Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ М.Мақатаев « Үш бақытым»

Материал туралы қысқаша түсінік
ашық сабақ Мұқағали Мақатаевтың өмірі және шығармалары туралы мағлұматтармен таныстыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ақтөбе қаласы №49 ЖОББМ мұғалімі Қырылдақова Айкенже

Тақырыбы: М.Мақатаев « Үш бақытым»

Мақсаты:Мұқағали Мақатаевтың өмірі және шығармалары туралы мағлұматтармен

таныстыру

Білімділік: Мұқағали Мақатаевтың өмірі туралы мағлұмат беру.Өлеңнің негізгі ойын

түсіндіру, талдау жұмыстарын жүргізу

Тәрбиелік: оқушы бойына Отанды,тілді сыйлау, құрметтеу, өнеге тұту сияқты ізгі

қасиеттер сіңіру.

Дамытушылық: өлеңді оқыту барысында оқушылардың мәнерлеп оқу дағдысын, сөйлеу

тілін, ой қиялын жетілдіру.


Сабақтың түрі: ойын сабақ

Сабақтың типі: жаңа білім беру


Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын


Көрнекілігі: автор суреті, сөзжұмбақ, кеспе қағаз


Сабақ барысы:


І.Ұйымдастыру бөлімі

Оқушы назарын сабаққа аудару


ІІ.Психологиялық дайындық

Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай аламын.

Ізгі, әрі жарық, нәзік мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым –деп ,бүгінгі сабағымызды осындай жылылықпен, мейірімділікпен бастайық. Бүгінгі сабағымыз «Алтын қақпа» ойыны желісімен өтеді.


ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру


1.Тас қақпа

Ш.Құдайбердіұлының «Бостандық таңы атты» өлеңін жатқа сұрау.

Өлең бойынша сұрақтар:

-Тәуелсіз елдің балалары қандай болуы керек?

-Ақын өлеңіндегі жақсы, жаман әдеттерді санамалап көрсетейік.

еShape7 Shape8 Shape6 Shape5 Shape4 Shape2 Shape1 ріншек жалқаулық арамдық қайратты намысты өнерлі





жаман әдет жақсы қасиет

Shape15 Shape13 Shape12 Shape11 Shape10 Shape9

араздық өтірік өсек талапты еңбекқор адал тату

-Балалар ,осындай жақсы қасиеттерді бойымызға сіңірген еліміздің азамат балалары бола аламыз ба?

ІҮ. Жаңа сабақ

2.Қүміс қақпа

1/ Сөзжұмбақ шешу

-Балалар ,тақтадағы сөзжұмбақты шешейік.


Көлденеңнен


1.Біздің еліміз қалай аталады?

2. «Фариза қыз» өлеңінің авторы

3.Ұлтымыз қалай аталады?


Тігінен:


1.Мемлекеттік тіліміз

2. Қандай мемлекетпіз?

3.Елімізде тұратын адамдар қалай аталады?


2/ Мұқағали Мақатаевтың өмірбаянынан үзінді

  • М.Мақатаев 1931 жылы Алматы облысы Нарынқол ауданында туылған. Ол он төрт жасынан өлеңдер жазған. Өлеңдері Отанға, туған жерге, туған тілге арналған.Оның шығармаларының жинағы ұлттық әдебиетке қосылған үлкен үлес. Оның «Сәби болғым келеді», «Өмір өзен», «Есіне мені алғайсын», «Үш бақытым», «Қазақстан», «Дариға жүрек» деген керемет өлеңдері жарық көрген.


3/ Оқулықпен жұмыс

«Үш бақытым» өлеңін оқу.


Өлең мәтінімен жұмыс

-ақын өлеңінде үш бақытым деп нелерді меңзеп отыр.


Дәптермен жұмыс

Халық –мемлекетте тұратын адамдар. Елімізде осындай 16 миллиондай халықтар тұрады.

Тіл -адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас құралы.Тіл әрбір адамда ана сүтімен бойына дариды.

Отан- әр адамның туып өскен жері,мекені.


ІІІ. Алтын қақпа

Мақал мәтелдер айту

І қатар ІІ қатар ІІІ қатар

Отан туралы Тіл туралы Халық туралы


Шығармашылық тапсырма:

1.Адасқан сөздерден өлең, мақал құрастыру

Ата-анам, менің, Отан

Досым, Отан , бауырым

Өлкем,Астанам,Отаным

Туған Отан, ауылым


Арың бұл, ана тілің

Тұр бетте, ұятын боп

Бәрін біл, өзге тілдің

Құрметте өз тіліңді


Қарың талмайды, өткір болса, орақ

Жауың алмайды, берік болса, Отаның


-балалар, біздің еңбегіміздің арқасында қандай суретті тамашалап отырмыз?

-Енді осы Отан туралы өз ойымызды білдірейік.

-Міне, балалар алтын қақпадан да сүрінбей өттік. Өз дегенімізге жеттік. Еңбегіміздің жемісі ретінде сыр сандықты ашайын, ішінен сыйлықтар шашайын!


Оқушыларды бағалау


Үйге тапсырма: «Үш бақытым» өлеңін жаттау, «Менің Отаным» шығарма жазу.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.06.2018
924
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі