«Математика» пәні бойынша оқу жоспары
(орта білім беру мазмұнын
жаңарту аясында)
2-сынып
маусым 2016 жыл
2017-2018 оқу жылы
Мазмұны
Ұзақ мерзімді жоспа
р 4
1А-бөлім: Екітаңбалы сандар 12
1В-бөлім: Сандармен амалдар орындау. Есептер 17
1C-бөлім: Шамалар және олардың өлшем бірліктері 28
2A-бөлім: Екітаңбалы сандарды қосу және азайту. Жүздіктер. Есептер 32
2B-бөлім: Шамалар және олардың бірліктері 43
2C-бөлім: Жиынды және оның
элементін белгілеу.
және
белгілері
49
3А-бөлім: Геометриялық фигуралар және олардың өзара орналасуы 59
3B-бөлім: Көбейту және бөлу. Есептер 66
3С-бөлім: Санды және әріпті өрнектер. Теңдеулер. Есептер 76
4A-бөлім: Тиімді есептеу жолдары 86
4B-бөлім: Есепті шешу жолдары 90
4C-бөлім: Геометриялық фигуралар. Периметр. Аудан 94
Қысқа мерзімді сабақ жоспары 105
Ұзақ мерзімді жоспар
|
1-тоқсан |
2-тоқсан |
3-тоқсан |
4-тоқсан |
|
1A-бөлім: Екі таңбалы сандар («Барлығы өзім туралы», «Менің отбасым және достарым» ортақ тақырыптарының контексінде*) |
2А-бөлім: Екі таңбалы сандарды қосу және азайту. Жүздіктер. Есептер
(«Менің мектебім», «Туған өлкем» ортақ тақырыптарының контексінде*) |
3А-бөлім: Геометриялық фигуралар және олардың өзара орналасуы
(«Дені саудың – жаны сау!», «Салт-дәстүр және фольклор» ортақ тақырыптарының контексінде*) |
4А-бөлім: Есептеудің рационалды әдістері
(«Қоршаған орта», «Саяхат» ортақ тақырыптарының контексінде*) |
|
2.1.1.1 100-ге дейінгі сандардың құрылу жолын түсіну; 100 көлеміндегі сандарды тура және кері санау; олардың натурал сандар қатарындағы орнын анықтау 2.1.1.2 екі таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру 2.1.1.3 **екі таңбалы сандардың разрядтық құрамын анықтау, разрядтық қосылғыштарға жіктеу 2.5.2.1 екі таңбалы сандардың графикалық үлгілерін құру, разрядтар кестесін пайдалану |
2.1.1.3** 12-ге дейінгі рим сандарын оқу, жазу және салыстыру 2.1.1.4 санның жаңа бірлігі - жүздік туралы түсінігі болу, 1000-ға дейін жүздіктермен санау, жазу, салыстыру 2.1.2.3** қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін тиімді есептеулер жүргізу үшін қолдану 2.1.2.5** жүздіктерді ауызша қосу және азайту амалдарын орындау 2.1.2.8 Екітаңбалы сандарды қосу және азайтудың жазбаша тәсілдерін 34+23, 57-23, 27+34, 61-27, 47+33, 80-47 түріндегі өрнектерде орындау 2.4.3.1 100-ге дейінгі сандарды, жүздіктермен 1000-ға дейінгі сандар тізбегінің заңдылығын анықтау 2.4.3.2 берілген заңдылық бойынша тізбектер құру, заңдылықтың бұзылуын анықтау 2.5.1.1** екі амалмен орындалатын есепті схема, сурет, қысқаша жазба түрінде модельдеу 2.5.1.7** 2 амалмен орындалатын есептерді модельдеу және шығару 2.5.1.8** құрама есептердің шешілуін санды өрнек немесе жекелеген амалдар түрінде модельдеу |
2.3.1.1 бұрыш түрлерін (тік, сүйір, доғал) тану және атау/ тіктөртбұрыш, шаршы, тікбұрышты үшбұрыштың мәнді белгісін анықтау 2.3.1.2 көпбұрыштарды жіктеу 2.3.2.1 нүктелі қағазда кесінділер, түзулер мен геометриялық фигураларды орны, қозғалыс және бағыты бойынша нұсқаулыққа сәйкес бейнелеу 2.3.2.2 тік бұрышты сызу 2.4.3.2 берілген заңдылық бойынша тізбектер құру, заңдылықтың бұзылуын анықтау |
2.1.2.3 қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін тиімді есептеулер жүргізу үшін қолдану 2.2.1.5 екі амалдан артық жақшалы және жақшасыз әріпті, санды өрнектерді салыстыру 2.2.1.6 екі-үш арифметикалық амалды жақшалы және жақшасыз өрнектің мәнін табу, амалдардың орындалу ретін анықтау |
|
1В бөлім: Сандармен амалдар орындау. Есептер |
2В бөлім: Шамалар және олардың бірліктері |
3В бөлім: Көбейту және бөлу. Есептер |
4В бөлім: Есепті шешу жолдары |
|
2.1.2.4 ** біртаңбалы сандарды ондықтан аттап қосу кестесін құру, білу және қолдану 2.1.2.5 ** жүзге дейінгі біртаңбалы сандарды ондықтан аттап қосу амалын орындау 2.1.2.6 екітаңбалы сандарды ондықтан аттамай ауызша қосу және азайту амалдарын 40+17, 57-40, 57-17, 35±12 жағдайларында орындау 2.1.2.7 сандарды ондықтан аттау арқылы қосу тәсілін қолданып 45±9,45±19, 26+14, 40-14, 65+35, 100-35 түріндегі өрнектерді ауызша қосу, азайту 2.1.2.3** қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін тиімді есептеулер жүргізу үшін қолдану 2.2.1.6 екі-үш арифметикалық амалды жақшалы және жақшасыз өрнектің мәнін табу, амалдардың орындалу ретін анықтау 2.5.1.1 1-2 амалмен орындалатын есепті схема, сурет, қысқаша жазба түрінде модельдеу 2.5.1.8 **санды өрнек түрінде берілген жай есептердің барлық амалдарын шешу жолдарын модельдеу |
2.1.3.3 ұзындық: см, дм, м/масса: кг, ц/ көлем (сыйымдылық): л/ уақыт: мин, сағ, ай, жыл өлшем бірліктерінің мәндерін салыстыру, бірліктер мәндерімен қосу/азайту/көбейту/бөлу амалдарын орындау 2.1.3.4 ұзындық (см, дм, м)/ масса (кг, ц)/ уақыт (сағ, мин, ай, жыл) өлшем бірліктері арасындағы қатынас негізінде түрлендіру 2.1.3.5 уақытты циферблат арқылы сағат және минуттық дәлдікпен анықтау |
2.1.1.5 50-ге дейінгі сандарды 3, 4, 5-тен топтап тура және кері санау; жұп/тақ сандарды ажырату; заттар тобының 6, 7, 8, 9 бірдей бөліктерге бөлінуін көрсету 2.1.2.1 көбейтуді бірдей қосылғыштардың қосындысын табу, бөлуді нысандарды мазмұнына қарай және тең бөліктерге бөлу ретінде түсіну 2.1.2.2 көбейту және бөлу амалдарының компоненттері мен нәтижелерінің арасындағы байланысты анықтау, өзара кері амалдар 2.1.2.4** 2; 3; 4; 5 сандарына көбейту мен бөлу кестесін құру және білу, қолдану 2.1.3.6 50 тг, 100тг теңгелік монеталарды, 200 тг, 500 тг купюраларды ажырату және олармен түрлі операциялар жасау 2.4.1.1 тең жиындардың бірігуін және жиындардың тең бөліктерге бөлінуін диаграмма көмегімен көрсету 2.5.1.3 бірдей қосылғыштардың мәнін табуға; мазмұнына қарай және бірдей бөліктерге бөлуге берілген есептерді шығару; кері есептер құрастыру және шығару |
2.5.1.4 санды бірнеше есе арттыру/кемітуге; еселік салыстыруға берілген есептерді талдау және шығару; кері есептерді құрастыру және салыстыру 2.5.1.5** тура және жанама сұрақтары бар есептерді ажырату (...артық/кем, ...есе артық/кем қатынастарымен байланысты) 2.5.1.8 санды өрнек түрінде берілген жай есептердің барлық амалдар, санды өрнек түріндегі құрама есептерді жекелеген амалдар түрінде шешу жолдарын модельдеу |
|
1С бөлім: Шамалар және олардың өлшем бірліктері |
2С бөлім: Жиынды және оның
элементін белгілеу. |
3С бөлім: Санды және әріпті өрнектер. Теңдеулер. Есептер |
4С бөлім: Геометриялық фигуралар. Периметр. Аудан |
|
2.1.3.1 өлшеу аспаптарындағы шәкілдердің мәнін ажырату және соларға сәйкес шамалардың тиісті мәндерін анықтау 2.1.3.2** м/ц бірліктерін пайдаланып, шамаларды өлшеу 2.1.3.3** ұзындық: см, дм, м/масса: кг, ц/ көлем (сыйымдылық): л/ уақыт: мин, сағ, ай, жыл өлшем бірліктерінің мәндерін салыстыру, бірліктер мәндерімен қосу/азайту/көбейту/бөлу амалдарын орындау 2.1.3.4** ұзындық (см, дм, м)/ масса (кг, ц) өлшем бірліктері арасындағы қатынас негізінде түрлендіру |
2.4.1.2 Сандар жиындарын олардағы цифр саны, санның 2-ге бөлінуі, сандық тізбектегі орналасқан орны, т.б. бойынша құру, жіктеу (бөлу) 2.4.1.3 жиындар мен олардың элементтерін диаграммада белгілеу, элементтердің жиынға, жиындардың бірігуі мен қиылысуына тиістілігін анықтау 2.4.2.1 тұжырымдардың ақиқаттығын немесе ақиқат еместігін анықтау, ақиқат немесе жалған тұжырымдар құру 2.4.4.1 қоршаған ортадағы заттардан «үш-үштен» комбинация түрлерін құрастыру 2.5.2.2 Жиынды
белгілеу үшін латын алфавитінің бас әріптерін, жиын элементтерін
белгілеу үшін латын алфавитінің кіші әріптерін; жиынға
тиістілігін/тиісті еместігін белгілеу үшін
2.5.2.5 деректерді жинақтау, жүйелеу, кесте және диаграммалар құру |
2.2.1.1 санды және әріпті өрнектерді (көбейтінді, бөлінді)/теңдіктер мен теңсіздіктерді құрастыру, жазу, оқу, ажырату 2.2.1.2 әріптердің мәні берілген екі амалды әріпті өрнектің мәнін табу 2.2.1.3 қосу мен көбейтудің қасиеттерін әріпті теңдік түрінде көрсету және қолдану:: a+b=b+a, (a+b) +c=a+(b+c), ab=ba 2.2.1.4 санды 1-ге көбейту, 1-ге бөлу жағдайларды әріпті теңдік түрінде көрсету:: a∙1=a, a:1=a 2.2.2.1 х <?және х >? түріндегі теңсіздіктерге сәйкес келетін сандарды анықтау 2.2.2.2 көбейту мен бөлуге құрылған қарапайым теңдеулерді, х+(25-6) =38; (24-3) -х=8; а+6=7+80 түріндегі күрделі құрылымы бар теңдеулерді шешу 2.5.1.2** есептерді шығару барысында «баға», «құн», «мөлшер» ұғымдарының өзара тәуелділігін пайдалану 2.5.1.4 санды бірнеше есе арттыру/кемітуге; еселік салыстыруға берілген есептерді талдау және шығару; кері есептерді құрастыру және салыстыру 2.5.1.5** көбейту мен бөлудің белгісіз компоненттерін табуға берілген есептерді талдау және шығару; кері есептерді құрастыру және шығару, тура және жанама сұрақтары бар есептерді ажырату (...артық/кем, ...есе артық/кем қатынастарымен байланысты) 2.5.1.6 көбейту мен бөлуге берілген есептерге қатысты таңдаған амалдарын негіздеу, шығару әдісін түсіндіру 2.5.1.7 2 амалмен орындалатын есептерді (санды бірнеше есе арттыру/кемітуге; еселік салыстыруға берілген жай есептердің түрлі комбинациялары) модельдеу және шығару 2.5.1.8 санды өрнек түрінде берілген жай есептердің барлық амалдар, санды өрнек түріндегі құрама есептерді жекелеген амалдар түрінде шешу жолдарын модельдеу 2.5.2.4 көбейту және бөлу амалдарының компоненттері атауларын өрнектерді оқу мен жазуда қолдану |
2.3.1.3 көпбұрыштардың, қоршаған ортадағы заттардың қабырғаларының ұзындығын өлшеу, периметрді табуға арналған формулаларды қорытып шығару, қолдану Р= (а+ b) х2, Р = а х 4, Р=а+ b +с 2.3.1.4 фигураның белгісіз қабырғасын оның периметрі/ауданы мен белгілі қабырғалары арқылы табу 2.3.1.5 берілген периметрі бойынша тор көзді қағазға жазық фигуралар салу, олардың пішіндері өзгеруіне қарай периметрдің қалай өзгеретінін түсіндіру 2.3.2.3 жазық фигуралардың моделдерін бөлу және олардан композициялар құрастыру 2.3.2.4 бастапқы орнын, бағытын, қозғалысын (оңға, солға, тура, толық бұрылу, сағат тілімен және сағат тіліне қарсы жартылай, төрттен бірге бұрылу) анықтау және берілген нұсқауға сәйкес әрекет жасау 2.3.3.1 сызық бойында белгіленген нүктелердің бір біріне қатысты орналасуын анықтау 2.4.2.2 санды тапсырмаларды, түрлі сандары бар басқатырғыштарды, құю және салмақты өлшеуге арналған логикалық есептерді зерттеу және шығару 2.5.1.2** есептерді шығару барысында ұзындығы, ені, периметр ұғымдарының өзара тәуелділігін пайдалану 2.5.1.5** тіктөртбұрыштың (шаршының) қабырғаларын, периметрін табуға берілген есептерді талдау және шығару; кері есептерді құрастыру және шығару 2.5.2.3 нүктелерді, кесінділерді, сәулелерді, түзулерді латын алфавитінің бас әріптерімен таңбалау, оларды таңбалануы бойынша оқу |
Ескертулер:
С = сынып жұмысы ОТ = оқушының тәжірибелік зерттеуі
Т = топтық жұмыс М = мұғалімнің көрсетуі
Ж = жұптық жұмыс қ = білім мен біліктерді бағалауды қамтамасыз ету
Д = дербес жұмыс
Тілдік мақсаттар туралы
Пән мазмұнын екінші немесе үшінші тіл арқылы оқыта отырып, жалпы білім беретін мектептер пән мазмұны мен тілдің қатар меңгерілуіне көмектесетін ортаны құруды мақсат етеді. Әр пәннің өз тілдік стилі бар, оны нақты бір пәннің «ғылыми тілі» деп атауға болады. Ғылыми тіл – пәннің мазмұнын оқып үйрену, ойлау қабілетін және пәндік мазмұнның негізгі ұғымдарымен жұмыс істеуді жақсарту үшін қолданылатын негізгі құрал. Екінші не үшінші тіл арқылы оқитын көптеген оқушыларға олардың ғылыми тіл мен пән мазмұнын толық игеруі үшін білім алу үдерісінде үнемі қолдау көрсетілуі қажет. Үштілді білім беру контексінде бірінші ғылыми тілдің дамуы да тұрақты назарды талап етеді, сондықтан бірінші тіл арқылы оқуға жұмсалатын шектеулі уақыт тиімді және нәтижелі қолданылуы керек.
Тілдік мақсаттар ғылыми тілді үйрену үшін маңызды құрал болып табылады. Оқушылар үшін өздерінен не күтілетіндігін түсінуі тілдік мақсаттардың анық құрылуына байланысты. Сондай-ақ, тілдік мақсаттар оқытушылар мен оқушыларға оқуға деген ынтаны қалыптастыруға, өлшеуге және қолдауға көмектеседі. Пән мазмұны мен ғылыми тілді оқытуды үнемі қатар назарда ұстайтын пән мұғалімдері оқушыларға үлгі көрсетіп, пән мен тілді оқып үйренуге көмектеседі.
Ғылыми тілді оқып үйренуді қолдау үшін оқытушыларға сабақ жоспарларына келесі оқу мақсаттарын жүйелі түрде қосу ұсынылады:
-
оқушылар назарын ғылыми тілге аудару (мәселен, пән бойынша оқу мақсаттарына жету үшін қажет терминология немесе тұрақты тіркестері бар лексиканы қолдану);
-
пән мазмұнының ұғымдарымен жұмыс істеуге қажетті жұмыс тілін қолдану (мысалы, топтық жұмыстар, сұрақты дұрыс қоя білу, жағдайды талдау және пікірталастар мен дебаттар жүргізу үшін қажетті сөздер мен сөз тіркестері);;
-
алдын ала оқыту, оның ішінде ең бастысы, пәнді оқуда дұрыс қолдана білу үшін қажетті терминология мен тіркестер жиынтығын қамтитын лексиканы алдын ала орынды контексте қолдану;
-
оқушылардың тілдік төрт дағдының барлығын түрлі әрекеттерде (мысалы, оқылым-тыңдалым, оқылым-жазылым, оқылым-айтылым,тыңдалым-жазылым және т.б.) түрлі мақсаттарға қол жеткізу үшін қолдану;
-
оқушыларды пікірталас диалогтарға қатыстыру (мәселен, оқушылардан қысқа жауаптарды қабылдамау, білімді ғана көрсететін сұрақтарды қоймау; оқушыларды өз білімін нәтижелі талқылау үшін пайдалануға ынталандыру, сондай-ақ оқушылар диалогқа қатыса алуы үшін қажет лексикалық қормен қамтамасыз ету);
-
тілге тән оқу дағдыларын дамыту (мәселен, таңдамалы түрде тыңдау, түсіндіру, металингвистикалық және метакогнитивтік танымды дамыту, басқа сөзбен айту, сөздікпен жұмыс дағдылары);
-
тіл туралы сын тұрғысынан ойлауды дамыту (мәселен, тілдерді салыстыру, оқушылардың тілді барынша нақты пайдалануға ынталандыру, тілді оқудағы жетістіктерді бағалау);
сабақ басында тілдік мақсатты белгілеу, сабақтың соңында осы мақсат бойынша қол жеткізген жетістіктерді талқылау.
Тілдік мақсат үлгісі оқу жоспарының әр бөлімінде көрсетілген. Тілдік мақсат үлгісі сонымен бірге ғылыми тілдің құрамдас бөліктерін қамтиды, оны пайдалану мен есте сақтауға оқушылардың назарын аудару маңызды. Бұл құрамдас бөліктер келесі тақырыпшалармен көрсетілген:
(1) пәнге тән арнайы лексика және терминология,
(2) диалог/жазылым үшін қажетті сөз тіркестері. Берілген тіл оқушылар үшін түсінікті әрі анық болса, бұл олардың пәндік мақсаттар мен тілді оқудағы мақсаттарға қол жеткізуіне көмектеседі.
Тілдік мақсаттарды анықтау үшін келесі етістіктерді пайдалануға болады: саралау, санаттарға бөлу, таңдау, жіктеу, салыстыру, байланыстыру, қарсы қою, көшіру, құрастыру, сынау, анықтау, суреттеу, әзірлеу, бағалау, түсіндіру, мысал келтіру, жорамалдау, анықтау, негіздеу, келіссөздер жүргізу, болжау, өндіру, балама шешімдер ұсыну, себептерді түсіндіру, пысықтау, қайта ұйымдастыру, басқа сөзбен айту, мазмұндау, қайта қарап шығу, көшіріп алу, рөлдік ойындар ойнау, қорыту, синтездеу және жазу, түрлі мақсаттар үшін пайдалану, өз сөзімен анықтама жазу, безендіру.
Тілдік мақсаттардың кейбірін пән мазмұнын оқу мақсаты деп те есептеуге болатынына қарамастан, мазмұн мен тілдің бөлінуі оқушылардың мазмұнға да, тілге де баса назар аударуына көмектеседі. Бұл, сондай-ақ, жауаптар мен шешімдер іздеу үшін қолданылатын үдерістермен салыстырғанда, жауаптарға/шешімдерге аударылатын назарды теңгерімге келтіруге көмектеседі. Атап айтқанда, осындай үдерістерге баса назар аудару тілдің нақты қолданылуы мен ойлау әрекетінің жақсаруына көмектеседі.
Тілдік емес пәндерде оқыту мақсаттарының көпшілігі мазмұнға бағдарланады, бірақ ең кемінде біреуі тіл дамытуға бағдарлануы тиіс.
Орта мерзімді жоспарлар
|
Математика Бастауыш мектеп 2-сынып |
||
1А-бөлім: Екітаңбалы сандар |
||
|
Осыған дейін меңгерілуі тиіс білім |
||
|
Тура және кері санау дағдылары; бірліктермен, ондықтармен, екі-екіден аттап санау, есептеудің ауызша тәсілдерін пайдалана отырып, біртаңбалы, екітаңбалы сандарды қосу және азайту амалдарын орындау |
||
|
Контекст |
||
|
Натурал сандар жүйесін пайдалану тәсілін түсіну және осы сандармен есептеулер орындай білу барлық пәндерді оқып үйренуде зор маңызы бар арифметиканың негізі болып табылады |
||
|
«Математика» пәні бойынша тілдік мақсаттар өзімен құралпас балалармен қарым-қатынаста және әріптестікте коммуникативтік құзыреттіліктерді қалыптастыруға, өз ойын ауызша және жазбаша сөйлегенде анық, нақты және сауатты жеткізе білуін қалыптастыруға, қойылған міндеттердің мәнін түсінуге, дәлелдер мен мысалдар келтіре білу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Тиісті ғылыми тілді пайдалану бойынша тілдік мақсат үлгісі төменде берілген. |
||
|
Оқытудың тілдік мақсаты |
Пән лексикасы мен терминология |
Диалог/жазу үшін пайдалы сөз тіркестері |
|
екі таңбалы сандардың разрядтарын атау; екі таңбалы сандарға сипаттама жасау; |
Бірлік, ондық, разрядтар; санау, тура санау, кері санау; артық; кем; …қарағанда артық; … кем; разрядтық қосылғыштар |
Талқылауға арналған сұрақтар: Бұл цифрдың мәні қандай? Келесі/алдыңғы сан қандай? Бұл разрядтағы санның мәні қандай болады? Бұл санды қандай разрядтық қосылғыштарға жіктеуге болады? Неліктен екенін айта аласыңдар ба? … бұл цифрлар бірдей, бірақ мәндері әр түрлі? … бұл сан мына санға қарағанда артық/кем болуы керек? …40 санында бірліктердің орнында нөл тұр? …бұл мысалдарды біз осы әдіспен шығара аламыз? Жазу бойынша нұсқау: Жиырма бес санын жазыңдар. 65-тен артық, бірақ 70-тен кіші санды жазыңдар. Бұл санды (мысалы, 23) сөзбен жазыңдар. Үш ондық алты бірлік бар санды жазыңдар. Бірінші разрядтағы 5 бірлігі, және екінші разрядтағы 7 бірлігі бар санды жазыңдар. |
|
Басқа да тілдік мақсаттарды құрастыру және тілді оқыту мақсаттары бойынша ғылыми тілді оқыту мен оқуға қатысты қосымша нұсқаулар беру үшін жоғарыдағы «Тілдік мақсаттар туралы» бөлімін қараңыз |
||
|
Қысқаша шолу |
||
|
Оқушылар натурал сандар жүйесі туралы түсініктерін дамытады: 100-ге дейін оқиды, жазады және салыстырады; екітаңбалы сандарды атайды, санға сипаттама береді, сондай-ақ оны разрядтық қосылғыштарға жіктейді. Олар «Бәрі өзім туралы» тақырыбының контексінде дағдыларын жетілдіреді |
||
|
Тараулар |
Оқу мақсаттары |
Сабақта ұсынылатын іс-әрекет түрлері |
Мұғалімге арналған ескертпелер (оқыту әдістемесі бойынша) |
Оқу ресурстары |
|||||
|
Екітаңбалы сандарды оқу және жазу |
|||||||||
|
1.1 Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер 5.2 Математикалық тіл |
2.1.1.1 100-ге дейінгі сандардың құрылу жолын түсіну; 100 көлеміндегі сандарды тура және кері санау, олардың натурал сандар қатарындағы орнын анықтау 2.1.1.2 екітаңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру
2.5.2.1 екі таңбалы сандардың графикалық үлгілерін құру, разрядтар кестесін пайдалану
|
(С) 1-сыныпта өткен санау тәсілдерін естеріңізге түсіріңіздер. Біз түрлі «қадамдармен» санауды (бірліктермен, ондықтармен, екі-екіден аттап) үйрендік. Оқушыларға белгілі бір уақыт аралығында (30-40 секунд) қағаз парағына барынша көбірек нүкте қоюды ұсыныңыз. Содан кейін қойылған нүктелердің дәл санын жылдам анықтауды сұраңыз. Оқушылар ондықпен санау әдісін ұсынуы керек. (Т/Ж) Оқушыларға санауға арналған түрлі заттарды таратып беріңіз: түйебұршақ, геометриялық фигуралар, түтікшелер, т.б. Әр топқа берілетін заттар саны әр түрлі болад, мысалы, 23, 39, 40, 58, т.б. Оқушылар заттарды санау оңай болатындай етіп тізуі қажет (оқушылар заттарды бір қатарға он-оннан болатындай тізуді ұсынуы керек). Бұдан кейін оқушылар түсініктеме береді: «Бізде оннан көп зат бар. Заттар екі толық қатарға тізілгендіктен, бұлардың саны – 20, сонымен бірге тағы 3 зат бар, барлығы 23. Демек, 23 дегеніміз, 20 және 3. заттарды доминодағы сияқты 2 қатарға бес-бестен тізуге болады. (С) Ондықтармен санау кезінде оқушылардың назарын ондықтың күрделі санау бірлігі екеніне аударыңыз; ондықтарды қарапайым бірліктер секілді санайды. Оқушылар санау бірліктері арасындағы қатынасты жазып алады және есте сақтайды: 10 бірлік 1 ондықты құрайды. 10 ондық 1 жүздікті құрайды. Оқушылардың түсінуін тексеріңіз. «10, 20, 50-ден кейін қандай сан келеді», - деп сұраңыз. Ұсынылған нұсқаларды тыңдап, флипчартта сандық қатарды жаза бастаңыз. Сандық түзу – «жүздік таспаны» пайдаланыңыз. Санау кезінде 69 саны қай санның алдында аталатынын; 90 санының қай саннан кейін аталатынын сұраңыз. 83, 60 сандары үшін алдыңғы сан қайсысы болатынын айтуды сұраңыз. 67, 79 сандары үшін кейінгі сан қайсысы болатынын айтуды сұраңыз. бұдан соң бір санды атаңыз, оқушылар осы саннан 1 (2, 10) артық немесе кем болатын санды атауы керек. 59 + 1, 30 – 1, т.б. мысалдарын шығарыңыздар. (С, қ) Оқушылардан сандық қатардың түрлі нүктелерінен бастап, түрлі қадамдармен санауды сұраңыз. Оқушылардың жүз көлемінде санай алуын тексеріңіз, мысалы 2-ден 90-ға дейін қадамдап санау. (С) Санаудың басқа да әдістерін талқылаңыздар, мысалы үш-үштен, төрт-төрттен аттап санау. Сандықтүзу бойымен «секіре» отырып санауды модельдеңіз (немесе бір оқушыдан сынып санағанда неше рет «секіргенін» белгілеуді сұраңыз). (С) 1-сыныпта сандық түзуді қалай қолданғанымызды оқушылардың естеріне түсіріңіз. Олардан карточкалар жинағынан 1-ден 100-ге дейінгі сандары таңдауын және осы санды демонстрациялық сандық түзуде қайда орналастыру керектігін анықтауларын сұраңыз. «Бұл сандар қандай дөңгелек/ондықтар сандардың аралығында болады?» деген сұрақтарды қоя отырып, түсініктерін тексеріңіз. (Д, қ) Егер сіздің алдын ала бағалауыңыз бұл дағдыны одан әрі дамыту керек десе, осы сандарды дұрыс ретпен орналастыру үшін оқушыларға басып шығарылған сандық түзу мен сандар қатарын беріңіз |
Бұл бөлімде келесі мәселелерді қарастыруды ұсынамыз: тура және кері санау; 100 көлеміндегі сандардың графикалық моделін құру; сандарды құру, оқу, жазу; екітаңбалы сандардың разрядтық құрамы; разрядтық қосылғыштардың мәні Оқушылар бұл тақырыпты меңгеруге дайын, себебі олар 11-ден 20-ға дейінгі екітаңбалы сандардың жазылуын олар бірінші сыныпта меңгерген. Ал 20-дан үлкен сандардың жазылуы оған ұқсас, себебі санау барысында бірілктерді ондықтармен топтастыруға және сандарды жазуда цифрлардың орналасу мәніне сүйенеді. Оқушылардың 100 көлеміндегі сандардың натурал тізбегі туралы дұрыс түсінігі қалыптасуы үшін сандарды санау немесе бір-бірлеп санау бойынша жаттығулар қосу қажет. Бұл үшін «жүздік таспаны» немесе өлшегіш орамтаспаны, жіп, кір қыстырғыштар, сандар жазылған кеспеқағаздар пайдалануға болады. Дамытушы іс-әрекет: Егер оқушылардың санау дағдылары жақсы қалыптасқан болса, олардан 100-ден әрі қарай санауын сұраңыз. Практикалық тапсырманы ондықпен санау арқылы орындауға болады, мәселен, 10 теңгелік тиындарды қолдану арқылы. Оқушылар демонстрациялық сандық түзуді көріп қолдана алуы маңызды. 0-ден 100-ге дейінгі демонстрациялық сандық түзудің үнемі баланың бойы жететін биіктікте орналасқандығы дұрыс болар еді. Сандық түзумен жұмыс істеген кезде, түзуді көрінетін жерге іліп қоюға немесе оны интерактивті тақтаға бейнелеу арқылы қолдануға болады. Сандар қатарының болуы мұғалімге тапсырма деңгейінің күрделілігін бақылауына және қабілеті нашарлау оқушылар үшін өзгертілген тізімді беруіне мүмкіндік береді. Оқушылар ондықтардан және бірліктерден сандардың құрылуымен танысады. Көрнекі құралдарды пайдалана отырып, оқушылар сандарды құрады, бейнелейді және оларды атап үйренеді. Кері сипаттағы жаттығулар да орындалады – аталған санда қанша ондық пен бірліктердің бар екенін айту. |
Жұп ішінде жұмыс істеуге арналған қосу/азайту дағдыларын бекітуге арналған ойын (20 көлеміндегі сандар): |
|||||
|
Екі таңбалы сандардың разрядтық құрамы. Разрядтық қосылғыштар мәні |
|||||||||
|
1.1 Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер |
2.1.1.3 **екі таңбалы сандардың разрядтық құрамын анықтау, разрядтық қосылғыштарға жіктеу
2.1.1.2 екі таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру
|
(С) Екі таңбалы сандардың разрядтарын қарастырыңыздар. Бұл үшін разрядтар кестесін пайдаланыңыздар. (Т) Оқушыларға бірліктердің, ондықтар мен жүздіктердің шартты белгілеулерін көрсетіңіз (шаршы – бірлік, он шаршыдан құралған жолақ - ондық). Оқушыларға екі таңбалы сандардың модельдерін құрастыруды ұсыныңыз. Разрядтар кестесімен жұмысты ұйымдастырыңыз: сандарды оқу және жазу; осы сандағы әр разряд бірлігі санын анықтау бойынша жұмыс. Оқушылар сандарды салыстыра алады: 36 және 50; 48 және 41; 17, 71, 77; 36, 63. (Т) Оқушылар екі таңбалы сандарды қалай салыстыруға болады деген проблеманы қарастырады (оқушылар салыстыру үшін екі жолды ұсына алады: 1) бір топтағы заттар санының екінші топтағы заттар санына сәйкестігі арқылы заттар топтарын салыстыру; 2) сандардың разрядтық құрамын қарастыру және салыстыру арқылы. (Т) Оқушыларға кестесі бар қағаздарды таратып беріңіз:
Оқушылар цифрлар жазылған екі ойын сүйегін лақтырады. Түскен цифрлардан құрастыруға болатын сандарды жазады. Мысалы, 4 пен 6 цифрлары түсті делік. Оқушылар бұл цифлардан құрастыруға болатын ең үлкен сан – 64, ал ең кіші сан – 46 екенін айтып, оларды тиісті бағандарға жазады. Бұдан кейін оқушылар бір санның екіншісінен неліктен артық не кем екенін дәлелдейді. (Ж) Оқушыларға цифрлар жазылған карточкалар жинағын ұсыныңыз. Олар екі цифрды таңдап, барлық мүмкін екі таңбалы сандарды құрап, жазуы керек. Жұп ішінде жұмыс істей отырып, оқушылар сандарды салыстырып, қай санның артық екенін дәлелдейді. Қажеттілік болған жағдайда разрядтар кестесін, «жүздік таспасын» пайдаланады. (Ұ, Қ) Оқушыларға бірліктермен 20-дан 30-ға дейін санауларына (әндетулеріне) рұқсат беріңіз. Олардан бұл сандық реттіліктің 1-ден 10-ға дейінгі реттілікпен байланысын түсіндірулерін сұраңыз. 30-дан 40-қа және т.с.с. санау барысында осы санауды қайталау керек пе екендігін сұраңыз. Олардың түсіндірмелерін қорытындылай, әрі қарай санамас үшін, оқушыларда санау жүйесін түсіну деңгейі жеткілікті ме екенін шешіңіз. (Ж, Д, Қ) Оқушыларға ондық құрам туралы білімдерін пайдалану білігіне негізделген, санларды қосу және азайтуға арналған түрлі өрнектер жазылған карточкаларды таратып беріңіз (20+4, 35 – 5, 45 + 20, 45 – 30 және т.б.) Осы өрнектерді жіктеп, олардың мәнін табуын сұраңыз. Оқушылар жіктеу белгілерін көрсетсін. (Ж) Санның ондық құрамын түсіндірумен бірге натуралдық бірізділік бойынша жұмысты жүргізіңіз. Бұл мақсатта көрнекілікке сүйене отырып орындауға болатын жаттығуларды қосыңыз, мысалы: «жүздік таспадан» 50, 29 сандарын табыңыз. Олардың қайсысы үлкен? Қанша үлкен? Т.б. (Ж) Сандар жазылған карточкаларды таратып беріңіз. Оқушылар сандарды оқып, оларға сипаттама береді, содан соң тапсырмалар орындайды: қай сан үлкен: 79 әлде 89, 78 әлде 57, 49 әлде 50, 30 әлде 15? Қанша үлкен? |
Ауызша есептеулер негізінде разрядтық сандармен түрлі операциялар орындау жатыр. Сондықтан сандардың разрядтық құрамы туралы білімдерін пайдалану білігіне негізделетін қосу және азайтуға, сондай-ақ екі таңбалы санды разрядтық қосылғыштар мәніне алмастыруға арналған тапсырмалар ауызша жаттығулар мен есептер шығаруда үнемі пайдаланылуы тиіс. Тапсырмаларды «Бәрі мен туралы» тақырыбының контексінде, әсіресе хобби, қызығушылық туғызатын іс-әрекеттер туралы таңдауға болады. Тапсырмаларды жауап жазатын орын қалдырылған қағазда немесе тәсілдемелер мен жауаптарды кейіннен модельдеуге болатын интерактивті тақтада орындатуға болады.
Нөмірлеу бойынша білімдерін жүйелеу үшін осы сандарды сипаттау бойынша тапсырмаларды пайдалануға болады. Мысалы, 47 санын сипаттағанда оқушылар осы санның ондық құрамын атайды, натуралдық қатардағы орнын көрсетіп, оның разрядтық қосылғыштарын атай алады. |
|
|||||
|
Математика. Бастауыш мектеп. 2-сынып |
||
1В-бөлімі: Сандармен амалдар орындау |
||
|
Осыған дейін меңгерілуі тиіс білім |
||
|
100 көлеміндегі сандардың нөмірленуі, он көлеміндегі сандардың құрамы, қосу және азайту амалдарының қасиеттері: мәнге сан қосу, мәннен санды азайту, мәнді санға қосу, мәнді саннан азайту, мәнге мәнді қосу, мәннен мәнді азайту. Разрядтан аттамай есептеудің ауызша тәсілдерін қолдана отырып, бір таңбалы, екі таңбалы сандарды қосу және азайту амалдарын орындай білу |
||
|
Контекст |
||
|
Сандар жүйесімен жұмыс тәсілін түсіну және осы сандармен есептеулер орындай білу барлық пәндерді оқып үйренуде зор маңызға ие арифметиканың негізі болып табылады |

екі таңбалы санның разрядтық құрамын атау; санды разрядтық қосылғыштар мәнімен алмастыру; ондықтан аттап ауызша есептеу тәсілдерін түсіндіру; сандардың ондық құрамы туралы білімдеріне сүйене отырып, разрядтан аттамай екі таңбалы сандарды ауызша есептеу тәсілдерін түсіндіру. |
Бірлік, ондықтар, жүздіктер, разрядтар; Түсіндіру, анықтау, ... көз жеткізу; Разрядтық қосылғыштар; Есептеу алгоритмі; Қосылғыш, мән, азайғыш, азайтқыш, айырма; Дөңгелек ондыққа дейін толықтыру. |
Талқылауға арналған сұрақтар: Бұл санды қандай разрядтық қосылғыштарға жіктеуге болады? Амалдар орындау алгоритмі қандай болады? Неліктен…..екенін айта аласыңдар ма? …бұл сан мына санға қарағанда көп/аз болуы тиіс? …бұл мысалдарды неліктен осы тәсілмен шеше аламыз? Жазу бойынша нұсқаулықтар: «Пайымдаулар тізбегін» жаз |
|
Өзге де тілдік мақсаттарды құрастыру, сондай-ақ ғылыми тілді үйретуде және оқытуда қолданылатын оқытудың тілдік мақсаттары бойынша қосымша нұсқаулықтарды зерттеу үшін «Тілдік мақсаттар туралы» мәтінін қараңыз |
||
|
Қысқаша мазмұны |
||
|
Оқушылар ауызша есептеу дағдыларын жетілдіреді, екі таңбалы сандарды разрядтан аттамай және ондықтан аттап ауызша есептеудің жаңа тәсілдерін меңгереді. Олар «Барлығы мен туралы», «Менің мектебім» тақырыбының аясында әрекет етеді |
||
|
Тақырыпшалар |
Оқу мақсаттары |
Ұсынылатын оқыту іс-әрекеттері |

Оқыту ресурстары |
||||||
|
Бір таңбалы санды ондықтан аттап ауызша қосу тәсілі, кері амал орындау |
||||||||||
|
1.2 Сандармен амалдар орындау |
2.1.2.4 **біртаңбалы сандарды ондықтан аттап қосу кестесін құру, білу және қолдану
2.1.2.5 ** жүзге дейінгі біртаңбалы сандарды ондықтан аттап ауызша қосу және азайту |
(Ұ, Ж) 10 көлеміндегі сандар құрамын қайталауға бағытталған жұмысты ұйымдастырыңыз. Кез келген біртаңбалы санды атап, оқушылардан оны 10-ға дейін толықтыруын сұраңыз. (Ж) Карточкаларды таратып беріңіз, 8 + 2 + 5, т.б. түріндегі мысалдарды шешуін сұраңыз. Шешілген мысалдарды талдап, бірінші қосылғышқа барлығы қанша қосқанын сұраңыз. (М) Тақтаға әрқайсысында он қалтасы бар екі жолақ іліңіз. Оқушылар әр қатардағы қалта санын санасын. Содан кейін 9 + 6 мысалын шешуді сұраңыз. Бірінші қосылғышты сары түсті шаршымен белгілеп, оны бірінші жолақтағы қалталарға салыңыз, екінші санды жасыл түсті шаршылармен бейнелеңіз. Бірінші жолаққа тағы қанша шаршы орналастыруға болатынын сұраңыз. Бұл қатарда сонда қанша шаршы болады? Әлі қанша жасыл шаршы қалды? Барлығы қанша шаршы болды? 9-ға 6 санын қалай қосты? Орындалған амалды: 9 + 6 9 + 1 + 5 түрінде бекітіңіз (Ж, Д) Оқушылардың пәндік іс-әрекетін ұйымдастырыңыз. 10 шаршыға бөлінген жолақтарды таратып беріңіз, 8 + 5 мысалын шешуді ұсыныңыз. Жолақтардағы қосылғыштарды алуан түсті дөңгелектермен белгілеңіз. Бірінші қосылғышта толық ондыққа дейін неше бірліктің жетпейтінін сұраңыз. Бұл бірліктерді қайдан алуға болады? Дөңгелектердің орнын ауыстыру арқылы бірінші қосылғышты ондыққа дейін толықтыруды ұсыныңыз, бұдан соң екінші ондықты қанша бөлікке бөлгенін сұраңыз. Неше толық ондық, неше бірлік шыққаны туралы сұрақ қойыңыз. Мәнді атауын сұраңыз. Осы үлгі бойынша тағы бірнеше мысалды шешіңіздер. Содан соң орындалған іс-әрекеттерді талдап, оқушылардан қорытынды жасауын сұраңыз. (Ұ) Түсінулерін тексеру үшін оқушыларға 7 + 6 мысалын шешуді ұсыныңыз. Шешу тәсілін егжей-тегжейлі түсіндіріп беруін сұраңыз. 6 санын қандай бөліктерге бөлгенін сұраңыз. 6 санын 4 және 2, 5 және 1 деп бөлуге болар ма еді? Неліктен? Оқушылармен бірге 10 арқылы аттап қосу алгоритмін құрастырып, бекітіңіз. 5 + 7, 2 + 9, т.б. түрлеріне назар аударыңыздар. Бұл жерде қосудың ауыстырымдылық қасиетін қолдану қажеттігін түсіндіріңіз. Осыған ұқсас тәсілмен ондықтан аттап азайту амалын орындауды қарастырыңыздар. (Оқушылардың дөңгелек саннан бірліктерді жылдам әрі сенімді азайтатынына көз жекізіңіз). Бұл тақырыпты оқытудың бастапқы кезеңінде оқушыларға пайымдаулар тізбегін жазып отыруды ұсыныңыз (7+8=7+3+5; 15-8=15-5-3), кейін тек жауаптарды ғана жазуға болады. (Ұ, Ж) Оқушыларға кері амал тәсілі арқылы ауызша азайту тәсілін көрсетіңіз. Мысалы, 16-8. 16 шығуы үшін 8 санына қай санды қоуымыз қажет? Бекіту үшін жұптармен жұмысты ұйымдастырыңыз. (Т, Ж, қ) Оқушылардан бір-біріне шешу тәсілін түсіндіре отырып және алгоритмді пайдаланып мысалдарды ондықтан аттап шығаруын сұраңыз. (Д, қ) Карточкаларды таратып беріңіз, оқушыларға мысалдарды шешіп қана қоймай, пайымдаулар «тізбегін» жазуын ұсыныңыз. (
|
Жазудың басқаша түрін пайдаланған дұрысырақ болатыны тәжірибеде байқалды. Мысалы: 9 + 6
Ондықтан аттап қосу тәсілі ондық көлеміндегі сандарды қосу тәсіліне ұқсас, себебі сандар бөлшектеп қосылады: алдымен бірінші қосылғышты 10-ға дейін толықтырамыз, содан соң 10-ға екінші қосылғыштың қалған бірліктерін қосамыз. Пәнді оқыту іс-әрекеті дұрыс ұйымдастырылса, оқушылар бір таңбалы сандарды ондықтан аттап қосудың ортақ тәсілін өздігінен құрастыра алады. (кестенің жазуы: бір таңбалы сандарды 20 көлемінде ондықтан аттап қосу)
Оқушыларға кестені пайдалануға болатын жұмыс түрлерін ұсыныңыз: ойындар, ребустар, қызықты рамкалар, шеңберлік мысалдар, т.б. кестені және сандар құрамын есте сақтау үшін интернет ресурстарды кеңінен қолданыңыз. Іс-әрекет шеңберін кеңейту үшін оқушыларға әр бағандағы қосылғыштар мен мәннің қалай өзгеретінін байқап, бақылауларының негізінде қорытынды жасауын ұсыныңыз. |
Дербес маркерлік тақталар /дербес ламинатталған парақтар мен маркерлер Сандар мен мысалдар жазылған карточкалар «Бұршақты әперіп жіберші» – қосу/азайту дағдыларын дамыту үшін жұптар/шағын топтарға арналған ойындар: Қосу/азайту дағдыларын бекіту үшін жұппен ойнауға арналған ойын (20 көлеміндегі сандар): http://nrich.maths.org/6589 http://samouchka.com.ua/_2des/28/ Математикадан интерактивті сабақ global-sch ool.ru/files/view/449/
|
||||||
|
Екі таңбалы сандарды ондықтан аттамай қосу және азайту |
||||||||||
|
1.2 Сандармен амалдар орындау |
2.1.2.6 Екі таңбалы сандарды ондықтан аттамай ауызша қосу және азайту тәсілдерін 40+17, 57-40, 57-17, 35±12 түрінде орындау |
(Ұ, қ). 1-сыныпта оқылған қосу мен азайту тәсілдері оқушылардың естерінде бар ма екенін тексеріңіз. Санның ондық құрамын, разрядтық қосылғыштар мәнін қайталаңыздар. Тақтаға бір санды (мысалы, 23) орналастырып, оқушылардан ламинатталған дербес парақшаларда нәтижесінде осы жауап шығатын қосу және азайту амалдары көрсетілген өрнектерді жазуын сұраңыз. (Ұ, Ж) Оқушыларға: 23±12; 40 + 17, 57 – 40 мысалдарының шешімін тауып, оларды шешу тәсілін анықтауды ұсыныңыз. (Т) Оқушыларға бұл жұмысты сандарға арналған қалташалары бар разрядтар кестесін; түтікшелер, екі/үш түсті шариктерді пайдалана отырып орындауын сұраңыз. Осы заттардың көмегімен оқушылар мысалдарды шешу жолын модельдеп, есептеу тәсілін қадамдап талқылайды. (Ж) Ауызша есептеулер үшін қай тәсілдің әлдеқайда тиімді екенін талқылаңыздар. Оқушылар жұптарға бөлініп, осындай мысалдарды шешу алгоритмін құрастырады. (Ж, Д, қ) Оқушыларға карточкалар таратып беріңіз, есептеу тәсілін естен шығармай, өрнектерді жіктеуін сұраңыз. Өрнектердің мәнін тауып, әр нақты жағдай бойынша жазып алуын ұсыныңыз. |
Оқушылар ауызша қосу мен азайтудың келесі тәсілдерін меңгереді: 1. Санның ондық құрамын білуге негізделген тәсілдер: 50 + 4; 43 - 3; 43 - 40. 2. Санды мәнге қосуға немесе санды мәннен алуға негізделген тәсілдер: 72 + 6= (70 + 2) + 6 = 70 + 2+ 6 = 70 + (2 + 6); 45 - 3 = (40 + 5) - 3 = 40 + 5 - 3 = 40 + (5 - 3). Есептеу біліктерін қалыптастыру жұмысы іс әрекеттің жалпы әдісін меңгеруге арналған, оның негізінде оқушылардың сандарды есептеудің ондық жүйесінде жазуды (санның разрядтық құрамы) және қосу мен азайту әрекетінің мәнін түсінуі жатыр. Есептеудің жаңа әдісінің негізгі жолы сол әрекеттің үлгісін көрсету емес, оқушылардың ондықтар мен бірліктердің модельдерімен түрлі амалдар орындауы және осы амалдарды математикалық жазбаларға сәйкестендіруі. |
|
||||||
|
45±9, 45±19 түріндегі өрнектерді ауызша қосу және азайту тәсілдері |
||||||||||
|
1.2 Сандармен амалдар орындау
|
2.1.2.7 сандарды ондықтан аттау арқылы қосу тәсілін қолданып 45±9,45±19, 26+14, 40-14, 65+35, 100-35 түріндегі өрнектерді ауызша қосу және азайту |
(Ұ) Оқушылар 45, 19 сандарына сипаттама жасайды; содан соң осы сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктейді. (Т) Осы екі санды түрлі тәсілдермен қалай қосуға болатынын топтарда талқылауды ұсыныңыз. Оқушылар ұсына алатын тәсіл түрлері: 1) алдымен сандардың бірін разрядтық қосылғыштар мәнімен алмастырып, ондықтарды, содан соң бірліктерді қосу қажет; 2) «қолайлы» қосылғыштарға бөлеміз, санды ондыққа дейін дөңгелектей отырып, бір бөлігін қосамыз, содан соң екінші бөлігін қосамыз; 3) екінші қосылғышты дөңгелек ондыққа дейін толықтырып, өрнектің мәнін табу, содан соң алынған нәтижеден қосылған бірліктерді алып тастау. Азайту амалы осыған ұқсас тәсілмен орындалады. (Т, Д) Оқушыларға мысалдар құру үшін сандарды қалай іріктеп алуға болатынын көрсетіңіз (Мұғалімге оқыту әдістемесі бойынша кеңестер бағанын қараңыз), содан соң ауызша есептеу бойынша үйренген тәсілдері бойынша қосу және азайту амалдарын орындауларына уақыт беріңіз. Оқушыларға өз есептеулерінің нәтижелерін қалай жазуға болатынын, есептеу барысында кездескен кез келген қиындықтарды жазып алып отыруы қажеттігін түсіндіріңіз. (Ұ) «Ондықтарға таяу», мысалы 19, қосу және азайту амалдарын орындау тәсілін көрсетіңіз. Қажет болған жағдайда, сандық түзу бойымен алға және артқа жылжи отырып, кез келген саннан бастап ондықтармен санауды еске түсіріңіздер. Сандық түзуді немесе 1-100 аралығындағы сандар кестесін пайдалана отырып, есептеу әдісін құрастырыңыздар. Санның ондықтан артық немесе кем болуына, сондай-ақ амалдың қосу немесе азайту болуына байланысты қосу және азайту амалдарын реттеуге (бірліктерді қосу немесе алу) ерекше назар аударыңыздар. (Д, қ) Оқушылардың ауызша есептеу нәтижелерін көрсетуіне мүмкіндік беру үшін ламинатталған дербес парақшаларды пайдаланыңыздар, бұл іс-әрекет барысында қай оқушыларға қосымша қолдау қажет екенін анықтаңыздар. |
Екі таңбалы сандарды басқа разрядқа ауыса отырып қосу және азайту тәсілдері оқушыларға бұрыннан белгілі екітаңбалы және біртаңбалы сандарды басқа разрядқа ауысып қосу және азайту, сондай ақ екітаңбалы сандар мен «дөңгелек» ондықтарды қосу тәсілдерін қамтиды. Бекіту үшін төмендегі үлгі бойынша тапсырма беруге болады: Дұрыс теңдік алу үшін бос орындарға сандарды қой: (37+4)+50=…+50 (46+5)+30=…+30 Ауызша қосу (азайту) тәсілдерін жинақтап, қорыту үшін өрнектерді талдау және олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтауға, өрнектерді жіктеуге, заңдылықтарды табуға арналған тапсырмалар пайдалы. Мысалы, сандар қатары құрылған ережелерді анықта, әр қатарға тағы 4 сан жаз: 19, 23, 27, 31… 54, 50, 46, 42, 38… |
|
||||||
|
Амалдарды орындау тәртібі |
|
|||||||||
|
2.1 Санды және әріпті өрнектер
|
2.2.1.6 екі-үш арифметикалық амалды жақшалы және жақшасыз өрнектің мәнін табу, амалдардың орындалу ретін анықтау |
(Ұ) Оқушылардан қарапайым есепті шығаруын сұраңыз: 6 + 4 x 9 Оларға екі амалдың қайсысы – көбейту әлде қосудың бірінші орындалуына байланысты нәтиже де әр түрлі болып шығатынын білуге мүмкіндік беріңіз. Әрине, біз есепті екі түрлі нәтижемен шығара алмаймыз. Сондықтан, бұл проблеманы шешудің бір жолы ретінде жақшаларды пайдалана аламыз. Жақшалардың қасиетін көрсетіңіз: алдымен (6+4) жақшаға алып, кейін (4 x 9) жақшаға алыңыз. (Ұ) Егер берілген есепте жақша болмаса, онда біз есепті осындай амалдар үшін белгіленген тәртіпте шығаруымыз керек. Оқушыларды осы өрнектердегі амалдарды орындау тәртібімен таныстырып, талқылаңыздар. (Д/Ж, қ) Оқушыларға бірнеше тапсырма беріңіз: жақшалы және жақшасыз өрнектердің мәнін табу. Оқушыларға алынған нәтижелерді жұп ішінде талқылап, ережелердің дұрыс қолданылғанын және қандай сәйкессіздіктер болғанын тексеруге мүмкіндік беріңіз. |
Берілген мысалда оқушылардың амалдарды орындау тәртібін есте сақтауына көмектесуі үшін жүйе қолдануға болады: ағылшын тілінде BEDMAS аббревиатурасы (орыс тілінде бұл СДДУСВ, ал қазақ тілінде ЖЖТБКҚА) жиі қолданылады ЖЖТБКҚА: Жақшалар Жақшаның сыртындағы амалдар Тәртіп бойынша кезегімен бөлу және көбейту Тәртіп бойынша кезегімен қосу және азайту |
|
|
|||||
|
Тиімді есептеу жолдары |
||||||||||
|
1.2 Сандармен амалдар орындау |
2.1.2.3** қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін тиімді есептеулер жүргізу үшін қолдану
|
(Ұ) Арифметиканың заңдары қосу амалдарын орындауда қалай пайдаланылатынын көрсету үшін оқушыларға оларды қарапайым мысалдар көмегімен таныстырыңыз. Оқушылардан осы заңдардың азайту амалдарын орындауда қалай пайдаланылуы мүмкін екенін, сондай-ақ мұны қарапайым мысалдар көмегімен қалай тексере алатындарын ойлануын сұраңыз. (Т, Ж) Оқушыларға карточкаларды таратып беріп, жұп немесе топ ішіндегі жұмысты ұйымдастырыңыз. ЖҰПТАРЫН ТАП 47+13; 8+52; 64+(18+6); 60+(14+10); 18+52; 60+(14+20); 54+(18+6); 47+23. (60+10)+14; (60+14)+20; 13+47; 52+8; 13+57; (64+6)+18; 52+18; (54+18)+6. ЕҢ ЫҢҒАЙЛЫ ТӘСІЛМЕН ЕСЕПТЕ 58+37+2=??+??=?? 35+35+29+11=??+??=?? 10+36+20+4=??+??=?? 54+18+26=??+??=?? Қосудың қай қасиетін қолданғанын түсіндіріп беруін сұраңыз. (Ұ) Мәннің өзгергіштік қасиетін, санды мәннен азайту және мәнді саннан азайту ережелерін, айырманың өзгергіштік қасиеттерін білуге негізделген тиімді есептеу әдістерін нақты мысалдармен қарастырыңыздар. 1-тәсіл. Бір немесе бірнеше қосылғышты дөңгелектеу. Бір немесе бірнеше қосылғышты оған жақын «дөңгелек» санмен алмастырады, «дөңгелек» сандардың ортақ мәнін табады, содан соң қалған қалдықтарды алынған мәнге қосады немесе одан азайтады. Мысалы:: а) 34 + 48 = (34 + (48 + 2)) – 2 = (34 + 50) – 2= 84 – 2 = 82; б) 29 + 43 = 43 +29 = (40 + 30) + 3 – 1 = 70 + 2 = 72. 2-тәсіл. Разряд бойынша қосу. Бірнеше көптаңбалы сандарды қосқанда алдымен барлық сандардың сәйкес разрядтық бірліктерінің мәнін табады, содан соң мәндерді қосады. Атап айтқанда, бірнеше екітаңбалы санды қосқанда алдымен барлық ондықтардың, содан соң барлық бірліктердің мәнін тауып алып, кейін алынған мәндерді бір-біріне қосады. Мысалы: а) 32+26+41 = (30+20 +40) + (2 +6 +1) = 99 3-тәсіл. Азайғыш пен азайтқышты бірдейбірлік санына арттыру немесе кеміту. Мысалы: 61 – 35 = (61 – 1) – (35 – 1) = 60 – 34 = 26. Бұл тәсіл азайтқыш «дөңгелек» санға жақын болған кезде тиімді. (Ж) Ауызша есептеудің оқып үйренген түрлерін іс-әрекеттің алуан түріне қосыңыздар. Мысалы, оқушылардан келесі өрнектердің мәнін табуды сұраңыз 35 + 12 – 7; 35 +(12 – 7). Неліктен алынған нәтижелердің әр түрлі болғанын сұраңыз. Осыған ұқсас өрнектерді ұсыныңыз. |
Қосудың тиімді әдістері қосудың ауыстырымдылық (коммутативтік) және терімділік (ассоциативтік) заңдарына, сондай-ақ мәннің өзгеру қасиеттеріне негізделеді. Қосудың коммутативтік заңы: қосылғыштардың орны ауысқанымен қосынды өзгермейді. Қосудың ассоциативтік заңы: екі санның қосындысына үшінші санды қосу үшін бірінші санға екінші және үшінші санның қосындысын қосуға болады. Мәннің өзгергіштік қасиеті. 1. Егер қосылғыштардың бірін қандай да бір санға арттырса немесе кемітсе, онда қосынды да сәйкесінше осы санға артады немесе кемиді. 2. Егер қосылғыштардың бірін қандай да бір санға арттырып, екінші қосылғышты осы санға кемітсе, онда қосынды өзгермейді. 3. Егер осы қосындының барлық қосылғыштарын бірнеше есеге арттырса немесе кемітсе, онда қосынды да сәйкесінше сонша есе артады немесе кемиді. Азайтуға қатысты тиімді есептеудің барлық әдістері қосу заңдарына, санды мәннен азайту және мәнді саннан азайту ережелеріне, айырманың өзгергіштік қасиеттеріне негізделеді. 1-қасиет. Егер азайғыш қандай да бір санға артса немесе кемісе, онда айырма сәйкесінше осы санға артады немесе кемиді. 2-қасиет. Егер азайтқышты бірнеше бірлікке арттырса немесе кемітсе, онда айырма дәл сонша бірлікке қарама-қарсы бағытта өзгереді. 3-қасиет. Егер азайғыш пен азайтқышты бірдей санға арттырса немесе кемітсе, онда айырма өзгермейді.
|
|
||||||
|
Есептерді шығару |
||||||||||
|
5.1 Есептер және математикалық модель |
2.5.1.1 бір не екі амалмен орындалатын есепті схема, сурет, қысқаша жазба түрінде модельдеу 2.5.1.8 ** жай есептердің шешілуін санды өрнек түрінде модельдеу |
(Д, Ж) Ауызша есептеу дағдыларын бекіту үшін үйренген түрлер бойынша есептер құрастырып, шығарыңыздар. (Ұ) Ауызша есептеу тәсілдерін қайталаңыздар. Екі оқушыны таңдап алып, оларға фишкалар беріңіз. әрқайсысына өзіне тиген фишкаларын санап, «… салыстырғанда… артық/кем » тіркесін пайдаланып, досының қолындағы фишкалар үймесімен салыстырып, өз фишкаларының үймесін сипаттауын сұраңыз. (Ж) Оқушыларға жұпта жұмыс істеуі үшін уақыт беріңіз. Олар үймедегі заттардың санындағы айырмашылықтарды білу үшін, ауызша есептеу дағдыларын пайдаланып, фишкалар, тиындар, үрмебұршақтар, қарындаштарды салыстырады. (Ұ, қ) Оқушыларға есеп беріңіз: «Сіздің қолыңызда 23 сызғыш бар екенін білесіз. Ал сіздің досыңыз оның қолындағы сызғыштың саны сіздікінен 5-і артық дейді. Оның қолында неше сызғыш бар?». Оқушыларды тыңдап, «… артық», «… кем» тіркестерін пайдаланып, осыған ұқсас есептер құрастырыңыздар. Тапсырманы орындауда қиналатын оқушыларды анықтау үшін оқушылардан өз есептерін ламинатталған дербес парақшаларда құрастырып, көрсетуін сұраңыз. |
Есептерді «Барлығы өзім туралы» тақырыбының, – әсіресе хобби, қызығушылық туғызатын іс-әрекеттердің немесе назарды «оқушыларға» аудара отырып, «Менің мектебім» тақырыбының контексінде таңдауға болады |
|
||||||
|
«Математика» пәні. Бастауыш мектеп. 2-сынып |
|||
1C-бөлім: Шамалар және олардың өлшем бірліктері |
|||
|
Осыған дейін меңгерілуі тиіс білім |
|||
|
1-сыныпта зерделенген өлшем бірліктерін: см, дм, кг, л түсіну; есептеудің ауызша тәсілдерін пайдалана отырып, қосу және азайту амалдарын орындай алу білігі |
|||
|
Контекст |
|||
|
Тиісті өлшем бірліктерін таңдай және пайдалану, өлшем бірліктерін бір шамадан екінщісіне түрлендіруді орындау, атаулы сандармен қосу және азайту амалдарын орындау оқу курсы бойындағы барлық практикалық іс әрекетте қолданылады. Санның мәндері мен өлшемдерін салыстырып, айырмашылықтарын анықтау қосу мен азайту амалдарын түсінудің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. |
|||
|
«Математика» пәні бойынша тілдік мақсаттар математикалық терминдер мен белгілерді қолданып, математиканың түрлі тілдерін пайдалана білуге (сөзбен, символмен, графикалық), өз ойын ауызша және жазбаша сөйлеуде анық және сауатты жеткізе білуге, өз тұжырымдарын негіздей білу қабілетін дамытуға негізделген. Тиісті ғылыми тілді пайдалану бойынша тілдік мақсат үлгісі төменде берілген. |
|||
|
Оқыту мақсаты |
Оқытудың тілдік мақсаты

Алынған білімдерін «Барлығы мен туралы», «Отбасым және достарым» тақырыптарының контексінде ұзындықты өлшеу, бөлменің және өзге де нысандардың өлшемдері туралы жазбаларды жүргізу үшін пайдалану Өлшеуіш аспаптардағы шәкілдердің мағынасын түсіну, алынған білімдерді практикалық зерттеулерде ұзындық пен массаны өлшеуде пайдалану. Сандар жүйесі туралы қалыптасқан түсінік пен есептеу дағдыларын массаны, ұзындық пен ауданды зерделеуде қолдану. Өлшем бірліктерін таңдау. Өлшем бірліктерін түрлендіру. Атаулы сандармен амалдар орындау |
Практикалық жұмысты орындауда өзі таңдаған өлшем бірлігін түсіндіру; Өлшем бірліктерін қалай түрлендіріп, атаулы сандармен амалдарды қалай орындауға болатынын түсіндіру |
ұзындық, қашықтық, сантиметр, дециметр, метр, километр салмақ, масса, сома, центнер, килограмм қасиет, өлшем, таңдау, іріктеу, шешу, түсіндіру өлшеу, түрлендіру, салыстыру нақты/тура біріншіден…, екіншіден/содан соң…, ақырында |
Талқылауға арналған сұрақтар: Өлшемдердің қандай қасиеттерін білеміз? … өлшеу үшін қандай бірліктер пайдаланылады? Біз қандай өлшем бірліктерін қолдануымыз керек? Неліктен…..екенін айта аласыз ба? …мұны км-мен өлшеудің мәні жоқ? Бұл кәмпиттің салмағы 20 кг емес, 20 г? …біз дм-ді см-ге түрлендіруіміз керек? … нақты есептеулер үшін өлшем бірліктерін түрлендіру қажет? Жазу бойынша нұсқау: Белгілі өлшем бірліктерін жазыңыз. Кг-мен өлшей алатын заттардың тізімін құрыңыз. Мектептің айналасындағы нысандарды өлшеу кезінде алған ұзындық өлшемдерінің нәтижелерін жазыңыз. |

Өлшем бірліктері туралы түсініктері қалыптасқан оқушылар ұзындық пен салмақтың жаңа өлшем бірліктерін зерделеп, пайдаланатын болады. Олар бұл бірліктерді «Менің отбасым және достарым» тақырыбының контексінде зерттеу жүргізу барысында практикалық іс-әрекетте пайдаланады |

Ұзындықтың (мм, кг), салмақтың (кг, ц) өлшем бірліктері |
||||
|
1.3 Шамалар және өлшем бірліктері |
2.1.3.2** м/ц бірліктерін пайдаланып, шамаларды өлшеу 2.1.3.3** ұзындық: см, дм, м/масса: кг, ц/ көлем (сыйымдылық): л/ уақыт: мин, сағ, ай, жыл өлшем бірліктерінің мәндерін салыстыру, бірліктер мәндерімен қосу/азайту/көбейту/бөлу амалдарын орындау |
(Ұ, қ) 1-сыныпта кейбір өлшем бірліктерімен (см, дм, кг, л) танысқанын оқушылардың есіне салыңыз. Осы өлшем бірліктерімен, мысалы см-мен нені өлшей алар едіңдер? Деген сұрақ арқылы оқушылардың түсінуін тексеріңіз. (Ұ) см мен дм ұзындықтың өлшем бірлігі ретінде қандай шектеулері бар екенін талқылаңыздар. Оларды пайдаланып мектеп залының, Қазақстан аумағының ұзындық қашықтығын, жәндік аяғының ұзындығын өлшей аламыз ба? (Ж) Оқушылардан см өлшеуге жарамайтын мысалдар келтіруін сұраңыз, мысалы нысан не тым үлкен, не тым кішкентай болса. (М) Оқушылар метр ұғымын естеріне түсіруі үшін метрлік сызғышты немесе рулетканы пайдаланып, ондағы бөлінген шәкілдерді көрсетіңіз. См, дм және м арақатынасын қайталаңыздар. Бұл өлшем бірлігінің көмегімен нені өлшей алатынымыз туралы сұраңыз. (Д, Ж/Т) Оқушыларға м-мен өлшеуге сай нысандарды: бөлме мен дәліздің, ойынға арналған орындардың ұзындығын, қоршау периметрін, т.б. өлшеуге мүмкіндік беріңіз. Оқушылар өз өлшемдерінің нәтижелерін басқа оқушыларға таныстырып, өздері тап келген кез келген қиындықтарды анықтауы қажет екенін білуі тиіс. (М/ОТ) Кг өлшем бірлігін пайдалану туралы оқушылардың есіне түсіріңіз. Кг-мен қандай шаманы өлшейтінін, сыныптағы қай заттардың массасын кг-мен өлшеуге болатынын сұраңыз. Жаңа өлшем бірлігі – центнерді енгізіңіз, демонстрациялық материалды пайдалана отырып, центнер мен кг-ның арақатынасты түсіндіріңіз. Есептеу бірліктері мен масса арасындағы өзара байланысты бақылаңыздар (Ұ) Түрлі формадағы контейнерлер/қаптамалардің көлемі бірдей (1 литр) бола алатынын көрсету үшін жеміс шырыны құйылған тетрапактар мен пластик құтыларды пайдаланып, көлемді қалай өлшеуге болатынын көрсетіңіз. (Т/Ж, ОТ) Оқушылардың контейнерлер көлемін өлшеп, салыстыруы және олардың 1 литрден артық не кем екенін айтуы үшін су, құм немесе күрішті пайдалануына рұқсат беріңіз |
Бұрыннан таныс өлшем бірліктері (см, дм, кг, л) жазылған карточкаларды дайындап қою қажет болуы мүмкін. Бұл бөлімде оқушылар түрлі өлшеуіш аспаптарды пайдалануы, өлшеу нәтижелерін анықтап, аспап шәкілдерінің көрсеткіштерін түсіндіруі тиіс. Өлшеуіш аспаптар жоқ болса, Интернеттен олардың интерактивті нұсқаларын жүктеп алуға болады, бірақ олар практикалық тәжірибемен салыстырғында тиімсіздеу. Метрдің, т.б. интерактивті нұсқаларын тақтада пайдалану үшін жүктеуге болады. Бірақ оларды қолданғанда барынша абай болуы қажет, себебі проекциялау кезінде бейне анық болмауы мүмкін. Бұл іс-әрекет мектептегі қоршаған ортаны «Отбасым және достарым тақырыбының контексінде» зерттеумен байланысты. Оқушыларға тек ұзындықты ғана емес, енді, биіктікті, тереңдікті өлшеуді де үйрету қажет. Бұл ретте оқушылардың өлшеу барысында өлшеніп отырған нысанның емес, сызғыштың орналасуын өзгертуін бақылау маңызды Центнер лат. centum «жүздік». Массаның жаңа өлшем бірлігімен танысуды ірі заттарды өлшеуді бейнелейтін суреттерге сүйене отырып жүргізуге болады. Бұл шамамен оқушылар күнделікті өмірде кездесе бермеуі, сондықтан оның нақты мәнін елестете алмауы мүмкін. Сондықтан есептер шығару үшін масса шамаларының арақатынасын жаттап алу қажет |
Метрлік сызғыш, өлшеуіш таспа/см бойынша белгіленген сызғыш, дециметрмен белгіленген сызғыш Таразы (1 кг) немесе 1 кг күріш пайдалану Өлшеуіш ыдыс/бөліктері белгіленген саптыаяқ Көлемі 1 литр, бірақ пішіні әр түрлі ыдыстар (мысалы, жеміс шырыны құйылған қорап, жуатын сұйықтықтың ыдысы, кола құтысы) |
|
Өлшем бірліктерін түрлендіру және атаулы сандармен амалдар орындау |
||||
|
1.3 Шамалар және олардың бірліктері |
2.1.3.4** ұзындық (см, дм, м)/ масса (кг, ц)/ уақыт (сағ, мин, ай, жыл) өлшем бірліктері арасындағы қатынас негізінде түрлендіру |
(К) бұл бөлімде зерделенген және пайдаланылатын өлшем бірліктерін талқылаңыздар, см, дм және м арасындағы байланысты көрсетіңіздер. Санау кезінде оқып үйренген ондықтар мен жүздіктердің маңыздылығын өлшеу кезінде де көруге болатынын түсіндіріңіз. Қай өлшем бірліктерінің түрлене алатынын (мысалы, кг-мен берілген блок массасы г арқылы көрсетілуі мүмкін), бірдей өлшем бірліктерімен қосу және азайту амалдарын қалай орындау болатынын талқылаңыздар. (Ұ) Оқушылардан өлшеу жүргізген кезде өткен бөлімдерде алған білімдерін пайдаланды ма деп сұраңыз. Оқушылар санау мен қосуды айтуы керек. Мұның математикадағы барлық тақырыптардың бір бірімен тығыз байланысты екенін дәлелдейтінін, бір бөлімде алған дағдылары басқа бөлімді оқығанда пайдаға асатынына мысалдарды көп кездестіретінін түсіндіріңіз. (Т) Атаулы сандармен жұмыс істеу үшін оқушылардың 100 көлеміндегі ауызша есептеу тәсілдері туралы білімдерін пайдаланыңыздар. (Д/Ж/қ) Есептеулердің нәтижелерін талқылаңыздар. Ұзындық бірліктерін түрлендіруге және атаулы сандармен амалдар орындауға бағытталған жұмысты ұйымдастырыңыз. (Ұ) Санау бірліктері мен ұзындықтың өлшем бірліктері арасындағы байланысты бақылаңыздар. |
|
Ламинатталған карточкалар; маркерлер. |
|
Өлшем бірліктерін таңдау |
|
|||
|
1.3 Шамалар және олардың бірліктері |
2.1.3.1 өлшеу аспаптарындағы шәкілдердің мәнін ажырату және соларға сәйкес шамалардың тиісті мәндерін анықтау |
(Ұ) Біздің өлшенетін нысанның қасиеттерін (ұзындық, масса, т.б.) біле отырып, өлшем бірліктерін және сәйкес өлшеуішті немесе оның масштабын дұрыс пайдаланып отырғанымызды қарастыруымыз қажеттігін түсіндіріңіз. (Д, қ) Оқушылардан түрлі заттарды өлшеу үшін (мысалы, мысықтың массасын, Есіл өзенінің ұзындығын, т.б.) қандай өлшем бірліктерін қолданатынын анықтауын және оны ламинатталған қағазды пайдалана отырып көрсетуін сұраңыз. Түрлі өлшем бірліктерін қолданып өлшеуге болатын бірнеше затты таңдаңыз (мысалы, оқушының бойын см, дм немесе м арқылы өлшеуге болады), оқушыларға түрлі өлшем бірліктерін түрлі жағдайларда пайдаланылуын талқылау мүмкіндігін беріңіз. (Ұ) Мектеп айналасында «оқу экскурсиясын» ұйымдастырыңыз, оқушылардан жақында зерделенген өлшем бірліктерін қолданып өлшеуге болатын нысандарды анықтауын сұраңыз. |
Оқушыларды ауыр заттарды алып, өлшеген кезде қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігі туралы ескертіңіз. Оқушыларды тиісті өлшеу аспаптарын таңдауға ынталандыру керек. Мұғалімдер нысандар тізімін, оның ішінде таңдалған жергілікті жердегі пункттер арақашықтығын, сондай-ақ массаны өлшеу үшін осы ауданда өсірілген өнімдердің тізімін алдын ала дайындап қоюы қажет. |
Өлшеуіш аспаптар Ламинатталған карточкалар; маркерлер. |
|
Математика Бастауыш мектеп. 2-сынып |
|||
2A бөлім: Екітаңбалы сандарды қосу және азайту. Жүздіктер. Есептер |
|||
|
Осыған дейін меңгерілген білім |
|||
|
100-дің шегіндегі сандарды оқу, жазу және салыстыру дағдылары; 20 шегіндегі сандарды қосу және азайту дағдылары, екі таңбалы сандардың ондық құрамын білу, екі таңбалы санды разрядтық қосылғыштар мәнімен алмастыра білу, ауызша есептеу дағдылары |
|||
|
Контекст |
|||
|
Қосу мен азайтудағы қадамдар сандар жүйесінің қалай жұмыс істейтінін түсінуге маңызды негіз болады. Есептеудің ауызша және жазбаша тәсілдерін пайдалана отырып, қосу және азайту амалдарын орындау біліктері, безендіру, түсініктеме беру, дәлелдеу, оқу тапсырмаларын шешуде болжамдар айтып, оларды тексеру қажеттілігін түсіну үшін математикалық көрнекілік құралдарын (суреттер, сызбалар, схемалар, т.б.) түсіну және пайдалану білігі дамиды. |
|||
|
Бұл бөлімдегі «Математика» пәні бойынша тілдік мақсаттар математикалық мәтінмен жұмыс істеу: құрылымдау, қажетті ақпаратты алу біліктерін қалыптастыруға бағытталған. Тиісті ғылыми тілді пайдалану бойынша тілдік мақсат үлгісі төменде берілген. |
|||
|
Пәндік мақсат |

100 көлеміндегі сандарды қосу және азайтудың жазбаша тәсілдерінің алгоритмін зерделеу және түсіну. 34 + 23, 57 - 23; 27 + 34, 61 - 27; 47 + 33, 60 – 27 түріндегі жазбаша есептеу тәсілдерін пайдалана отырып, 100 шегіндегі қосу және азайту амалдарын орындау. Жүздіктермен 1000-ға дейін санау. Жүздіктермен 1000-ға дейін санау барысында сандардың заңдылықтары мен жүйелілігін түсіну. Қосудың ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін туралы білім негізінде есептеудің тиімді әдістерін пайдалану. Әр түрлі құрама есептерді құрастыру және шешу. «Менің мектебім» тақырыбының контексінде қосу және азайту амалдарын оқып үйрену |
Есептеудің жазбаша тәсілдерін пайдалана отырып амалдарды қалай орындауды түсіндіру; Жақшалы және жақшасыз өрнектердегі амалдар тәртібін түсіндіру; Қосудың ауыстырымдылық және терімділік заңдарын түсінетінін көрсету; Есептерді шығару әдісін түсіндіру |
Бірліктер, ондықтар, жүздіктер, разрядтар; мың жүздіктердің атаулар(жүз, екі жүз, үш жүз, т.б.) есептеудің тиімді тәсілі есептеудің жазбаша тәсілдері қосудың ауыстырымдылық заңы; қосудың терімділік заңы; құрама есеп |
Талқылауға арналған сұрақтар Егер бағандап жазу қате болса, нәтиже дұрыс болып шыға ма? Қосылғыштардың орнын ауыстырғанда нәтиже өзгере ме? Жүздік деп нені айтуға болады? Екі таңбалы және атаулы сандармен амалдар орындау алгоритмдерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары неде? Бұл есепті құрама, жай есепке қалай түрлендіруге болады? Неліктен…..екенін айта аласыз ба? … мысалды түрлі тәсілмен шығарғанда нәтиже бірдей болады? … өлшем бірліктерді нақты есептеулерге дейін түрлендіру қажет? … бұл есеп құрама болып табылады Жазу бойынша нұсқау: Мысалдар бағандарын жазыңыздар. Есептеудің жазбаша тәсілін пайдаланып, амалдарды орындау алгоритмін жазыңыздар. Бұл есепті шығару барысында пайдаланған пайымдауларды жазыңыздар. |

Оқушылар есептеудің жазбаша тәсілдерін пайдаланып, қосу мен азайту алгоритмдерін зерделейді; тиімді есептеулер үшін математикалық заңдарды пайдаланатын болады; жүздіктермен 1000-ға дейін санауды, дөңгелек жүздіктерді қосуды және азайтуды үйренеді. Олар қосу және азайту амалдарын «Менің мектебім» тақырыбының контексінде орындайды |

||||||||||||||
|
Қосу мен азайтудың жазбаша тәсілдері |
||||||||||||||||||
|
|
|
|
|
|
||||||||||||||
|
1.2 Сандармен амалдар орындау |
2.1.2.8 Екітаңбалы сандарды қосу және азайтудың жазбаша тәсілдерін 34+23, 57-23, 27+34, 61-27, 47+33, 80-47 түріндегі өрнектерде орындау
|
(Ұ) Дайындық кезеңінде келесі тақырыптарды қайталау керек:
Жазбаша есептеу алгоритмін пайдаланып, қосу амалының орындалуын көрсетіңіз. Оқушылар материалды жақсы меңгермеген болса, сандық түзудің, 1-100 сандық кестесінің немесе абактың көмегімен әр қадамды (разрядтар бойынша амалдарды) көрсетіңіз. (Ж/Д, қ) Оқушылардан алдымен бірліктерді, сонан соң ондықтарды табу үшін доминоны немесе сандар жазылған карточкаларды пайдаланып, екі таңбалы сандарды қосуын сұраңыз. (Ж/Д, қ) Бұл тапсырманы оңай орындайтын оқушыларға тапсырманы күрделендіріңіз: көбірек сандарды немесе көбірек бағандарды (разрядтарды) қосу. (Ұ) Азайтудың жазбаша тәсілін қарастыруға дайындық ретінде (60-27) оқушылармен бірге 50 — 6 түріндегі өрнектерде ауызша және жазбаша азайту әдістерін, сондай-ақ 60 — 27 түріндегі өрнектерде ауызша азайтуды орындау әдісін қайталау маңызды болмақ. Мұндай дайындықтан кейін мұғалім бұл мысалды да баған құрып жазу арқылы шешу жеңіл болатынын айтады. (Ж, Д) Егер оқушылар материалды жақсы меңгермеген болса, азайту амалының алгоритмін көрсетіңіз. «Қадамдардың» сандық түзу бойынша аттаулармен қалай байланысты екенін модельдеп көрсетіңіз. Сан разрядтары арасындағы байланысты үлгілеу үшін теңгеліктерді де пайдалануға болады. (Ж/Д) Оқушыларға үлкен саннан кіші санды алуға болатыны туралы ой бөлісе отырып, доминоны немесе сандық түзудің көмегімен екі таңбалы саннан екі таңбалы санды азайту туралы тапсырма беріңіз (Т) Оқушыларға бағанға жазылған 61 — 27 мысалын шешуді ұсыныңыз. Жұмыс барысында бұл мысалды шешуде де (60-27 мысалындағы секілді) бірліктен бірден бірлікті азайта алмайтынымызды анықтайды. Оқушылар бұл жағдайда да есептеудің бірдей алгоритмін пайдалану керектігі туралы қорытынды жасайды. |
Оқушылар қосудың 2 әдісін орындайды, ондықтарды ондықтарға, бірліктерді бірліктерге қосады, немесе санды бөліктерге бөліп қосады. Жазбаша есептеулердің ауызша есептеуден басты ерекшелігі - разрядтық бірліктерді қосу (немесе азайту) тәртібінде. Ауызша есептеулер кезінде үнемі үлкен разрядтардан (бұд жағдайда - ондықтар разрядынан) бастайды, амалды солдан оңға қарай. жылжи отырып орындайды. Жазбаша есептеулер кезінде бірліктер разрядынан бастап, оңнан солға қарай жылжиды. Оқушылар екі таңбалы сандарды қосу мен азайтудың белгілі ережелерін (алгоритм) пайдаланады Мысалды бағанға дәл жазу қажеттігіне назар аударыңыздар. |
Жазбаша қосу және азайту алгоритмін үлгілеуге арналған ресурстар: 1-100 сандық кестесі, сандық түзу, абак, түрлі тиындар |
||||||||||||||
|
Жүздік. Жүздіктермен 1000-ға дейін санау |
||||||||||||||||||
|
1.1 Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер
4.3 Тізбектер
1.2 Сандармен амалдар орындау
4.3 Тізбектер
|
2.1.1.4 санның жаңа бірлігі - жүздік туралы түсінігі болу, 1000-ға дейін жүздіктермен санау, жазу, салыстыру 2.4.3.2 берілген заңдылық бойынша тізбектер құру, заңдылықтың бұзылуын анықтау 2.1.2.7 сандарды ондықтан аттау арқылы қосу тәсілін қолданып 45±9,45±19, 26+14, 40-14, 65+35, 100-35 түріндегі өрнектерді ауызша қосу, азайту 2.4.3.1 100-ге дейінгі сандарды, жүздіктермен 1000-ға дейінгі сандар тізбегінің заңдылығын анықтау |
(Ұ, Т) Көрнекі құрал көмегімен 10 ондықты санауын, содан соң оны бір жүздікпен алмастыруын ұсыныңыз. Бұдан соң оқушылар 10 жүздікті санап, оларды 1000-мен алмастырсын. (Ұ,Ж) Дөңгелек жүздіктердің атаулары қалай пайда болғанын қарастырыңыздар, оларды санмен және сөзбен жазуын, үлгілеуін сұраңыз. Сандық түзуді пайдалануға болатын жұмысты ұйымдастырыңыз, жүздіктермен тура және кері санау дағдыларын жетілдіріңіз. 200-ден 300-ге дейін ондықтармен санауды ұсыныңыз. (Ұ) Оқушылардың түсінуін тексеріңіз: берілген саннан түрлі қадамдармен кері санауын сұраңыз. (Ұ) Сандарды жүйелі орналастыра білуін тексеру үшін ойын ұйымдастырыңыз: оқушылар алдын ала дайындалған жинақтан сандар жазылған карточкаларды алады. Олар таңдалған сандардың мәніне қарай сызық құрайтын болады. Әр оқушы карточка алады, өзіне келген сан бойынша түзуден өз орнына барып тұрады. (Ұ) «Бұл сан қай сандардың арасында тұрады?» сияқты сұрақтар қоя отырып, оқушылардың түсінуін тексеріңіз. (Д, қ) Егер сіз бұл дағдыны әлі де дамыту керек деп шешсеңіз, оқушыларға сандар тізімі жазылған сандық түзуді шығарып беріңіз, олар сандарды жүйелі түрде орналастыруы қажет. (Ұ) Оқушылардан жүздіктермен санауды қай жерде қолдануға болатынын, жүздіктермен санау қай жерде қолайлы болатынын сұраңыз. (Ұ, қ). Қосу мен азайту тәсілдері оқушылардың естерінде бар ма екенін тексеріңіз. Санның ондық құрамын, разрядтық қосылғыштар мәнін қайталаңыздар. (Ұ, Ж) Оқушыларға: 26 +14 , 65 + 35, 100 – 44 мысалдарының шешімін тауып, оларды шешу тәсілін анықтауды ұсыныңыз.. (Т) Оқушыларға бұл жұмысты сандарға арналған қалташалары бар разрядтар кестесін; түтікшелер, екі/үш түсті шариктерді пайдалана отырып орындауын сұраңыз. Осы заттардың көмегімен оқушылар мысалдарды шешу жолын модельдеп, есептеу тәсілін қадамдап талқылайды. (Ж) Ауызша есептеулер үшін қай тәсілдің әлдеқайда тиімді екенін талқылаңыздар. Оқушылар жұптарға бөлініп, осындай мысалдарды шешу алгоритмін құрастырады. (Ж, Д, қ) Оқушыларға карточкалар таратып беріңіз, есептеу тәсілін естен шығармай, өрнектерді жіктеуін сұраңыз. Өрнектердің мәнін тауып, әр нақты жағдай бойынша жазып алуын ұсыныңыз. (Т, Ж) Практикалық жұмысты ұйымдастырып, метр моделін жасаңыздар, ол үшін әрқайсысы 10 см болатын 10 түрлі түсті кесінді (жолақ) пайдаланыңыз. Метр мен сантиметр секілді ұзындық өлшемдерінің бірліктері арасындағы сәйкестікті анықтаңыздар. (Ж/Т,қ) Оқушылардан көрнекі құралдарды пайдаланып, 300, 700, т.б. сандарындағы ондықтардың жалпы санын анықтауын сұраңыз. нәтижелерді жазып қойыңыздар: 2 ж. = 20 онд., 3 ж. = 30 онд., т.с.с. (Д, қ) Қабілеті жоғарылау оқушыларға арналған қосыша іс-әрекет: егер бір 1000-ға дейін жүздіктермен санай алсақ, 1000-ға дейін ондықтармен санау үшін неше сан қажет? (Ж, Т) Карточкаларды таратып беріп, дөңгелек жүздіктерді қосу және азайту мысалдарын шешуді ұсыныңыз. Қалай есептегендерін түсіндіруін сұраңыз. |
1000 нақты затты санау үшін уақыт немесе санау материалы жеткілікті бола қоюы екіталай. Бірақ, ондықтармен санау арқылы, мысалы, 10 теңнгелік тиындарды пайдаланып, практикалық тапсырманы орындауға болады. Оқушылар көрнекі сандық түзуді үнемі көре алуы немесе қол жеткізе алуы маңызды. 0-ден 100-ге дейінгі көрнекі сандық түзу баланың бойы жететін жерде үнемі ілініп тұрса, жақсы болар еді. Сандық түзумен жұмыс істеген кезде көрнекі түзуді көз жетер жерге ілуге немесе интерактивті тақтада көрсетуге болады. Сандар қатарының болуы мұғалімге тапсырмалардың күрделілік деңгейін реттеуге, қабілеті төмендеу оқушыларға сандардың белгілі бір қатарын беруге мүмкіндік жасайды. Сандар жазылған карточкаларды немесе алдымен жүздікті, содан соң ондықтарды, бірліктерді анықтау үшін ойын сүйектерін пайдалану арқылы оқушылардың кездейсоқ сандарды құрастыруын ұйымдастыруға болады. «Шаршылар мен жолақтар» көрнекі құралын картоннан немесе қатты қағаздан жасауға болады. Шаршылармен (шаршы см) – бірліктерді белгілеңіз, әрқайсысында он шаршы бар жолақтармен ондықтарды, әрқайсысында он жолағы бар шаршылармен жүздіктерді бейнелеңіз. Бұл қүралды дербес жұмыс үшін де, мұғалімнің көрсетуі үшін де пайдалануға болады Оқушылар ауызша қосу мен азайтудың келесі тәсілдерін меңгереді: санның ондық құрамын білуге негізделген, санды мәнге қосуға немесе санды мәннен алуға негізделген, мәнді санға қосуға немесе мәнді саннан алуға негізделген тәсілдер: 80 + 60 = 80 + (20 + 40) = 80 + 20 + 40 ; 100 – 44 = 100 – (40 +4)+ 100 – 40 – 4. |
Баланың бойы жететін көрнекі жерде ілініп тұратын, 100 шаршыдан құралған кесте Баланың бойы жететін көрнекі жерде ілініп тұратын сандық түзу. териал 1000 көлемінде ондықтармен және жүздіктермен санау үшін электронды иллюстрациялық материал (гүлдер, динозаврлар). Санады белгілеуге арналған шәкілдері бар интерактивті ауыспалы санау таблосы Сандары жазылмаған сандық түзу (басып шығарылған немесе ламинатталған қағазға салынған), маркерлер) «Шаршылар мен жолақтар» көрнекі құралы «Маған жүздік қызықты» Н. Зайцев әдістемесі бойынша ауызша санау жаттығуыЖүздіктермен және ондықтармен санау. Оқытуға арналған санамақ клип. – http://telewizori.ru/oXJufogGnA0/schyot_desyatkami_i_sotnyami_obuchayuschij_klip-schitalochka.html Метр, метр моделін жасау үшін әрқайсысы 10 см болатын 10 түрлі түсті қағаз кесіндісі |
||||||||||||||
|
Арифметика заңдарын қолдану. |
||||||||||||||||||
|
1.2 Сандармен амалдар орындау |
2.1.2.5** жүздіктерді ауызша қосу және азайту амалдарын орындау

(Ж, Т) Карточкаларды таратып беріп, дөңгелек жүздіктерді қосу және азайту мысалдарын шешуді ұсыныңыз. Қалай есептегендерін түсіндіруін сұраңыз. (Ж, Д, қ) Жақшамен және жақшасыз үш амалдан тұратын мысалдарды қосу арқылы тапсырманы күрделендіріңіз. (Ұ, қ) Екі таңбалы сандарды ондықтан аттамай қосу және азайту алгоритмін оқушылардың есіне түсіріңіз. Тақтаға бір сан (мысалы, 57) жазыңыз, оқушылардан сигналдық карталарды/дербес маркер тақталарын пайдаланып, осы жауапты беретін қосу және азайту амалдары бар мысалдарын көрсетуін сұраңыз (Ұ) Арифметикалық заңдарды кезек-кезек талқылаңыздар, натурал сандармен/санды өрнектермен оларды пайдалану үлгілерін беріңіздер. Бұл заңдарды қарастыра отырып, олардың қандай амалдарды орындауда пайдаланылатынын анықтаңыздар (Мысалы, ауыстырымдылық заңы қосу амалы үшін қолданылады, ал азайту үшін пайдаланылмайды Оқушылар «Неліктен?» екенін айта ала ма?) (М) Арифметиканың заңдары өрнекті өзгерту және шешудің қолайлы әдісін қолдану арқылы санды өрнектердің мәнін табуға қалай көмектесетінін көрсетіңіз. (Ж, қ) Оқушылардан арифметиканың бұл заңдарын өрнектерді бағалау үшін пайдалануын сұраңыз. Оқушылар материалды берік меңгере қоймады деп есептесеңіз, әр заңның қолданылуын қайталап көрсетіңіз. Бұдан соң оқушыларға тапсырмалар беріңіз. (Ж, қ) Оқушылар жақсы білім деңгейін көрсетсе, оларға шешудің қолайлы әдістерін пайдалану үшін бұл заңдарды қай жерде қолдана алатынын анықтауды тапсырыңыз. (Ұ) Оқушыларға зерделенген арифметика заңдары қазір сандық мысалдардың мәнін табу үшін қолданылатынын, бірақ олардың кең ауқымда пайдаланылып, кейіннен алгебра тарауларында зерделенетінін түсіндіріңіз. |
Оқушылар былай
пайымдауы қажет: 6с±2с. 300 – 200 – 100, себебі 3 жүзд. – 2 жүзд. =
1 жүзд. Оқушылар ауызша қосу мен азайтудың келесі тәсілдерін меңгереді: дөңгелек жүздіктерді қосу және азайту тәсілдері: 500 + 300; 800 — 300; 800 — 500. Санды мәнге қосуға немесе санды мәннен алуға негізделген тәсілдер: 720 + 60 = (700 + 20) + 60 = 700 + 20 + 60 = 700 + (20 + 60); 150 — 30 = (100 + 50).— 30 = 100 + 50 — 30 = 100 + (50 — 30).
|
Демонстрациялық сандық түзуӘр оқушы үшін жеке басып шығарылған сандық түзу (мысалы, 20-ға дейін), бөлінген шәкілдеріне сандық мәндер жазылмауы тиіс Тақ сандарды оқып-үйрену: http://nrich.maths.org/7190 Ламинатталған парақтар мен маркерлер
|
||||||||||||||
|
Құрама есеппен танысу. Құрама есепті талдау және шешу |
||||||||||||||||||
|
5.1 Есептер және математикалық модель
|
2.5.1.1** екі амалмен орындалатын есепті схема, сурет, қысқаша жазба түрінде модельдеу 2.5.1.7** 2 амалмен орындалатын есептерді модельдеу және шығару 2.5.1.8** құрама есептердің шешілуін санды өрнек немесе жекелеген амалдар түрінде модельдеу |
(К) Подготовительные упражнения: а) Решение
"задач-цепочек". Вазада 24 алма бар еді, алмұрт одан 20-сы артық болды. Вазада қанша алмұрт болды? Вазада 24 алма және 44 алмұрт болды. Вазада барлығы қанша алма мен алмұрт болды? (Екінші есеп біріншісінің жалғасы болып табылады) б) Белгісізі бар есептерді шешу. Бұл есептерде есептің сұрағына бірден жауап беру мүмкін емес, себебі берілген мәліметтің біреуі белгісіз, құрама есептерде де солай. в) «Сұрақ есептерді» шешу. Екі себетте қанша алма болғанын анықтау үшін нені білу қажет? Бұтақта қанша торғай қалғанын анықтау үшін нені білу қажет? г) Мәліметтері нақты емес есептерді шешу. «Құрама есеп» ұғымын енгізу. (Ұ) Екінші есеп
біріншісінің жалғасы болатындай етіп екі қарапайым есеп
құрастырыңыз. Оқушыларға екі есептен біреу (бір әңгіме) құрастыруды
ұсыныңыз. (Т) Есептерді жіктеу бойынша жұмыс: беріліп отырған есепке ұқсас, бірақ мазмұны басқа есеп құрастырыңыздар; бұл есептердің ішінен шешілуі жағынан ұқсас есептерді табыңыздар; бұл есептерді шешілу жолының ұқсастығы бойынша 2 (3) топқа бөліңіздер. (Т) Есеп мәтінімен жұмыс. Оқушыларға есепті шешуді және амалдар саны көбею үшін сұрақты немесе есеп шартын өзгертуді ұсыныңыз. Артық мәліметтерді алып тастап, шартты өзгерту. Мәліметтердің барлығы есепті шешуде қажетті болуы үшін сұрақты өзгерту. Мысалы: 48 -9 өрнегі шешім болатындай есеп мәтінін қалай өзгертуге болатынын ойлан. Есеп: Фермер шаруашылығында 48 қой болды, ал жылқылардың саны одан 9ы артық болды. Бұл фермер шаруашылығында барлығы қанша жануар бар? Есепті талдай отырып, оқушылар берілген есептің екі амалмен орындалатыны туралы қорытынды жасайды. Есеп шешімі 48 – 9 өрнегі болуы үшін есептің шарты мен сұрағын бір ғана амалмен шешілетіндей етіп өзгерту қажет. (Т,Ж) Жұптарда (топтарда) жұмыс ұйымдастырып, оқушыларға есеп мәтіндерін салыстыруды ұсыныңыз. Олардың ұқсастығы неде? Айырмашылығы? Мысалы:
(Ж/Д/қ) Оқушыларға берілген өрнектердің ішінен есеп шешімін таңдап алуды ұсыныңыз. Есеп: Сарыарқа велотрегінде 70 велосипедші жарысқа шықта. Бірінші кезеңде 4 велошабандоз, екінші кезеңде 6 велошабандоз жарыс жолынан шығып кетті. Мәреге қанша спортшы жетті?
(Д) Тапсырманы күрделендіріңіз, оқушылардан өздері сандық деректері бойынша есеп ойлап табуын сұраңыз. Алгоритмді пайдалануды ұсыныңыз: 1. Сюжет ойлап тап. 2. Есепте сөз болатын нысандарды ата. 3. Нысандарға сан жағынан сипаттама бер. 4. Есептің талабын (сұрағын) құрастыр. 5. Есептің мәтінін құрастыр. |
Есеп шығаруға үйрету оқушыға есептің нақты бір түрін шығаруды үйретумен шектелмеу қажеттігін есте ұстау керек. Бастысы – түрлі өмірлік жағдаяттар кезінде олардың біртіндеп күрделенуін есепке ала отырып, берілген және ізделінді деректер арасындағы белгілі бір байланыстарды саналы түрде анықтауды үйрету.
Оқушылардың қарапайым
есептердің барлық түрін шешуді үйренгеніне көз жеткізіңіз, содан
кейін ғана құрама есептерді шешуге көшіңіз. Бұл есептерді тірек
сөздер немесе сызба көмегімен жазып алуға
болады. Құрама есептерді шешу білігін
қалыптастыруға көмектесетін тәсілдер. б) Бір құрама есептен бірнеше қарапайым есеп бөліп шығару. в) Есеп бір (екі) амалмен орындалатындай, оның шартына сұрақ ойлап табу.
г) Есеп бір (екі) амалмен
орындалатындай, оның сұрағына шарт ойлап табу. е) Есептерді салыстырып отырып шешуЕсепті шешу барысында пайымдауды екі жолмен құруға болады: есеп сұрағынан сандық деректерге немесе сандық деректерден сұрақтарға бару. Көбінесе бірінші жолды қолдану дұрыс болады, себебі бұл жағдайда оқушы тек бір ғана орындалған іс әрекетті емес, жалпы шешімді есепке алуы керек.
Жұмыстың бұл түрі «Туған өлкем» тақырыбының контексінде орындалады. Түрлендірудің әдістемелік әдісін қолдану зерделеніп отырған түсініктер мен амал әдістерінің арасындағы себеп салдарлық байланыстарды түйсінуге ықпал етеді, ; санды және әріпті материалдың түрлі өзгерістерін орындау білігін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Оқушының іс әрекетін тиісті есепті түрлендіруге бағыттау үшін, «…ауыстыр», «…деп елестет», «өзгерт», т.б. нұсқауларын пайдаланыңыз. Салыстыру әдісі жай ғана тамашалап көруден абстрактілі ойлауға ауысуға көмектеседі, ол білімдерді қорытып, жүйелеудің, бұрыннан меңгерілген білімнің жаңа біліммен барынша тереңірек байланыстарын орнатудың; ортақ белгілерді; заңдылықтарды іздеудің негізін құрайды. Әдістемелік таңдау әдісі оқушылардың тұжырымдарын негіздей білуін қалыптастыруға көмектеседі. Бұл тапсырманы орындау барысында оқушылар әрбір сөзін негіздеуді үйренеді. Ад бұл талдау, тапсырма шартын түсіну, есептің шарты, талаптары (сұрағы) және шешімі арасындағы байланыстарды анықтау біліктерін дамытуға көмектеседі. Әр оқушыға «жаднама» берген пайдалы болады - бұл есепті шығару алгоритмі: Осылай ойлаймын… Менің білуімше… … білуім керек. … суретін саламын және түсіндіремін …біріктіру қажет пе, әлде жою керек пе, ойланып көремін … Шешімді түсіндіремін … Шешімін табамын … есеп сұрағына жауап беремін… …Тексеремін. |
|
||||||||||||||
|
Рим цифрлары |

2.1.1.3** 12-ге дейінгі рим сандарын оқу, жазу және салыстыру |
(Ұ) Сағаттың суретін көрсетіңіз, қалаңыздағы қоғамдық орындарда мысалы, теміржол бекетіндегі рим цифрлары бейнеленген сағатты. Бұл сағаттарды кімнің көре алатынын, мұның оларға не үшін керек екенін талқылаңыздар? (Ұ) Оқушыларды сандардың римдік жүйесімен, ол қашан және қайда пайда болғандығын түсіндіре отырып, таныстырыңыз. 100 шегіндегі сандарды белгілеуге арналған символдарды көрсетіңіз. Төрт санын «беске дейін біреу» ретінде және алты санын «бестен кейін біреу» ретінде белгілеудің өзгеше тәсілін атап көрсетіңіз. Оқушылар 9 бен 11 сандарының қалай белгіленетінін ойлап таба ала ма? (Д/Ж,қ) Оқушылардың өздерінің жасын рим цифрларымен көрсетуін сұраңыз. Олардың өздері үшін маңызды V зат туралы ойлауын (мысалы, достарының немесе отбасы мүшелерінің саны) және олардың қанша екенін рим сандарымен көрсетуін сұраңыз. (Ұ) Аномалияны көрсетіңіз: циферблатта төрт IV емес, ІІІІ деп көрсетілген. Сағаттардың фотосуреттеріндегі мысалдарға қараңыздар. Оқушылар бұл неліктен екендігін болжай ала ма? (Ж) Оқушылар айларды ретпен нөмірлейді, түрлі даталарды жазып жаттығады |
Олардың қалай пайда болғанын түсіндіруге болады (1 - 1 саусақ, V - 5 – бас бармағы бөлек қол, Х - 10 – айқастырылған екі қол). Осы үш белгі (цифр) арқылы 1-ден 12-ге дейінгі сандар қалай жазылатынын түсіндіру қажет (1, 2, 3 таяқшалардың сәйкес санымен, 5 жаңа белгімен, ал 4 пен 6 дәл осы белгілер арқылы жазылады 4 – 1-уі жоқ 5 (1 V цифрының сол жағында), ал 6 – 5 пен 1 (1 V цифрының оң жағында), содан соң 7 - 5 пен 2 (V11), 8 - 5 пен 3 (V111), 9 – 1-уі жоқ 10 (1 Х цифрының сол жағында - 1Х), 11 - 10+1 (Х1) т.с.с. Компьютерлік техниканың кең пайдалануы себепті құжаттарда уақыттың араб цияфрларымен көрсетілетінін ескерте кету қажет (3.04.98, яғни 3 сәуір 1998 жыл). I = 1 V = 5 X = 10 L = 50 C = 100 Біршама қабілеттірек оқушылар зерттеу жүргізіп, 500 бен 1000-ға арналған символдарды тауып, оларды өздерінің туған жылын рим цифрларымен көрсету үшін пайдалана алар еді |
Уақытты римдік цифрлармен көрсететін сағаттың суреті – интерактивті тақтада көрсету үшін ірі басылым немесе фотосурет. Лондондағы әйгілі Биг-Бен сағаты:http://www.destination360.com/europe/uk/london/big-ben

|||||||||||||||||||||

Уақыт бірліктері туралы түсініктер; кесте түрінде берілген ақпаратты оқу дағдылары |
|||||||||||||||||||||
|
Контекст |
|||||||||||||||||||||
|
Уақытты анықтау және оның мағынасын түсіну ғылыми зерттеулер үшін зор маңызы бар болатын негізгі өмірлік дағды болып табылады |
|||||||||||||||||||||
|
Осы бөлімдегі «Математика» пәнінің тілдік мақсаттары Төменде оқушыларға қажетті ғылыми тіл қамтылған тілдік мақсат үлгісі берілген. |
|||||||||||||||||||||
|
Пәндік мақсат |
Тілдік мақсат |
Пәндік лексика мен терминология |

Сағаттар, минуттар, секундтар арқылы уақытты өлшеу туралы білімдерін қалыптастыру.Сағаттың моделін пайдалана отырып, уақытты анықтауды қалыптастыру.«Мектебім», «Туған өлкем» тақырыптарының контекстінде анағұрлым ұзақ уақыт аралықтарын оқып үйрену (апта, ай, жыл) |
Ұзақ уақыт аралығынан кейін болатын оқиғаларды, мысалы, супермаркеттерге апта сайын бару, әр тоқсан сайын болатын мерзімдік мектеп оқиғалары, туған күндерді атай алуы керек |
күн, тәулік, апта, ай, тоқсан, жыл дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі. қаңтар, ақпан, наурыз, сәуір, мамыр, маусым, шілде, тамыз, қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан дейін, кейін, ертерек, кешірек, әрбір, қанша/қаншалықты ұзақ, ... дейін. қайталау, қайтадан болу, қайтадан, жиі уақыт аралығы, уақыт шкаласы, кесте, күнделік, күнтізбе әр (күн, жыл, дүйсенбі және т.б.) апта сайын, ай сайын |
Талқылауға арналған сұрақтар Әр тоқсанның басында және соңында біз не істейміз? Әр …(дүйсенбі) сайын болатын оқиғаларды атай аласыз ба? Туған күніңізден кейін қанша уақыт өтті? Неліктен екенін айта аласыз ба? … бір апта өткені бізге белгілі? … сіздің жасыңыз (жетіде)? … біз … әрбір… атап өтеміз? Жазу бойынша нұсқаулықтар: Әр аптаның бір күнінде болатын оқиғаларды жазыңыздар. …айға оқиғалар күнтізбесін құрастырыңыздар Туған күндері сіздің туған айыңызбен бір оқушыларды анықтаңыз және жазыңыз |
||||||||||||||||||
|
Басқа да тілдік мақсаттарды белгілеу және тілді оқыту мақсаттары бойынша ғылыми тілді оқыту мен оқуға қатысты қосымша нұсқаулар беру үшін жоғарыдағы «Тілдік мақсаттар туралы» бөлімін қараңыз |
|||||||||||||||||||||
|
Қысқаша мазмұны |
|||||||||||||||||||||
|
Оқушылар «Менің мектебім» тақырыбының контексінде сағат моделі бойынша уақытты анықтап, атайды және берілген уақыт кезеңінде орындауға болатын әрекеттерді көрсете отырып, ұзақ және қысқа уақыт кезеңдерімен арақатысын белгілейтін болады |
|||||||||||||||||||||
|
Оқу бағдарламасына сілтеме |

|||||||||||||||||
|
|
|||||||||||||||||||||
|
Уақыт туралы түсінік (сағат, минут, жарты сағат, ширек сағат) |
|||||||||||||||||||||
|
1.3 Шамалар және олардың өлшем бірліктері |
2.1.3.5 Уақытты циферблат арқылы сағат және минуттық дәлдікпен анықтау |
(М) Сағат қалай жұмыс істейтінін көрсету үшін сағаттың ескі үлгісін немесе циферблатын пайдаланыңыз. Минут тілі бір айналып шыққанда, сағат тілі бір сағатқа жылжиды. Біз сағат тілін қолмен қозғай отыра не істесек те, шынайы уақыт режимінде сағат тек қана бір бағытта – сағат тілімен жүретіндігін түсіндіріңіз. (Д/Ж) Оқушылардың күннің негізгі сәттері туралы (мысалы, мектептегі сабақтардың басталуы) ойлауын сұраңыз. Бұл кезде сағат нені көрсетіп тұр? Оқушылардан циферблатқа жақын келіп, осы уақытты қоюын сұраңыз. Оқушылардан олардың отбасы үшін неғұрлым маңызды болып табылатын уақыт туралы сұраңыз (жұмыстың басталуы/аяқталуы, сүйікті телевизиялық бағдарламалар). (Ұ) Минутты сағаттың бөліктері/үлестері ретінде қалай сипаттайтынымыз туралы сөйлесіңіздер. Сағат тура бір сағатты, сағаттың ширегін, жартысын, ширексіз сағатты көрсеткенде минут тілі қай жерде тұратынын көрсетіңіз. Уақытты белгіленген уақытқа қоятын оқушыларды тағайындаңыз. Сағаттағы минут санын талқылаңыздар. (Ұ) Сағатты басқаратын оқушыны тағайындаңыз, содан кейін оқушылардан әр 10-қадамды санай отырып, сонымен бір мезгілде минут тілі қалай қозғалатынын бақылай отырып, 60-қа дейін санауын сұраңыз. Басқа оқушыны таңдап алыңыз және әр 5-қадамды санай отыра қайталаңыздар. (Д/Ж,қ) Оқушыларға циферблатты айналдырып сызуға тапсырма беріңіз немесе дөңгелек затты айналдырып сызып, өздері сағат суретін салуын және белгі жасауын, содан кейін күннің маңызды оқиғалары кезінде сағат тілі қай жерде болатынын көрсетуін сұраңыз. (Ұ) Бұдан кейін оқушылар сағат моделі бойынша уақытты анықтауға тырысады, «екі жарым», «он бес минутсыз алты», «ширексіз жеті», т.б. деген сөздердің нені білдіретінін біледі. сағат моделі бойынша есептер шығарады: Оқиғаның соңын анықтаңыздар: «Сабақ сағат 11-де басталып, 45 минутқа созылды. Сабақ нешеде аяқталды?» Оқиғаның ұзақтығын анықтаңыздар: "Оқушы үйінен сағат 8-ден 20 минут кеткенде шықты, мектепке 8-ден 35 минут кеткенде жетті. Ол жолда неше минут жүрді? " Оқиғаның басталуын анықтаңыздар: "Жас футболшылардың жаттығуы 40 минутқа созылды, сағат 3-тен 45 минут кеткенде аяқталды. Жаттығу нешеде басталды?" (Бұл есеп сағат тілін кері бұрау арқылы шығарылады) |
Уақыт – зерделеуі қиынға түсетін шамалардың бірі. Оны қабылдаудың қиындығын уақыттың тоқтаусыз ағып жатуымен, кері айналып келмейтіндігімен, сол себепті де масса немесе ұзындық секілді өзге оқиғалардың ұзақтығымен тікелей салыстыруға болмайтындығымен түсіндіре аламыз. Тақтаға арналған сағаттың интерактивті үлгілерін пайдалануға болады, бірақ шын сағаттар немесе демонстрациялық сағаттар оқушылардың сағатты қолмен ұстап өзара әрекеттесуіне, олардың әрекетін түсінуге мүмкіндік береді. |
Сағаттың ескі үлгісі немесе қозғалатын тілдері бар демонстрациялық сағат Сағаттың интерактивті үлгілерін жүктеп алуға болады: :http://www.teacherled.com/2009/08/05/interactive-whiteboard-clock/#.UYieF6K-1I4 Басып шығаруға лайықты циферблаттар: http://donnayoung.org/f12/math-f/clocks/12clocks.pdf |
|||||||||||||||||
|
Уақыт өлшем бірліктері – тәулік, апта, жыл |
|||||||||||||||||||||
|
1.3 Шамалар және олардың бірліктері |
2.1.3.3 ұзындық: см, дм, м/масса: кг, ц/ көлем (сыйымдылық): л/ уақыт: мин, сағ, ай, жыл өлшем бірліктерінің мәндерін салыстыру, бірліктер мәндерімен қосу/азайту/көбейту/бөлу амалдарын орындау 2.1.3.4 ұзындық (см, дм, м)/ масса (кг, ц)/ уақыт (сағ, мин, ай, жыл) өлшем бірліктері арасындағы қатынас негізінде түрлендіру
|
(Ұ) Оқушылардан ұзағырақ уақыт аралығы туралы, күн сайын не болатыны туралы не білетіндерін сұраңыз: олар тұрады, таңғы астарын ішеді, мектепке барады, т.т. Үдеріс қайталанғанға дейін қанша уақыт өтеді? Бұл үнемі қайталана ма? Өзгерістер қай кезде болады? Тәуліктің (24 сағаттың) маңызы туралы және оның Жердің өз осі мен күннің айналасында айналуымен байланысы жайлы сөйлесіңіздер. Оқушылардың «Жыл, ай, апта» тақырыбы бойынша нені білетінін анықтаңыздар. (Қазір қай ай? Оның алдында қай ай болды? Жыл қай айдан басталады? Жаңа жыл мерекесін қай айда мерекелейміз? Бір жылда қанша ай бар? т.б.) (Д, қ) Оқушылар «Күн тәртібін» жасайды (сағатты білдіретін 24-ке бөлінген сандық түзуді) және өз күн тәртібінің басты нүктелерін анықтайды. Ұйқыны, мектепті, ойынды және т.б. белгілей отырып, түзудің бөліктеріндегі таңбаларды бояу үшін түсті маркерлерді пайдалануға болады. (Ұ) Мектепке келетін және келмейтін күндердің қалай топтастырылғанын талқылаңыздар. Біз оларды қалай атаймыз? (Ұ) Туған күндерді талқылаңыздар. Қазір сіздің жасыңыз нешеде? Келесі туған күніңізде сіз нешеде боласыз? Келесі туған күніңізге дейін қанша күтуіңіз керек? Тұтас жылды көрсететін қабырғаға ілінетін күнделікті немесе үлкен күнтізбені көрсетіңіз. Жердің Күнді айналуы мен жылдың байланысын түсіндіріңіз. (Ұ) Уақыт шамаларын оқып-үйрену «ғасыр» (100 жыл) бірлігімен танысумен және уақыт өлшем бірліктерінің қорытынды кестесін құрумен аяқталады. Ғасырды зерттеу кезінде 21-ғасырдың 2000 жылы емес, 2001 жылдың 1 қаңтарынан басталатынын ескерту қажет. (Д) Уақыт сызығын құрастыру бойынша жұмыс. Оқушыларға уақыт сызығының (бөліктерге бөлінген түзу) мереке күндерін белгілеуді ұсыныңыз. Мықты оқушылар үшін: Оқушылар өмірдің уақыт сызығын құрастырады (кесіндіде туған күнін, балабақшаға, мектепке барған уақытын, іні-қарындастарының туған күндерін, т.б. белгілейді) |
Мақсаттар ішінара орындалады Бұл жұмыс «Менің мектебім» және «Туған өлкем» тақырыптарының контексінде жүргізіледі
|
Қабырғаға ілінетін күнделік немесе үлкен күнтізбе Күнделік |
|||||||||||||||||
|
Уақыт өлшем бірліктерін өрнектеу |

(Ұ) Уақыт бірліктері: секундтар, минуттар, сағаттар, тәуліктер, апталар, айлар, жылдар, ғасырлар туралы білетіндеріміздің барлығын қайталап бекітіңіздер. Бір уақыт өлшемдерін екіншілеріне қалай түрлендіру керектігін білу: минутта қанша секунд, сағатта қанша минут және т.т. Бұл өлшем бірліктері кездейсоқтық емес, олар математика тарихы мен астрономия ғылымының бір бөлігі болып табылады. Егер біз ыңғайлы болу үшін өлшем бірліктерінің арақатынасын ондықпен есептесек не болар еді? (Д/Ж, қ) Оқушыларға олардың нәтижелерін күнделікке немесе күнтізбеге жүгініп тексере отырып, дұрыс ретпен орналастыру үшін апта/ай күндерінің аты жазылған карточкаларды беріңіз. (Ұ/Д, қ) Сынып бөлмесіндегі қабырғаға үлкен күнтізбені орналастырыңыз. Оқушылардан атаулы даталарды, мысалы туған күндері белгілеуін сұраңыз. Жекелеген оқушылардан мектеп үшін маңызды даталарды (тоқсанның басталуы, т.б.) және мемлекеттік/ұлттық мерекелерді белгілеуін сұраңыз. Күн сайын бір оқушыдан арнайы белгілерді (жалау, магнит және т.б.) пайдалана отырып, бүгінгі күннің датасын белгілеуін сұраңыз. Белгінің орналасуын, қазір қай жерде орналасқанын, кеше қайда болғанын, ертең қайда болатынын талқылау үшін сәйкес терминдерді (кеше, бүгін, ертең) пайдаланыңыз. (Т) Уақыт бірліктерін салыстыру және түрлендіруді қайталау бойынша жұмыстар ұйымдастырыңыз |
Мақсаттар ішінара орындалады Келесі оқушыға жаңа міндет қойылуы үшін күннің соңында белгіні алып тастау керек |
Дұрыс ретпен орналастыруға арналған апта күндері мен айлар жазылған карточкалар жинағы. Күнтізбе немесе қабырғаға ілінетін график-жоспар
Күнделіктер |
|||||||||||||||||
|
|
|||||||||||||||||||||
|
Математика. Бастауыш мектеп. 2-сынып |
|||||||||||||||||||||
2С
бөлім: Жиынды және оның элементін белгілеу.
|
|||||||||||||||||||||
|
Осыған дейін меңгерілуі тиіс білім |
|||||||||||||||||||||
|
Заттарды критерилері бойынша жіктеу дағдылары |
|||||||||||||||||||||
|
Контекст |
|||||||||||||||||||||
|
Қандай да бір топқа тиістілікті анықтауға арналған жиындар критериі жаратылыстану ғылымдарында жіктеуді қарастыру барысында пайдаланылады; жиындар теориясы сондай-ақ сандарды жіктеуді оқып-үйренуде қолданылатын болады Логикалық есептерді шешу себеп салдарлық байланыстарды анықтауға, логикалық пайымдаулар, ойқорытулар, қорытындылар жасау біліктерін дамытады. Комбинаторика негіздерін оқып үйрену оқушыға жағдайларды қарастыруға, нұсқаларды таңдап, санын анықтауға, оның ішінде қолданбалы есептерді шығаруға мүмкіндік береді. Бұл бөлімде оқушылар комбинаторлық есептерді шешудің кейбір жолдарымен танысады, қоғамдық пікірге қатысты сауалнама ұйымдастырудың, оларды талдаудың, сауалнама нәтижелерін кесте, диаграмма түрінде көрсетудің алғашқы тәжірибесін қалыптастырады. |
|||||||||||||||||||||
|
Оқу жоспарының осы бөліміндегі «Математика» пәнінің тілдік мақсаттары Төменде оқушыларға оқу жоспарының осы бөлімінде пәннің оқыту мақсаттарына қол жеткізуге көмектесу үшін, тиісті ғылыми тілді/оқу тілін пайдалану бойынша тілдік мақсат үлгісі берілген |

Венн диаграммаларын құрастырып, жиынға тиісті және тиісті емес элементтерді қарастыру. Тіршілік иелерін, мысалы төртаяқтылар жиынын және жыртқыштар жиынын топтастыра отырып, қолдану. Табиғат әлемінің мысалдары бойынша жиындардың басқа сипаттамаларын зерттеу – бос жиын, топшалар Жиындарды, олардың элементтерін белгілеу және сипаттау үшін тиісті белгілерді пайдалану |
Венн диаграммасында шеңберлерді белгілеуде пайдалануға болатын критерилерді ұсыну |
Жиын, шеңбер, Венн диаграммасы, ішінде, сыртында; Жіктеу, қосу, топ, белгілеу, анықтау; Жиындар, топшалар, бос жиын, әмбебап жиын элементі, белгілері немесе, екеуі де, ешқайсысы, біреуден көп, бөлік, қиылысу бөлігі, ортақ бөлігі |
Талқылауға арналған сұрақтар: Венн диаграммасының бір шеңберіне қандай элементтер кіруі мүмкін? Егер бұл элемент шеңберлердің ешқайсысына кірмейтін болса, не болады? Неліктен екенін айта аласыз ба? … бұл шеңберлердің ешқайсысына кірмейді? … мұны шеңберлердің екеуіне де кіргізуге болады? … мұны шеңберлердің тек біреуіне ғана кіргізуге болады? Жазуға арналған тапсырмалар: Венн диаграммасының шеңберлерін белгілеңіздер. Венн диаграммасының тиісті шеңберіне, ішіне немесе сыртына элементтерді жазыңыздар. |

«Туған өлкем» тақырыбының контексінде оқушылар заттарды жіктеу үшін критерилерді пайдаланып, Венн диаграммасын қолдану дағдыларын дамытатын болады |

Жиындарды оқып-үйрену |
|||||||||||||||||||||
|
4.1 Жиындар және олармен амалдар орындау
|
2.4.1.3 жиындар мен олардың элементтерін диаграммада белгілеу, элементтердің жиынға, жиындардың бірігуі мен қиылысуына тиістілігін анықтау |
(Ұ) «Туған өлкем» тақырыбының контексінде оқушылардың назарын жануарларды жіктеу немесе топтастырудың түрлі әдістеріне аудару қажет. Оқушыларға мысалдар келтіруді ұсыныңыз. Мысалы, жәндіктер, сүтқоректілер, бауырымен жорғалаушылар. (Ұ) Жиынға тиістілік нақты критерилерге сай болумен байланысты екенін оқушылардың есіне салыңыз. Мысалы, біз «Сүтқоректілер» жиынының элементтерін қалай анықтау қажет екенін жақсы білеміз, ал «Ірі жануарлар» жиынын белгілеуде неліктен қиындықтар туындауы мүмкін? (Ұ) Оқушыларға сауалнама жүргізуді ұсыныңыз. Сауалнаманы қандай мақсатта жүргізетіндеріңізді талқылаңыздар: жарнама, , есеп, т.б. Әр сауалнама жауабы деректерді жинауға пайдаланылатындай сұрақтан басталуы керек. (Ұ) сауалнама үшін ақпаратты таныстырудың газеттен немесе Интернеттен алынған бірнеше үлгісін ақ тақтадан көрсетіңіз (кестелер, гистограммалар, т.б.). Оқушылардан деректерді жинауға ынталандыратын сұрақ қоюды сұраңыз. (Т/Ж) Оқушылардан жұпта немесе топта жұмыс істеп, зерттеу үшін басты сұрақтарды талқылап, құрастыруын сұраңыз. Сұрақтар зерделенген тақырыптармен байланысты бола алады. (Ұ) оқушылар өздері құрастырған сауалнаманы жүргізіп, алынған деректерді басқа оқушылардың бағалауы үшін экранда таныстыруы қажет екенін түсіндіріңіз. Оқушылардан пиктограмма және гистограмма секілді диаграммалар құрастыруда қарастырылатын/есепке алынатын тармаққтарды құрастыруын сұраңыз. (Т/қ) Шағын топтарда жұмыс істейтін оқушылардың зерттеу үшін сұрақ таңдауына, ақпаратты жинап, оны постерде таныстыруына мүмкіндік беріңіз. (Т/қ) Оқушыларға «қай топ ең қызықты көрсетілім жасады?» деген сұраққа жауап беру үшін зерттеу жүргізгіңіз келетінін айтыңыз. Әр жұмыстың астына бір парақ қағаз бекітіп қойыңыз, әр топтан әр жұмысқа (өз жұмысынан басқа) бір-екі-үш жұлдыз қоюын сұраңыз. Парақтарды жинап алып, ең жақсы нәтижеге ие болған топты анықтау үшін ақпаратты қалай зерттеу қажеттігін көрсетіңіз. (Ұ,М) Бөлімнің бірінші бөлігінде осындай жіктеулерді зерделеу үшін Венн диаграммасын пайдаланып, оларды сызба түрінде бейнелейтінімізді түсіндіріңіз. Флипчартта бір шеңберден тұратын қарапайым Венн диаграммасын көрсетіңіз. Оқушыларға шеңберді белгілеу критериін анықтауды ұсыныңыз, содан соң жиынды сұрыптаңыздар. |
Оқушыларға шешімдерде тәжірибе жасауға, белгілердің дұрыс анықталып, дұрыс бейнеленгенін түсінгенше заттарды түрлі жиындарға ауыстырып қоюға мүмкіндік беретін тиісті заттарды: пластмасса шеңберлерді, жануарлар модельдерін пайдаланыңыз Оқушыларға белгілерді талқылау нәтижелері бойынша таңдауды ұсыну арқылы бұл іс-әрекетті біраз жандандыруға болады. Мысалы, «Жыртқыш жануарлар», содан соң жиынтықтан «Сүтқоректілер», «Жәндіктер», «Құстар», «Балықтар», т.б. белгіленген жануарлар карточкаларын алуға болады. Бұдан соң оқушылар алдын ала жүктеліп, басып шығарылған суреттерді немесе жануарлардың модельдерін пайдаланып, оларды өз диаграммасының тиісті бөлігіне орналастырады. Зерттеу үшін қолдануға болатын критерилер: тақ сандар екі таңбалы сандар 4-ке аяқталатын сандар 20-дан кем сандар Венн диаграммасының қасиеттерін сипаттаған кезде терминдердің дұрыс пайдаланылуына көңіл бөліңіз. |
Плакат жасауға қажетті тиісті ресурстар (қағаз парақтары, маркерлер, т.б.) Сыйлық суреттері бар стикерлер, жұлдызшалар, т.б. Шеңберлерді бейнелеу үшін көп дөңгелектер (дене шынықтыру құралы) немесе таспадан не жіптен әзірленген тұзақтар, Зерттеуге арналған заттар: жануарлар модельдері (тақырыпқа байланысты оқыту бағдарламасының басқа бөлімдерінде пайдаланыла алатын) немесе жүктеліп, басып шығарылған, ламинатталған суреттер http://uunn.ru/c/2009/05/venn/ Жиынмен танысу http://ppt4web.ru/detskie-prezentacii/mnozhestvo-i-ego-ehlementy.html Бейне сабақ http://ppt4web.ru/detskie-prezentacii/sposoby-zadanija-mnozhestv.html Жиындар үшін көп шеңберлер жасау үшін ұзын жіптер немесе бор Алдын ала дайындалған жиын атауларының белгіленулері http://ppt4web.ru/detskie-prezentacii/diagramma-venna-znaki.html
|
|||||||||||||||||
|
Венн диаграммасы |
|||||||||||||||||||||
|
5.2 Математикалық тіл |
2.5.2.2 Жиынды

(Ұ) Шеңберлерді белгілеу үшін қандай критерилердің пайдаланылатынын талқылаңыздар. Заттарды критерилер бойынша бөліңіздер: «Сүт беретін жануарлар», «Ет үшін өсіретін жануарлар». Сиырдың қай шеңберге кіретінін талқылаңыздар, шеңберлердің қалай қайталанатынын көрсетіңіз. Тауықтың қайда орналасатынын көрсетіңіз. Оқушылар сүт беретін әрі ет үшін өсірілетін жануарларды мысалға келтіре ала ма? (Ж) Бал арасын «Жәндіктер» деп аталатын басқа жиынның элементі ретінде қосуға болады. Екінші шеңберді қалай салу керектігін көрсетіп, оқушыларға басқа жиын нұсқасын салуды, оны толтыруды ұсыныңыз . (Ұ) Осындай неше шебер сыза алатынымызды талқылаңыздар, белгеленген критерилері бар әр жиын бір шеңберге жазылатынын, ал еш критериге сай емес басқа тіршілік иелері барлық шеңберлерге енгізілмей, сыртында жазылатынын көрсетіңіз. (Ұ) Неліктен бір-бірімен қиылыспайтын шеңберлер болатынын талқылаңыздар – бір мезетте сүтқоректі әрі жәндік болу мүмкін емес. Флипчартта сіз екі бөлікке де тиісті болатындай жиындар бар ма? (Ж, қ) Тіршілік иелерін жіктеуде пайдалана алатын басқа да белгілерді талқылаңыздар. Мысалы, олардың қорегі бойынша (жыртқыш аңдар, шөпқоректілер, бәрін жей беретін жануарлар, мекен ететін жері бойынша (қанаттылар, су мекендеушілер, т.б.), қозғалуына қарай (екі аяқтылар, төрт аяқты жануарлар, т.б.), т.с.с. Венн диаграммасында заттардың бірнеше жиынға тиесілі екенін көрсету үшін бір-бірімен қиылысатын бөліктер болуы мүмкін екенін талқылаңыздар. Венн диаграммасымен жұптарға бөлініп жұмыс істеуді ұсыныңыз: жоғарыда көрсетілген белгілердің бірін алып, жануарлар әлемінің жиынын белгілеңіз, мысалдарды тиісті түрде орналастырыңыз. (Ұ) Талдаудың бұл түріне өзімізді де қоса алатынымызды түсіндіріңіз. Балалар алаңында немесе мектеп ішіндегі ауқымы кең орында жіпті немесе борды пайдаланып екі үлкен шеңбер сызыңыз. Бұл шеңберлерге белгілер орналастырыңыз, мысалы, мектепке барады, пияз жегенді ұнатады, т.б. Оқушыларға сәйкес шеңберлерге бір-бірден барып тұрулы ұсыныңыз. Оқушылардан шеңберлердегі өздері зерттей алатын басқа да белгілері туралы сұраңыз (Ұ) Қиылысатын екі бөлігі бар Венн диаграммасын салыңыз, оқушыларға оны кейбір сандардың жіктелуін көрсету үшін пайдаланатыныңызды айтыңыз. оқушыларға осы жұмыс барысында пайдаланылатын критерилерді атауды ұсыныңыз. (Д, қ) Кейбір оқушыларға сандар жазылған карточкаларды беріңіз, олар осы сандарды тиісті жиындарға орналастыруы керек. әр карточка орналасқаннан кейін санның тиістігінде оның орны нені білдіретінін айтып беріңіз, флипчарттағы екі бағана арқылы әр жиынға тиісті/тиісті емес екенін көрсетіңіз. . (Ұ) Толтырылған диаграмманы талқылаңыздар, әр жиынға тиістілікті көрсетіңіз, қиылысуды қалай анықтау қажеттігін, жалпы тұтас диаграмманың екі жиынның бірігуін қалай көрсететінін түсіндіріңіз. (Д, қ) Сұрақтар қойып, жауаптарды дербес ламинатталған парақшаларда көрсетуді ұсынып, оқушылардың қабылдауын тексеріңіз. Мысалы, жиындардың бірігуіне кірмейтін санды көрсетіңіз. |
Көрсетуге арналған
белгілер карточкалары болғаны дұрыс |
Күрделілігі жоғары тапсырмалар: |
|||||||||||||||||
|
Жиындардың қиылысуы мен бірігуі |
|||||||||||||||||||||
|
4.1 Жиындар және олармен амалдар орындау |

(Ж, қ) Толтырылған, бірақ бөліктеріне белгілеулер жасалмаған Венн диаграммасының мысалдарын келтіріңз. Оқушыларға пайдалануға болатын критерилерді талқылап, жиындарды сәйкесіше белгілеуді ұсыныңыз. Олар өз диаграммасын алып, идеяларын салыстыру үшін басқа жұппен бірігуі керек. (Д, қ) Сандар жазылған Венн диаграммасының мысалдарын келтіріңіз, оқушыларға әр бөлік үшін критерилер белгілеуді ұсыныңыз. Олардан осы критерилерге сай бөліктерді белгілеуін сұраңыз, содан соң олар анықтаған критерилерге сәйкес әр бөлікке бірнеше сан қосыңыздар. (Ұ, М) Тағы да «Туған өлкем» тақырыбын пайдаланып, Венн диаграммасының басқа да қасиеттерін көрсетіңіз. Жиынның қалайша бос болатынын, мұның неге маңызды ақпарат болып табылатынын көрсетіңіз. Мысалы, «Шөл жануарлары» мен «Балықпен қоректенушілер» жиындарының қиылысқан бөлігі бос жиын болуы мүмкін. Неліктен? Тең жиындарды көрсетіңіз. Әдетте мектептегі ұлдардың жиыны мен қыздардың жиыны тең жиындар бола алады. Жиын ішіндегі жиын мысалдары: «Қазақстанның сүтқоректілері» жиыны толығымен «Сүтқоректілер» жиынының ішінде болады. Неліктен бұлай екенін және оны Венн диаграммасында қалай көрсетуге болатынын талқылаңыздар |
|
Белгілеулері жоқ алдын ала толтырылған Венн диаграммалары
|
|||||||||||||||||
|
Сандар жиындары |

2.4.1.2 Сандар жиындарын олардағы цифр саны, санның 2-ге бөлінуі, сандық тізбектегі орналасқан орны, т.б. бойынша құру, жіктеу (бөлу) |
(М) Бірнеше мысалды пайдалана отырып, сандық тізбектің қалай құрылатынын көрсетіңіз. Бұл жағдайда біз тізбектегі келесі элементтерді түс немесе пішіні бойынша емес, тек арифметиканың көмегімен анықтай аламыз. Элементтер арасындағы айырмашылық көбейту немесе бөлу арқылы анықтала алатын тізбекті құрастырыңыздар. (Т, қ) Заңдылық көбейту немесе бөлу амалдарын орындау арқылы анықталатын сандық тізбектерді дайындаңыз. Оқушылардың әр жұбына/тобына ұзын қағаз жолағына жазылған бір тізбекті беріңіз. Олардың тізбектің заңдылығын анықтап, келесі 3 элементті жазуын сұраңыз. Арнайы белгі берілген кезде тізбек келесі топқа беріледі. Барлық топтар әр тізбекті жалғастыру бойынша осы тапсырманы толық орындап болмайынша жұмысты жалғастыра беріңіздер. Нәтижелерді топтар арасында талқылаңыздар – қай тізбекті жалғастыру жеңіл/күрделі болды және неліктен? (М) Қосу амалына негізделген тізбекті көрсетіңіз. Мысалы, 4, 8, 12, 16, 20 – «4-ті қосу», бұл ретте мұның бірдей санды қосу амалы екенін оқушылардың естеріне сала отырыңыз. (Т) Екі еселеу заңдылығы қолданылатын тізбектің ерекшелігін көрсетіңіз. Оқушыларға бұл заңдылықтың санның мәніне ықпалын қарастырып, зерттеуге мүмкіндік беріңіз |
|
|
|||||||||||||||||
|
Логикалық есептерді шығару |
|||||||||||||||||||||
|
4.4 заттардың комбинациялары 5.2 Математикалық тіл |
2.4.4.1 қоршаған ортадағы заттардан «үш-үштен» комбинация түрлерін құрастыру 2.5.2.5 деректерді жинақтау, жүйелеу, кесте және диаграммалар құру |
(Ұ) Оқушыларды комбинаторлық есеппен таныстырыңыз: дәмханада стақанға салынған үш шариктен тұратын, дәмі әр түрлі балмұздақ сатады. Мысалы, ең төменге ваниль, оның үстіне шоколад, жоғарыда құлпынай дәмі. Үш шарикті біріктіру бойынша неше әдіс бар? Шешімді кеңейтіңіз: біз шоколадты төменге, ортада немесе жоғарыда орналастыра аламыз. Дәмі әр түрлі үш шарикті біріктіру үшін неше әдіс бар? Осындай типті есептерді шешу бойынша тәсілдемені диаграмма немесе жүйелі зерттеу түрінде көрсетіңіз, барлық мүмкін комбинацияларды анықтау бойынша стратегияға акцент жасап отырыңыз. (Д,қ) Заттарды үш үштен үйлестіруге және зерттеу жүргізуге болатын қарапайым есетерді ұсыныңыз. (Т) Оқушылар бұл тапсырманы оңай орындай алса, бірігіп жұмыс істеуге тапсырма беріңіз – олар үш критериді зерттесін (диаграмма барынша көбірек комбинацияларды көрсетуге мүмкіндік беретініне көз жеткізіңіз). |
|
|
|||||||||||||||||
|
Ақиқат немесе жалған |
|||||||||||||||||||||
|
4.2 Тұжырымдар
|
2.4.2.1 тұжырымдардың ақиқаттығын немесе ақиқат еместігін анықтау, ақиқат немесе жалған тұжырымдар құру |
(Ұ) Оқушыларға талқылау үшін бірнеше тұжырым беріңіз. Олардың арасында ақиқат және жалған тұжырымдар болуы тиіс. Оқушылардан берілген тұжырымның ақиқат әлде жалған екендігін анықтауды сұраңыз. Бұдан соң өз тұжырымын негіздеп беру үшін бірнеше оқушыны таңдаңыз. (Ұ) Тұжырымдарды көрсетуді жалғастырыңыз. Оқушылар берілген тұжырым туралы ақиқат әлде жалған деген пікірін (жоғары – «ақиқат», төмен – «жалған») бас бармағын жоғары көтеру немесе төмен түсіру арқылы білдіре алады. (Ж, қ) Оқушылардан әрқайсысына жеке берілген дербес ламинатталған парақшалардың немесе қағаз парақтардың екі жағына бір тұжырымнан жазуын сұраңыз. Бұл тұжырымдардың бірі ақиқат, екіншісі жалған болуы керек. Содан соң олар парақтарды өзара алмасып, жұптағы әріптесімен бірлесе тексере отырып, қай тұжырымның ақиқат, ал қай тұжырымның жалған екенін анықтауға тырысады. (Ұ) Тапсырманы күрделендіріңіз. Кейде берілген тұжырымдар толық болмаса да, біраз ақиқатқа жақын келеді. Мысалы, «Егер жұп санға басқа санды қосса, онда қосынды мәні жұп сан болады». Оқушылардан осы шартты толықтыру үшін, жауапты түрлендіру талап етіледі: бұл ретте тұжырымдама келесідей болады: «дұрыс, егер қосылған сан да жұп болса». |
|
Алдан ала дайындалған «Ақиқат» және «Жалған» деген тұжырымдар Show-me ресурстар
|
|||||||||||||||||
|
Математика Бастауыш мектеп. 2-сынып |
|||
|
3А-бөлім: Геометриялық фигуралар және олардың өзара орналасуы |
|||
|
Осыған дейін меңгерілуі тиіс білім |
|||
|
Жазық геометриялық фигуралар туралы түсініктің қалыптасуы; өлшем бірліктерін білу, ұзындықтың өлшем бірліктерін түрлендіру |
|||
|
Контекст |
|||
|
Аудан мен периметрді оқып білу есептеу дағдыларын дамытуға, геометриялық фигуралар құрастыра білуге, өлшем бірліктерін түрлендіруге мүмкіндік береді, бұл өлшем бірліктері геометрия мен өлшеу саласындағы кезекті тапсырмалар үшін негіз болып табылады. Геометриялық фигураларды оқып үйрену есептеу дағдыларын, геометриялық фигураларды құрастыру, өлшем бірліктерін түрлендіру білігін дамытуға мүмкіндік береді, бұл геометрия мен өлшеулер саласындағы жұмыстарды жүргізуге негіз болады. Бұл бөлімде оқушылардың санасында шынайы өмірдің геометриялық абстракциялары туралы алғашқы түсініктері қалыптасады, дұрыс геометриялық сөйлеу негіздері қалыптасады, бейнелі ойлау және кеңістіктік түсініктері дамытылады. |
|||
|
Оқу жоспарының осы бөліміндегі «Математика» пәнінің тілдік мақсаттары Оқушыларға осы бөлімде пәннің оқыту мақсаттарына қол жеткізуге көмектесу үшін, тиісті ғылыми тілді пайдалану бойынша тілдік мақсат үлгісі төменде берілген |
|||
|
Пәндік мақсаттар |
Оқытудың тілдік мақсаттары |

Геометриялық фигуралар, бұрыштар және бұрыш түрлері туралы білімдерді қалыптастыру.
|
Көпбұрыштарды жіктеу, бұрыш түрлерін анықтау |
тікбұрыш, үшбұрыш, көпбұрыш, бесбұрыш, алтыбұрыш бұрыш, тікбұрыш, сүйір бұрыш, доғал бұрыш |
Талқылауға арналған сұрақтар |
|
Қоршаған ортада қандай геометриялық фигураларды кездестіруге болады? Бұрыштың түрін қалай анықтауға болады? Неліктен екенін айта аласыз ба? … бұл бұрыш тік болады? … бұл архитекуралық құрылыстар геометриялық фигуралар түрінде салынған? Жазу бойынша нұсқаулар: Өздеріңіздің ашқан жаңалықтарыңызбен хабарлама арқылы бөлісіңдер. Нәтижелерің туралы пікірлеріңді айтыңдар |

Оқушылар өздерін қоршаған ортада кездестіруге болатын көпбұрыштарды зерделейтін болады. |

Қоршаған ортадағы геометриялық фигуралар |
||||||||||||||||||
|
3.1 Геометриялық фигуралар және оларды жіктеу
|
2.3.1.2 көпбұрыштарды жіктеу |
(Ұ) Фигуралардың үлгілерін көрсетіңіздер, оларды қоршаған әлемде қайдан көруге болатынын сұраңыз. Әрбір фигураның белгілері мен қасиеттерін талқылаңыздар. (Д/Ж,қ) Түрлі түсті картоннан көпбұрыштар жасаңыз және оларды сәйкес пакетке немесе шағын қалтаға салыңыз. Көпбұрыштарды кезекпен алып, бұл қандай фигура деп сұрай отырып, біртіндеп көрсетіңіз (Д/Ж/Т, қ) Оқушыларға ғаламторды пайдаланып қала архитектурасынан көпбұрыштарды табуға тапсырма беріңіз. (Ұ) Сирек бақыланатын көпбұрыштарды – жетібұрыштарды, тоғызбұрыштарды, онбұрыштарды талқылаңыздар. Қабырғалардың санында шек болуы мүмкін бе?
|
Егер ғаламторға қол жеткізілмесе, қаланың архитектуралық құрылыстарын бейнелейтін жолкөрсеткіштерді, жарнамалық брошюраларды пайдалануға болады. Балама ретінде қала бойынша экскурсияны ұйымдастыруға және қала архитектурасындағы көпбұрыштардың суреттерін жасауға болады Бұл «Бізді қоршаған әлем» тақырыбының контексінде практикалық дағдыларды дамытып, кеңейтудің жақсы мүмкіндігі. Оқушылар өлшеуіш аспаптар көмегімен өлшеу дағдыларын бекітеді және өлшеу нәтижелерін осыдан бұрынғы бөлімдерде алған қосу мен азайту секілді тиісті дағдыларымен бірге сандар жүйесін түсінуін дамытумен байланыстыра алады. Оқушылардың өлшеуіш аспаптарды дұрыс қолдануын бақылап, реттеп отырыңыз |
Шағын сөмке және түрлі түсті карточкалар-көпбұрыштар Изометриялық қағаз Оқушылардың зерттеу жұмыстары үшін ғаламторға қол жеткізу Сызғыш, өлшеуіш сызғыш Көрсетілімдер үшін интерактивті тақтаға арналған бағдарламалық жабдықтамада пайдаланылатын сызғыш.
|
||||||||||||||
|
Бұрыш. Бұрыш түрлері |

2.3.1.1 бұрыш түрлерін (тік, сүйір, доғал) тану және атау/ тіктөртбұрыш, шаршы, тікбұрышты үшбұрыштың мәнді белгісін анықтау
|
(Ұ) Оқушылардан дәптер бетіне нүктені белгілеп, одан екі сәуле жүргізуін сұраңыз. Оқушылар қандай фигура жасалғанын, оның неден тұратынын айтуы тиіс. Оқушылардан анықтама беруін сұраңыз: Бұрыш – бір нүктеден таралған екі сәуледен құралған геометриялық фигура. Нүкте – бұрыштың төбесі, ал осы нүктеден екі жаққа тараған сәулелер – бұрыштың қабырғалары деп аталады. Бұрышты бір немесе үш әріппен белгілеуге болатынын түсіндіріңіз. Бірақ, бұрышты үш әріппен белгілеген кезде төбесі үнемі ортада болатынын естен шығармау керек. (Ұ) Сызықтардың қиылысуы арқылы, фигуралардың төбелерінде немесе түзудің бірнеше градусқа бұрылуы арқылы бұрыштардың қалай пайда болатындығын көрсету үшін геометрияны бағдарламалық қамтамасыз етуді (мысалы, Geogebra), тақтадағы қиылысатын сызықтарды немесе флипчартты пайдаланыңыз. Тік бұрыштың пайда болуының дербес түрін көрсетіңіз. (Д/Ж) Қағаздың парағын бүктеп, оның шеттерін біріктіріп, тік бұрышты анықтауға тест жүргізіңіз. Оқушыларға сынып бөлмесіндегі/мектептегі тік бұрыштың мысалдарын табуға тапсырма беріңіз. (Ұ) Оқушыларға парақтарды таратып беріңіз, парақтардың пішіні әр түрлі, мөлдір түсті (палетка) екеніне назар аударыңыз. Оқушыларға келесідей жұмыс түрін орындауды ұсыныңыз: Парақты екіге бүктеу, содан тағы да бір рет бүктеу. Парақты қайта жазу (төрт тік бұрыш пайда болды). Оқушылардан парақты қайтадан бүктеуін сұраңыз. Олар тік бұрышты көрсетеді, жұп ішінде бір-біріне бұрыштың төбесі мен қабырғаларын көрсетеді. Қағаздан жасалған тік бұрышты мөлдір пленкаға қойып, қаламмен оны бойлай тік бұрышты сызыңыз. Палеткада өлшем үшін пайдаланылатын тік бұрыш бейнеленді. (Ж) Бұрыштарды өлшеуге арналған жаттығулар. Оқушыларға бұрыш түрлері салынған жұмыс парақтарын таратып беріңіз. Тік бұрыштың үлгісі (палетка) көмегімен оларға бұрыштарды өлшеп шығуды ұсыныңыз. Бұрыштарды үш топқа бөліп, кестеге жазу қажет:
Оқушыларға олардың бұрыштың үш тобын алғанын түсіндіріңіз. Тік бұрыштан үлкен бұрыштар «доғал» деп аталады. Тік бұрыштан кіші бұрыштар «сүйір» деп аталады. Ал үшінші топ, сәйкесінше, тік бұрыштардың өзі. Кестеде әр жолға бұрыштардың атауын жазып қоюды ұсыныңыз. Содан соң оларға өздігімен бірінші сүйір бұрышты, екінші доғал бұрышты және үшінші тік бұрышты салуды ұсыныңыз. Жұптар арасында олар дәптерлерін алмасып, тексереді. (Ұ) Сүйір бұрыш тік бұрышқа қарағанда кіші, ал доғал бұрыш үлкен екендігін талқылаңыздар және соны көрсететін мысалдар келтіріңіз. (Д, қ) Тапсырманы орындау үшін оқушылар бір шетін ұстап тұрып екі сызғышты немесе бір шетінен қысқышпен қыстырылған картонның жіңішке жолағын пайдаланады. Тапсырма: сүйір бұрышты, тік бұрышты көрсетіңіздер және т.с.с. (Ұ) Geogebra бағдарламасының немесе флипчарттағы сызбалардың көмегімен жазық фигураларды немесе қиылысатын сызықтарды көрсетіңіз; аталуын, белгілерін/қасиеттерін, бұрыштарды талқылаңыздар. Оқушылардан олар мектепте бұл фигураларды қай жерден көре алғандықтарын сұраңыз.
|
Егер де геометрияның бағдарламалық қамтамасыз етілуі жоқ болса, «бұрыш көрсеткішті» карточкалардың екі жолағын, жұқа ағашты немесе сызғыштарды бір шетінен бекіту арқылы жасауға болады. |
Геометрия бойынша бағдарламалық қамтамасыз ету, мысалы, Geogebra Картон, сызғыштар |
||||||||||||||
|
Тізбектер туралы түсінікті дамыту |
||||||||||||||||||
|
4.3 Тізбектер
|
2.4.3.2 берілген заңдылық бойынша тізбектер құру, заңдылықтың бұзылуын анықтау
|
(Ж/Т) Оқушыларға ою-өрнектің тізбектілігін көрсететін карточкалар таратып беріңіз. Ол суреттер, символдар, геометриялық фигуралар түрінде көрініс табуы мүмкін, сондай-ақ тізбектілікке элементтердің түсі мен өлгемдері де кіре алады. Оқушылардың жұп/топ ішіндегі жұмыстарын ұйымдастырыңыз, қай элементтің келесі болатынын шешіп, тізбекті жалғастыруын сұраңыз. Оқушыларға келесі элементтердің ең аз санын табу туралы тапсырма беріңіз. (Ұ) Құрылған тізбектерді, тізбектер аясындағы кез келген ою-өрнекті, қайталанатын элементтер санын, т.б. талқылаңыздар.
|
Тізбектерді PowerPoint таныстырылымы түірінде дайындауға болады, оқушылар келесі элементтің қандай болатыны турады талқылау жүргізе алады.
|
Тізбектерді (ою-өрнекті) көрсететін, алдын ала дайындалған карточкалар
Карточкаларда, флипчартта немесе интерактивті тақтада слайд-таныстырылым түрінде дайындалған сандық тізбектер
|
||||||||||||||
|
Көпбұрыштар |
||||||||||||||||||
|
3.2 Геометриялық фигураларды бейнелеу және құрастыру |
2.3.2.1 нүктелі қағазда кесінділер, түзулер мен геометриялық фигураларды орны, қозғалыс және бағыты бойынша нұсқаулыққа сәйкес бейнелеу 2.3.2.2 тік бұрышты сызу
|
(К) Жиі кездесетін көпбұрыштарды талқылаңыздар: әртүрлі түрдегі үшбұрыштар, төртбұрыштар, бесбұрыштар, алтыбұрыштар. (Д, қ) Оқушыларға изометриялық қағазды пайдалана отырып мұқият түрде көпбұрыштарды салуға тапсырма беріңіз. Бұл өрнектер жасау үшін негіз болады. Неғұрлым қабілетті оқушылар екі көпбұрыштардың қиылысуы кезінде пайда болған жаңа көпбұрыштарды оқып үйрене алады. (Г) Оқушылар дәптер торкөздерінің бойымен тік бұрышты сызады, бұрыштық сызғыш көмегімен оқушылар торкөздік қабырғалары тік бұрышты құрайтынына көз жеткізіп, торкөздер бойынша тік бұрыштарды сызады. Оқушыларға оңға қарай неше торкөз, солға қарай неше торкөз сызу қажеттігін айтыңыз. (Ұ) Геометриялық фигуралардың сызбасын орындау кезінде дәлдіктің маңызды екендігін түсіндіріңіз. Фигураларды құрастырудың дәлдігін қамтамасыз ету үшін ненің қажет екендігін талқылаңыздар.
(Д, қ) Оқушыларға геометриялық фигураларды құрастыруға, үлгілеуге және көрсетуге арналған тапсырмалар сериясын беріңіз. Олар өздерінің жұмысының дәлдігін қалай тексеретінін сұраңыз. (Д) Ойдан шығарылған, болмаса қаланың бір бөлігін білдіретін, қаланың ландшафтын бейнелеу үшін тікбұрышты және шаршыны құрастыру дағдыларын пайдаланыңыз |
Суретті флипчарттағы немесе тақтадағы үлкен сызғыштарды, қаламдарды және т.б. қолданып көрсеткен жөн. Геометриялық бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалануға болады, бірақ оқушылар сызықтар мен т.б. «аяқ астынан» пайда болған кезде шатасып қалуы мүмкін. |
Шағын сөмке және түрлі түсті карточкалар-көпбұрыштар Изометриялық қағаз Оқушылардың зерттеу жұмыстары үшін ғаламторға қол жеткізу
Демонстрациялық материалдар (Мұғалімге арналған ескертпелерді (оқыту әдістемесі бойынша) қараңыз, Геометриялық құралдар (сызғыштар, бұрыштар және т.б.)
|
||||||||||||||
|
Математика Бастауыш мектеп. 2-сынып |
||||||||||
3B-бөлім: Көбейту және бөлу. Есептер |
||||||||||
|
Осыған дейін меңгерілуі тиіс білім |
||||||||||
|
100 шегіндегі сандарды оқу, жазу және салыстыру дағдылары; 100 шегіндегі сандарды қосу және азайту дағдылары; есептеудің ауызша тәсілдерін пайдалану білігі; бірліктермен, ондықтармен, екі-екіден, т.б. санау және сандық заңдылықтарды құрастыру тәжірибесі |
||||||||||
|
Контекст |
||||||||||
|
Көбейту кестесін оқып-үйрену математиканы оқудағы негізгі міндеттердің бірі болып табылады. |
||||||||||
|
Оқу жоспарының осы бөліміндегі «Математика» пәнінің тілдік мақсаттары плана |

|||||||
|
Көбейту мен бөлудің нақты мәнін зерделеу және түсіну. Көбейту және бөлу амалдарын заттарға қатысты амалдар негізінде орындау Компоненттер мен көбейту және бөлу амалдарының нәтижесі арасындағы байланысты зерделеу. 2, 3, 4, 5-ке көбейту және бөлу кестелерін құру. Өрнектерді жазу және оқу барысында көбейту және бөлу амалдарының компоненттерінің атауларын қолдану
|
бөлудің көбейтуге кері амал екендігін түсіндіру көбейту мен бөлудің қайталанбалы қосу немесе азайту заңдылығымен қалайша байланысты екендігін түсіндіру
|
көбейту, еселік, бөлінетін сандар, бірнеше рет қосу бөлу, бірнеше рет азайту амал, кері амал, нәтиже заңдылық, сандық заңдылық, диаграмма егер біз..., … болады |
Талқылауға арналған сұрақтар: |
|||||||
|
• Біз (мына санды) екіге (көбейткен) кезде ала аламыз ба? • (Бұл сан) екіге дәл бөліне ме? Сіз… неліктен екендігін айта аласыз ба?(мына санның) ... дәл бөлінетіндігі, ал (мына санның) ... бөлінбейтіндігі белгілі? … егер 2x10 = 20 екенін білетін болсақ, біз кері амалды орындай аламыз ба? … егер 30-дан 5-ті бірнеше рет азайтсақ, ештеңе қалмайды? Жазу бойынша нұсқаулар: Кері тұжырымды жазыңыздар. (осы санның) еселіктерін атаңыздар. • ... дәл бөлінетін сандардың тізімін жасаңыздар |
||||||||||
|
Басқа да тілдік мақсаттарды белгілеу және тілді оқыту мақсаттары бойынша ғылыми тілді оқыту мен оқуға қатысты қосымша нұсқаулар беру үшін жоғарыдағы «Тілдік мақсаттар туралы» бөлімін қараңыз. |
||||||||||
|
Қысқаша шолу |
||||||||||
|
Оқушылар екі-екіден, үш- үштен, және т.б. қадамдық санау арқылы анықталған заңдылықтарды зерттейді және мұның көбейтумен қалай байланысты екендігін анықтайды.Олар бөлуді оны бірнеше рет азайту кезіндегі қадамдар санының анықтамасы ретінде қарастыра отырып, көбейтуге кері амал ретінде зерттейді. Олар «Тәні саудың – жаны сау» және «Салт-дәстүр мен фольклор» тақырыптарының контекстінде көбейту мен бөлу амалдарының мысалдарын іздейтін болады |
||||||||||
|
Оқу бағдарламасына сілтеме |
Оқу мақсаттары |
Ұсынылатын оқыту іс-әрекеттері |
Мұғалімге арналған ескертпелер(оқыту әдістемесі бойынша) |
Оқыту ресурстары |
||||||
|
Екі еселеу және екіге бөлу |

2.1.1.5 50-ге дейінгі сандарды 3, 4, 5-тен топтап тура және кері санау; жұп/тақ сандарды ажырату; заттар тобының 6, 7, 8, 9 бірдей бөліктерге бөлінуін көрсету |
(Ұ) 1-сыныпта екі-екіден, бес-бестен және он-оннан аттап санау дағдысын дамытқандығын оқушылардың естеріне салыңыз. Әр қадамды санай отыра (іштен айта отырып) оқушылардың өздерін сенімді сезінетіндіктеріне көз жеткізіңіз. «Санау қашан тоқтайды» деп сұраңыз және оқушылардың ол шексіздікке дейін жалғаса беретінін түсінуіне жағдай жасаңыз. Санау кезінде бірліктер разрядынан көрген заңдылықты талқылаңыздар (Д,Ж) Оқушыларға белгілері бар, бірақ сандық мәндері қойылмаған сандық түзуді беріңіз. Олардың түзудің бойымен сандарды кезекпен: біресе сызықтан жоғары, біресе төмен жазуын сұраңыз. Олар мұны жасап болған соң, олар жұп сандардың сызықтан жоғары, ал тақ сандардың төмен орналасқандығын көруі тиіс. (Ұ) Жұп сандар - бұл екі-екіден қадамдап санаған кезде алынған сандар. Анықталған осы жайтты талқылаңыздар. Бұл сандық түзудің бойымен бірдей бөліктерге «секірістер» ретінде үлгіленді. Оқушылар жұп сандардың 2-ге бөлінетін сандар екендігін түсінуі тиіс. (Д, Ж) Оқушылардан жұп заттарды атауын сұраңыз, мысалы аяқ киім. Біз адамдардың қандай да бір тобында – мысалы, отбасындағы немесе сыныптағы адамдарда жалпы қанша аяқ киім болатындығын білу үшін екіге көбейту амалын қолдана аламыз. Жұптасып жұмыс істеп отырған оқушылардың қолма қол мысалдар табуын сұраңыз. (М) Қандай да бір санды қалай екі еселеуге болатынын оған дәл сондай санды қосу арқылы көрсетіңіз. Мұның 2-ге көбейту сияқты екенін, өйткені екі еселенетін осындай «көп» сандар бар екендігін түсіндіріңіз. 50-ге дейінгі сандар санын үлгілеңіз Жеке маркерлік тақташаларды қолдана отырып, оқушылардың бұл тапсырманы сенімді орындайтынына көз жеткізіңіз. (Ұ) Оқушыларға кері амалды көрсетіңіз – бұл яғни санды азайту және оны азайту үшін қандай сан еселенгендігін табуды білдіреді. Тең бөліктерге бөлу немесе 2 тең бөлікке бөлу сияқты кері амалды көрсетіңіз. Мұны, мысалы, текшелерді (фишкаларды), кәмпиттерді немесе монеталарды топтастыра отырып үлгілеуге болады. (Ж, қ) Оқушылар бастапқы сан жұп болса ғана біздің нәтижеде алған санымыздың бөлшек түрінде болмайтынын (бүтін сан болатынын) түсінуі тиіс. Оқушылардан мұның неліктен осылай екендігін және егер сан тақ болатын болса не болатындығын өз жұбымен талқылауды сұраңыз. Олар өздерінің идеяларын басқа оқушыларға көрсету тәсілін ойлап табулары тиіс, мүмкін диаграмманың көмегімен немесе практикалық ресурстарды қолдану арқылы. |
Санауды демонстрациялық сандық түзуде үлгілеген дұрыс. Оқушылардан санау кезінде сызғыштағы сандарды көрсетуін және сандық түзу бойымен «аттап» санауды байқап тұруын сұраңыз. Оқушылар сандық түзудің бойымен екі-екіден «аттап» санауды орындай алғанмен де, тақ сандардың 2-ге бөлінбейтінін ұмытпау қажет (іс жүзінде олар – екі қосу бірге бөлінеді . Бұл жұмыс «Салт-дәстүр және фольклор» тақырыбы контекстінде орындалады.
|
А3 форматты қағаз парағынан қиып алынған, жалпақтығы шамамен 5 см болатын ұзын қағаз жолақтары Демонстрациялық сандық түзу Әрбір оқушы үшін басып шығарылған бөліктері бар сандық мәндермен толтырылмаған сандық түзу (мысалы, 20-ға дейін) Тақ сандарды оқып үйрену: http://nrich.maths.org/7190 «Show-me» ресурстар ( мысалы, ламинатталған парақшалар мен маркерлер) Тәжірибе жүзінде екі еселеу және екіге бөлу үшін ойыншықтар жинағы, бұршақ, фишкалар және т.б. |
||||||
|
Көбейту амалын көрнекі түрде көрсету |
||||||||||
|
1.2 Сандармен амалдар орындау |
2.1.2.1 көбейтуді бірдей қосылғыштардың қосындысын табу, бөлуді нысандарды мазмұнына қарай және тең бөліктерге бөлу ретінде түсіну
|
(Ұ) 5 фишкадан тұратын қатарды көрсетіңіз. Біріншінің тура астынан дәлме-дәл етіп тағы бір қатар фишкаларды орналастырыңыз. . «5 фишкадан тұратын қанша топ бар? Барлығы қанша?» деп сұраңыз. Тағы бір қатарды қосыңыз, содан соң сұрақты қайталаңыз. Оқушылардан жауап алған сайын, мысалдар бағанын құрастыра бастаңыз,1 x 5 = 5, 2 x 5 =10 бастап әрі қарай. (Д/Ж,қ) Оқушылардың көбейту заңдылығын бейнелеуін және мысалдар бағанын 10х5=50 мысалына дейін құрастыруын сұраңыз. Барлық оқушылар түсінгендігін тексеріңіз. Олардың, мысалы, 5 фишкадан 8 топтың мәнін қалай таба алатындығымызды түсіндіруін сұраңыз. (Ұ) Сөйлеу тәжірибесіне көбейту амалының компоненттерінің атауларын енгізіңіз |
Фишкаларды флипчартта салуға болады немесе блутактың көмегімен жабыстырылған шын фишкалар; балама ретінде интерактивті тақтаны пайдалана отырып оларды PowerPoint слайдында көрсетуге болады. |
Фишкалар, блутак, ашылатын санау кестесіPowerPoint слайдтары немесе интерактивті тақта Тор көзді парақтар мен фломастерлер
|
||||||
|
Көбейтуге кері амал ретінде бөлуді оқып үйрену |
||||||||||
|
1.2 Сандармен амалдар орындау 4.1 Жиындар және олармен амалдар орындау
|
2.1.2.2 көбейту және бөлу амалдарының компоненттері мен нәтижелерінің арасындағы байланысты анықтау, өзара кері амалдар 2.4.1.1 тең жиындардың бірігуін және жиындардың тең бөліктерге бөлінуін диаграмма көмегімен көрсету
|
(Ұ) Әрқайсысында 10 фишка бар 6 жолдан тұратын қатарды көрсетіңіз. Оқушылардың сізге көргендері туралы айтуын сұраңыз. Күтілетін нәтиже: мұның 6х10 дегенді білдіретіндігін; оны 10 х 6 деп те қарастыруға болатынын, олардың көбейтіндісі 60 екендігін түсіну. (Ұ) Қатардың жалпы санын білу біздің бөлу амалы туралы айтуымызға қандай мүмкіндік беретіндігін талқылаңыздар: біз 60-ты он-оннан қатарға орналастыруға болатынын көреміз. 60 саны 10-нан қатарларға бөлінген кезде біз 6 қатарды аламыз. Мұны бөлу амалы түрінде қалай көрсетуге болатынын көрсетіңіз. Фишкалар жиынтығының көмегімен көрсете отырып, мұны басқа сандармен үлгілеңіз. (Т, Д/Ж/Т, қ) Оқушылардың фишкалар/заттар көмегімен саны 24 болатын жиынтықты құрастыруды зерттеуін сұраңыз. Олар көбейту мен бөлу амалдарын қалай орындауға болатындығының барлық нұсқаларын көрсете отырып мысалдар бағанын құрастырсын. (Ұ) 60 санын бөлу амалын үлгілеу үшін демонстрациялық сандық түзуді пайдаланыңыз. 60-тан бастап 6 рет кері санаңыз. Оқушылардан сандық түзу бойында келесі «аттау» кезінде біз қай санға жететіндігімізді сұраңыз. Нөлдік белгіге қайта оралу үшін қанша қадам жасау қажеттігін сұраңыз. (Ұ) Оқушылардың Сізде ішінде 60 кәмпит бар пакет бар екендігін елестетуін сұраңыз. Ойын жағдаятын тудырыңыз: сіз оқушыға 6 кәмпит бересіз (сіз оларды оның қолына санап салып жатқандығыңызды көрсетіңіз). ). Пакетте қанша кәмпит қалғандығын сұраңыз. Келесі оқушыға да 6 кәмпит беріңіз. Пакеттегі кәмпиттер біткенше жалғастырыңыз. Қанша оқушы ойдағы 6 кәмпиттен алды? (Ұ) Сөйлеу тәжірибесіне бөлу амалы компонеттерінің атауларын енгізіңіз. |
|
Тор көзді қағаз және фломастерлер |
||||||
|
Көбейту кестесі мен соған сәйкес бөлу амалдарын оқып үйрену және есте сақтау |
||||||||||
|
1.2 Сандармен амалдар орындауЕсептер
|
2.1.2.4** 2; 3; 4; 5 сандарына көбейту мен бөлу кестесін құру және білу, қолдану 2.5.1.3 бірдей қосылғыштардың мәнін табуға; мазмұнына қарай және бірдей бөліктерге бөлуге берілген есептерді шығару; кері есептер құрастыру және шығару |
(Ұ) Алдыңғы зерттеу қалайша мына мысалдарды құрастыруға көмектесетіндігін: 1х1 (2,3…) бастап 10х1 (2,3…) дейін, және біз бөлу амалы бар сәйкес мысалдарды құрастыру үшін кері амалдарды қалай пайдалана алатынымызды сұраңыз. «Көбейту кестесі» осылай құрылады. (Ұ) Оқытудың алдыңғы мақсаттарындағы қалыптастырушы бағалау туралы ақпаратты пайдалана отырып кестелік көбейтудің қандай жағдайларына назар аудару қажеттігін анықтау (Д, қ) Оқушылар көбейту амалдары мен тиісті бөлу жағдайларын түсінуге көмектесу үшін, қажет болған жағдайда, орындаудың дұрыстығына көз жеткізу үшін көбейту кестесіне зейін қоюы қажет. Бұл кестені оңай есте сақтауға көмектеседі. (Ұ) Оқушылармен көбейтудің кейбір жағдайлары жөнінде бөлісіңіз: 2-ге көбейту санды екі еселеу болып табылады; 4-ке көбейту – екі еселеу, содан соң тағы да екі еселеу; 8-ге – екі еселеу, сосын тағы екі еселеу және тағы да екі еселеу; 10-ға көбейту – бұл бірліктерді ондықтар разрядына ауыстыру, ал бірліктер разряды ылғи да нөл болады; 5-ке көбейту – бұл 10-ға көбейтудің жартысы. Оқушылар сондай-ақ кейбір өздерінің зерттеулерін ұсына алады. (Ұ) Шаршы торындағы кестелік көбейтуді (Пифагор кестесі) қарастырыңыздар. Оқушылардың кез келген заңдылықтарды (симметриялықты, сандардың орналасу ерекшеліктерін және т.б.) анықтауын сұраңыз. (Д, қ) «Көбейту» ойынын ойнаңыздар. Санды ұсыныңыз. Оқушылар жеке маркерлік тақташаларды пайдалана отырып, нәтижесінде осы санды құрайтын көбейту мен бөлу амалдары бар мысалды көрсетеді. Егер де олар санның көбейту мен бөлудің сәйкес жағдайлары жоқ деп ойласа, олар «х» символын көрсетеді. (Ұ) 4х3 = 12 12 : 3 = 4 12 :4 = 3 теңдіктерін салыстыруды ұсыныңыз. Бірінші теңдіктен екінші және үшінші теңдіктер қалайша шығатынын сұраңыз. осыған ұқсас теңдіктер үштіктерін ойлап табуды ұсыныңыз. Оларды талдаңыздар. Оқушылармен бірге компоненттердің және көбейту мен бөлу нәтижелерінің өзара байланысы туралы қорытынды жасаңыздар. (Т, Ж, Д, қ) Ах 4 = 20 18: b =2 12 : b = 4 түріндегі теңдеулерді шешуді және шешу тәсілдерін түсіндіріп беруді ұсыныңыз. (ОТ) Оқушыларға дөңгелектер мен шаршылардан құралған геометриялық фигуралар жиынтығын таратып беріңіз. Бір қатарға 4 шаршыны, оның астына 2 дөңгелек қатарын құруын сұраңыз, олардың әрқайсысында 4 дөңгелектен келетін болсын. Қай фигуралардың көп екенін және қаншасы көп екенін сұраңыз. мұны тәжірибе жүзінде дәлелдеп беруді ұсыныңыз: оқушылар дөңгелектерді бірінші щқатардағы шаршылардың үсіне салсын. Қорытынды: әр шаршының үсітен екі дөңгелектен салынды, демек дөңгелектер саны шаршыларға қарағанда екі есе артық. Пайымдауды керісінше жүргізу арқылы «екі есе кем» деген қорытынды жасаймыз. (Ұ) 1-ден 10-ға дейінгі сандар қатарын пайдалану арқылы жүргізілетін жұыс ұйымдастырыңыз. Қай санның 7-ден 2 есе көп екенін сұраңыз. 9-дан екі есе үлкен сан? 8-ді 2 есе азайтуын, ал 6-ны 3 есе көбейтуін, т.б. сұраңыз. (Ұ) «бірнеше есе артық/кем» қатынасы бар есептерді шығару әдістерін қарастырыңыздар. (Ж, Д, қ) Оқушылардан өздерінің «бірнеше есе артық/кем» қатынасы бар есептерін құрастыруды сұраңыз. Бұл тапсырманы орындау жеңіл болатын оқушыларға тапсыраны күрделендіріп, осыған ұқсас қатынастары бар күрделі есептер құрастыруын сұраңыз. |
Бұл жұмыс «Салт-дәстүр және фольклор» тақырыбының контексінде жүргізіледі
|
http://www.mobintech.ru/multiplication/ http://uchim.org/matematika/tablica-umnozheniya
|
||||||
|
Теңгені қолдану |
||||||||||
|
1.3 шамалар және олардың өлшем бірліктері |
2.1.3.6 50 тг, 100тг теңгелік монеталарды, 200 тг, 500 тг купюраларды ажырату; олармен түрлі операциялар жасау |
(Ұ) 1-сыныпта монеталарды (теңгелерді) оқып үйренгендіктерін оқушылардың естеріне салыңыз. Монеталардың мәні естерінде ме екендігін тексеріңіз. 50 тг, 100 теңгелік тиындарды, 200, 500, 1000, 2000, 5000 және 10 000 банкноттарының үлгілерін немесе суреттерін көрсете отырып, оқушылардың ақша бірліктері туралы түсінігін кеңейтіңіз. (Д, қ) Оқушылардың түсінігін тексеріңіз. Сатып алынған зат үшін 800 тг, 7000 тг, 750 тг, 399 тг төлеуге болатындай банкноттардың және/немесе монеталардың комбинациясын құрастыруын сұраңыз. Оқушылар өз идеяларын параққа жаза алады немесе өздерінің шешімдерін жылдам көрсету үшін жеке ламинатталған парақтарды пайдалана алады. (Ұ) Оқушылармен оларға ақшалай бірліктердің кейбір мәндері жоқ сияқты боп көрінбей ме екендігін талқылаңыздар. Мысалы, неге 300 теңгелік банкнот жоқ? Неліктен бізде 200 теңгеден кем банкнот жоқ? (Д/Ж/Т) Біз оқушыларға қазіргі қолданыстағы банкноттарды қолдан жасау қылмыс болып табылатындығын түсіндіруіміз керек болса да (бұл туралы банкноттарда жазылған), оқушылар жаңа банкноттар үшін өз дизайнын ойлап табуына болады, мысалы 600 теңгелік банкноттар. |
Нағыз банкноттар оқушылардың есінде жақсы сақталады, дегенмен тәжірибелік себептер бойынша барлығы анық көре алуы үшін суреттерді интерактивті тақтада көрсеткен жақсырақ болады |
Теңге банкноттарының иллюстрациялары бар мақала http://en.wikipedia.org/wiki/Kazakhstani_tenge
|
||||||
|
Артық ақшаны қайтарып беру үшін азайту дағдыларын қолдану |

(Ұ) «Салт-дәстүр және фольклор» тақырыбының контекстінде көз алдыңызға оқушылар өздеріне ұлттық кәдесыйларды сатып ала алатын дүкенді елестетіңіз. Қарындаш, өшіргіш, блокнот сондай-ақ тәттілер мен жеңіл желпі тағамдар, сияқты заттармен рөлдік ойындарды ұйымдастыруға болады. Бағалары жазылған заттардың тізімін ұсынуға немесе заттардың құны туралы түсінікті қалыптастыру үшін оқушыларға сатылатын заттардың прайс-парақтарын құрастыруға тапсырма беруге болады. (Т, қ) Оқушыларға белгілі бір заттарды сатып алулары, сатулары, сатып алған заттың жалпы құнын есептеп, қалдық ақшаларын берулері үшін рөлдік ойынды ұсыныңыз. (Д, қ) Рөлдік ойында өз кезегін күте отырып, оқушылар өздерінің «сатып алатын заттарының тізімін» және жалпы құны туралы жазып алып, ақшаның осы сомасынан жуықтап алғандағы қалдық ақшасын санай алады. (Ұ) Сыныптың, топтың оқушыларымен немесе жеке түрде олар қолданатын азайту тәсілдерін талқылаңыздар. Банкноттар – бүтін сандар /100-ге немесе 1000-ға еселенетін сандар, сондықтан оқушылар тиісті ауызша есептеу тәсілдерін қолдана білуі тиіс. |
Егер кеңістіктік шектеулерге байланысты рөлдік ойынды ұйымдастыру мүмкін емес болса, мұны тақтада немесе «клип арт» пайдалана отырып PowerPoint көрсетілімінде көрсетуге болады. |
«Мектеп дүкеніне» арналған заттар – қаламсаптар блокноттар, бағалықтар, ойыншық касса немесе шын жинақ сандықша, монеталар, прайс-парақтар және жарнамалық брошюралар |
||||||
|
Математика Бастауыш мектеп 2-сынып |
|||
3С-бөлім: Санды және әріпті өрнектер. Теңдеулер Есептер |
|||
|
Осыған дейін меңгерілген білім |
|||
|
Математикалық өрнектер, санды және әріпті өрнектер туралы түсінік; есептеу дағдылары, қосу және азайту амалдарын орындау |
|||
|
Контекст |
|||
|
Теңдеулердің шынайы өмірдегі жағдайларды үлгілеуде қалай пайдаланылатынын түсіну үлгілеу мен талдау бойынша алдағы жұмыстың алғышарты болып табылады |
|||
|
Осы бөлімдегі «Математика» пәнінің тілдік мақсаттары Оқушыларға оқыту мақсаттарына қол жеткізуге көмектесу үшін, тиісті ғылыми тілді пайдалану бойынша тілдік мақсат үлгісі төменде берілген |

Санды және әріпті өрнектер құру; әріптердің мәндері берілген жағдайда әріпті өрнектердің мәнін табу. Өмірдегі жағдайларды үлгілеу үшін өрнектерді қалай пайдалануға болатынын түсіну, мысалы «Тәні саудың – жаны сау» тақырыбының контексінде мәліметтер жинау.Қарапайым теңдеулерді шешу. Амалдарды түсіндіре отырып теңдеуді шешу алгоритмін пайдалану. Күрделі теңдеулерді шешу |
Теңдеуді шешу әдісін математикалық терминдерді пайдалана отырып түсіндіру; Өмірдегі түрлі жағдайларды модельдейтін өрнектерді ұсыну |
Санды және әріпті өрнектер, өрнектің мәні, ауыспалы, ауыспалының мәні, үлгілеу, таныстыру, көрсету, Тұжырым, теңдеу Теңдік, теңсіздік … қарағанда артық, … қарағанда кем Тең, тең емес |
Талқылауға арналған сұрақтар «с» әрпімен нені көрсете аламыз (бұл аспект)? «а» әрпі нені білдіруі мүмкін? Бұл өрнектерді қалай салыстыра аламыз? Неліктен екенін айта аласыздар ма? …бұл өрнек … санын модельдей алады? …бұл өрнек мына өрнек секілді мәнге ие емес? …бұл теңдікті білдіреді? Жазу бойынша нұсқаулықтар … түрлі… күн санын білдіретін өрнектерді жазыңыздар …түсіндірме жазыңыздар …туралы мәлімет алған ескертпелерді жазыңыздар |

Оқушылар өрнектерді өмір туралы ақпараттарды таныстыру үшін қалай пайдалануға болатынын үйренеді, олардан талдау үшін теңдеулер құрастырады. өрнектер мен теңдеулер құрау үшін олар «Тәні саудың – жаны сау» тақырыбының контексіндегі ақпараттарды пайдаланады |

|||||||||||
|
Теңдікті оқып-үйрену |
|||||||||||||||
|
2.1 Санды және әріпті өрнектер 5.2 Математикалық тіл
|
2.2.1.1 санды және әріпті өрнектерді (көбейтінді, бөлінді)/теңдіктер мен теңсіздіктерді құрастыру, жазу, оқу, ажырату
2.5.2.4 көбейту және бөлу амалдарының компоненттері атауларын өрнектерді оқу мен жазуда қолдану
|
(Ұ) Санды өрнек дегеніміздің не екенін бірнеше мысал арқылы түсіндіріп беріңіз. Олардың бақылауларды жазу барысында немесе есептеу нәтижесінде қалай пайда болатынын талқылаңыздар. (Ұ) Әріпті өрнектердің қалай пайдаланылатынын түсіндіріңіз. Әріптің мәнін білмесек те, бәрібір оның өрнектегі немесе есептеу жүргізудегі орнын не үшін білуіміз керек екендігін талқылаңыздар. (М) Бірнеше ойын сүйектерін алыңыз (өлшемдері бірдей). Сүйектерді мәндерді таныстыру үшін пайдалануға болатынын түсіндіріңіз. Теңдікті көрсету үшін табақшалы таразыны пайдаланыңыз. Мысалы, 5 қызыл сүйек 2 сары және 3 жасыл сүйекпен тең түседі. Мұны қалай жазып алуға болатынын көрсетіңіз. Егер әр сүйектің бағасы 10 теңге болса, теңдік өзгере ме деп сұраңыз. Оқушылар бұл жағдайда тұжырымды қалай жазуға болатыны туралы ұсыныстарын айта ала ма? (М) Осы әдіспен теңсіздікті, оны қалай жазуға болатынын көрсетіңіз. (М) Сүйектерді қосу немесе алу арқылы теңсіздікті теңдікке айналдыруға болатынын көрсетіңіз. Мысалы, 10 және 15 сүйек тең емес; бірақ 10+ 5 өрнегі мен 15 тең, сондай-ақ 10 және 15-5 өрнегі тең. (Ж, қ) Оқушыларға жұппен жұмыс істеп, теңсіздіктерді ұсынуын, таразы мен сүйектерді пайдалана отырып оларды теңдікке қалай айналдыруға болатынын көрсетуге мүмкіндік беріңіз. (Ұ) «Тәні саудың – жаны сау» тақырыбының контексінде мәліметтерді пайдалана отырып, a+b=b+a; (a+b)+c=a+(b+c) теңдіктерін құрыңыз; бұл теңдіктер нені еске салатынын сұраңыз. Бұл теңдіктердің қосудың ауыстырымдылық және терімділік заңдарының формулалары екендігін түсіндіріңіз (Д/Ж, қ) «Тәні саудың – жаны сау» тақырыбын зерттеуді жалғастыра отырып, оқушыларға санды және әріпті өрнектер құру мүмкіндігін беріңіз. Оқушыларға дербес немесе жұпта жұмыс істеуге мүмкіндік беріп, оларды өз идеяларын басқа топтармен бөлісуге бағыттаңыз |
Мысалдарды карточкаларға жазып дайындаңыз, оларды кейін де пайдалану үшін сақтап қоюға болады. Интернеттен түрлі интерактивті таразыларды табуға болады |
Таразы – сызғыш және сәйкес ось секілді өлшеуіш құралдар арқылы қолдан жасауға болады. Демонстрациялық кестелер demonstratsionnye_tablitsy.rar
|
|||||||||||
|
Қарапайым теңдеулерді шешу |
|||||||||||||||
|
2.2 Теңдіктер мен теңсіздіктер. Теңдеулер
|
2.2.2.1 х <?и х >? түріндегі теңсіздіктерге сәйкес келетін сандарды анықтау 2.2.2.2** көбейту мен бөлуге құрылған қарапайым теңдеулерді шешу |
(Ұ) Алдыңғы әрекет түрінен өрнек алыңыз да, оны теңдікке қалай өзгертуге болатындығын көрсетіңіз: мысалы, гимнастикамен шұғылданатын балалар саны (а) тенниспен (d), футболмен (х) және бимен (у) шұғылданатын балалар санын қосу арқылы анықталуы мүмкін. Осылайша: а = d + х + у (Ұ) а мәнін тек қазір алынған мәліметтерді ғана емес, сондай-ақ келер жылы анықталатын мәліметтерді қолдану арқылы табуға болатындығын көрсетіңіз. Басқа әріптердің мәнін табудың жолдарын қарастырыңыз. Мысалы, егер біз а, d, х мәндерін білсек, у мәнін теңдеу құру арқылы таба аламыз. (М) Қарапайым теңдеулердің шешімін үлгілеңіз: A+x=b, a=b-x, х=в-а; Оқушылардан олардың қандай теңдеулер мен шешімдерді ұсына алатындарын сұраңыз. (Ұ) Теңдеулерді шешу алгоритмін құрыңыз: Теңдеуді оқыңыз. Амалды, компоненттерді ата. Белгісіз компонентті қалай табу керектігін еске түсір. Жаз және есепте. Тексер (Д, қ) Оқушыларға шешу үшін теңдеулер беріңіз. Тапсырмаларды тез орындайтын оқушылар өз теңдеулерін құра алады (Д, қ) Қабілеті жоғары оқушыларға келесі тапсырмаларды беріңіз: 1.Теңдеуді шеш. У + 56 = 100 У – 33 = 84 58 – У = 48. Белгісіз санды қарама қарсы амал арқылы табу тиіс болатындай етіп өзгерт. 2. Сөздерден сандарды тауып, сандармен теңдеулер құрастыр: Х – жертөле = 34 отбасы + Х = отбасы қаршыға + Х = сауысқан. 3.Бірінші теңдеу қандай принциппен құрылғанын тап тамыз – Х = маусым 8 – Х = 6 Х = 2 Х = ақпан. Осының негізінде келесі теңдеуді шеш: Х – наурыз = қыркүйек |
Теңдеулерді шешу білігі компоненттердің өзара байланысы және арифметикалық амалдардың нәтижелерін білуге негізделген. Оқушылармен бірге барлық төрт арифметикалық амалды зерделеу оқып үйрену барысында компоненттердің өзара байланысы және арифметикалық амалдардың нәтижелерінің кестесін мына түрде құрып алу пайдалы болады : Қосылғыш + қосылғыш = қосынды Азайғыш – азайтқыш = айырма Көбейгіш · көбейткіш = көбейтінді Бөлінгіш: бөлгіш = бөлінді Оқушыларға арифметикалық амалдың әр компоненті нақты бір орынға ие екені, ешқашан өзгермейтіні туралы қорытынды жасауға мүмкіндік беретін бақылау жүргізіңіздер. Қай компоненттің ең көп маңызы бар екенін анықтаңыздар. Осы кестеге тұрақты түрде оралып отырыңыз, оқушыларға оны өздігінен құрастыруды, ең көп маңызы бар компоненттерді белгілеуді ұсыныңыз.
|
«Үздік» тестілеу бағдарламасыhttp://home.tula.net/igp
|
|||||||||||
|
Күрделі теңдеулерді шешу |

2.2.2.2 көбейту мен бөлуге құрылған қарапайым теңдеулерді, х+(25-6) =38; (24-3) -х=8; а+6=7+80 түріндегі күрделі құрылымы бар теңдеулерді шешу |
(Ұ) Оқушыларға х+8=15+6, содан соң (х+8) - 4=21 түріндегі теңдеуді шешуді ұсыныңыз. Бұл теңдеулердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстырыңыз. Екінші теңдеудің қандай ерекшелігі бар? Мұндай теңдеулерді қалай шешуге болатыны туралы оқушылардың идеяларын тыңдаңыз. Бұдан соң қорытындылар жасап, күрделі теңдеулердің мәнін табу алгоритмін құрастырыңыздар:
(Т) Шешу алгоритмін пайдаланып, топтарға күрделі теңдеуді шешуді ұсыныңыз (Ж, Д,қ) Күрделі теңдеулерді шешу білігін бекіту үшін оқушыларға мына түрдегі тапсырмаларды ұсыныңыз: 1. Теңдеулерді нақты белгісі бойынша екі бағанға бөл. Оларды шеш. Жіктеудің тағы қандай белгілері болуы мүмкін екенін ойлан: 25 – Х = 10 А + 34 = 55 (К – 5) – 5 = 10 Х + (17 + 17) = 55 2. Ойланып көр. Белгісіз сан екітаңбалы болатын теңдеулерді ғана шеш. 44 – У = 22+4 19 – Х = 10+4 Х – 15 = 15- 5 (У-8) + 12 = 100 20– Х = 30 - 4 3.Теңдеу құр және шеш: «32 және 4 сандарының айырмасын алу үшін 8 санын қай санға қосу керек?». (Д,қ) Қабілеті жоғары балаларға арналған тапсырмалар: 1. 3, 5, 7, 9 сандар қатары берілген. Теңдеулерді жаз және шеш: а) егер белгісіз саннан сандар қатарындағы екінші саннан 2-і артық санды алып атстаса, онда қатардағы соңғы сан шығады (Х – (5+2) = 9) . б) егер бірінші саны қатардағы екінші сан, ал екінші саны қатардағы соңғы сан болатын екітаңбалы санға белгісіз санды қосса, онда бірінші саны қатардағы үшінші сан, ал екінші саны қатардағы бірінші сан болатын сан шығады. (59 + Х = 73). |
Мұндай теңдеулерді шешу теңдеудің сол жақ бөлігінде тұрған өрнекті талдауға негізделеді: өрнекте қандай амалдар көрсетілген, қай амал ең соңында орындалады, бұл өрнектің жазбасы қалай оқылады, белгісіз сан бұл амалдың қай компоненті болып табылады, т.б. Теңдеулерді шешу барысын жазу барысында орындалатын амалдарға сөзбен түсініктеме беріп отырған пайдалы болмақ. |
|
|||||||||||
|
Өрнектердің көмегімен өмірдегі жағдайларды үлгілеу |
|||||||||||||||
|
2.1 Әріпті және санды өрнектер
|
2.2.1.1 санды және әріпті өрнектерді (көбейтінді, бөлінді)/теңдіктер мен теңсіздіктерді құрастыру, жазу, оқу, ажырату |
(Ұ) «Тәні саудың – жаны сау» тақырыбының контексінде күнделікті өмірлік жағдайларды үлгілеуге көмектесетін әріпті өрнектер мен теңдіктерді талқылаңыздар. (Ұ) Мұның түрлі уақытта түрлі дереккөздерден жиналған мәліметтерді қалай пайдалануға мүмкіндік беретінін тиімділік пен сенімділік үшін бірдей формуламен көрсетіңіз, бұл теңдіктердің нені еске түсіретінін сұраңыз. (Д/Ж, қ) Жұп ішінде немесе дербес жұмыс ұйымдастырыңыз, «Тәні саудың – жаны сау» тақырыбымен байланысты өрнектер құрауға тапсырма беріңіз. Мысалы, сыныптағы спорттың алуан түрлерімен шұғылданатын оқушылардың санын салыстыруға болатын өрнектер |
Оқушылар үшін тиісті ақпарат көздеріне қол жетімді болуы керек: интернет, газет-журналдар, жарнамалық материалдар, т.б. |
Ақпараттық дереккөздер (оқыту бойынша ескертпелерді қараңыз) |
|||||||||||
|
Өрнектердің мәнін табу және салыстыру |
|||||||||||||||
|
2.1 Санды және әріпті өрнектер
|
2.2.1.2 әріптердің мәні берілген екі амалды әріпті өрнектің мәнін табу. 2.2.1.4 санды 1-ге көбейту, 1-ге бөлу жағдайларды әріпті теңдік түрінде көрсету: a∙1=a, a:1=a |
(М) Алдымен берілген мәндер арқылы әріпті өрнектерді қалай бағалауға болатынын көрсетіңіз. . 1-ге көбейту мен бөлуге назар аударыңыз 1: a∙1=a, a:1=a (Д, қ) Дербес жұмыс істейтін оқушылар үшін осыған ұқсас тапсырмалар құрастырыңыз. (Ұ) Әрқайсысында әріпті өрнек жазылған екі карточканы көрсетіңіз. Бұл карточкаларды флипчартқа бекітіп, оқушылардан олардың арасына қандай белгіні қоюға болатынын сұраңыз. Идеяларды талқылап, дұрыс таңдалған белгісі бар карточканы бекіту үшін дұрыс түсіндірме берген оқушыны таңдаңыз. (Ж, қ) Жұп ішінде жұмыс істейтін оқушыларға салыстыру үшін екі карточка беріңіз. Оларға неліктен бұл белгіні таңдап алғаны туралы идеяларын жазуды ұсыныңыз. (Ж, қ) Оқушылардан өздері құрастырған әріпті өрнек туралы ойланып, оған қатысты оқиға ойлап табуын сұраңыз. Оқушыларды жұп ішінде жұмыс істей отырып, өз идеяларымен бөлісуге шақырыңыз. |
Балама ретінде салыстыру мәндерін көрсететін карточкалармен қатар бұдан бұрынғы іс-әрекетте пайдаланылған әріпті өрнектерді пайдалануға болады. Карточкалар жұптары салыстыру жасауға қолайлы болатындай етіп жасалуы тиіс (… қарағанда артық; … қарағанда кем; тең). Оқушылар жұбы өздеріне берілген карточкалармен жұмыс істеп болса, олар өздері секілді карточкаларымен жұмысты аяқтаған басқа жұптармен алмаса алады. |
Әріпті өрнектер мысалдары жазылған карточкалар. «<», «>», «=»,«≠» белгілерін көрсететін карточкалар
|
|||||||||||
|
Қосу және көбейту қасиеттерінің формулалары |
|||||||||||||||
|
2.1 Санды және әріпті өрнектер
|
2.2.1.3 қосу мен көбейтудің қасиеттерін әріпті теңдік түрінде көрсету және қолдану: a+b=b+a, (a+b) +c=a+(b+c), ab=ba |
(Ұ) «Тәні саудың – жаны сау» тақырыбының контексінде мәліметтерді пайдалана отырып, a+b=b+a; (a+b)+c=a+(b+c) теңдіктерін құрыңыз. Бұл теңдіктердің қосудың ауыстырымдылық және терімділік заңдарының формулалары екендігін түсіндіріңізab=ba – көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті |
|
|
|||||||||||
|
Еселік салыстыру |
|
||||||||||||||
|
5.1 Есептер және математикалық модель |
2.5.1.4 санды бірнеше есе арттыру/кемітуге; еселік салыстыруға берілген есептерді талдау және шығару; кері есептерді құрастыру және салыстыру 2.5.1.6 көбейту мен бөлуге берілген есептерге қатысты таңдаған амалдарын негіздеу, шығару әдісін түсіндіру 2.5.1.7 амалмен орындалатын есептерді (санды бірнеше есе арттыру/кемітуге; еселік салыстыруға берілген жай есептердің түрлі комбинациялары) модельдеу және шығару 2.5.1.5** көбейту мен бөлудің белгісіз компоненттерін табуға берілген есептерді талдау және шығару; кері есептерді құрастыру және шығару, тура және жанама сұрақтары бар есептерді ажырату (...артық/кем, ...есе артық/кем қатынастарымен байланысты) |
(Ұ) Оқушылардың практикалық іс-әрекетін ұйымдастырыңыз. Геометриялық фигураларды немесе заттардың суреттерін пайдаланыңыз. Мысалы, «Бір қатарда 12 сәбіз. 3 сәбізден алғанда, неше рет (топтарға бөліңіз), 4 сәбізден алғанда неше рет? 6 сәбізден алғанда неше рет?» «Бірінші қатарда екі-екіден топтастырылып бөлінген 8 қоян, екінші қатарда 2 қоян. Екінші қатарда неше қоян? Бірінші қатарда 2 қояннан алғанда неше рет? бірінші қатарда екінші қатармен салыстырғанда, неше есе артық қоян отыр?» Топтастырылып орналастырылған заттармен түрлі тапсырмалар қатарын орындаңыздар. (М) Тақтаға ұл балалардың (14 адам) және қыз балалардың 7 адам( шығуын сұраңыз. Ұлдардың неше есе көп екенін қалай білуге болатынын сұраңыз. (Ж, қ) Оқушыларға неше есе көп деп сұрауға болатын заттарды өздерінің табуын ұсыныңыз. Өз идеяларымен бөлісуін сұраңыз. (Т, Ж, Д, қ) Еселік салыстыруға берілген есептерді шешу әдісін қарастырыңыздар. Оқушыларға осындай бірқатар есептерді шешуді ұсыныңыз. Еселік салыстыруға берілген есептерді басқа түрдегі есептермен салыстыру бойынша жұмысты ұйымдастырыңыз. (Д) Тапсырмаларды жылдам орындап болған оқушыларға еселік салыстыруға арналған өз есептерін ойлап табуды ұсыныңыз. Күрделі есептер ойлап табуды ұсынып, тапсырманы күрделендіріңіз |
Еселік салыстыруға берілген есептерді шешуде оларды санды бірнеше бірлікке арттыруға (кемітуге) берілген есептермен, санды бірнеше есе көбейтуге берілген есептермен шатастыру секілді қателіктер жібермес үшін сабақтарда өзара салыстыруларын жүргізіп, келесідей есеп жұптарын шешуге тапсырмалар енгізу қажет: 1. «Неше есе артық артық/кем» сұрағын қою арқылы еселік салыстыруға арналған есеп және «қарағанда қаншасы артық/кем?» деген сұрағы бар әртүрлілікті салыстыруға арналған есеп. 2. «Неше есе артық артық/кем» сұрағын қою арқылы еселік салыстыруға арналған есеп санды бірнеше рет арттыруға арналған есеппен бір жұпта шешіледі. 3. Еселік салыстыруға арналған есеп жұптарын шешу, бұл оқушылардың салыстыру барысында осы есептердің сұрақтары әр түрлі болғанымен, бір амалмен – бөлу арқылы шешілетініне көз жеткізуі үшін қажет |
|
|
||||||||||
|
|
|||||||||||||||
|
Кері есептерді шығару. Салыстыруға берілген есептерді шығару |
|||||||||||||||
|
5.1 Есептер және математикалық модель |
2.5.1.2** есептерді шығару барысында «баға», «құн», «мөлшер» ұғымдарының өзара тәуелділігін пайдалану 2.5.1.8 санды өрнек түрінде берілген жай есептердің барлық амалдар, санды өрнек түріндегі құрама есептерді жекелеген амалдар түрінде шешу жолдарын модельдеу |
(Ұ, қ) «Мен бір сан ойладым. Егер де мен ол санды 24-ке арттырсам, 60 шығады. Мен қандай сан ойладым?» деген қарапайым ойыннан бастаңыз. Одан кейін тапсырманы күрделендіріңіз. Сіз оқушылардың санды айтқанын қаламайтыныңызды, бірақ басқа есепті ойлай отырып өздерінің түсінгендіктерін көрсетуін сұраңыз. Мысалы: Мұғалім: «Мен бір сан ойладым. Егер мен оны 18-ге арттырсам, онда 54 шығады». Оқушы: «Егер де Сіз өз саныңызды 12-ге кемітсеңіз, онда 24 шығады». (Ұ) Салыстыруға тиісті есепті көрсетіңіз. Оны қалай шығаруды талқылаңыздар. Оқушыларды тыңдаңыз және оларға шығарудың әр түрлі тәсілдерін табуға мүмкіндік беріңіз. (Д/Ж, қ) Оқушыларға мәтіндік есептер беріңіз және олар жеке немесе жұптаса жұмыс істей отырып, оларды шығаруға тырысып көрсін. Есептің сұрағына жауапты қалай құрастыру керектігін талқылаңыздар. Жылдам шығарған оқушылар үшін есепті жоғарыда сипатталған ойындағыдай жалғастыруын, немесе бір бірімен байланысты бірнеше есеп (кері есеп) құрастыруын сұрап тапсырманы қиындатыңыз. |
Есептерді жауап үшін орын қалдыра отырып, парақтарда немесе көзқарастар мен жауаптарды кейінірек құрастыру мүмкіндігі қарастырылған интерактивті тақтада беруге болады. Бұл жұмыс «Салт-дәстүр және фольклор» тақырыбының контексінде жүргізіледі |
Математика сабағына арналған әдістемелік құрал |
|||||||||||
|
Математика Бастауыш мектеп 2–сынып |
|||
4A-бөлім: Тиімді есептеу жолдары |
|||
|
Осыған дейін меңгерілуі тиіс білім |
|||
|
Математикалық өрнектер туралы түсінік; қосу мен азайту, көбейту мен бөлу амалдарын орындаудың есептеу дағдылары |
|||
|
Контекст |
|||
|
Есептеудің тиімді әдістерін таңдау және қолдану оқыту курсының басынан аяғына дейін практикалық іс-әрекетте жүзеге асырылатын болады |

Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті туралы білім негізінде есептеудің тиімді әдістерін зерделеу. Көбейтудің ауыстырымдылық және үлестірімдік қасиеттері туралы білімдерінің негізінде есептеудің тиімді әдістерін пайдалана отырып арифметикалық амалдарды орындау Бір санның екіншісінен қанша есе артық немесе кем екенін анықтау Әріптік және сандық өрнектерді салыстыру |
есептеудің тиімді әдісін таңдауын түсіндіру
|
Сандық және әріптік өрнектер, өрнектің мәні, ауыспалы, ауыспалының мәні, … қарағанда артық, … қарағанда кем, тең, тең емес тиімді климат, жауын-шашын, жел, желдің бағыты ауыстырымдылық қасиет үлестірімділік қасиет |
Талқылауға арналған сұрақтар:
|
|
Бұл сан неше есе артық? Неліктен екенін айта аласыздар ма? …бұл өрнек жауын-шашын көлемін үлгілей алады? …бұл өрнектің мәні мына өрнектің мәнімен бірдей? …бұл өрнек теңдік болып табылады? … есептеудің бұл тәсілі тиімді болып табылады? Жазу бойынша нұсқаулықтар Желдің бағыты әр түрлі болған күндер санын үлгілейтін өрнектерді жазыңыздар. Түсіндірме жазыңыздар... Сіздер … туралы ақпарат алған ескертпелерді жазыңыздар |

Оқушылар есептеудің тиімді әдістерін таңдау үшін арифметиканың заңдылықтарын қалай пайдалануға болатынын оқып-үйренетін болады. Олар «Қоршаған орта» тақырыбының контексінде есептеулер жүргізетін болады |

Арифметика заңдарын қолдану |
|||||
|
1.2 Сандармен амалдар орындау |
2.1.2.3 қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін тиімді есептеулер жүргізу үшін қолдану |
(Ұ) Арифметика заңдарын кезек бойынша натурал сандар/сандық өрнектерге қолдану мысалдарын бере отырып талқылаңыздар. Бұл заңдылықтарды қарастыра отырып, олар қандай амалдар үшін қолданылуы мүмкін екендігін анықтаңыздар. (Мысалы, орын ауыстыру заңы қосу мен көбейтуге қолданылады, бірақ азайту мен бөлуге қолданылмайды. Оқушылар «Неліктен?» екендігін болжай ала ма?) (М) Арифметика заңдары өрнектерді өзгертуге және есепті шығарудың ыңғайлы тәсілін қолдануға мүмкіндік бере отырып, бізге қалайша сандық өрнектердің мәнін табуға көмектесетінін көрсетіңіз. (Ж, қ) Оқушылардың арифметиканың осы заңдылықтарын өрнектерді бағалау үшін қолдануын сұраңыз. Егер де сіз оқушылар материалды жеткілікті дәрежеде игермеген деп ойласаңыз, әрбір заңның қолданылуын иллюстрациялап көрсетіңіз. Одан кейін оқушыларға сәйкес тапсымалар беріңіз. (Ж, қ) Егер де оқушылар жоғары білім деңгейін көрсететін болса, оларға есеп шығарудың ыңғайлы тәсілдерін қолдану үшін бұл заңдарды қай жерде қолданатындықтарын анықтауға тапсырма беріңіз. (Ұ) Оқушыларға оқып үйренген арифметика заңдарының осы жердегі сандық өрнектерін табу үшін қолданылатындығын, бірақ кейіннен алгебрада және басқа бөлімдерде қолданылатындығын және оқылатындығын түсіндіріңіз. |
|
|
|
|
Санды және әріпті өрнектер |
|||||
|
2.1 Санды және әріпті өрнектер
|
2.2.1.5 екі амалдан артық жақшалы және жақшасыз әріпті, санды өрнектерді салыстыру 2.2.1.6 екі-үш арифметикалық амалды жақшалы және жақшасыз өрнектің мәнін табу, амалдардың орындалу ретін анықтау
|
(Ұ) негізгі білімдерді пайдалану үшін оқушыларға флипчарттағы жазбаларды қарауды ұсыныңыз: 20 + а б + 8 15 – (10 + 2) в + 7 18 - 9. Бұл математикалық жазбалар нені білдіретінін сұраңыз. Оларды қандай топтарға бөлуге болады? Санды өрнектерді оқып, олардың мәнін табуды сұраңыз. (Ұ, Т, Ж) Бұдан соң екі ұлдың дауын шешуді ұсыныңыз. Олар кімнің сатып алғаны тиімдірек болғанын анықтай алмай тұр. Ардан мектеп асханасынан өзіне 120 теңгеге шырын және 80 теңгеге орамжапырақ салынған бәліш сатып алды, ал Мейірхат дүкеннен140 теңгеге шырын және 50 теңгеге орамжапырақ салынған бәліш сатып алды. Балалардың қайсысы үнемдірек екенін анықтау үшін не істеу керектігін; қандай өрнектер құру қажеттігін; 120 + 80, 140 + 50 өрнектері нені білдіретінін; бұл өрнектерді салыстыру үшін не істеу керек екенін сұраңыз. Қандай қорытынды шығаруға болады? Өрнектерді салыстыру үшін не істеу керек? (Т, Ж, Д) Оқушыларға өрнектердісалыстыруға берілген тапсырмалар қатарын ұсыныңыз, барлық арифметикалық амалдарды қамтитын жақшалы және жақшасыз санды және әріпті өрнектер қосыңыз.
|
Түрлі нұсқада өрнектерді салыстыруға берілген амалдарды зерделеу барысында тапсырмалар біртіндеп күрделене береді. Оқушыларға дұрыс теңдіктер және теңсіздіктер шығатындай етіп өрнектің біріне санды қосуға, дұрыс теңдіктер (теңсіздіктер) берілгенін тексеруге, дұрыс еместерін түзетуге, өрнектердің бірінде қатыс белгісін немесе санды өзгертуге; осы өрнектерден дұрыс теңдік немесе дұрыс теңсіздіктер құрастыруға арналған тапсырма ұсынылады. Өрнектер оқушылардың өрнектерді салыстыра отырып, компоненттер және амалдардың нәтижелерінің қасиеттері және арасындағы байланысты бақылай алатындай етіп құрылуы керек. Мысалы есептеу көмегімен 60+40 өрнегі 60+30 өрнегінен артық екені анықталған соң, мұғалім осы қосындылардың сәйкес қосылғыштарын салыстыруды ұсынады, оқушылар бұл қосындыларда бірінші қосылғаштардың тең екенін, ал бірінші қосындыдағы қосылғыштың екінші қосылғыштан артық екенін айтады. Осы тәуелділікті көп рет байқай отыра, оқушылар білімдерін қорытып, кейін өрнектреді салыстыруда пайдаланатын болады. Осылайша, сандарды және өрнектерді салыстыруға берілген тапсырмалардың барлық нұсқаларын зерделеу, бір жағынан теңдіктер мен теңсіздіктер туралы түсініктерінің қалыптасуына, екінші жағынан, сандар реті мен арифметикалық амалдар туралы білімдердің меңгерілуіне, сондай ақ есептеу дағдыларының қалыптасуына көмектеседі. |
|
|
|
Математика Бастауыш мектеп 2-сынып |
|||
4B-бөлім: Есепті шешу жолдары |
|||
|
Осыған дейін меңгерілуі тиіс білім |
|||
|
Арифметикалық контексте есептерді шешу тәжірибесі; нұсқауларды жасау және қолдану шеберлігі. |
|||
|
Контекст |
|||
|
Алгоритмдік әдісті қолдануды дамыту бағдарламаның басқа бөлімдерінде кездесетін есептерді шешу шеберлігіне дағдыландырады. |

Есепті шешу және сұрағына жауап беру үшін мәліметтерді табу және талдау Есептерді шығару алгоритмін қолдану Есепті шығару және есептің сұрағына жауапты құрастыру әрекеттерін түсіндіру үшін математикалық терминдерді пайдалану. Күрделі есептерді шешу үшін түрлі әдістерді қолдану. Есептерді теңдеулер арқылы шешу Есепті түрлендіруді үйрену Логикалық тапсырмаларды және басқатырғыштарды шешу |
Есептерді шешудің тиісті әдістерін таңдап алу және талқылай алу |
жалпы, әртүрлі талқылау, негіздеу, таңдау, анықтау түсіндіру, баяндау, кері байланыс орнату |
Талқылауға арналған сұрақтар: |
|
Бұл есепте бізге не белгілі? Есеп шығару үшін қандай амалды таңдай аласыз? Бұл есепті шешу үшін біз қай алгоритмді пайдаланамыз? Біз… неліктен екендігін айта аламыз ма? …бұл тест есеп болып табылады? …есептің бұл шешу алгоритмін таңдадыңыз? … бұл шешу дұрыс болып табылады? Жазу бойынша нұсқаулар: Есеп шығарудың схемасы\диаграммасы, қысқаша жазуларын құрыңыздар Есептің амалдарына түсіндірме жазыңыздар Есептің дұрыс жауабын тұжырымдаңыздар және жазыңыздар |

Зерттеу үдерісінде практикалық есептерді шығару үшін оқушылар көбейту және бөлу амалдары туралы білімдерін іс жүзінде пайдаланады. Олар «Қоршаған орта» тақырыбының контексінде есептерді шешудің әр түрлі әдістерін пайдаланатын болады |

Есепті шешудің түрлі әдістерін қолдану |
||||
|
5.1 Есептер және математикалық модель |
2.5.1.5** тура және жанама сұрақтары бар есептерді ажырату (...артық/кем, ...есе артық/кем қатынастарымен байланысты) 2.5.1.8 санды өрнек түрінде берілген жай есептердің барлық амалдар, санды өрнек түріндегі құрама есептерді жекелеген амалдар түрінде шешу жолдарын модельдеу 2.5.1.4 санды бірнеше есе арттыру/кемітуге; еселік салыстыруға берілген есептерді талдау және шығару; кері есептерді құрастыру және салыстыру |
(Ұ) Маңызды мәліметті анықтау, тиісті амалдарды таңдау, есептеу нәтижелерін қарастыру, содан соң жауабын тұжырымдау үшін мәтін есептердің үлгілерін талдап, талқылаңыз. (Ұ) Есепті шешуде алгоритмді басшылыққа алып есептеуге болатынын түсіндіріңіз. Сауда жасау схемасы түріндегі есеп үлгісін құрастырыңыз. Мысалы, берілген баға бойынша 1кг ет сатып аламыз, сонан соң 1000 тг-ден қалдық ақшамызды қайтарып аламыз. (Д/Ж, қ) Есептерді шығарудың осы әдісін түсінгендіктерін және одан әрі жалғастыра алатындықтарын тексеру үшін оқушыларға осындай есептерді беріңіз. (Ұ) Алгоритмнің көмегімен шығарылатын есептердің бірнеше түрін көрсетіңіз. (Ж, Қ) Оқушыларға бұл кезеңде есептің шешімін табу маңызды емес екендігін танытпағаныңызды айтыңыз. Бірақ олар алгоритмге кіретін алгоритмдік тәсіл мен мәннің типін міндетті түрде қарастыруы тиіс. Оқушылардан мұны жұп болып талдауын, оны жазып алуын және өздері қолданған тәсілді басқа топтармен де талқылауға дайын болуларын сұраңыз. (Ж, Қ) Дайындық жұмыстарынан кейін әрбір жұптың басқа жұппен бірігуін және өздерінің идеяларымен бөлісуін сұраңыз. Ортақ келісімге келген соң есептің шешімін тауып, оны міндетті түрде жазып қою қажет. Нәтижесінде өздерінің идеяларымен бөлісу мен есептің шешілу тәсілін талдау үшін сынып бірлесіп жиналады. (Ұ) Түрлі әдіс-тәсілдер мен есепті шығаруда диаграммалардың ең ұтымды жолды таңдауға көмектесетіні турасындағы меңгергендерін оқушылармен бірге еске түсіріңіздер. (Д, Қ) Оқушыларға бірнеше есептер беріңіз. Оларға есепті шығару барысында таңдалатын тәсіл мен есептің шешіміне назар аударатыныңызды ескертіңіз (М) Тармақты алгоритмді пайдаланып қалай шешім қабылдауды/ақпараттық таңдауды көрсетіңіз. Мысалы, ұлпаның қандай пакетін сатып алу тиімді екендігін есептеу. (Ж) Оқушыларға тармақты алгоримде қабылданған шешімдердің нұсқаларын көрсететін диаграммалар құрастыруды тапсырыңыз. Мысалы, спорттық ойындардың қай түріне қатысқаны жөн болатындығын есептеу. (М) Циклдік алгоритмді көрсетіңіз. Мысалы, 100 тг-ге барынша көбірек конфет алу үшін конфетті ең төменгі бағамен сатып алу. (Ұ) Есептерді стандартты және стандарты емес диаграммалармен, белгілермен және схемалар шығаруға болатын әдістер туралы айтыңыз. |
Қажет болған жағдайда алгоритмді пайдалануға және түсінуге уақыт жеткілікті болуы үшін диаграммалар түрінде алгоритм мысалдарын дайындаңыздар. Іздеу/топтау жолдарымен шығарылатын есептерге байланысты көптеген көрнекті мысалдар бар. Олар нақты мақсаттар үшін қолданылады, мәселен оқушыларға алгоритмнің шешуі түсініксіз болғанымен, оны диаграмма кескінінің көмегімен көрсете алатын болса. Есептің шешуі «Иә»/ «Жоқ» жауабына байланысты болған жағдайда алгоритмді пайдаланудың жеңіл түрін талдаңыздар. Есептерді түрлендіру бойынша жаттығулар түрлері: 1. Есептің шартына қойлған сұрақты өзгерту. 2. Қойылған сұрақты өзгертей есептің шартын өзгерту. 3. Есептің шарт ымен сұрағын да өзгерту. 4. Берілген есептерді оларға ұқсас есеп түріне, яғни шамалар берілген есептегіге ұқсас тәуелділікпен байланысқан есепке түрлендіру 5. Осыған ұқсас басқа есептер құрастыру, яғни мәліметтер мен ізделінді арасындағы байланысты өзгертпей, бірдей математикалық құрылымы бар есептерді құрастыру. Ұқсас есептерді алдымен осы берілген дайын есепті шығарғаннан кейін құрастыра бастау қажет, бірақ мүмкіндік болған жағдайда сюжет пен сандарды ғана емес, шамаларды да өзгертуді ұсыну. 6. Кері есептерді құрастыру, яғни «есеп шарты бір болса да, бірінші есептегі берілген мәндердің бірі екінші есепте ізделінді болады, ал бірінші есептегі ізделінді сан екінші есептің берілген мәндерінің бірі болып табылатын есептер құрастыру». 7. Кері есептер құрастыруда сандық мәліметтер арасындағы байланыс өзгеріп кетпеуі қажет.
|
Демонстрациялық таблода кескінделген диаграмма және оның мәні, алгоритмнің символы |
|
Күрделі есептерді шешуде әртүрлі әдістерді пайдалану |
||||
|
5.1 Есептер және математикалық модель |
2.5.1.8 санды өрнек түрінде берілген жай есептердің барлық амалдар, санды өрнек түріндегі құрама есептерді жекелеген амалдар түрінде шешу жолдарын модельдеу |
(Ұ) Оқушылардан есепті шешуді сұраңыз: «Жазғы демалыс лагерінен балалар екі автобуспен қайтып келе жатты. Бірінші автобуста 38 бала болды, екінші автобустағы бала саны да дәл сонша. Барлығы 43 ер бала бар еді. Лагерьден қанша қыз бала келе жатты?» Есепті шығару барысында «дәл сонша» сөзіне назар аударыңыздар, екінші автобуста неше бала келе жатқанын анықтаңыздар. Оқушылардан «43 ер баланың барлығы бір автобуста келе жатуы мүмкін бе?» деп сұраңыз. Бұл жағдайда есепті шешудің басқа әдісі туралы ұсыныстар туындайды. екінші әдіске есепте берілген жағдайды талдау арқылы ғана келуге болады. Бұған оқушылардың назарын аудару дұрыс болар еді. (Т) Оқушыларға есептің басқа үлгісін құрастыруға тапсырмалар ұсыныңыз. |
|
|
|
Математика Бастауыш мектеп. 2-сынып |
|||
4C-бөлім: Геометриялық фигуралар Периметр. Аудан |

Аудан мен периметрді оқып білу есептеу дағдыларын дамытуға, геометриялық фигуралар құрастыра білуге, өлшем бірліктерін түрлендіруге мүмкіндік береді, бұл өлшем бірліктері геометрия мен өлшеу саласындағы кезекті тапсырмалар үшін негіз болып табылады |

Көпбұрыштың ауданын және периметрін табу туралы білімдерді қалыптастыру. Фигураның белгісіз қабырғасын белгілі қабырғасы және ауданы арқылы табу. Фигураның белгісіз қабырғасын белгілі қабырғасы және ауданы арқылы табу. Тік төртбұрыштың периметрін және ауданын табу үшін жазық фигуралар мен көбейту және бөлу амалдары туралы білімдерін қолдану. Периметр және ауданды табу дағдыларын «Саяхат» тақырыбы контекстінде зерттеулер үшін қолдану (спорттық алаңдар) |
Палетканы пайдалана отырып, фигуралардың ауданы мен периметрін табу Аудандарды салыстыру (спорт алаңқайларының, фигуралардың, заттардың) |
аудан, периметр тікбұрыш, үшбұрыш, көпбұрыш, бесбұрыш, алтыбұрыш ұзындық, ен, қабырға, заттың беті артық, ең үлкен, кем, ең кіші жер телімі, алаң, корт |
Талқылауға арналған сұрақтар |
|
Спорттың қай түрінде алаңның ауданы ең үлкен? Аудандары бірдей алаңдардың пішіні әр түрлі болса периметрді өзгерте ме? Спорт алаңдарының көлемін қалай салыстыра аламыз? Сіздер … неліктен екендігін айта аласыздар ма? …бұл алаң ауданы басқасына қарағанда үлкен? …осы алаңды айнала жүгіріп шығу қиын болады? …(бұл алаңдардың) пішіні әр түрлі болғанымен, аудандары бірдей ? Жазу бойынша нұсқаулар: Хабарламада өз табыстарыңызбен бөлісіңіздер. Өз нәтижелеріңізді диаграммада түсіндіріңіздер. Алаңдарды ауданының өсуі /кемуі ретімен орналастырыңыздар/атаңыздар |

Оқушылар өздерін қоршаған ортада кездестіруге болатын тікбұрыштардың, одан әрі көпбұрыштардың ауданы мен периметрін табу әдістерін оқитын болады. |

||||||||||||||||
|
Фигураның периметрі және ауданымен танысу |
||||||||||||||||||||
|
3.1 Геометриялық фигуралар және оларды жіктеу 5.1 Есептер және математикалық модель |
2.3.1.3 көпбұрыштардың, қоршаған ортадағы заттардың қабырғаларының ұзындығын өлшеу, периметрді табуға арналған формулаларды қорытып шығару, қолдану Р= (а+ b) х2, Р = а х 4, Р=а+ b +с 2.3.1.4 фигураның белгісіз қабырғасын оның периметрі/ауданы мен белгілі қабырғалары арқылы табу 2.5.1.2** есептерді шығару барысында ұзындығы, ені, периметр ұғымдарының өзара тәуелділігін пайдалану 2.5.1.5** тіктөртбұрыштың (шаршының) қабырғаларын, периметрін табуға берілген есептерді талдау және шығару; кері есептерді құрастыру және шығару |
(Ұ) Сыныптан тікбұрышты пішіндегі фигураларды табыңыз. Оқушылардан бұл фигураның қалай өлшенетіндігін сұраңыз. Периметрмен таныстырыңыз және оны түсіндіріңіз. Оқушылардан тақтаның ені мен ұзындығын көзбен анықтауын/өлшеуін және осыған сүйене отырып периметрін табуын сұраңыз. Оқушылардың шешулерін флипчартқа жазып қойыңыз. Өлшеу арқылы тексеріңіз және кімнің ең дұрыс жауапқа жақын болғанын, мәліметтердің көлемінің қандай болғанын, дұрыс нәтижеге қалай қол жеткізуге болатынын талқылаңыз. Осы жұмысты басқа заттармен қайталаңыз, мысалы кітаппен немесе партамен. (Ұ, М) Сызғыш пен өлшеуіш таспаны пайдалану әдістеріне ерекше назар аудара отырып, ұзындықты өлшеуді көрсетіңіз. Егер сызғаш/өлшеуіш таспа пайдаланылған болса, әрбір оқушы өлшеудің әдісі мен нәтижесін айқын көруі үшін шағын топтардағы жұмысты ұйымдастыру қажет. Балама ретінде – оқушылардың барлығы көре алатындай интерактивті тақтадан суреттер көрсетуге болады. Оқушылар оқып-үйренген ұзындықтың өлшем бірліктерін пайдаланатынына көз жеткізіңіз. (Д/Ж, қ) Өлшеу үшін таба алатын мысалдардың көп екендігіне көз жеткізіңіз. Бұдан соң оқушыларға сынып бөлмесіне геометриялық фигураларды орналастырып, олардың қабырғаларының ұзындықтарын өлшеуді ұсыныңыз. Өлшемдерді жазып алу үшін оқушылар өлшемдерді белгілей отырып фигураларды айналдыра сызып қоюына немесе суреттің нобайын түсіруіне болады (Ұ) «Периметр» деген сөздің нені білдіретінін талқылаңыздар. Оқушылардың ыңғайлы бір орында көз алдына елестеткен фигуралар периметрімен жүріп өтуін сұраңыз. Оқушылардан тік төрбұрыш периметрін табуын сұраңыз. Олар өздері осы бөлімді зерделеу барысында алған кейбір қосу дағдыларын қалай пайдалануға болатынын көре ала ма екен? (Э, Ж/Т, қ) Сыныпта бар тікбұрышты пішінді фигураның периметрін анықтауды және өлшеуді тапсырыңыз. Қай заттың периметрі ең үлкен? (Д) Оқушылармен қоршаған ортаның қай заттары геометриялық фигуралар пішініне ие екенін талқылаңыздар. Оқушылардан бұл заттардың кейбірін (мысалы, қаптарды) өз үйінен табуын және олардың қабырғаларының ұзындығын өлшеуін сұраңыз. Шамаларды түрлендіруге арналған кестені құрастырыңыздар. Атаулы сандармен амалдар орындау үшін ұзындық өлшем бірліктерін түрлендіруге бойынша тапсырмаларды орындаңыздар. Мысалы, 36 см±2 см, 15±4 см, 1м±1дм
|
Бұны сонымен бірге GeoGebra сияқты геометриялық бағдарламалық қамтамасыз етудің көмегімен де жасауға болады
|
Демонстрация үшін торкөз қағаз парағы (1 см2) палетка Сызғыштар /өлшеуіш таспа Гео тақтаның бетін
толтыруға арналған иілгіш жолақтар/фигуралар
Виртуалды геотақта: http://nrich.maths.org/2883 Нүктелі қағаз немесе торкөз қағаз
|
||||||||||||||||
|
Формулаларды пайдаланып периметрді, палетка көмегімен ауданды табу |
||||||||||||||||||||
|
3.1 Геометриялық фигуралар және оларды жіктеу 3.2 Геометриялық фигураларды салу және құрастыру
|
2.3.1.3 көпбұрыштардың, қоршаған ортадағы заттардың қабырғаларының ұзындығын өлшеу, периметрді табуға арналған формулаларды қорытып шығару, қолдану Р= (а+ b) х2, Р = а х 4, Р=а+ b +с 2.3.1.5 берілген периметрі бойынша тор көзді қағазға жазық фигуралар салу, олардың пішіндері өзгеруіне қарай периметрдің қалай өзгеретінін түсіндіру 2.3.2.3 жазық фигуралардың моделдерін бөлу және олардан композициялар құрастыру |
(Ұ) Периметрді есептеу тәсілдері туралы пікір алмасыңыздар. Оқушылардан мұның ең тиімді жолын табуды ойлануын сұраңыз. (Ұ) Шаршының, тіктөртбұрыштың және үшбұрыштың периметрін есептеу формуласын кезекпен көрсетіңіз және оқушылардан осы формулалардың қалай пайдаланылатынын сұраңыз. (Ж/Т, қ) Оқушылардан спорт алаңдарын/алаңқайларын зерттеуге оралуын және формуланы пайдаланып олардың периметрін анықтауды сұраңыз. (Д/Ж/Т, қ) Оқушылардан спорт алаңдарының жаңа түрін ойлап табуын сұраңыз. Мүмкін ересектер алаңдардың нұсқасын екінші сыныпқа сәйкес өзгертуге болар. Олардан формуланың көмегімен есептелген периметрі мен ауданы белгілі өздері ұсынған жаңа спорт алаңдарын көрсетуін сұраңыз (Ұ) Оқушыларға аудан дегеніміз заттың беткі бөлігін толық өлшеу мөлшері екендігін айтыңыз. Оқушылардың ауданның өлшем бірлігін білетіндіктеріне көз жеткізіңіз. Ауданның не екендігін түсінуі үшін торкөз қағазды (тордың қабырғалары-1 см) бір заттың үстіне жазып (мысалы, парта), үлгімен көрсетіңіз. (Э, Т, қ) Сыныптан кездестіруге болатын тікбұрышты фигураларды өлшеп, оның ауданын табуға мүмкіндік беріңіз. Бұл периметрлер мен аудандарды салыстыруға, және де берілген периметр үшін ауданы ең үлкен тікбұрыштардың түрлерін тануға септігін тигізеді. (Д) Тапсырманы күрделендіріңіз, тіктөртбұрыштардан тұратын фигураларды/көпбұрыштарды зерделеңіздер. Оларды торкөз қағаз парағына салуға болады, ал аудан мәнін торкөздерді санау арқылы табу оңай болады. (ОТ,Д) Оқушыларға осы әдісті қолдана отырып, көпбұрыштардың периметрі мен ауданын зерделеуге мүмкіндік беріңіз. (Д,қ) Оқушыларға торкөз қағазға ауданы мен периметрі белгілі фигураларды салуды тапсырыңыз. Аудан мен периметр белгілі болса, ал нәтижесінде тиісті тіктөртбұрыш пайла болсағ мұның неліктен қиын тапсырма екенін талқылаңыыздар. (М) Оқушылар палетканы, торкөз қағазды пайдаланып ауданды табуды көрсетеді. Содан соң фигуралар ауданын салыстырады. (Д,қ) Оқушыларға қолда бар ресурстарды пайдаланып, зерттеу жүргізу үшін оқушыларға осыған ұқсас тапсырмалар беріңіз. (Ұ) Нәтижелерді талдаңыздар, содан кейін аудан мен периметрдің мәндерін салыстырыңыздар. Ауданының мәні ең үлкен фигуралардың осы фигураның периметріне шамалас, дөңгелекке жақын болатынын анықтаңыздар. (Ұ) Оқушылардан фигураны өзгерткенде не шығатынын сұраңыз. Мұның үлгісін GeoGebra геометриялық бағдарламалық қамтамасыз етудің көмегімен визуалды жасауға болады. . |
|
Плакаттар жасауға және зерттеу нәтижелерін презентациялауға арналған құрал-жабдықтар: қағаз, маркерлер, сызу құралдары және тағы басқалар. |
||||||||||||||||
|
Нысандардың бағытын және орнын зерттеу |
||||||||||||||||||||
|
3.2 Геометриялық фигураларды салу және құрастыру 3.3 Нүктелер координаттары және қозғалыс бағыты |
2.3.2.4 бастапқы орнын, бағытын, қозғалысын (оңға, солға, тура, толық бұрылу, сағат тілімен және сағат тіліне қарсы жартылай, төрттен бірге бұрылу) анықтау және берілген нұсқауға сәйкес әрекет жасау 2.3.3.1 сызық бойында белгіленген нүктелердің бір біріне қатысты орналасуын анықтау |
(Ұ) Оқушыларды нысанның орнын сипаттауға қажет терминологиямен таныстыру үшін жұмсақ ойыншықты қолданыңыз (мысалы, қонжық). Оқушылардан қонжықтың партада орналасқан жерін (мәселен, «үстінде», «астында», «жанында» сөздерін қолданып) сипаттауларын сұраңыз. (Ұ) Оқушылардан ойыншыққа бөлменің басқа жеріне орын ауыстыруы керектігін елестетулерін сұраңыз. Олар оған қозғалыс жолын қалай көрсетеді? Ойыншықты оқушылардың нұсқауына тиісті орналастырыңыз да, олар қолданған сөздерді анықтап, жазып алыңыз. (Ұ) Оқытудың мақсаттарында келтірілген қандай да бір терминдер оқушылармен ұсынылмаса/ қолданылмаса, оның қызметін түсіндіре отырып, оны тізімге қосыңыз. Қажет болған жағдайда, бұны жұмсақ ойыншықтың көмегімен көрсетіңіз. (Ұ, қ) «Роботтар» ойынын өткізіңіз. Ол үшін сәйкес орын - спорт залы, балалар алаңы немесе жеткілікті түрде кең болатын сынып қажет. Оқушылар нұсқау бойынша нысандардың орны мен бағытын анықтайтын терминологияларды қолданып, қозғалулары қажет. (Ж, қ) Қала картасын тауып немесе жүктеп алыңыз және машинаны әртүрлі орындарға орналастыру үшін оқушыларға кезек бойынша өз әріптестеріне нұсқау берулеріне рұқсат беріңіз. Алдымен машинаны әр нұсқау сайын орналастыру қажет, кейін әріптеске арнап нұсқаулар тізімін дайындау қажет.Оқушылар нұсқаулардың әр тізімін талқылаулары және бағалаулары керек. |
Іс-әрекеттің бұл түрлері «Саяхат» тақырыбын қолдайды Орналасуды, бағыт және қозғалысты сипаттайтын терминдерді оқушылар алмаса алатындай, жеке карточкаларға басып алған (мысалы, сөздің жазылуын тексеру үшін) немесе флипчартта тізім құрастырған пайдалы. оңға, солға, тура, толық бұрылыс, бұрылыстың жартысы , бұрылыстың төрттен бірі сағат тіліне бағыттас, сағат тіліне қарсы, бір-біріне қарсы, қарама-қарсы бағытта Егер бұл қолжетімді
болса, жұмыс экранда тасбақаның орын
алмасуына арналған нұсқамаларды бере
отырып, «LOGO» бағдарламалық жасақтамасын қолданумен толықтырылуы
мүмкін. |
|
||||||||||||||||
|
Диаграммалар, кестелер мен сызбалар құру |
||||||||||||||||||||
|
5.2 Математикалық тіл
|
2.5.2.3 нүктелерді, кесінділерді, сәулелерді, түзулерді латын алфавитінің бас әріптерімен таңбалау, оларды таңбалануы бойынша оқу |
(М) Тақтаны, флипчарт немесе геометрия бойынша бағдарламалық жасақтаманы қолдана отырып, интерактивті тақтада, алдыңғы тақырыптарды зерттеуде пайдаланылған терминология, сызба құрылысы нұсқамасын құрастыруда қалай қолданыла алатындығын көрсетіңіз. Алдын ала дайындалған және карточкада көрсетілген нұсқауларды диаграмма жасауда қалай қолданылуы мүмкін екенін көрсетіңіз. (Д, қ) Оқушыларға карточкаларда дайындалған нұсқауларды таңдауға және дәл сызбаларды орындау үшін нұсқау бойынша жүруге мүмкіндік беріңіз. (Ж, қ) Жұптасып жұмыс істеуді ұйымдастырыңыз және оқушыларға бір-бірімен алмасып отыратын нұсқаулар тізімін дайындауға тапсырма беріңіз, одан кейін оқушылар схема сызулары керек және сызбаның нұсқауларға тиісті дәл орындалғанын айта отырып, бір-бірін тексерулері керек.. |
Бұл жұмыс жоғары сыныптарда векторларды зерттеуге және қозғалыс есептерін орындауда негіз болады.
|
Флипчарт Геометриялық бағдарламалық жасақтама (мысалы, «Geogebra») Алдын ала дайындалған сызбаға арналған нұсқаулары бар карточкалар. Оқушылар нұсқаулар жазатын таза карточкалар Сызуға арналған құралдар |
||||||||||||||||
|
Геометриялық фигуралар көмегімен ою-өрнектер құрастыру |
||||||||||||||||||||
|
3.2 Геометриялық фигураларды салу және құрастыру
|
2.3.2.4 бастапқы орнын, бағытын, қозғалысын (оңға, солға, тура, толық бұрылу, сағат тілімен және сағат тіліне қарсы жартылай, төрттен бірге бұрылу) анықтау және берілген нұсқауға сәйкес әрекет жасау |
(Д, қ) Оқушыларға қоршаған ортадағы (ою-өрнектерді (керамикалық плитка, маталар, кірпіш қалау) зерттеуге және математикамен байланысын оларға негіздей отырып өзінің ою-өрнектерін құрастыруға мүмкіндік беріңіз. Сыныпта орындалған жұмыстардың көрмесін ұйымдастырыңыз және оқушыларды әр жұмысты талқылауға шақырыңыз. |
Осы зерттеу жұмыстарында сіз ғаламторды немесе кітапханалық ресурстарды пайдалана аласыз. Дәстүрлі киімдерде және киіз үйлерде пайдаланылған қайталанатын ою-өрнектерді оқып білу «Қоршаған орта» тақырыбына қатысты болады. |
Киіз үйлерде қолданылған ою- өрнектердің шығу тегін талқылау: http://en.wikipedia.org/wiki/Yurt |
||||||||||||||||
|
Логикалық есептер |
||||||||||||||||||||
|
4.2 Тұжырымдар |
2.4.2.2 санды тапсырмаларды, түрлі сандары бар басқатырғыштарды, құю және салмақты өлшеуге арналған логикалық есептерді зерттеу және шығару
|
(Ұ) Логикалық тапсырмаларды шешудің түрлі жолдарын қарастырыңыздар. Мысалы, есептерді кесте құру жолымен шешу. Есеп: Үш қабатты үйде үш күшік тұрады: бульдог, такса және қанден. Бірінші және екінші қабаттағы күшіктер такса емес. Бульдог бірінші қабатта тұрмайды. Ір күшіктің қай қабатта тұратынын анықтаңыздар. |
Осы және осыған ұқсас көптеген есептерді шығару үшін оқушыларға есеп шарттарының деректері мен пайымдауларға сүйеніп кестенің қалай құрылатынын көрсетіңіз. Пайымдаулар барысы:
|
|
||||||||||||||||
Сабақтың қысқа мерзімді жоспары
Сабақ жоспары (шаблон)
Бастамас бұрын орта мерзімді жоспарыңызға сүйеніңіз. Сабақ жоспарларын оқыту мен оқудың соңғы үлгілеріне негіздеп, қажетті өзгерістерді енгізе отырып осы үлгінің негізінде құру керек.
|
САБАҚ: |
Мектеп: |
|||||||
|
Мерзім: |
Мұғалімнің аты-жөні: |
|||||||
|
Сынып: |
Қатысқан оқушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||||
|
Осы сабақ аяқталғанда қол жеткізілетін оқыту мақсаттары |
Бұл мәліметтерді орта мерзімді жоспардан көшіріп алыңыз |
|||||||
|
Сабақ мақсаты |
Сіз жоғарыда көрсеткен мақсаттардың дәл өзі немесе олардың бір бөлігі болуы мүмкін мақсаттарды белгілеңіздер. 40 минуттық сабақ үшін оқытудың нақты, шынайы және қол жетімді көлемі жайлы ойланыңыз. |
|||||||
|
Тілдік мақсаттар |
Лексика мен тіркестер мысалдарын қосып, тілдік мақсаттарды белгілеңіз Оқушылар істей алады: Пәнге қатысты лексика мен терминология: Диалогтар мен жазуға пайдалы тіркестер:
|
|||||||
|
Бұған дейін алынған білім |
Оқушылар осы сабақтың алдында нені үйреніп үлгерді және нені әлі де білуі қажет? Бұрыннан бар білімдерін қалай тексересіз? |
|||||||
|
Жоспар |
||||||||
|
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған шаралар (бағаналардың мазмұнын жоспарланған шаралармен алмастырыңыз) |
Дереккөздер |
||||||
|
Сабақтың басы |
Сабақтың басында мұғалімдер: Оқушылардың назарын өздеріне аударады Сабақтың/оқудың контексін жасайды Мақсатар жайлы айтып береді Күтілетін нәтижелерді белгілейді |
Келесі аббревиатураларды пайдаланыңыз: МН = мұғалімге арналған нұсқаулық МД = мұғалім дайындаған БД = басқа дереккөздер |
||||||
|
Сабақтың ортасы |
Негізгі шаралар ретінде сабақ барысында оқушылар келесілерді жүзеге асырады алады: Сабақ мақсаттарына қатысты дағдылар мен білімдерді дамытады Түрлі техникаларды қолданады Бұрыннан бар білімдері мен дағдыларын қолданады Тұжырымдамаларды зерттейді Проблемаларды шешеді |

Сабақтың соңы |
Сабақтың соңында оқушылар: Нені үйренгені туралы пайымдай алады Келесі сабақтың мақсаттарын белгілейді Өз жұмысы мен өзгелердің жұмысын бағалай алады |
|
||||||
|
Қосымша ақпарат |
||||||||
|
Дифференциация – Сіз оқушыларға көмектесуді қалай жоспарлайсыз? Неғұрлым қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар беруді жоспарлайсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
Пәнаралық байланыстар. Денсаулық пен қауіпсіздік |
||||||
|
Дифференциация тапсырма, нәтиже, қолдау көрсету, бөлінген уақыт, пайдаланылған ресурстар түрінде көріне алады. Дифференциация сабақтың кезк елген кезеңінде қолданыла алады |
Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында нені үйренгенін бағалау үшін пайдаланатын әдістерді жазуға арнаңыз |
Сізге сабақ жоспарын әзірлеу үшін басқа пән мұғалімінің кеңесі қажет пе? Сабақтағы шаралар барысында оқушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне қатер төнбей ме? Оқушылар осы сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма? Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамыту үшін қандай мүмкіндіктер бар? |
||||||
|
Пайымдаулар Оқытудың/сабақтың мақсаттарына қол жеткізілетіндей болды ма? Бүгін оқушылар не нәрсеге үйренді? Оқыту атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолдан келді ме? Мен уақыттық кестені ұстандым ба? Мен жоспардан қандай ауытқушылықтар жасадым және неліктен?
|
Бұл бөлімді сабақ бойынша бақылауларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда жазылған сіздің сабағыңыз туралы сұрақтарға жауап беріңіз. |
|||||||
|
|
||||||||
|
Қорытынды бағалау Неғұрлым жемісті екі сәтті атаңыз (сабақ беруде де, оқытуда да)?1: 2: Сабақты жақсартуға ықпал ететіндей екі жайтты атаңыз (сабақ беруде де, оқытуда да)? 1: 2: Мен сынып пен жекелеген оқушылар туралы жаңа нені білдім және бұл менің келесі сабағымды өткізуіме қалай әсер етеді? |
||||||||
3
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ "Менің сыныптас достырым" 2 сынып

шағым қалдыра аласыз