Ашық сабақ Менің отбасым 2сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Менің отбасым 2сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал бастауыш сынып мұғалңмдері үшін қажет деп ойлаймын. Бұл сабақ бірінші қыркүйек алғашқы сабақта өткізілетін сабақ. Бұл сабақ барысында оқушылардың туған елі туралы білімдері тексеріліп, топпен жұмыс түрлері жүргізіледі. Оқушылар өздерінің туған елінің символдарын жақсы білу керек, соынмен қатар еліміздің нағыз патриоты болуға тырысу қажет. Топ жұмысы барсында оқушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетеді. Сонымен қатар, бір біріңді тыңдай білу, ұйымшылдыққа үйретуді көзделген.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Емханада. Науқас дәрігерге: 
– Мына дәріңіз тура у сияқты ғой, осыны күнде ішуім керек пе? Егер дұрыс емі болмаса басшылыққа шағымданамын. 
– Осы дәріні алып кеткендердің арасынан осы уақытқа дейін әлі ешкім шағымданып келген емес... 

Күйеуі әйеліне: 
– Жаным, қолыңды ербеңдетіп билемей-ақ қойшы. 
– Онда тұрған не бар? 
– Билемеші, өтінемін, музыканы да өшірейік... 
– Не болды сонша? 
– Одан да рульге ие болшы.... 



Aиелiнiн мысыгынан 
кутылайын деп куиеуi 
мысыкты капка салып уйiнен 
2км алыска апарып тастапты, 
уйiне келсе мысык уйiнде екен, 
каитып капка салып 2км онга, 
5км тiке, 15км солга.....апарып 
тастапты, соитiп уйiне аиелiне 
звандап мысык уйдема деп 
сурапты, аиелi-ия десе, 
трубканы бершi албастыга мен 
адасып калдым дептi.

Карындас есімініз кім?-Сюзи.- 
Ал толыгырак ше?-Сюзанна.-Ал 
одан да толыгырак?-Ал 
Сакыпжамал не болды көңілін 
толды ма...депти



Бір күні бір кісі, Технодом желі дүкенінен Iphone 7 сатып алыпты (ол кезде жаңадан шыққан кезі болатын), ұялы телефонды джинсый ның артқы қалтасына салып, жолға шығып такси ұстап тұрса, такси тоқтаған ғой енді, артқы есігін ашып отыра қалса бір нəрсе - қырт ете қалыпты, сөйтсе əлгі кісі қолын жайып "Я Алла, омыртқам болса екен", депті!

Астанадан Алматыға қатынайтын ұшақта бір кісі жанында отырған әйелге көп білетіндігін паш ете отырады. Көп білетіндігін көрсетем деп, мақтанудың ырқына кіріп кеткендігі соншалық, бірде жанындағы әйелге ойын ойнауды ұсынады. «Сізге сұрақ қоямын, жауабын таппасаңыз маған 500 теңге бересіз, содан кейін сіз сұрақ қоясыз мен жауабын таппасам сізге 500 теңге беремін» дейді. Әлгі әйел келіседі. «Ай мен жер арасындағы қашықтық қанша км?» дейді. Әйел үндеместен әмиянынан 500 теңге шығарып береді. Енді сұрақ қою кезегі әйелге келеді. «Тауға 3 аяқпен өрмелеп шығып, 4 аяқпен жерге түсетін не?» дейді. Әлгі кісі ары ойланып, бері ойланып, таба алмайды. Әмиянынан 5000 теңге шығарып береді. Әйел ақшаны әмиянына салып жатқанда әлгі кісі «жаңағы сұрақтың жауабы не?» дейді. Әйел тағы да үндеместен әлгі кісіге 500 теңге беріпті. 

Құлағына сырға таққан, аздап боянған, шашы ұзын жас жігіт автобусқа мінеді. Келесі аялдамадан түспекші болған қарт әже: «Қызым шетке тұрасың ба, өтіп кетейін» дейді. Әлгі жігіт: «Апа, мен қыз емеспін» дейді. Кәрі апаның сол сәттегі сөзі автобустағыларды ду күлкіге қалдырған екен: «Ойбаяу байғұс-ау,


Суық шай
Қожанасыр бір күні шайханаға келіп «суық шай бар ма?» дейді. Шайханашы таңырқап қарап «жоқ» дейді. Қожекең екінші күні тағы келіп «суық шай бар ма?» деп сұрайды. Шайханашы «жоқ әрине, бізде үнемі шай ысып тұрады» дейді. Үшінші күні шайханашы Қожекеңнің келетінін ойлап, оған арнайы шай суытып қояды. Қожекең келіп «суық шай бар ма?» дегенінде, шайханашы «бар, сізге арнайы дайындап қойдым» дейді.
Сонда Қожекең «Онда ысытып әкел, шай ішейік» деген екен.



Мұғалім оқушыларға сұрақ қойып жатыр...
Мұғалім: Дастан сен үлкен болғанда кім боласың?
Дастан: Мен үлкен болғанда бай болам, ақшам көп болады, əйел аламын, сол əйеліме - машина, алтын, бриллиант, яхта, вилла алып беремін кейін шетелдерге алып барып саяхат жасатамын.
Мұғалім бəрекелді жарайсың. Ал Гульназ сен үлкейгенде кім боласың?
Гульназ: Мен үлкейгенде Дастанның əйелі боламын!







Тақырыбы: «Менің отбасым»
Мақсаты: Отбасындағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу. Үлкенді үлгі, кішіні мақтан етуге, отбасының бірлігін сақтап, ата - ана алдындағы парызын өтеуге, еліміздің жақсы азаматы болып өсуге, жанұяның мақтаны болуға тәрбиелеу.

Жүру барысы: І. Психологиялық дайындық
Қайырлы күн!
Армысыз, мейірімді Жер - Ана
Бәріміз дос болайық!
Бәріміз тату болайық!
- Біз бүгін бір ғажайып бір әлемге саяхатқа шыққалы отырмыз. Ол қандай әлем болуы мүмкін? Ол бір кішкентай ғана шағын мемлекет. Ал олай болса, мемлекеттің аты «Отбасы» деп аталады.

Балалар өздерінің отбасымен түскен фотосуреттерді әкеледі, өз отбасы туралы әңгімелейді.
- Ол мемлекет қандай болуы мүмкін?
Жауаптары: Бақытты, тату, өнерлі, үлгілі...
Мұғалім: Сенің отбасындағы орның қандай?
Мұғалім: - Енді мына әңгімеге құлақ салайық:
« Саябақта баласы мен әкесі серуендеп жүреді. Әкесі баласынан:
- Балам, мынау ненің даусы? - деп сұрайды.
- Ол құстың даусы, - деп жауап береді.
Сәлден кейін әкесі тағы сұрайды. Бала әуелгі жауабын қайталапты. Әкесі сұрағын тағы да қайталағанда, баласы:
- Ол - құс, құс! Өзім шаршап келе жатырғанда, неге сұрай бересің - деп баласы ренжіпті. Сонда әкесі:
- Балам, кішкене кезіңде ауыр тірліктен шаршап келгенде сенің "Анау не? Мынау не?", - деп күніне жүз рет сұрайтын сұрағыңа беті қайтпасын деп үнемі жауап беретінмін

Мұғалім: 1. Әке баласына неге ренжіді?
2. Сен әкеңе не деп жауап берер едің?
3. Әкемді ренжітіп алған жоқпын ба деген ой мазалайды ма?
Сонда отбасының ұйытқысы, берекесі, мейір - шапағат көзі - әке. «Әке - асқар тау» дейді халқымыз.
Әке туралы мақал - мәтелдер айту.
Енді зейінімізді бері аударып, мына бір әңгімеге назар аударайық:
Бірде көп балалы ана ұлдарына былай депті:
«- Балапандарым, мен сендерге бір жұмбақ жасырайын, сендер соны шешіңдер. Сендердің бәріңді тоғыз ай бойы абақтыға жауып қойса, одан соң аузыңа өкпе тықса, арқаңды ағашқа таңып қойса, сол адамға не істер едің?»
Болжау: Өз ойларын айтады. Талқылау жұмысы жүргізіледі.
Тұңғыш баласы: Оның басын балтамен шабар едім.
Екінші баласы: Оны мен мылтықпен атар едім.
Үшінші баласы: Оның мұрнын бұзар едім.
Ал кенже баласы: Жоқ, ана, мына үшеуінің жасайтындары ақымақтың ісі. Ал мен болсам, ол адамды аялап өлгенше алақаныма салып бағар едім. Ол мені жаратушы, жарық дүниеге әкелуші адам. Сіз бізді тоғыз ай көтердіңіз, жарық дүние сыйладыңыз. Таза жатсын деп ағаш бесікке бөледіңіз. Бұл жұмбақтың шешуі - ана.
Ана туралы мақал - мәтел айту.
Мұғалім: «Ана - сая бағың,
Әке - асқар тауың»,- дейді халқымыз. Сондықтан да жанұяның екі тірегі - әлпештеген әе мен аялаған ана. Сондықтан да оларды құрметтеуіміз керек.

Қорытынды.
Жанұяның қуанышы - бала. Ал жанұяның бәйтерегі - ата, әже, әке, ана. Бала - одан тәлім - тәрбие, өнеге алушы ұрпақ.

«Жүректен жүрекке» шеңбері.
Шеңберге тұрып, өз отбасыларының жақсы қасиеттері жайлы айтып, шеңбер ішімен жүрейік.
Осындай айтылған жақсы тілектер сендердің отбасыларыңа дарысын. Отбасыларының шамшырағы болып жана беріңдер.





























КММ«Алабота орта мектебі»











Тақырыьы:

«Менің отбасым»













Өткізген: Ильясова М.Т.











Аққұдық – 2018\ 201



Алматы қаласы «Бөбек» ҰҒПББСО «Өзін-өзі тану» гимназиясы 
қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі 
Темербаева Жұлдыз Серғазықызы 

Тілдер күніне арналған сайыс сабақ 

«Тілден артық қазына жоқ, 
тілден артық қасиет жоқ» 

Н.Ә.Назарбаев 

Мақсаты: 1.Ойын арқылы оқушылардың сөйлеу, ойлау деңгейін көтеру, тілдерін жетілдіру. 
2.Тіл - ата-бабамыздан қалған асыл қазына, байлығымыз екенін ұғындыру. 3.Туған елге, тілге деген құрметтерін арттыру, тілге деген көзқарастарын қалыптастырып, қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ Сабақтың мақсатымен таныстыру. Екі топқа бөлу. 1-топ мысалға «Қырандар» 2-топ мысалға «Тұлпарлар» Ойын шарты бойынша топ өздерін таныстырады: Мыс.: 1.«Біз Қыранбыз, әрқашанда биікте ұшамыз, сайыстада биіктен көрінеміз». 
2.«Біз тұлпармыз, жарыста алдымызға жан салмаймыз». 
2- кезең «Ойлан тап» екі топқа 5 сұрақтан қойып, жауаптары тыңдалады. Дұрыс жауапқа 1 үкі. «Қырандар» тобына: 1.Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады? 
2. Қазақстан қай жылы тәуелсіздік алды? 
3. Қазақ тілінде неше жалғау бар?, атап бер. 4.Қазақ әдебиеті нешеге бөлінеді? 
5. «Тіл туралы» Заң бірінші қай жылы қабылданды? 

«Тұлпарлар» тобына: 1.Тілдер күні қашан? 2. Мемлекеттік рәміздер қай жылы қабылданды? 
3. Қазақ тілінде неше септік бар?, атап бер. 
4.Ауыз әдебиетінің түрлерін ата 
5. Тіл туралы» Заң екінші рет қай жылы толықтырылып, қабылданды? 
3-кезеңде «Сен білесің бе?» деп аталады, онда өзіңіз таңдаған карточкаңызды алып сұраққа жауап беріңіз. Дұрыс жауап 2 үкі. № 1 карточка. Қазақстан қай мемлекеттермен шектеседі? № 2 карточка. Желтоқсан оқиғасы қашан болды? 
№ 3 карточка. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? 
№ 4 карточка. Қазақтың үш биі кім? 
№ 5 карточка. Тудың, Елтаңбаның авторлары кім? 
№ 6 карточка. Жаңа әнұран қашан қабылданды? 4-кезең «Сөз тапқанға ...» деп аталады. Мұнда «Тәуелсіздігімізде» деген сөзден неғұрлым көп сөз тауып құрау керек. 
(сіз, әуез, ел, әуелі, мәуелі,ізгі, елу, лезде, із, зәулім,дем,демсіз,дәу) 

5-кезең Мақалды аяқта және тұрақты сөз тіркестерінің мәнін аш. Дұрыс жауап 2 үкі 
1. Туған жердей жер болмас, ... 2. Басқа пәле - ... 3. Өнер алды ... 4. Тілден артық ... 

1.Төбе шашым тік тұрды - деген нені білдіреді? 
2. Тілім бармай тұр - деген нені білдіреді? 3. Тіл табысу - деген нені білдіреді? 
4. Қоян жүрек - деген нені білдіреді? 
2-бөлім 1-кезең «Полиглот» Шешімін тауып үш тілде айту, дұрыс жауап 3 үкі 1. Мектеп кеме, білім ...(теңіз- ... - ... ) 
2. Отансыз адам, ормансыз ... (бұлбұл - ... -... ) 3.Өнер алды қызыл ... (тіл - ... -... ) 
4. Күш білімде, білім ... (кітап -... - ... ) 
5. Абай Құнанбаев ұлы ... (ақын -... - ... ) 
6. Көп тіл білу ... талабы. (өмір ... -... ) 
7. ... оттан да ыстық. (Отан - ...- ... ) 

1.Сөздердің антонимін табыңдар. 
1.жаңа 
2.бүгін 
3.жақсы 
4.тар 
5.кедей 2.Сөздерді аударыңдар. 
1.новый - 2.расписание - 3.дедушка - 4.хлеб - 5.класс - 6.сахар - 
3. Сөздердің антонимін табыңдар. 
1.аз - 
2.биік - 
3.кішкентай- 
4.ерте - 5.үстімен - 
6.сен - 7.қысқа - 
4.Сөздерді аударыңдар. 
1.время- 
2.год - 
3.август - 
4.лето 
5.неделя 


6.зима 
3-кезең «Жорға» Екі топтан екі сайыскер шығып минутына берілген жауаптары арқылы жарысады. Әр сұрақ 1 үкі 
1-сайыскерге: 1. Тәуелсіздік күні – 
2.Оқушы сөзінің синонимі – 
3.Республика астанасы – 
4.Суффикс сөзінің аудармасы – 
5.Аптаның бірінші күні – 
6. «Бөбек» орталығының бас директоры кім?- 
7. Тілдер күні – 
8. Кімнің? Ненің? қай септіктің сұрағы? – 
2-сайыскерге: 1. Ынтымақ күні – 
2. Мұғалім сөзінің синонимі – 
3.Рәміздер – 
4. Аптаның соңғы күні – 
5. Біздің гимназияның бас директоры – 
6.Кіммен? Немен? қай септіктің сұрағы? – 
7. Ахмет Йассауи кесенесі қай жерде? – 
8. Корень сөзінің аудармасы – Көп үкі жинаған топ «Қазақ тілін үздік меңгерген білгір топ» атымен аталады. Сарапшылар ұпай санын санап жеңімпаздарды анықтайды. Қорытынды: «Тіл – қазына, тіл – тапқырлық, тіл – мемлекет, тіл – даналық. Ендеше сайысымызды Шона Смаханұлының «Анамның тілі» өлеңімен аяқтаймыз.. 

Анамның тілі 
Өмірге келдім Анамды көрдім, Деді ол: «жаным» «Арайлы таңым». Самал боп желпіп, Жырымен ертіп. Үйретті тынбай, Бал тілін маған. 
Анамның тілі – айбыным менің, 
Анамның тілі – ай-күнім менің. 
Сүйемін байтақ елімді туған, 
Сүйемін мәңгі өмірді думан. 
Мектепке келдім, 
Ұстазды көрдім. 
Тыңдадым сөзін 
Табынып сүйіп. 
Анамның тілі, 
Аяулы үні.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.00.2018
518
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі