Материалдар / Ашық сабақ "Менің атым Қожа"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Менің атым Қожа"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ "Менің атым Қожа"
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Ақпан 2019
443
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақ әдебиетінен ашық сабақ: Б.Соқпақбаев. "Менің атым Қожа" (Қожа бейнесі)Қазақ әдебиетінен ашық сабақ6-сынып Сабақтың тақырыбы: Б.Соқпақбаев. «Менің атым Қожа» (Қожа бейнесі)Сабақтың мақсаты:а) білімділігі: Оқушыларға қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың повестімен таныстыра отырып, мәтіндегі негізгі ойды ұғындыру, ойларын, пікірлерін еркін айтуға, өз көзқарастарын дәлелдей білуге үйрету;ә) тәрбиелілігі: Қожа бейнесі арқылы оқушыларды адамгершілікке, мәдениеттілікке, әдебиетті сүюге, үлгі өнеге алуға шақыру, жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға тәрбиелеу;б) дамытушылығы: Жазушы шығармалары арқылы әр оқушыны өзіндік ой-қиялына ерік бере отырып, өзінше ой түюге баулу, ізденуге талпындыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.Сабақтың түрі: аралас сабақСабақтың әдісі: сұрақ-жауап,сын тұрғысынан ойлау технологияларының стратегиялары, интерактивті сабақ элементтері, пікірталас, топтық, жұптық жұмыстар.Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, буклет, кітап көрмесі, кино фрагменттері, сұрақтар қорабы, слайдСабақтың барысы:І. Ұйымдастыру бөліміПсихологиялық дайындық«Майшам» жаттығуы (оқушылар шеңбер құрып тұрады)     Қазір мен майшамды жағамын. Барлығымыз бір-бірімізбен бірігіп, жақсы еңбек ету үшін бір-бір жылы сөз айтып, майшамды беріп отырамыз. Майшамды алғанымыз, жарық деген жақсы нәрсе, сондықтан да алдарыңыз ашық, жарқын болсын деген тілекпен, бүгінгі ашық сабағымызды бастаймыз. Рахмет, балалар. Орындарыңызға отыруға рұқсат!ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.-         Оқушылар, біз қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілі Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» хикаятын оқып шықтық. Автордың бұл шығармасы тіл қарапайымдылығымен ерекшеленеді. Өздерің ойлаңдаршы, бұл хикаятты қанша оқысақ та, теледидардан көрсек те еш жалықпаймыз. Осы жерде қояр сұрағым бар. Көркем әдебиет пен киноның айырмашылығы бар ма? Болса, қандай?Енді, балалар әлеміне осындай қымбат сыйлық «Менің атым Қожа» хикаятын тарту еткен Бердібек Соқпақбаевтың өмірін, шығармашылығын еске түсірейікші.1.     Жазушы қай жылы, қай жерде дүниеге келді? 2.     Қандай шығармаларын білесіңдер?(Оқушылар сұрақтарға жауап береді)-         Жарайды, балалар! Енді хикаятты қаншалықты меңгердіңдер, кейіпкерлер қандай әсер қалдырды, қандай ой түйдіңдер, осының барлығы бүгінгі сабақ барысында білініп, бағаланбақ. Үйге тапсырма «Менің атым ...» деген тақырыпта ой-толғау болатын. Қане, кім сабаққа дайындықпен келді? -         Қалай ойлайсыңдар, үй тапсырмасы неліктен «Менің атым ...» деп аталады?-         Сендерге қандай есімдер ұнайды?-         Повесть қалай басталатын еді?-         Қожа өз атына риза ма?-         Осы тарауда қандай ұлттық салт-дәстүр туралы айтылған?Оқушы: Балаға ат қою дәстүріБала туғаннан кейін қырық күн өткен соң ел ішіндегі аузы дуалы қарияға немесе баланың атасына, әжесіне немересінің атын қойғызады. Кейде «Қырықтың білі Қыдыр» деп құдайы қонаққа да баланың атын қойғызатын сәттер болады. Көбіне молданы әкеп азан шақыртып, баланың атын қойғызған. -         Бірақ, амал нешік, сен қызылшақа боп жөргекте жатқанда, сондағы ақымақтығыңды пайдаланып, әке-шешең немес шілдеханаға келіп, дуылдап отырған басқа біреу солай атап жіберген. Қандай дәстүр сақталған ба?Оқушы: Шілдехана – жаңа туған нәрестенің құрметіне дастархан жайылып, домбыра тартылып, ән салып, ұлттық ойындар ойнап, көңіл көтеретін той.-         Қазір бұл дәстүр сақталған ба? (оқушы жауабы)-         «Шілдеханаға келгендер маған пәлендей әйдік ат бермеген», - дейді кейіпкер. Ол кім? (Қожаберген)Мұғалім: дұрыс, балалар! Өмірге келген кішкентай сәбиге азан шақырып ат қою дәстүрі әлі де жалғаса бермек.Енді, оқушылар! «Бұл кім?», «Бұл қай сәт?» деген сұрақтар арқылы хикаятқа шолу жасап шығамыз. Қане, дайындалып отырамыз.ІІІ. «Тапқыр болсаң, тауып көр» ойыны1.     «Бұл кім?»-         Аузымды түтінге толтырып алып, жұтып кеп қалғаным сол екен бір керемет улы газ өңешімнен шеңгелдеп ала кеп түсті. Жер дүние төңкеріліп бара жатты. (Қожа)-         «Жаңа оқытушы бізді оқу жылының басталуымен құттықтады, өзін таныстырды...» (Сәбира Майқанова)-         «Шыбыным, әйтеуір ешкімге тимей, ұрынбай, жайыңа жүр. Сенің тентегіңді менен басқа ешкім де көтермейді. Біреудің ала жібін аттаушы болма» (Анасы Миллат)-         Мен сенің әкеңе қарыздыгер адаммын. Мойнымда оның тиыны емес, теңге емес, бақандай бір қарасы жүр. (Сәйбек қарт)-         Біреуді біреуге атыстырып, от тастап жүретін қу, сабақ үстінде сыбырлап-сыпсыңдағыш. (Жантас)-         «Сен оқуды тастасаң, маған ілесіп тастады деп екеумізді бірдей қудалап пәле қылады. Оқи бер. Оқудың түбіне сен-ақ жет. Мүмкін кейін дырдай бсатықтың бірі болып шығарсың. Сонда маған шапағатың тиер». (Сұлтан)2.     «Бұл қай сәт?»-         Терезенің тұсында мектептің бағы бар. Осыдан бес, алты жыл бұрын өз қолымызбен отырғызылған теректер. Бір теректің басына маймылша өрмелеп шығып алдым. (Пед.кеңес болып жатқан сәт)-         Қоңырау әлі бола қоймаған. Сол кезде басыма сап етіп, бір қызық ой келе қалды. Кішкентай бақаның бірін Майқанованың сөмкесіне сүңгіттім де жібердім. (Сөмкедегі бақаның шыға келу сәті)-         «Есікті аша бергенімде, тынысым мүлде бітіп, жүрегімнің соғуы тоқтап қалғандай болды. Сол кездегі келбетім көлденең көзге тірі аруақ тәрізді қыбырлаған бірдеңеге ұқсар деймін» (Бақа оқиғасынан кейін апасымен кездесер сәт).Мұғалім: - Жарайды, оқушылар! Енді бүгінгі сабағымызды бастаймыз. Сабағымыздың тақырыбы – «Түбі адам болатын бала». Мақсатымыз – хикаят бойынша ойымызды жинақтау, Жантаспен салыстыра отырып, Қожа бейнесін ашу. -         Сабағымызды хикаят бойынша өзімізге таныс кейіпкердің бейнесін саралаумен бастаймыз. Барлығымыз дәптерлерімізді ашамыз, ұнамды-ұнамсыз кейіпкерлерді екі топқа бөліп жазамыз. Бір оқу тақтаға шығып жазу керек. Тақтаға...-         Мына оқушымен келіспейтіндерің бар ма?-         Ал, мен кейбір саралауларыңмен келіспей тұрмын. Маған өз көзқарастарыңызды дәлеледеп көріңдерші.Ұнамды кейіпкер                          Ұнамсыз кейіпкер         Миллат                                            Қаратай      Майқанова                                          Сұлтан     Михайловна                                         Жантас        Жанар (оқушылар дәлелдеп шығады)Мұғалім: - Иә, балалар! Сендер өз көзқарастарыңды дәлеледеп шықтыңдар. Оларыңды мен де құптаймын. Мен бұл пікірді сендердің көзқарастарыңның нақты дәлелденуіне ықпал ету мақсатында пайдаландым. Сондықтан өмірде де әрқайсың өз позицияларыңның дұрыстығын дәлелдей біліңдер, саралай Сондықтан өмірде де әрқайсың өз позицияларыңның дұрыстығын дәлелдей біліңдер, саралай біліңдер.ІҮ. «Менің атым Қожа» фильмінен үзінді көрсетіледі. Ү. Пікірталас  Мұғалім: «Қожа қандай бала?» - деген сұраққа жауап іздейміз. Менің байқауымша, сіздердің пікірлеріңіз әртүрлі. Соған байланысты балалар екі топқа бөлінеміз. (Екі топ өз тұжырымдарын дәлелдейді) І топ – жақтаушы топ. Қожаның ісі дұрыс деп, ойын дәлелдейді.ІІ топ – даттаушы топ. Қожаның ісі дұрыс емес деп теріс шығарады да, дәлелдейді. І топ – Жақсы бала жеткізеді мұратқа (Қожа – жақсы, алғыр, ақылды, әділетті, мейірімді)ІІ топ – Тентек бүлдіреді, ата-анасын күйдіреді (Қожа – тентек, өтірікші, шыдамсыз, бұзық, тиянақсыз).ҮІ. Жұптық жұмыс «Сұрақтар қорабы» Мұғалім: - әрі қарайда өз ойын ашық айтып, өз пікірін қорғай алады деген сеніммен «Сұрақтар қорабы» бойынша жұмыс жүргіземіз. Қорапта түрлі түсті конверт салынған. Әр оқушының алдында түрлі түсті төртбұрыштар бар. Сол түрлі түсті төртбұрыштар бойынша 2 оқушыдан топтаса қойыңыздар. Жұптасқан түстеріңіз бойынша конверттерді таңдай отырып, сұрақтарға жауап береміз. Яғни, осы хикаяттың ішінен оқушы ережесіне жатпайтын Қожа мен Жантастың қандай ұнамсыз қылықтарын байқадыңдар, соны талдаймыз.1.     Лагерьге жолдама бермегені үшін Майқанова апайды ренжіткен Қожаның ісіне қалай қарайсың?2.     Оқулық алу үшін мұғалімді алдағаны дұрыс па?3.     «Қысқы кешті» жаттамаған Жантас не істеді?   Онысын қалай бағалайсың?4.     «Қысқы кешті» жаттамаған Қожақандай күйде болды?5.     Қара Көже, мынаның не екенін білесің бе? Біз лагерьге баратын болдық. Ал сен, көшедегі иттерді тәртіпке салуға қалатын болдың. Осы сөздермен Жантастың қандай сипаты көрінеді?6.     Сұлтанға еріп, «Бұзық бала» атануына көзқарастарыңыз? Бұндай балалар бүгін де араларыңда бар ма?7.     Түбінде адам болатын бала деуі не себепті?-         Міне, балалар! «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» дегендей сендер жақсылықты үлгі етіп, жамандықтан аулақ болады деген сенімдемін.-         Енді, балалар, хикаяттың басты кейіпкері Қожа туралы қандай пікір қалыптасты – осыны білу үшін Жантаспен салыстыра отырып, Венн диаграммасы арқылы мінездеме беріп көрейік. ҮІІ. Венн диаграммасы 
ҚожаОртақЖантас
Адал, адамгершілігі жоғары, қайырымды, кішіпейіл, уәдеге берік, ақындық бар.Сыныптас, үлгерімдері жақсы,



























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!