Ашық сабақ "Мен салат жасаймын " 1-сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Мен салат жасаймын " 1-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
1-сынып арналған сабақ жоспары жаңартылған білім бағдарламасы бойынша құрылған.Оқушылардың білімін жоғарлату және түсінікті болу үшін пайдалы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Пән: қазақ тілі.Мектеп: «Қостанай қаласы білім бөлімінің №4 мектеп» ММ

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Ибрашева Г.Р

Сынып: 1 «А» Қатысушылар саны: Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы:

Мен салат жасаймын.

Осы сабақта жүзеге асатын оқу мақсаты:

1.2.4.1. Шағын мәтінді/ қарапайым оқиғаларды мазмұндау.

1.1.3.1. Тыңдаған мәтін мазмұны бойынша мұғалімнің көмегімен сұрақтарға жауап беру, сәйкес илюстрация/суреттер/ сызба таңдау.

1.3.2.1. Мәтіндегі таныс сөздердің мағынасын түсіну.

Сабақ мақсаты:

Барлық оқушылар істей алады: Көкөністерді атай алады, салат жасау үшін қандай көкөністер қажет екенін атай алады, оларды көкөністер арасынан таңдай алады.

Көптеген оқушылар істей алады: Тақырып бойынша белсенді лексиканы қолдана алады, өз қалауы бойынша ерекше ас мәзірін (салат) жасай алады.

Кейбір оқушылар істей алады: Көкөніс атауларын толықтыра алады, сабақта үйренген құрылымдық үлгілерді өмірлік жағдаяттарда еркін қолдана алады.

Табыс критериі:

Шағын мәтінді/ қарапайым оқиғаларды мазмұндайды.

Тыңдаған мәтін мазмұны бойынша мұғалімнің көмегімен сұрақтарға жауап береді, сәйкес илюстрация/суреттер/ сызба таңдайды.

Мәтіндегі таныс сөздердің мағынасын түсінеді.

Тілдік мақсаттар:

Дайын-готов

Дәмді-вкусный

қияр, қызанақ, орамжапырақ, пияз, сәбіз, картоп, тұз, майонез,

мен салат жасаймын.

Құндылықтарды дарыту:

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пән аралық байланыс:

Технология


АКТ-ны қолдану дағдылары:

Таныстырылым, презентация.

Қосымша білім:

Жеміс атауларын.

Сабақ барысы:

Жоспарланған сабақ кезеңдері:

Сабақта жоспарланған қызмет (іс-әрекет)

Ресурстар.

Сабақтың басы:

(5 минут)

Сабақтың басында:

Оқушылардың назарын шоғырландыру, шаттық шеңберіне шақырып, өзара тілек тілдіру арқылы оқушылардың сабаққа деген ынтасын көтеру.

Шаттық шеңбері.

Қайырлы күн, досым,

Қайырлы күн болсын.

Сәрсенбінің сәті

Сәттілікке толсын! – деп оқушылар жалғастыра тілектерін айтады. Сыныпты үш топқа бөлеміз, оның спикерлерін анықтап аламыз.

Алдыңғы оқуды еске түсіру: «Ортадағы қалам» ойыны арқылы оқушылар өткен материалды қайталап шығады.


Сабақтың ортасы:

(5-40 минут)

Жаңа тақырып: жаңа сабақтың сөздерімен танысамыз:

Дайын-готов

Дәмді-вкусный

(қияр, қызанақ, орамжапырақ, пияз, сәбіз, картоп, тұз, майонез) суреттерін көрсету.

Оқушылармен бірге сабақтың оқу мақсатын топтағы құрастырылған постерлер арқылы анықтау: салат жасау үшін қандай ингредиенттер керек? және оған жету үшін талаптарды орындау арқылы мақсатымызға жетеміз. (салатқа ат қояды)

«Оқушылардың жақын даму аймағын» және сабақ аяғында олардың табыстарын ескере отырып, салған ингредиенттері арқылы жасалған салатты күтеді соған талпынады, қойылған мақсатына жетеді.Мақсатымызға жету үшін біз бүгін саяхатқа шығамыз. Ендеше пойызбен аралап, өзіміздің салатты жасауға ингредиенттерді табайық.

Пойыз аялдамаларын тоқтап ингредиенттерді алу үшін тапсырмаларды орындаумыз керек.

  1. аялдама. Көкөністер аялдамасы.

Көкөністердің бізге ұсынған тапсырмаларын орындау арқылы, әр топ өз салатына қажетті ингредиенттерді алады.

  1. аялдама. Сергіту сәті аялдамасы. Аю әні.

  2. Азық-түлік аялдамасы.

Азық-түліктердің де тапсырмаларын орындап көрейік.

Әр топ спикерлері өз салатын жасағаннан кейін,оны қорғап айтып береді. (ингредиенттерін)

Міне, енді біздің салатымыз дайын болды.

Бағалау критериі: Қарапайым

сұрақтар

құрастырады.


Суреттергі заттарды сипаттай алады.















Дескриптор: әр дұрыс жауапқа 1 баллдан (бір ингредиент)

Сабақтың аяғы:

(40-45 минут)

Сабақ аяғында оқушылар рефлексия жүргізеді

-нені білді, неге үйренді?

-не түсініксіз болды?

-нені әлі де оқу керек, үйрену керек?

Мұғалімнің тәрелкелеріне әр оқушы өздеріне ұнаған ингредиент түрлерін таңдап алып, берілген түстегі тәрелкеге салады.


Дифференциация –Сіз жоспарда қолдануды қалай басымырақ көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетті балаларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау оқушылардың меңгерген білімдерін қалай тексеруді жоспарға енгізіп отырсыз?

Денсаулық пен қауіпіздік техникасын қорғау

Дифференциация оқушыларға нақты қолдау көрсету үшін тапсырмаларды жинақтау, іріктеу арқылы оқушының қабілетіне орай таңдалуы тиіс (Гарднер бойынша көпқырлы зияткерлік теорисы жүзінде).

Дифференциация сабақтың кез келген кезеңінде уақытты үнемді қолдану барысында жүзеге асуы мүмкін.

Бұл бөлімде сабақ барысында оқушылардың меңгергенін бағалау үшін қолданылатын әдістерді жаза аласыз.

Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері, іс-әрекеттің белсенді түрлері. Қауіпсіздік техникасының пункттері болуы мүмкін.

Сабақ бойынша рефлексия.

Оқу мақсаттары шынайы болда ма? Барлық оқушылар ОМ жетті ме? Егер жетпесе неге? Сабақта дифференцациа дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттары сақталды ма? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма, неге?

Осы бөлімде сабақ туралы ойланыңыз. Сол жақтағы бағаның негізгі сұрақтарына жауап беріңіз.


Жалпы бағалау:

Сабақтың екі көрінісі жақсы өтті (оқыту мен қатар оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға ненің әсері тиуі мүмкін (оқыту мен қатар оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сыныппен бөлек оқушылар туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу керек?


«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №4 орта мектебі»ММ







Ашық сабақ

Тақырыбы: Мен салат жасаймын.













Мұғалім Ибрашева Г.Р

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.11.2018
2307
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі