Материалдар / Ашық сабақ "Менің досым" 2 сынып

Ашық сабақ "Менің досым" 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Екінші сыныпқа арналған ашық сабақ, мұғалімге көмек
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Кайдарова Назым Максатовна

Шығыс Қазақстан облысы

Риддер қаласы

«№ 2 орта мектебі» КММ

Санаты: ІІ



Сабақ жоспары

САБАҚ

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Осы сабақ арқылы

Жүзеге асатын оқу мақсаттары

Т2 Сөздердің және сөз тіркестерінің мағынасын түсіну

А2 Тыңдалған мәтінді мазмұндау, дәлелдеу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

Сөздердің және сөз тіркестерінің мағынасын түсіне алады;

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Сөздердің және сөз тіркестерінің мағынасын түсінеді;

Тыңдалған мәтінді мазмұндайды, бірақ

дәлелдеуде қиналады;

Кейбір оқушылар орындай алады:

Сөздердің және сөз тіркестерінің мағынасын түсінеді;

Тыңдалған мәтінді мазмұндайды, дәлелдейді;

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:

Қазақ тілінің төл дыбыстарын айтады, сұрақтарға жауап береді, мәтінді тыңдайды

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

адал достық, шынайы достық, жомарт, адамгершілігі мол, қарапайым, мейірімді, кешірімді, адал.

Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: Жаңа сөздермен жұмыс

Талқылауға арналғани сұрақтар:

Дос деген кім?

Достық жасқа байланысты ма?

Достық қандай болу керек?


Не себепті.... деп ойлайсыз?

Достық шынайы сезім бе, әлде жай ұғым ба? Достық сөзін қалай түсінесіңдер?



ишара: Достықты ым-ишарамен көрсету.


Алдыңғы оқу:

Достық сөзінің мәні. Үй тапсырмасын қайталау.


Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Басы

  1. Сәлемдесу.

Оқушылар хормен:

Үлкенге де «Сіз»,

Кішіге де «Сіз».

Бар адамға құрметпен,

Бас иеміз біз.


2.Шаттық шеңбері.

«Мен қандаймын?» тренинг

Біз балдырған тең басқан!

Дос құшағын кеңге ашқан!

Тілегіміз әділдік!

Ашық болсын кең аспан!


3. Слайдтар арқылы жаңа сабақтың тақырыбын анықтау.

1 мин.

- Балалар, бүгінгі сабағымызда біз «Достық» аялдамасына тоқтап, бұл аялдамада «Досық – татулықтан басталады» деген тақырыпта әңгімелесіп, қалай тату дос болу керектігін үйреніп, «татулық» ұғымы туралы түсінік аламыз.

Достық – адамдардың бір – біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі.


4.«Досымды тауып беріңдерші?»

Нұсқау: Шеңбер бойында отырған оқушылардың біреуі ортаға шығып, осы жерде отырған бір досының қасиеттерін айтып, сипаттап береді. Басқалар ортадағы адамның досын табады.

Слайдтар

Ортасы

6.«Баспалдақ» әдісі бойынша:

1.Мәтінді тыңдайды.

2.Мәтіндегі ақырғы сөйлемнің мағынасын ашып, талқылайды.

Мәтін.

Өздігінен өзі

Қалың қар жауған қыстың бір күні, Арман қолына күрек алып, есік алдын тазалауға кіріседі. Көрші үй жаққа қарап еді, үйге барар жолы жасалынып дап – дайын болып тұрғанын көреді. Арман көршісінен қалыспайын деп, бұл жолы әдеттегіден жарты сағатқа ерте тұрады. Далаға шығып қараса, көрші үйдің есік алды баяғыдай тазаланып қойылыпты. Үшінші күні болса, қар кешегіден де көп жауған. Бірақ бұл жолы да, Арман жолды тазалау үшін ертерек тұрса да, көршісінің үйіне жол тазаланылып қойылғанын көреді. Көршісімен кездескен сәтте, Арман тура сұрайды: «Сен есік алдындағы қарды қалай ғана тазалап үлгересің? Әр көргенімде үнемі тап – таза болып тұрады», - дейді. Көршісі оған: «Жолды қардан ешқашан тазалаған емеспін.Келіп - кететін достарымның көптігінен болса керек, жол өздігінен – өзі тазаланып, осылай болады», - дейді.


7.«Достық, Бірлік» үйін салу .

- Балалар, біздің адал достарымыз әлде көп болу үшін, үлкен үй салуымыз керек. Сол үлкен үйді бәріміз бірге салып көрейік.(Мақал – мәтелдердің ішінен тек достыққа байланыстысын тауып, оқып береді.)

1.Білім гауһар, бағасы жоқ.
Надандық кесел, дауасы жоқ.

2.Досы көппен сыйлас, Досы азбен сырлас.

3.Киіміне қарап қарсы алады,
Біліміне қарап шығарып салады.

4.Досың мың болса да – аз, Дұшпаның біреу болса да – көп.

5.Күш - білімде, білім - кітапта.

6.Досыңменен дос болғанға шаттан, Дұшпаныңмен дос болғаннан сақтан.

7.Қына тасқа бітеді,
Білім басқа бітеді.

8.Ақылсыз достан, ақылды дұшпан артық.

9.Білегі күшті бірді жығады,
Білімі күшті мыңды жығады.

10.Дос басқа қарайды, Дұшпан аяққа қарайды.

11.Өз білмегеніңді кісіден сұра,
Үлкен жоқ болса кішіден сұра.

Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрамыз,

Қолды белге қоямыз.

Бұрыламыз оңға бір,

Бұрыламыз солға бір.

Біздер тату баламыз,

Гүл – гүл жайнап жанамыз.

Жаттығулар жасасақ,

Жақсы сергіп қаламыз.

Достар тату – тәттіміз,

Болса қолда тәттіміз,

Біз бөлісіп жатамыз,

Бәріміз дәм татамыз


8.Берілген үлгі бойынша өз досыңды суреттеп бер.

Менің досым

Бет әлпеті Бойы Мінезі Ермегі


9.Синквейн әдісі

(Дос, жолдас сөздерімен 5 жолды өлең арнайық).

А-3 формат, марекрлер, дайын мәтін

Соңы

10.Мұқағали Мақатаев:

Дос болам десең,

Досымды сыйла қымбаттым!

Досыңа сонда,

Досыммен ғана қымбатпын.

( Сұрақтар арқылы сабақ бойынша түсініктерін бекіту).

1.Сонымен балалар бүгінгі сабағымыз қандай тақырыпқа арнлды?

2.Тыңдалған мәтіннен қандай ерекше сөйлемді талқыладық?

3. Достыққа байланысты қандай мақал – мәтелдерді білдік?


Қосымша ақпарат : «Достық» туралы фильм көрсету



Саралау-оқушыға

мейлінше қолдау

көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс – Денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі)

1.Сөздердің және сөз тіркестерінің мағынасын түсіну;

2. Тыңдалған мәтінді мазмұндау;

3.Тыңдалған мәтінді

дәлелдеу;













1/1. Тыңдалған сөз тіркестерін, жаңа сөздерді түсінеді (5 балл)

½.Тыңдалған сөз тіркестерін түсінеді (3 балл)

1/3. Тыңдалған сөз тіркестерін, жаңа сөздерді түсінуде қиналады (2 балл) орптақ балл 10 балл – «5» : 7 балл – «4» , 5 балл- «3» бағасы.

2/1. Тыңдаған мәтінді мазмұндайды (7 балл)

2/2. Тыңдаған мәтінді түсінеді (5 балл)

2/3. Мәтіндегі сөз тіркестерін , кейбір сөйлемдерді түсінеді (3балл) ортақ балл 15 – «5»; 10 балл- «4» ; 5 балл –«3» бағалары

3/1. Тыңдаған мәтінді дәлелдей алады (7 балл);

3/2. Мәтін бойынша сұхбат құрып , негігі ойды табуып айта алады (5 балл)

3/3. Мәтін бойынша досын сипаттап айта алады (3 балл)

Ортақ балл 15 балл – «5» ; 10 балл- «4» ; 5 балл – «3» бағалары

Қазақ әдебиеті, өзін- өзі тану.

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?

(тапсырмалар сәйкес болды ма?) Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды.Бүгін оқушылар сабақта достық тақырыбы бойынша өз ойларын дәлелдеп үйренді.Сабақ жоғарғы деңгейде өтті. Жоспарланған саралау іске асты.Уақытты ұтымды пайдаландым.Жоспарыма ешқандай өзгеріс енгізбедім.


Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)

1. «Достық, Бірлік» үйін салу жұмысы

2. .«Баспалдақ» әдісі бойынша мақал- мәтелдермен жұмыс.

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпал тигізер еді

  1. Сергіту сәтін қолданып, оқушылардың белсенділігін арттыру.

  2. «Достық» туралы кинофильм көрсету


Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?







ЖИ арқылы жасау
17 Желтоқсан 2017
3362
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі