Материалдар / Ашық сабақ "Менің Атамекенім" 2-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Менің Атамекенім" 2-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары 2сынып дүниетану пәніне арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қараша 2020
809
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қармақшы ауданының №273 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Абуова Нурсулу.

Пәнім :Дүниетану

Сыныбым:2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімінен алынған оқу мақсатым:

2.1.3.1.Өз зерттеулеріне сүйене отырып,аймағының көрікті жерлерін сипаттау және бейнелеу.

Сыныптағы оқушыларды дамытуға бағытталған сабақ мақсаттарым.

Барлық оқушылар :

  • Туған жерін таныстырады

  • Ауыл мен қаланы ажыратады

  • Тақырыпқа сәйкес сұраққа жауап береді.

Көптеген оқушылар :

  • Өзбетінше көрікті жерлерге деректер жинайды.

  • Қосымша суреттер бойынша әңгімелейді.

Кейбір оқушылар:

  • Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмаларды орындайды,

  • Тақырып бойынша қосымша мәліметтерге дәлелдер келтіреді.

Оқу мақсаты негізінде құрастырылған бағалау критерийлері:

  • Ауыл мен қаланы салыстырады.

  • Аймағының көрнекті жерлеріне сипаттама береді.

Белсенді оқытуды жүзеге асыруда топтық жұмыс ұйымдастырылады.

Топтық жұмыс «Жас тілшілер»-деп аталады.

Сыныптағы оқушыларды 3 топқа бөле отырып, ар топқа түрлі тапсырма ұсынылады.

Ендеше балалар мен сіздерге мәлімет жазылған қима қағаздарын таратамын. Сондағы мәтінді оқып, тақтада көрсетілген суретке сәйкес жас тілшілер қаламыздағы көрікті жерлеріне сипаттама жасайды.

1 топ: «Қалалық мәдениет үйі»

2 топ: «Ауылдық кітапхана »

3 топ: «Өлкетану мұражайын» сипаттайсыздар

Қазалы ауданының мәдениет үйі .

Қазіргі таңда Қазалы ауданында ауылдық округ әкімі апараттарына қарасты 6мәдениет үйі мен 17 клуб барлығы 50 мекеме халыққа қызмет көрсетеді.

Ауылдық кітапхана

1969 жылдың қараша айында жаңа ауылдық кітапхана салынды.Бүгінгі таңда кітапхана заманауи оқу ғимаратына айналды.

Жанкент шаhары

Жанкент атауының өзі Жаңа қала деген мағынаны білдіреді.Жанкент шаhарының аумағы 15-20 гектар,егіншілігі мен саудасы мықтап өркендеген қала болды.Арал теңізін Жент теңізі деп атаған.

Топтық жұмыс негізінде әр топ жасаған жұмыстары бойынша бір-біріне кері байланыс бере отырып, «Екі жұлдыз,бір ұсыныс»түрін қолдану арқылы бірін-бірі бағалайды.

  • Келесі жұмыстың түрі жұптық жұмыс.

  • «Көршіңе әңгімелеп бер »әдісі

1- топ тапсырмасы

  • Оқушылар мәтін бөліктерін оқиды. Өз ауылы немесе қала өмірі жайлы әңгімелеп жеткізеді.

2-топ тапсырмасы

  • Мен ауылда тұрамын. Ауылым өзен жағасында орналасқан. Жаз айында өзенге шомылып, күнге қыздырынамын.

  • 3-топ тапсырмасы.

  • Мен қалада туып – өстім. Мұнда әдемі биік үйлер, кең де көрікті көшелер бар. Қалада оқу орындары, театрлар мен мұражайлар жұмыс істейді. Сондай – ақ қаламызда киім фабрикасы, автомәшине шығаратын үлкен зауыт бар. Тақырыпта әңгімелейсіздер.

Жұптар бір –бірін смайликтер арқылы бағалайды.

Сыныптағы арбір оқушының бүгінгі оқу мақсаты бойынша білімді қаншалықты меңгергендігін анықтау нәтижесінде қалыптастырушы бағалау тапсырмасы ұсынылады.

Бағалау критерийлері:

  • Ауыл мен қаланың айырмашылығын біледі.

  • Өз жерлерінің шыққан танымал тұлғалар туралы әңгімелейді.

Оқу дағдыларының деңгейі:Білу,түсіну.

3.Жеке жұмыс:Дәптермен жұмыс жасайсыздар.

1-топ

  • Венн диаграммасына ауыл мен қаланың ерекшелігі және екеуіне ортақ сөздер жазасыздар

2-топ

  • Менің туған жерімнің атын шығарған адамдар.Олардың есімдерін тауып жазасыздар

3-топ

  • Біздің қаламыздағы мәдени орындарды ,ерекшеліктерді тауып атайсыздар.

  • Ауыл мен қаланы салыстырады.

  • Ауыл мен қаланың айырмашылығы мен ұқсастығын табады.

  • Танымал тұлғалардың есімдерін тауып жазады.

  • Туған өлке турасында әңгіме құрайды,мәдени орындарды атайды.

Содан сон Кері байланыс жүреді.


Сыныптағы оқушылардың қабілетін ескере отырып, қабілеті жоғары және қабілеті төмен оқушыларға қосымша тапсырмалар әзірленеді.

Қабілеті жоғары оқушылар үшін:Менің қаламның атын шығарған адамдарға сипаттама бер

Қабілеті төмен оқушылар үшін:Туған ауылының мысалы Қазалы ауданының көрікті жерлерінің суреттерін,сөздермен байланыстырып табады,сәйкестендіреді.

Сыныптағы оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыру үшін, уәжін көтеру мақсатында, қызығушылығын ояту үшін және қалыптсатыру үшін бағалаудың «Жарайсың», «Керемет», «Тамаша»,түрлері қолданылады.

Топтық жұмыста бір-бірін «Екі жұлдыз ,бір ұсыныс»арқылы бағалайды.

Сабақтың өн бойында жасалатын жұмыстардың нәтижесін анықтау мақсатында «Білім қоржыны»әдісі арқылы РЕФЛЕКСИЯ жүргізіледі.

Қызыл қоржын:өте жақсы түсіндім

Көк коржын:Мен сабақты жақсы түсіндім

Сары қоржын:Тақырып бойынша әлі де ізденуім керек деп стикерге жазып қоржынға жапсырасыздар.

Қорыта айтқанда.

Жаңартылған білім мазмұны курсы аясында мен басшылыққа алатын құжаттармен таныстым. Соның ішінде оқу бағдарламасы, оқу жоспары, мұғалімге арналған нұсқаулық, критериалды нұсқаулық. Осы құжаттарды негізге ала отырып, қысқа мерзімді жоспар құрастыруды меңгердім. Қысқа мерзімді жоспарда оқу мақсаты негізінде сабақтың дамытушы мақсаттарын құрастыруды және бағалау критерийін құрастыруды меңгердім. Бағалау критерийі негізінде белсенді тапсырмаларды ұйымдастыруды, тапсырмаға әдіс-тәсілдер қолдануды ұжымдық, топтық жұмыстар негізінде әріптестеріммен бірлесе жұмыс жасау барысында үйрендім. Тапсырмаға дескриптор құрастыруды жане

оқушыларға сараланған тапсырмаларды әзірлеуді үйрендім. Курс барысында уйренген, алған білімімді алдағы уақытта өз іс-тәжірибемде жүзеге асырамын.


НАЗАР ҚОЙЫП ТЫҢДАҒАНДАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!