Ашық сабақ "Модель және модельдеу" 6 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Модель және модельдеу" 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Әріптестермен іс-тәжірибе алмасу үшін, ашық сабақ өткізгенге дайын сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Тексерілді»

_______________

Оқу ісінің меңгерушісі

«______» ________20

Пән аты: Информатика

Класы: 8«В»

Cабақтың тақырыбы: Модель және модельдеу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды модельдер түрлерімен таныстыру

Дамытушылық: Оқушылардың қоршаған ортадағы модель түрлерін анықтай білу қабілеттеріy

дамыту.

Тәрбиелік: Топта жұмыс істеу кезіндегі ережелерді сақтау, ынтымақтастыққа жұмыс істеуге

баулу.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Құралдар-жабдықтар: Интерактивті тақта, оқулық, компьютер

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру

2. Өткен материалды қайталау

3. Жаңа сабақты түсіндіру

4. Сабақты бекіту

5. Сергіту сәті

6. Компьютердегі тәжірибелік жұмыс

7. Үйге тапсырма

Өткен материалды қайталау: Өткен тақырыптар бойынша тест жұмысы.

Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Модель – бұл глобус және әлем картасы, жердің тартылыс күшінің формуласы, көрме стендіндегі зымыранның макеті, мектептегі биология кабинетінің көрнекі құралдары, әйгілі суреттердің көшірмесі. Нақты нысандардың (түпнұсқа) зерттеу мақсатында адамның қолымен жасалған нысанды – модель деп атаймыз.

Модель – нақты нысанды, құбылысты немесе үдерісті қарапайым етіп түсіндіреді.

Модельдеу – нысандарды, үдерістерді және құбылыстарды зерттеу үшін модель құру.

Скругленный прямоугольник 20


Прямая со стрелкой 19

Скругленный прямоугольник 18


Прямая со стрелкой 17

Скругленный прямоугольник 16


Зерттеу нысанының сызбасы

Неліктен нақты нысандарды, үдерістерді, құбылыстарды тікелей зерттемей модель құрып, модельдеу жүргізіледі?

Біріншіден, нақты уақыт барысында түпнұсқа болмауы мүмкін немесе мүлдем табиғатта жоқ болуы мүмкін.

Екіншіден, түпнұсқа көптеген қасиетке және өзара байланыстарға ие болуы мүмкін, ал бізді тек жеке бөлігі ғана қызықтыруы мүмкін.

Модельдеу келесі шешімдерді қабылдауға дәлелді мүмкіндік береді: яғни қалай үйреншікті нысандарды өзгерту керек, сонымен қатар бізді қолшаған ортаны қалай жақсы жағына қарай өзгерту керек.

Модельдеу кезеңдері

Модельдеудің барлық кезеңдері мақсатқа және есептің қойылуына байланысты анықталады. Модельдеу – шығармашылық үдеріске жатады және ерекшеленген кезеңдер әр нақты жағдайда өзгеріске ұшырауы мүмкін.

І.Есептің қойылымы

есептің сипаттамасы

модельдеу мақсаты

нысанды талдау

ІІ. Модельді құру

ақпараттық модель

таңбалық модель

компьютерлік модель

ІІІ. Компьютерлік модель

модельдеу жоспары

модельдеу технологиясы

компьютерлік модель

ІҮ. Модельдеу нәтижесін талдау

Нәтиже мақсатқа сәйкес келеді

Нәтиже мақсатқа

сәйкес келмейді

Прямая со стрелкой 7 Прямая со стрелкой 8 Прямая со стрелкой 9 Прямая со стрелкой 10 Прямая со стрелкой 11 Прямая со стрелкой 12 Прямая со стрелкой 13 Прямая со стрелкой 14 Прямая со стрелкой 15

















Модельдеу кезеңдері

Бірінші кезеңде қарастырып ртырған есепті түсінікті тілмен сипаттау маңызды. Кез келген есепті (мәселені) 2 топқа бөлуге болады:

  1. Нысанның іс-әрекеттен кейін қандай өзгеріске ұшырайтынын анықтау керек, яғни

«егер... не болады?» деген сұраққа жауап беру керек (банк бөлімшесіндегі тек бір менеджерге сағат сайын еселеніп 5 адамнан қосылып отырса).

  1. Кері есеп: Қойылған шарттарды қанағаттандыру үшін нысанға қалай ету керек, яғни

«ол үшін не істеу керек...»деген сұраққа жауап береміз. Банк бөлімшесіне келген барлық келушілерге қызмет етіп үлгеру үшін не істеу керек?

Келтірілген мысалдан қоғамдық мәселелерді зарттеу кезінде модельдеу өте маңызды рөл атқарады.

Зерттеу мақсаты ретінде мыналарды айтуға болады:

  • Қоршаған ортаны танып білу;

  • Берілген қасиет бойынша нысанды құру;

  • Әсердің нысанға тигізер салдары;

  • Құбылыстарды, үдерістерді және нысандарды тиімді басқару.

Нысанды модельдеу барысында талданатын нысанды нақты көрсету қажет.

Модель құру барысында тек маңызды сипаттамаларын ескеру қажет. Зерттеу нысаны ретінде мектеп оқушылары болса, онда дәрігермен және сынып жетекшінің қызықтыратын мақсаттары әртүрлі болады. Дәрігер үшін оқушылардың бойы, салмағы, бір жері ауырып тұр ма, жоқ па, сол маңызды. Ал сынып жетекшісін оқушының отбасы құрамы, қоғамдық жұмысқа қарым-өатынасы, оқып жатқан пән бойынша орташа балы, үлгерімі қызықтырады. Осы берілген мәліметтерді сандық, мәтіндік немесе басқа формада беруге болады.

Компьютердегі тәжірибелік жұмыс: 77 беттегі А және В деңгейі

Сабақты бекіту сұрақтары:

  1. Модель дегеніміз не?

  2. Құбылыстан, үдерістен және нақты нысанна модельдің айырмашылығы неде?

  3. Модельдеудегі түпнұсқаның маңызы.

  4. «Үстел» нысанын содельдеуге мысал келтіріңдер.

  5. Есепті модельдеудің екі типін анықтаңдар. Мысал келтіріңдер.

Үй тапсырмасы: Өз қалауынша қандай да бір объектінің моделін құрастыру



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
21.00.2018
428
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі