Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ: Металдарды түзету

Материал туралы қысқаша түсінік
колледждерде жұмыс жасайтын өндірістік оқыту шеберлеріне қосымша көмек, дайны сабақ жоспары және сабаққа қажетті материалдарымен
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өндірістік сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Металдарды түзету


Сабақтың білімділік мақсаты: Білім алушыларға әртүрлі өлшемдегі металдарды түзетудің әдістерін қолдана отырып, металдарды тузету жұмыстарын көрсету.

Сабақтың дамытушылық мақсаты: Білім алушылардың іскерлік дағды-қабілеттерін қалыптастыру, таңдаған  мамандығына  деген  қызығушылығын  арттыру.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Білім алушыларды шеберханаларда техника және еңбек қауіпсіздігі ережелерін сақтауға тәрбиелеу. Мамандықтың қыр –сырын жетік игеруге ұмтылдыру.

Сабақтың материалдық- техникалық жабдықталуы: Техника қауіпсіздігі туралы плакаттар, «Слесарь құрал-саймандары» плакаты,технологиялық нұсқау карталары, шапқы құралдары жиынтығы, металл дайындамалар, әртүрлі типті балғалар, киянкалар, чертилкалар мен әртүрлі сызғыштар,т.б.



Сабақ барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Білім алушылардың сабаққа қатысуы мен дайындығын тексеру.

2. Білім алушылардың арнаулы киімдерін тексеру.

3. Құрал – жабдықтардың сабаққа жарамдылығын тексеру.


ІІ. Кіріспе нұсқау кезеңі:

1.Білім алушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

2.Білім алушылардың техника қауіпсіздігі және өткен сабақтар бойынша білім деңгейлерін пысықтау:

- Дайындама металдың жарамдылығы қалай тексеріледі?

- Белгі салу жұмысына қандай дайындық жұмысын жасаймыз?

- Металл бетін тазалаудың қандай әдістері бар?

- Өңдеу дегеніміз не? Кесіп өңдеу дегеніміз ше?

- Шапқымен кесіп өңдеу қалай жүзеге асады?

- Жонып өңдеу кезінде жоңқаның сыдырылуы қалай пайда болады?

- Жұмыс неліктен жарамсыз болып қалады?

- Қандай техника қауіпсіздігі ережелерін сақтаймыз?


3. Білім алушыларға жаңа тақырып бойынша нұсқау беру:

* Түзету процесінің мәні, мақсаты.

* Металды түзету жұмысына қажетті құрал-жабдықтарды таныстыру, сипаттама беру.

* Металды қолдан түзету әдістері.

* Жұқа табақша металдарды киянкалармен түзету жұмысы.

* Рихтовка әдісімен түзету.

* Газ жалынымен түзету.

* Металды механикалық тәсілмен түзету.

* Металл түзету барысындағы техника қауіпсіздігі ережелері.

* Металл түзету жұмысының жарамсыз болуы.


4. Кіріспе нұсқауды пысықтау:

  • Металды түзету процесі қалай іске асады?

  • Металл түзетудің қандай тәсілдері бар?

  • Қандай құрал-саймандар қажет?

  • Металл шеттері қалай түзетіледі?

  • Орта бөлігі қисайған металлдар ше?

  • Рихтовка қалай жасалады?

  • Қыздырып түзету қалай жүзеге асады?

  • Шеберханада қандай ережелер сақталуы тиіс?

  • Түзету жұмысында қандай техника қауіпсіздігін сақтаймыз?

ІІІ. Құрал-жабдықтарды пайдаланып, жаттығу жұмыстарын көрсету:

1. Құрал –жабдықтарды дайындау.

2. Қалыңдығы 0,5мм, 0,8мм болатын табақша металды ағаш балғамен түзету жұмысын орындау.

3. Технологиялық нұсқау карталарын тарату.


ІҮ.Ағымдық нұсқау:

1. Білім алушыларды жұмыс орындарына бөлу.

2. Білім алушыларды тексеру мақсатында жұмыс орындарын аралау.

3. Білім алушыларға тапсырмалар бөліп беру.

1-аралау: Жұмыс орнының дұрыс ұйымдастырылуын,тазалығын және жұмыстың уақытылы басталуын қадағалау.

2-аралау: Технологиялық жұмыс карталары бойынша жұмыс жүргізулерін бақылау.

3-аралау: Жұмыс процесінің жүруін, құралдарды дұрыс, ережеге сай ұстай білулерін, білім алушылардың іс –қимылдарын тексеру.

4-аралау: Жұмыс барысында техника қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын бақылау.

5-аралау: Қателіктер жіберген білім алушыларға ескертулер жасап, қосымша нұсқаулар беру.

6-аралау: Орындалған жұмыстарды тексеру, қабылдау, бағалау.

7-аралау: Жұмысты аяқтау, жұмыс орнын жинастыру, құрал –саймандарды тазалап, орындарына салу. Шеберхана ішін тазалау, верстактарды сүрту.


ІҮ.Қорытынды нұсқау:

1.Сабақты қорытындылау: Білім алушылардың

жаттығу орындауларын сараптап, қорытындылау.

2. Тапсырманы орындау және сабаққа қатысу белсенділігіне қарай білім алушылардың еңбектерін,білімдерін бағалау.

3. Үйге тапсырма беру: Металдарды түзету кезіндегі техника қауіпсіздігі ережелерін пысықтау.







Металдарды түзету

Түзету процесінің мәні. Майысып, қисайып, бүгіліп, иіліп қалған металдарды соққылау немесе қысым күшімен дұрыс қалпына келтіретін операция түзету деп аталады. Созылмалы жұмсақ металдар: болатты, мысты, жезді, алюминийді түзетуге болады. Оларды металл тақтаға, төске, рельске қойып түзетуге болады. Түзу металл тақталар шойыннан немесе болаттан дайындалады. Шойыннан құйылып, жұмыс беті тегістелініп жасалады.

Металды қолдан түзету үшін болат және жұмсақ табанды балғалар, білеулер (брусоктар), рычагтар қолданылады.Болат балғалармен ұзыншақ, шыбық тәрізді материалдарды және жуан табақша металдарды түзетеді.Көбіне дөңгелек табанды балғалар қолданылады. Олардың төртбұрышты қыры болмағандықтан түзететін металл бетіне іздер, ойықтар, шұңқыр іздері түспейді.

Дұрыс плита



Жұмсақ табақша металдар ағаш балғалар - киянкалармен түзетіледі. Өте жұқа қаңылтырларды түзету үшін металл немесе ағаштан жасалған білеулер- тегістегіштер қолданылады.

Суарылған металдар болат балғаның қыр тұмсығымен немесе екі жағы да қыр тұмсық болып арнайы жасалған түзеткіш балғамен – рихтовка балғамен түзетіледі.

Ұзыншақ металдарды түзету. Жұқалау металдан жасалған ұзыншақ қабырғаларына қарай иілген болса, оны металл тақтаның үстіне салып, ішке қарай иілген жиегінен бастап балғаның қыр тұмсығымен қатарлап соққылау керек. Ішке қарай иілген бөлігін қатты соққылау керек, ал дөңес жағына өткен сайын соғу күшін азайтып отырған дұрыс. Сонда ішке қарай иілген бөлігі созылады және ұзыншақ түзеле бастайды. Металдың созылу арқылы түзетудің мұндай әдісін рихтовка деп атайды.

Табақ металды түзету әдістері

Шыбық тәрізді материалдарды түзету. Диаметрі 30 мм-ден асатын дөңгелек шыбықтарды, білектерді винтті престің көмегімен түзетеді. Білікті призмаларға дөңес жағынжоғары қаратып салады да, призмалық ұштығы бар винтті қысып түзетеді. Призмалардың арасындағы қашықтықты реттеуге болады. Біліктің түзелу сапасын престің алдыңғы бөлігіне орнатылған, бір орталық бойында тұратын тесіктерге кигізіп бақылайды. Егер білік шұғыл иіліс жасаған болса, иіліс жасаған жерді қыздырып түзету керек, өйтпесе біліктің сол жерінде жарық пайда болуы мүмкін.

Металды қызғанда түзету

Үлкен дайындамаларды, детальдардың шұғыл иілген жерлерін қызған қалпында түзетеді. Көбінесе сырты өңделмеген детальдар қыздырылып түзетіледі. Иілген жердің қыздыру температурасы белгілі бір аралық температурада болу керек (болат үшін 11000).Егер температура шектен асып кетсе металл өте жұмсарып ағуы мүмкін, ал төменгі шектен аз болса, соққылаған кезде бұйымда жарық пайда болуы мүмкін.

Газ жалынымен түзету. Бұл профильді металдарды, іші қуыс біліктерді, соғылып немесе құйылып пісіріліп жасалған конструкцияларды түзетуге қолданылады. Бұйымның иілген (дөңес) жері металл пісіретін горелкамен (газ жалынымен қыздыратын құрал) қызыл қошқыл түске дейін қыздырылады. Қыздырылған жердің жан- жағындағы металл қабаттарды ылғалды асбестпен немесе сулы шүберекпен салқындатылып тұрады. Металдың қызған жері сығылған ауа ағынымен салқынддатылса, олар бір- біріне тартыла тығыздалады да, металдың қисық жері түзеледі.

Механикалық жолмен түзету. Түзу біліктердің және престердің, сонымен қатар арнайы біліктердің көмегімен түзу білікте металл түзету машинасы қолданылады. Түзетілетін дайындама айналып тұрған біліктер қатарының арасына кіргізіледі де, олармен түзу біліктер арасында тартылып түзетіледі. Сымдарды, металл шыбықтарды түзетуге арнайы икемшіктерді (роликтер) пайдалануға болады. Сымды солардың арасымен өткізіп, қол қысқыштың көмегімен тартып отырса, жақсы түзеліп шығады.

Металл түзетудің жарамсыз болуы

Металл түзетудегі болатын жарамсыздықтың негізгі түрлеріне бұйым бетінің жаншылуы және мүжілуі жатады. Бұлар түзету жұмысының негізгі ережелерін орындамау салдарынан, ақауы бар табаны квадрат формалы немесе тегіс емес балғаларды қолданудан, сонымен қатар өте қатты соққылаудан болады.

Қауіпсіздік техника ережелері

Металдарды түзету кезінде балға сабына берік орнатылған болуы керек. Балғаның сабында, ұратын табанында жарылған, ойылған жерлері болмау керек. Табақша металды түзеткенде оның ішкі жиектері қолды жараламас үшін қолғап кию керек. Техника қауіпсіздігі ережелерін үнемі естен шығармай жұмыс істеу – ең бірінші өзіңіздің денсаулығыңызды сақтау екенін ұмытпаңыз.



Қайталауға арналған сұрақтар

  • Металл түзету кезінде қандай аспаптар, икемшіктер және құралдар қолданылады?

  • Болат шыбықтар мен ұзыншақ металдарды қалай түзетеді?

  • Шеттері толқындана қисайған табақша болатты қалай түзетеді?

  • Рихтовка деген не? ол қалай жасалады?

  • Қандай жағдайда металды қыздырып түзетеді және ол қалай жасалады?











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.01.2019
2507
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12