Ашық сабақ "Монғол империясының құрылуы" 7 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Монғол империясының құрылуы" 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жариялап отырған материалым,әріптестеріме бір көмегі тиер деген ойда салып отырған жайым. 7 сыныптың ашық сабғында әр түрлі тапсырмалар бердім.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Cыныбы: 7 Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: §21. Монғол империясының құрылуы

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларды Монғол империясының тарихымен таныстыру, Шыңғыс ханның қазақ жеріне шапқыншылығы мен оның ауыр зардаптарын көрсету; басқыншыларға қарсы халықтар күресі мен ұлыстардың құрылуы туралы түсінік беру.

  • Жалпыдан негізгі мәселені ажырата алу үшін танымдық қабілеттерін дамыту, Отанымыздың тарихынан сабақ алып, дұрыс қорытынды шығаруға, үйрету;

  • Оқушыларды Отанын қорғауға батылдыққа, ерлікке ұлтжандылыққа тәриелеу

Сабақтың түрі: аралас,

Әдісі: Сұрақ – жауап, баяндау, түсіндіру, т.б.

Көрнекілігі: Карта, Плакаттар, Шыңғыс хан портреті, кесте, плакат

Пәнаралық байланыс: География, математика, әдебиет

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • «Хабар»

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

І. «Кім көп біледі?» Мына терминдер мен цифрларға анықтама бер.

1155 жыл 95 Онон

Есугей Кешіктен 9 жас

Жасақ Құрылтай

Торы 1206 жыл

XІІІ ғасырдың басы Барунгар

Үй тапсырмасын қорытындылау

Shape1 Shape3 Shape2

Шыңғыс хан

1155 – 1227

Батыр Саясаткер

Shape5 Shape4 Қолбасшы Заңгер

Shape7 Shape6

Хан Жылнамашы


ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:

1. Монғолдардың Қазақстанды жаулап алуы.

2. Жаулап алудың зардаптары.

3. Ұлыстардың құрылыстары.

ІV. «Мәтінмен жұмыс»

Шыңғыс хан жаулап алған жерлерін төрт баласына бөліп берді. Қазақстан жері оның үш баласының қол астына қарады. Бөліп берген жерлер ұлыс деп аталды.

Тапсырма: Ұлыстардың құрылуын ретімен орналастыру

  1. Жошы ұлысына: Шығыс Ертіс өзенінен батыс Еуропа жеріне дейінгі аумақ, қазақ жерінен Шығыс Дешті Қыпшақ, Арал, Сырдың төменгі ағысы, Жетісудың солтүстік шығысы.

  2. Шағатай ұлысына: Оңтүстік және Оңтүстік шығыс Қазақстан (Жетісу аймағы) мен Орта Азия жерлері.

  3. Үгедей ұлысына: Батыс Моңғолия мен Алтай, Тарбағатай, Ертістің жоғарғы ағысы бойындағы жерлер.

Ү. Сабақтың бекіту:

1. «Тарихи диктант»

Шарт: диктан ішінен бүгінгі сабаққа қатысты есімдерді /адам аттарын/ ғана теріп жазу.

Әл – Фараби, Айша, Торы, Әл-Бируни, Күшілік, Гауһар – Шахназ, Жошы, Арыстан

баб, Темүжін, Сүлеймен Бақырғани, Жебе, Жүсіп – Зылиха, Шағатай, Әли, Жүсіп Баласағұн, Әл - Макдиси, Төле, Хамиадани, Мөңке, Ибраһим, Үгедей.

2. Сәйкестігін математикалық есеп арқылы тап.

1Shape8 . Күшілікке қарсы Жебе ноянды аттандыруы 3. (600*2)+(8+9)=1217

2. Темүжін хан сайланып, Шыңғыс хан атанды Shape9 1. (600+600)+(2*3)=1206

3Shape10 . «Отырар опаты» қашан болды? 2. (2400:2)+(20 -1)=1219

3. «Моңғол шапқыншылығының қазақ жеріне тигізген зардаптары» атты кластерді толтыру.

  1. Қалалар мен қоныстар бос қалды.

  2. Отырықшылық мәдениет тоқырады.

  3. Егін шаруашылығының жүйесі бұзылды.

  4. Елдер арасында қарым-қатынас тоқтады.

  5. Этникалық құрам бұзылды.

  6. Қазақ халқының қалыптасуы кешеуілдеді

ҮІ. Бағалау

ҮІІ. Үйге тапсырма

§ 21. «Шыңғыс хан» атты тақырыпта эссе жазып келу





































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.01.2018
737
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі