Ашық сабақ «Менің атым – Қожа» повесіндегі Қожа бейнесі 6 -сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ «Менің атым – Қожа» повесіндегі Қожа бейнесі 6 -сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жарияланып отырған материал 6 сыныппен жұмыс жасайтын мұғалімдерге керек.Повестегі бейне толық ашылған, Жоспар бойынша өткізсе оқушылардың шығармашылық қабілеті дамып, жылдамдыққа үйренеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қарасу жалпы орта білім беретін мектебі

«Тексерілді» «Бекітемін»

Әдістемелік бірлестігің

жетекшісі: Ибраева А.У. Мектеп директоры Рай М.











Shape1


6 класс












Пән мұғалімі:Бисембекова С.













Бесқауға ауылы 2015-2016 оқу жыл

Пәні: Қазақ тілі Күні: 05.02.2016

Сабақтың тақырыбы: Бердібек Соқпақбаев. «Менің атым – Қожа» повесіндегі Қожа бейнесі

Мақсаты:

а) білімділік: повесть бойынша оқушылардың білімін тиянақтау, Қожа бейнесіне талдау жасап, өз ойын жүйелі жеткізе алуға үйрету. Кейіпкер бейнесін жан- жақты аша түсу.

ә) дамытушылық: өзіндік ой қорыта білу, шығармашылықпен жұмыстану қабілетін жетілдіру, ой-өрісі мен дүниетанымын кеңейту, сабаққа қызығушылығын ояту .

б) тәрбиелік: жақсы мен жаманды ажырата білуге дағдыландыру, кейіпкерлер бойындағы жақсы қасиеттерді үлгі ету.

Сабақтың түрі: жинақтау,бекіту, талдау.

Әдіс-тәсілдері: СТО технологиялары, дебат (ойбөліс элементтері), топпен жұмыс, «Қожаның сұрақтары» әдісі.

Сабақтың формасы: топпен, жеке оқушымен.

Көрнекілігі:интербелсенді тақта, жазушы  портреті,  слайдтар, венн  диаграммасы,  семантикалық  карта.

Өтілу барысы:

1.Үй тапсырмасын тексеру

2.Ой қозғау стратегиясы

3. Шындықты тану кестесі

4.Пікірталас

5.Сергіту сәті

6. Оқулықпен жұмыс.

7. Венн диаграммасы

8. «Түртіп алу» стратегиясы

9. Ой толғаныс сатысы

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Амандасу  

б) Сынып оқушыларын түгендеу;

в) Оқушылар назарын сабаққа аудару.


ІІ .Үй тапсырмасын пысықтау: «Бәйге »ойыны



Shape2



Сұрақтары:

Сол жақтағы «10». Балабекова кім?

Жауап: Жанардың фамилиясы

Ортадағы «20». Орыс тілі мұғалімі кім?

Жауап: Анфиса Михайловна

Оң жақтағы «30». Сәйбек қарт Қожаға әкесі туралы не айтты?

Жауап: Әкесінің нағыз азамат екені. Әкесіне қарыздар адаммын.Оның келіскен жорға күрең атын сазға батырып өлтіріп қойғанын айтты.сіз әдейі өлтірген жоқсыз, ажалы келген шығар деп үнсіз қоя салды. Мен сенің әкеңе қарыздыгер адаммын. Менің мойнымда оның тиыны емес, теңге емес, бақандай бір қарасы жүр.

Сол жақтағы «40». «Менің атым Қожа» повесінің авторы және повесть неше тараудан тұрады?

Жауап:Бердібек Соқпақбаев. 27 тараудан

Ортадағы «50». «Менің атым Қожа» повесінің желісі бойынша түсірілген фильм қашан және қай тілде түсірілген?

Жауап: 1963 жылы орыс тілінде түсірілген.

Оң жақтағы «60».Повесть қалай басталады?

Жауап:Қожаның аты жайлы монологтан. Толығымен айту.

Сол жақтағы «70».Мектеп жанында Жантас Қожаға не деп айтты?

Жауап:Қолындағы мөр басылған жолдаманы көрсетіп, лагерьге жолдама алғанын, бірақ сен тізімде жоқсын деді.

Ортадағы «80». Майқанованың сөмкесіне не салды? Себебін айт.

Жауап: Бақа салды. Қызық үшін.

Оң жақтағы «90». Қожа өз әкесіне деген сағынышын қалай білдіреді?

Жауап:Әке деген сөзді айтқанада жүрегім қарс айырыла жаздайды- ау.Қанадай ыстық , қандай жақын. Әр баланың әкесі жайлы айтқандарын еске түсіреді.

Жаңа сабақ

Топқа бөлу «Жұбыңды тап»

Әр оқушыға А- 4 форматтағы қағаздарда сыңарлары бар ертегі немесе әдеби кейіпкерлердің бір есімі жазылады.

Алпамыс – Гүлбаршын

Қобыланды - Құртқа

Асан – Үсен

Қожа – Жанар

Ер Тарғын – Назым


I Қызығушылықты ояту сатысы.


2. «Ой қозғау» стратегиясы .

Shape3


Жауап: Қожаға

3. Шындықты тану кесте (концептуалдық)


Кейіпкерлер

Өмірге қызығушылығы

Кейіпкерлерге баға

1

Қожа

Жақсы.Өте белсенді.Оптимист.

Бес

2

Жантас

Нашар.Қызғаншақ.Көре алмайды.Қожаның жауабы.

Үш

3

Жанар

Жақсы. Қожаның сыныптасы. Жақтаушысы.

Бес

4

Майқанова

Жақсы.Жаңадан келген ұстаз.Қожаға үлкен үміт артады.Түбі адам болатын бала.

Бес




II Мағынаны тану сатысы

4.Пікірталас (екі топ өз тұжырымдарын дәлелдейді)
Қожа қандай бала?


І топтың қарары – Жақтаушы топ. “Қожа – жақсы бала”Қожаның ісі дұрыс деп танып, оның жағымды мінез- құлқын санамалап, ойын дәлелдейді.

Дәлелдеу.

Қожа- хикаяттың басты кейіпкері.

Жақсы- ақылды, сезімтал, патриот, алғыр, т.б.

Бала- оқушы, ұл бала.

ІІ топтың қарары – Даттаушы топ. “Қожа – тентек бала” Қожаның ісі дұрыс емес деп теріске шығарады да, оның жағымсыз мінез- құлқын санамалап, дәлелдейді.

Дәлелдеу.

Қожа- хикаяттың басты кейіпкері.

Тентек- бұзық, сотқар, қызғаншақ, шыдамсыз, т.б.

Бала- оқушы, ұл бала.

Заманның ағымына қарай ой-пікірді ашық, дәлел мен дәйекті келтіре отырып нақты сөйлеу XXI ғасырдың жастарының міндеті.

«Алтын ереже» қабылдау.

І топ – Жақсы бала жеткізеді мұратқа . Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.

ІІ топ – Тентек бүлдіреді, ата-анасын күйдіреді.


Сарапшы мұғалім: екі топтың пікірін саралап, қорытынды шығарады.

Барлық мектепке аты шулы "сотқар" Қожа, бар ынтасын салып, жақсы болуға тырысады. Әкесінен жетім қалған Қожаберген, үйлеріне келіп жүретін, Қаратайдан шешесін қызғанады. Досы Сұлтан екеуі неше түрлі қызық оқиғаларды бастарынан кешіп, көрермендерді талай рет қуантады. Ауылда беделі жоғары болған Қадырдың баласы, Қожа, әкесінің абыройын "шелектеп" төктім деп уайымдайды. Дегенмен, Қожа – ашық мінезді, арам пиғылы жоқ, ақкөңіл бала.
Шылымның зиянын түсінеді:   

Сұлтан берген темекіні тартып көреді, бірақ содан кейін темекіге жоламайтын болады.

- Міне, содан бері темекіні аузыма алмақ түгілі иісі мұрныма келсе, зытып жөнелемін,- дейді.

Қожа өз ісіне өзі есеп бере алады.
- Иә, оның қорытынды шығарғаны соншалық, ол өзіне құпия кеңес өткізіп, онда өзі жасаған қателіктері, оны түзету және болдырмау үшін не жасау керектігі туралы қаулы шығарады.

Хикаяттың әр тарауында Қожа әр қырынан суреттеледі.

Десек те, Қожаның тентектігі тектен-тек емес, белгілі бір логикадан туындайды. Адам жанын түсіне, ұға бермейтін шолақ белсенділерге, екі жүзділерге қаны қайнайды.

Сонымен, бүгінгі екі топтың пікірлерін саралай келіп, “Қожа – түбі адам болатын бала” деген тұжырым жасаймын.





Сергіту сәті”

«Иесіне қайтар» ойыны


Shape4



Shape5


Shape6


Лагерьге жолдама

Shape7








қазақ

Shape8 тілі









Оқулықпен жұмыс. Сұрақтарға жауаптарды мәтіннен тауып оқы.

ҚShape9

Орыс тілі сабағы Жаным тырнағымның ұшына келді. «Енді кімді шақырар екен?»



ожаның сұрақтары

Shape10

Бұл өзіме бірінші рет уәде беруім емес. Талай рет уәде бердім. Бірақ.......







Picture 2





Shape11 Shape12

Сендер білесіңдер!Мен туралы мектепте педсовет болғанын.Майқанова апай маған қалай үміт артты.

Мен үйімде төргі бөлменің есігін жауып алып, кеңес өткізгенімді білесіңдер. Сонда кімнің мәселесін қарадым? (Та













Венн диаграммасы


Жақсы Жаман









Қожаны жақсы қасиеті

Ұқсастық

Қожаның жаман қасиеті

Кітап сатып алуға баруы.

Мінез –құлқы.

Жантаспен келіспеуі.

Өз-өзіне есеп беруі.

Қоршаған орта

Майқановаға жсаған іс –әрекеті.

Анасына жанашыр.

Айналасы

Сұлтанға еріп кетуі.



«Түртіп алу» стратегиясы Дәптермен жұмыс.


V – “білемін”

+ - “мен үшін жаңа ақпарат”

? – “мені таң қалдырады”

Өмірбаяны, шығармалары, т.б.



Орыс тілінде түсірілген фильм, т.б.

Бақа салғаны , Жанарға көңілі т.б.



Мынау кім? (семантикалық  карта) / Қосымша ретінде /

1.Біреуді біреуге атыстырып, от тастап жүретін қу, сабақ үстінде сыбырлап – сыпсыңдағыш кім?


2.Мен оқулық емес, қант аламын. Сіздің не шаруаңыз бар, қоя беріңіз.


3. Біз екеуміз таныс шығармыз деймін?


4.Мүмкін орныңа барып айтатын шығарсың ?


5.Мен сенің әкеңе қарыздыгер адаммын. Менің мойнымда оның тиыны емес, теңге емес, бақандай бір қарасы жүр.


6.Келесі  сабақта қайсың  бақа  ұстап  әкелесіңдер?


Оқиғалар тізбегі (Ойынның шарты: шатасқан оқиғаларды рет – ретімен қою)


1Shape13 Оған байқатпай, жерден жұдырықтай тас жіберіп қалмақшымын.

Shape14

2Shape16 Shape15 . Бақаның әлегі


3Shape17 . Педсовет


4. Жолдама алған Жантас


5. Оқулық емес, қант аламын


Сабақты бекіту.

Ой толғаныс сатысы


Тест тапсырмасы

  1. «Менің атым Қожа» повесінің алғашқы аты?

А) «Қожаберген» В) «Өзім туралы повесть» С) «Менің де атым Қожа» Д) «Балалық шаққа саяхат»

  1. Қожаның шын аты кім?

А) Қожабай В)Қожаберген С)Қожатай Д) Қожаберді

  1. Жанардың фамилиясы?

А) Балабекова В) Майқанова С) Қадырова Д) Трсынбаева

  1. «Түбінде адам болатын бала» деген кімнің сөзі?

А) Сұлтан В) Анасы С) Ахметов Д) Майқанова

5. «Ағаттықтың азабы» бөлімінде не туралы айтылады?

А) Орыс тілі сабағына дайындалмай келуі

В) Тәртібінің педкеңесте қаралуы

С) Мұғалімнің сөмкесіне бақа салуы

Д)Лагерьге жолдама үшін мұғалімге ренжу

6. Қысқы кешті» айтып 2-лік алған кім?

А) Балабекова В) Тұрсынбаев С) Қара Көже Д) Сары Көже

7. «Қожаны болашақ С. Мұқановымыз» деген кім?

А) Оспанов В)Майқанова С)Ахметов Д) Сәйбек қарт

8. «Атымды айта бастасам тілім таңдайыма жабысып қалатындай» деген жолдар кімнің сөзі?

А) Жантастың В) Сұлтанның С) Қожаның Д) Жанардың

9. Қай елдің ат қоюы қызық болады екен деп Қожа таңданады?

А) Америка В) Жапония С) Қытай Д) Қырғыз

10. Жантас Қожабергенді кім деп атайды?

А) Қожа В) Қара көже С) Сары Қожа Д) Қадыров


Бағалау:

Үй тапсырмасы

Мүмкіндік деңгей: Абдолла Қарсақбаевтың «Менің атым Қожа »фильмі мен

Еркін Рахышевтің «Менің де атым Қожа » фильмін салыстырып, ұқсастықтарын тауып жазып келу.

Міндетті деңгей: «Менің қиялымдағы Қожа » эссе жазып келу.




















Бес жолды өлең


  1. Қожа 1.Қожа

  2. 2.

  3. 3.

  4. 4.

  5. 5.










Сабақ соңында қол жеткізілетін нәтиже

  1. Оқушы ой қиялының дамуына, пікір айтуына еркіндік беріледі

  2. Өз өміріне , қоршаған ортаға сын көзбен қарауға үйренеді.

  3. Өзгенің пікірін тыңдап, оған өз көзқарасын қоса білуге үйренеді.

  4. Шыншылдық, әділдікке дағдыланады.

  5. Өзгенің пікірімен санасуға үйренеді. Өз пікірін қорғай, дәлелдей алады

  6. Әр түрлі шығармашылық жұмыстарға, топпен жұмыс істеуге дағдыланады.

  7. Жан дүниесін тәрбиелейді.

































Алпамыс – Гүлбаршын

Қобыланды - Құртқа

Асан – Үсен

Қожа – Жанар

Ер Тарғын – Назым



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
4078
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі