Тақтаға
АТА ӘКЕ
БАЛА деген жазуларды іліп қоямын.
Партаның үстіне осы үш атауға байланысты бірнеше мақал-мәтелдер
жазылған кеспе қағаздары қойылған. Оқушылар алған қағаздардағы
мақал-мәтелдер бойынша топқа бөлінеді.
Мысалы:
1-топ. АТА
– Ата көрген оқ
жонар,
Ана көрген тон
пішер.
2-топ.
ӘКЕ- Әке- асқар
тау....
3-топ.
БАЛА - Балалы үй
-базар.т.б.
Миға
шабул «Шежіре» сөзін қалай
түсінесіңдер? Оқушылардың пікірі.
Жаңа
мәлімет.
Қазақ халқы әулеттің шығуы мен
таралуын шежіре деп атайды.Қазақ халқы
ататегін ерлер тарапынан таратады.
Тектілік- адам бойындағы асыл
қасиеттердің ұрпақтан – ұрпаққа берілуі. Дәстүрге сай жеті атасын
білу тектілік болып саналады.
Дереккөздерден атақты Абылай
ханның ұрпағы Шоқан Уәлиханов екендігін мысал ретінде
келтіремін.
Сақтар,ғұндар мен түркілер-
қазақ халқының арғы бабалары.Олар көшпелі мал шаруашылығымен
айналысып, жыл маусымдарына қарай мал жайылымдарын ауыстырып
отырған. Халықтың бір бөлігі егіншілікпен де айналысқан. Сөйтіп,
Жетісу маңында қалалар бой көтеріп,онда қолөнер шеберлері
менсаудагерлер тұрған.
Әлемдегі көп елдер жыл санауды
Иса пайғамбар дүниеге келген уақыттан бастайды. Сондықтан уақыт
тізбегін олар екіге бөліп қарастырған. «Біздің заманымыздан бұрыңғы
» және « біздің заманымыз » деп.Тарихта ғасырлар рим цифрымен ,
жылдар араб цифрымен жазылады. VIIғасыр, XII ғасыр
т.б.
Уақыт
тізбесі
Біздің заманымыздан
бұрыңғы Біздің
заманымыз
X
|
IX
|
VIII
|
VII
|
VI
|
V
|
IV
|
III
|
II
|
I
|
I
|
II
|
III
|
IV...
|
1-тапсырма
1-топ. Отбасы мүшелерінің арасындағы
туыстық атауларды атап, мағыналарын ашып әңгімелейді. ( Ата- әкенің
әкесі, нағашы ата- ананың әкесі, немере-ұлдың баласы, шөбере-
немеренің баласы.т.б.).
2-топ
«Уақыт сызығы»
әдісі
Әр топқа сақ, ғұн, түріктер,
қазақтар туралы суреттер беріледі. Оқушылар суреттерді уақыт
сызығына ретімен . емесе ағашқа (тамыры ғұн, сақтар бөренесі
түркілер, бұтақтары қазақ хандығы, жапырақтары қазіргі ұрпақтар)
өмір сүру кезеңдерімен орналастырады.
3-топ
« Бұл
кім?»
Бір оқушы ортаға шығып,
туыстық атаулардан бір адамның бейнесін ауызша сипаттайды. Оның
бет-әлпетін, сыртқы пішінін, кимін, сөйлеу мәнерін
келтіреді.(Ата-үйдің қазынасы, ақылшысы, сақалы бар қолында таяғы
бар.) т.б.
СЕРГІТУ
СӘТІ
Бойды сергек тік
ұста,
Емін-еркін
тыныста
Оң қолыңды соз
алға
Қол ұшына қара
да.
Сол қол босқа
тұрмасын
Шеңбер жасап тұр
басып
Дөңгеленіп
тұрамыз
Керегені
құрамыз.
Уық болып
иіліп,
Шаңыраққа
киіліп
Киіз үйді
құрамыз.
2-тапсырма
1-топ
«Коллаж »
әдісі
Қазақ халқының шығу тарихынан
суреттер, мәтіндер, дастандар, ұлттық аспаптар, киіз үй суреттері
немесе фотоларынан коллаждар жасайды. Оқушылардың зерттеуі мен
тарихи кезеңдерді орналастыруы бағаланады. Қазақ халқының шығу
тарихы жайлы білетіндерін ортаға салып
әңгімелейді.
2-топ.
Өз әулеттерінің шежіре ағашын
құрастырады, ағашқа ретімен жазып, оқып
береді.
Оқушылар өз атасы немесе
бабасы туралы ата-анасынан естігені бойынша әңгімелейді. Олар
еліміздегі қандай маңызды оқиғаларға қатысқанын айтады. ( Желтоқсан
оқиғасына қатысуы мүмкін, Ауған соғысына қатысуы мүмкін
т.б.).
Өз шежіресін жазған оқушыны
«мадақтау» әдісі арқылы бағалаймын.
3-топ.
Қазақ халқының арғы бабалары
кімдер болғанын естеріне түсіре отырып, шежіре ағашының тамыры
кімдерден басталатынын жаза отырып (сақ,ғұн, түркілер),қазақтың үш
жүзін ,үш биін шежіре ағашына жазу арқылы
орналастырады.
|