Ашық сабақ "Мереке қарсаңындағы қала"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Мереке қарсаңындағы қала"

Материал туралы қысқаша түсінік
Екінші кіші топқа арналған ашық сабақ Мереке қарсаңындағы қала
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқу қызметін ұйымдастырудың технологиялық картасы

сәбилер тобына ___ арналған



Күні, айы, жылы:

Білім беру саласы:Қатынас

Бөлімі:Тіл дамыту

Тақырыбы: «Мереке қарсаңындағы қала» (түсті жалау,шар,гүл деген сөздерді қалаға байланысты қолдану)

Мақсаты : Балалардың сөздік қорын молайту.

Өздері тұратын қаланың атын есте сақтау,қалада өтетін мерекелермен таныстыру.

Туған өлкеге деген мақтаныш сезімін ояту.

Сөздік жұмыс: Мереке,жалау.

Көрнекілік : Мереке күндері бейнеленген қаланың сурет плакаттары,жалаулар,шарлар.

Әдіс-тәсілдер: Көрсету ,түсіндіру ,сұрақ-жауап.

Әрекет кезеңдері


Тәрбиешінің іс -әрекеті

Балалардың іс -әрекеті

Ұйымдастырушы-оятушылық кезеңі










Балалардың көңілін өздеріне аудару.

Балалармен шаттық шеңберін жасау:

Қуанамын менде,

Қуанасың сенде.

Қуанайық достарым

Арайлап атқан күнге.

Балалар шаттық шеңберін орындап болған соң орындарына отырғызып, алдарындағы суреттерге назарларын аудару.

Балалар тәрбиешіге назарларын аударады. Ортаға шеңбер құрып тұрады да тәрбиешімен бірге шаттық шеңберінің іс-қимылдарын жасайды.

Содан соң балалар өз орындарына отырады.

Тәрбиешінің айтуы бойынша алдырындағы суреттерге назарларын аударады.

Ұйымдастырушы ізденушілік кезеңі























Тәрбиеші балаларға сұрақ – жауап әдісін пайдалану арқылы балаларды әңгімелесуге тартып, сұрақтар қояды.

Балалар сендер қандай балабақшаға келесіңдер?

Сендер қандай қалада тұрасыңдар?

Балалар сендер қандай мерекелерді білесіңдер?

Тәрбиеші балалардың көңілін көрнекі суреттерге, жалауларға,шарларға аударады.

Сол мерекелерді тойлағанда біздің көшелерімізді ,мереке өтетін алаңды түрлі-түсті шарлармен әр түрлі жалаулармен безендіреді.

Сергіту сәті.

Күндей жанып алаулар,

Қолымызда жалау бар.

Жалауымыз жайнап,

Би билейміз ойнап.


Балалар тәрбиешінің қойған сұрақтарына жауап береді.

Арман балабақшасына келеміз.

Біз Көкшетау қаласында тұрамыз.

Балалар өздері білетін мерекелерді атап береді.

Балалардың көңілдері суретке ауады.

Тәрбиешінің мереке туралы айтқан әңгімелерін тыңдайды.





Шарлар мен жалауларға қызығушылық білдіреді.


Балалар сергіту сәтін қимыл-қозғалыс арқылы қайталайды.

Рефлекстік түзету кезеңі










Қорытындылау





Өзін-өзі бағалау

Балалармен сұрақ-жауап арқылы түсінгендерін пысықтайды.

Балалар бүгінбізде қандай сабақ болды?

Тіл дамыту сабағында біз не туралы әңгімелестік?

Мереке кезінде қала көшелерін немен безендіреді?

Сендер сабаққа жақсы қатыстыңдар.

Сабақты қорытындылап аяқтау.

Балаларды мақтап-мадақтау.

Балалар сұрақтарға жауап береді.

Бүгін бізде тіл дамыту сабағы болды.

Сабақта біз мереке туралы әңгімелестік.

Қала қөшелерін жалаулар мен шарлар мен безендіреді.

Балалар өз аттарына мақтау естігенде қуанады.


Күтілетін нәтиже :

Білу керек: Балалар өздері тұратын қаланы біледі.

Түсінігі: Мереке туралы түсініктері бар.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Сабақты толық меңгерді.

Тәрбиешінің аты, тегі БайзаковаГ.Е





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.12.2020
311
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі