Ашық сабақ Менің отбасым Мектепке даярлық тобы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Менің отбасым Мектепке даярлық тобы

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мұғалімдерге көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Менің отбасым
Мақсаты:
Білімділік
: Отбасы туралы түсініктерін кеңейту, қонақжайлыққа үйрету, әдептілік ережелеріне баулу.
Дамытушылық: Бейнелі ойлауын дамыту. Отбасындағы өзара сыйластық қарым-қатынасын дамыту.
Тәрбиелік: Жанұя мүшелеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, оларды сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Отбасылық суреттер, ойындар.

Шаттық шеңбері
- Балалар бәріміз ортаға шығып, шаттық шеңберін құрайық. Бәріміз бір – біріміздің қолымыздан ұстап алақан жылуларын сезінейік. Қандай тамаша?!
Шаттық шеңбері:

Қуан шаттан алақай!

Қуанатын күн келді.

Күліп шықты күн бүгін!

Қайырлы таң! Қайырлы күн!

Сұрақ-жауап Сенің атың кім? Доп

Бүгін біз үшін өте ерекше, әрі әсерлі сабақ. Бүгін бізге қонақтар келіп отыр.
- Балалар мына суретке назар салыңыздаршы! Мына суреттерді бір сөзбен айтқанда қалай деп атай аласыңдар: ( отбасының суреті)
- Қанеки балалар біз саусақ жаттығуларын жасап көрейікші!( балалар саусақтарын бүгіп отырып орындайды)
Бір үйде біз нешеуміз?

Кел санайық екеуміз

Бас бармағым – әкем,

Балаңүйрекапам,
Ортантерек – ағам,

шылдыр шүмек мен.
Кішкентай бөбек сен
Бір үйде нешеуміз?
Бір үйде бесеуміз.
- балалар санамақ кімдер туралы айтылған? Кім айтады?
Отбасында аталған адамдардан басқа кімдер айтылмай қалды?

Сұрақ-жауап әдісі

-Әке қандай адам?

-Әке күшті, ақылды адам

-Ана қандай?

Әдемі, ақылды, тәрбиелі
Балалар, қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын. «
презентация»
Кітапты көп оқитын, немерелерін жақсы көреді, ақ сақалды, кісіні кім дейміз? (Ата)
Өзі салмақты, байсалды, бос уақытын балалармен өткізгенді жақсы көреді,
циркке, саябаққа апарады, отбасын қорғаушы, сақтаушы ол кім? (Әке)
Көрсету.
Ол өте мейірімді, ақ шашты, тәтті бауырсақ пісіреді, бізге жылы қолғап, шұлық тоқиды. Бұл кім? (Әже)
Көрсету.
Балалар, сендерді жақсы көретін, сүйікті адам кім? (Ана)
Көрсету.

-Әкеңнің көмекшісі кім? Аға

-Анаңның көмекшісі кім? Әпке

-Ұлдардың кішісі? Іні

- Үйдің еркесі кім? Сіңлі

Сұрақ-жауап Сурет бойынша жұмыс

-Сенің атаң қандай?

-Менің атам ақылды

-Сенің әжең қандай?

-Менің әжем мейірімді

-Сенің әкең қандай?

-Менің әкем күшті

-Сенің анаң қандай?

-Менің анам әдемі

Бәрекелді балалар, өлең жұмбақты шештіңдер. Сендер ақылды, білімді балалар болып өсіп келе жатсыңдар. Өте жақсы. Шаршаған шығарсыңдар. бір сергіп алайық.

Сергіту сәті: «Аю»

Сиқырлы гүл «Сұрақтарға жауап беру» (Балалар гүлдің жапырақтарының астында сұрақтарға жауап береді)

Сурет бойынша жұмыс

«Кім жоқ?» – дидактикалық ойын

Ойын «Үлкен-кішкентай»



«Бармақтар отбасы» өлең

Тақтада отбасы мүшелерінің суреті ілулі тұрады. Балалар көздерін жұмады. Тәрбиеші тақтадағы бір отбасы мүшесінің суретін алып тастайды. Балалар көздерін ашып, мұқият қарап шығып, кімнің суреті жоқ екенін айтады.


Суреттер көрмесі« Менің отбасым». 

Shape1

Shape3 Shape2 Shape5 Shape4



Қорытынды Сұрақ-жауап

-Бүгін біз с абақта кімдер туралы әңгімелестік?

-Отбасы мүшелері кімдер?

-Ана қандай адам?

Сабақ аяқталды сау болыңдар















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.10.2018
1290
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі