыларды топқа бөлу.
Бүгін бізде ұзақ демалыстан кейінгі қуанышты мейрам,яғни жаңа оқу жылының бірінші күні.Біздің бірінші сынып сағатымызды сергітуден бастаймыз.Олай болса барлықтарын ортаға шығып шеңбер жасап тұрындар.
-Егер де сендер мектепке қуанышпен келетін болсаңдар оң қолдарынды бұлғандар;
-Егер де сендер адамда шыңдық пен әдептілікті бағалайтын болсаңдар алдыға бір қадам жасаңдар;
-Егер де сендер өз күштеріне сенетін болсаңдар секіріңдер;
-Егер де сендерді біздің еліміздің тағдыры мен келешегі ойландырса шапалақ ұрындар;
-Егер де сендер өздерінді Отанымыздың патриотымын деп санайтын болсаңдар екі қолдарынды жоғары көтеріндер;
-Егер де сендер еліміздің
болашағы сендердің ұолдарында деп санайтын болсаңдар қол
ұстасындар.
Балалар,сынып сағатымызда не туралы сөйлесетінімізді білу үшін
мақалды тыңдап көрейік.
Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
Бұл мақалда не туралы айтылған? (Отан туралы)
Ал Отанымыз қалай аталады?(Қазақстан)
Ой қозғау. «Қазақстан» сөзіне ассоциация құру.
Сендер Қазақстан сөзін естігендерінде ең алдымен ойларына не келетінің алдарындағы парақтарына жазыңдар.(оқушылар жауаптарын тақтаға іледі )
Ал енді осы сөздерді (Отан,Ел,Президент т.б.) еліміздің СИМВОЛДАРЫ деп айтуға да болады.
Сынып сағатымыздың тақырыбы : «Мен өз елімнің патриотымын».
Бүгінгі таңда патриот болу не? Әрқайсын өз ойларынды айтындаршы?(Оқушылар өз ойын айтады).
Топтық жұмыс.
Балалар, сендер жаңа патриоттың бойындағы болуға міндетті қасиеттерді атап бердіңдер.Ал енді әр топтың алдына карточка таратып берейін.Осы берілген қасиеттердің ішінен патриотқа лайықты қасиеттерді ғана табыңдар.
«Патриот деген...» тапсырманы орындайды.
-
Өзінің туып өскен жерін жақсы көретін адам
-
Табиғатта серуендегенді жақсы көретін адам
-
Өзін жақсы көретін адам
-
Өз анасын ,туған туысын және үйін жақсы көретін адам
-
Әлемде өз елінен артық ел жоқ деп мақтан тутатын адам
-
Табиғатты сүйіп қана қоймай оны қорғайтын адам
-
Өз Отанын қорғауға дайын адам
-
Мемлекеттік рәміздерді білетін адам
-
Өз ана тілін білмей өзге тілдерді оқитын адам
-
Өз Отанын сүйетін адам
-
Өзге елде тұрғысы келетін адам
-
Өз Отанының жандануына сенетін адам
-
Өз еңбегімен елін асқақтататын адам
-
Өз елінің тарихын білетін,өткенімен болашағына мақтанышпен қарайтын адам
-
Бойында менмендік қасиеті басым келетін,қолда барымен өзгелермен бөліскісі келмейтін адам.
Ал енді әр топты тыңдап көрейік.Сонымен өз елінің патриоты қандай болу керек екен? (оқушылар өз жауаптарын айтады).
-Жақсы,жарайсыңдар! «Патриот» терминімен танысайық.
Патриот- өз Отанын адал сүйетін, қызмет ететін, өз мүддесінел мүддесі жолында құрбан қылатын, басқа ұлттар мен ұлыстарға кеңпейілділікпен қарайтын адам өзінің Отанына берілген, оның мүдделеріне қызмет ететін адам.
Патриот - Отан, патриот - отаншыл, патриотизм - отаншылдық. Патроиот адам өз Отаны үшін қызмет етеді, абыройын асырады, Отаны үшін жанын құрбан етуге дайын адам.
-Балалар еліміздегі «Патриот» деген атқа лайықты қандай тұлғаларды білесіңдер?
Айтолқын : Тоқтар Әубәкіров- Қ.Р.тұңғыш ғарышкері
Алихан : Генадий Головкин- бокстан бірнеше дүркін чемпионы
Асия : Дмитрий Баландин- Рио олимпиадасының алтын иегері
Сағи : Ният Рахимов – Рио олимпиадасының чемпионы
Анеля : Димаш Құдайбергенов
Нұршат : Н.Ә.Назарбаев еліміздіңстратегиялық дамуы,Ұазақстанның барлық адамдарының бойында отаншылдық сезімімен өз еліне деген сүйіспеншілігінің артуына тікелей байланысты деп айтқан.
-Жақсы,жарайсыңдар!
Қазақстан –біздің ортақ Отанымыз.Елімізге деген махаббатпен сыйластық көпұлтты халқымызға ортақ қызмет ететін мемлекеттік рәміздерімізді білуден басталады.
Сондықтан балалар «Мемлекеттік рәміздер» деп аталатын тапсырманы орындайық.
Топтық жұмыс.
І топ- Мемлекеттік ту.Сұрақ-жауап:
1.Тудың авторы Қазақстан Республикасының?
Шәкен Ниязбеков
2. Қазақстан Республикасының туында қандай түстер бар?
Олар нені білдіреді?
Көк және сары.Көк-көгілдір түс төбедегі бұлтсыз ашық аспанды, бірлік, ынтымақ, бейбітшілікті білдіреді.Сары байлықтың белгісі.
3.Тудағы күн нені білдіреді?
Жарық пен жылуды халыққа шашады.
4.Тудағы қыран нені білдіреді?
Қасиетті құс, мәңгілік белгісі.
5.Тудағы ою-өрнек нені білдіреді.
Қазақтың ғұрпын білдіреді
ІІ топ- Елтаңба. Сұрақ-жауап:
Елтаңбадағы «Шаңырақ» деген сөз нені білдіреді? Ол — елтаңбаның жүрегi. Шаңырақ — мемлекеттiң түп-негiзi — отбасының бейнесi. Шаңырақ —отбасының бейнесi.
Тұлпар нені білдіреді? Тұлпар — дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi.
Қанатты тұлпар — қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол - өлмес өмiрдiң бейнесi. Бiр шаңырақтың астында тату-тәттi өмiр сүретiн Қазақстан халқының өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесiн паш етедi.
Бес бұрышты жұлдыз нені білдіреді? Бес бұрышты жұлдыз елтаңбаның тәжi iспеттi. Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар.
ІІІ топ- Гимн.Мемлекеттік гимн туралы не білесіңдер?
Қазақстан Республикасының Гимні 2006 жылы 7 қаңтарда бекітілді. Гимннің сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Әнін жазған Шәмші Қалдаяқов.
Мемлекеттік рәміздер туралы видеобейне көрсетіледі.
-Балалар,мемлекеттік рәміздерден бөлек өз еліміз туралы таңы не білесіңдер?(оқушылар өз ойларын айтады).
Анеля : Еліміз көпұлтты мемлекет екенің мақтан тұтамын
Айгерім : Пайдалы қазбаларға өте бай
Назым : Ұлттық тағамдарымызбен мақтанамын
Талшын : Ұлы тұлғаларымызбен,бабаларымызбен тарихымен мақтанамын
Асылжан : Тәуелсіздігімен,Елбасымызбен мақтанамын
Осы жылы өтіп жатқан ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесі мақтанарлық жайт емес пе?
ЭКСПО-2017 туралы не білесіңдер? «Экспо» деген не?
Балауса : Ол көрме. «Экспо» деген сөздің өзі «көрме» дегенді білдіреді. Бірақ Экспо жай көрме емес, бүкіләлемдік көрме. Оның World Expo деп аталатыны да сондықтан. Ауқымы жағынан бұл шараны тек Олимпиада ойындарымен салыстыруға болады. Әлем елдерінің ғылымдағы, өндірістің сан саласындағы жетістіктері осы көрмеге қойылады. Жаңа ғасырдың көптеген көкейкесті мәселелері талқыланатын, ғаламшар экологиясын жақсартуға қатысты ұсыныстар айтылатын жер де – осы көрме.
-Ия, дұрыс айтасың.
Осы ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесі туралы естіп қана қоймай өз көзімен көріп келген оқушыларымызда бар.Олар Шугаева Балнұр мен Орынғалиқызы Назым.Кәне сендерді тыңдайық.
-
Жақсы,ал енді ЭКСПО-2017 туралы видеобейне көрейік.
Рефлексия : Балалар бүгінгі сынып сағатын қорытындылау мақсатында мен сендерге бірнеше сөйлемдерді оқимын сендер болсаңдар сөйлемдерді аяқтайсыңдар.
1.Менің елім ең ....
2.Мен өз елімді мақтан тұтамын, өйткені ...
3.Патриот болу ол ...
4.Мен болашақта тұрғым келетін ел ол ...
Қорытындылау :
Мені,сендерді және де басқа адамдарды біріктіретін ұғым : Біз – қазақ елінің халқымыз.Біздің жетістігіміз біздің бірлігімізде.Олай болса барлықтарымыз шеңберге тұрып қол ұстасайық.Осы қол ұстасқанымыз біздің Тәуелсіз Қазақстанның достық пен бейбітшіліктің белгісі болсын!
Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназия
" Мен өз елімнің патриотымын "
Сыныбы : 7 «Б»
Сынып жетекшісі : Турсунбаева М.С.
«Патриот деген...»
-
Өзінің туып өскен жерін жақсы көретін адам
-
Табиғатта серуендегенді жақсы көретін адам
-
Өзін жақсы көретін адам
-
Өз анасын ,туған туысын және үйін жақсы көретін адам
-
Әлемде өз елінен артық ел жоқ деп мақтан тутатын адам
-
Табиғатты сүйіп қана қоймай оны қорғайтын адам
-
Өз Отанын қорғауға дайын адам
-
Мемлекеттік рәміздерді білетін адам
-
Өз ана тілін білмей өзге тілдерді оқитын адам
-
Өз Отанын сүйетін адам
-
Өзге елде тұрғысы келетін адам
-
Өз Отанының жандануына сенетін адам
-
Өз еңбегімен елін асқақтататын адам
-
Өз елінің тарихын білетін,өткенімен болашағына мақтанышпен қарайтын адам
-
Бойында менмендік қасиеті басым келетін,қолда барымен өзгелермен бөліскісі келмейтін адам.
«Патриот деген...»
-
Өзінің туып өскен жерін жақсы көретін адам
-
Табиғатта серуендегенді жақсы көретін адам
-
Өзін жақсы көретін адам
-
Өз анасын ,туған туысын және үйін жақсы көретін адам
-
Әлемде өз елінен артық ел жоқ деп мақтан тутатын адам
-
Табиғатты сүйіп қана қоймай оны қорғайтын адам
-
Өз Отанын қорғауға дайын адам
-
Мемлекеттік рәміздерді білетін адам
-
Өз ана тілін білмей өзге тілдерді оқитын адам
-
Өз Отанын сүйетін адам
-
Өзге елде тұрғысы келетін адам
-
Өз Отанының жандануына сенетін адам
-
Өз еңбегімен елін асқақтататын адам
-
Өз елінің тарихын білетін,өткенімен болашағына мақтанышпен қарайтын адам
-
Бойында менмендік қасиеті басым келетін,қолда барымен өзгелермен бөліскісі келмейтін адам.
«Патриот деген...»
-
Өзінің туып өскен жерін жақсы көретін адам
-
Табиғатта серуендегенді жақсы көретін адам
-
Өзін жақсы көретін адам
-
Өз анасын ,туған туысын және үйін жақсы көретін адам
-
Әлемде өз елінен артық ел жоқ деп мақтан тутатын адам
-
Табиғатты сүйіп қана қоймай оны қорғайтын адам
-
Өз Отанын қорғауға дайын адам
-
Мемлекеттік рәміздерді білетін адам
-
Өз ана тілін білмей өзге тілдерді оқитын адам
-
Өз Отанын сүйетін адам
-
Өзге елде тұрғысы келетін адам
-
Өз Отанының жандануына сенетін адам
-
Өз еңбегімен елін асқақтататын адам
-
Өз елінің тарихын білетін,өткенімен болашағына мақтанышпен қарайтын адам
-
Бойында менмендік қасиеті басым келетін,қолда барымен өзгелермен бөліскісі келмейтін адам.