Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Мұғали Мақатаев ғасыр ақын 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

94 жалпы орта білім беретін мектептің

Қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі:Джамалбекова Ж.А.

«Мұқағали Мақатаев ғасыр ақыны »

Ашық тәрбие сағат тақырыбы:

«Мұқағали Мақатаев ғасыр ақыны »

  1. Білімділік: Оқушыларды қазақтың лирик,мұзбалақ ақыны,өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын атанған Мұқағали бейнесімен таныстыру.

2. Дамытушылық: Оқушының шығармашылық ізденісін қалыптастыру.

3. Тәрбиелік: Халқына қалдырған шоқтығы биік туындыларына шәкірт жүрегінде сүйіспеншілік сезімін ояту, үлгі алуға,құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: ізденіс,зерттеушілік сабағы,шығармашылық жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Мұқағали суреті, шығармалар көрмесі,слайдтар,Мұқағалидың жанды дауысы жазылған бейнежазбалар.

Пәнаралық байланыс: Әдебиет,тарих,музыка,сурет.

Сабақтың эпиграфы: «Өзге емес, өзі айтады, өз жайында»:

-«Ойлы жас, өлең менің сырласымдай,

Сырлассам да құмарым тұр басылмай.

Айтып өткен ақында арман бар ма,

Жүрегінің түбіне кір жасырмай»

.Мұғалімнің кіріспе сөзі: Ой-қозғау.

Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев (1931-1976, шын аты Мұхаммедқали) – қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын, өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын.

Мұқағали өлгенімен жез қылыштай жырлары өлген жоқ.

1-жүргізуші: - Қара саз, қара шалғын өлеңде өстім,

Жыр жазсам оған жұртым елеңдестің.

Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев

Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім.

Ән: Шерхан Аманғалидің орындауында.

2-жүргізуші: Енді сұрақ-жауап кезеңіне тоқталсақ,

1.Мұқағалидың шын есімі? Мұқаметқали

2.Мұқағали дүниеге келген ауыл? Қарасаз

3. Мұқағалидың анасының есімі? Нағима

4.Мұқағалидың қандай әндерін білесің?

5.Мұқағали өмір сүрген жылдар? (1931-1976)

6.Мұқағалидың қандай өлеңі саған ұнайды?

7.Мұқағалидың туған күні? 9-ақпан

8.Мұқағалидың туған жері? Алматы обл,Қазіргі Райымбек ауданы Қарасаз ауылы.

9.Мұқағалидың әкесінің есімі? Сүлеймен

10.Мұқағалидың балаларының есімі? Алмагүл, Шолпан атты екі қызы, Айбар, Жұлдыз атты ұлдары келді. Ал, Майгүл есімді қызы 10 жасында қайғылы қазаға ұшырады.

1-жүргізуші: Жыр кеңістігі – шексіз, ал сен дарасың,

Ғасырыңды жырлап өткен данасың.

Табындырып,, сағындырып біздерді.

Хантәңірідей биіктеп сен барасың, — деп жырлап өткен ақынның өлеңдеріне кезек берейін.

ІІ арнау Ақбота мен Айзада

2-жүргізуші: Қуат алып Абайдың тіл күшінен,

Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.

Абай болып табынсам бір кісіге,

Абай болып түңілем бір кісіден, — деп жырлаған ақын биыл тірі болса ақпан айының тоғызында 87 жасқа толар еді.

1-жүргізуші. Би «Вальс»

2-жүргізуші: Сен қазақтың қазақтығын жырладың,

Ашып айттың қазағымның мұң-зарын.

Сол даңқыңды ұрпағыңа жеткізген

Қара өлеңнің – жалындаған жырларың. Оқушылар ақын өлеңдерінен үзінділар оқиды.

1-жүргізуші: Қазаққа тән қара өлеңге табынды,

Ата – баба дәстүрінен ап үлгі.

Ұшан – теңіз ұлылықты паш еткен,

Мұқағали – поэзия алыбы, — деп Мұқағалидың поэзиямен қалай сырласқанын тыңдап көрейік.

2-жүргізуші: Көрініс: « Мұқағалидің балалық шағынан үзінді»

1-жүргізуші: Импровизация. 5 минут ішінде төмендегі тақырыпта 1 шумақ өлең шығару.

1.Рухани жаңғыру, 2. Абай даналығы, 3. Мұқағали Мақатаев, 4. Мектеп



1-жүргізуші: Табиғат!

Жанымды алсаң, алшы менің

Бір үзік жерге түскен тамшың едім.

Мұқағали жоғалса не істер дейсің,

Артымда қалсын елім, қалсын жерім. « Қазақ биі» қыздар тобы

2-жүргізуші:

Зулап күндер, жылдар аунап барады,

Жырларыңнан қазақ бақыт табады.

Қадіріңді сәл кешірек білсек те,

Мәңгі есімің жадымызда қалады.

«Есіңе мені алғайсың» әні орындайтын Нұрдос.

Қорытынды: Рахмет, балалар! Өнерлерің өрге жүзсін! Ақын мұрасы, маржан поэзиясы – мәңгілік болашақ ұрпақтың еншісі, қастерлеп, қадірлейтін қазынасы. Құрметті қонақтар,ұстаздар мен оқушылар!

«Ақын болсаң, алмас бол тайпалмаған,

Сен айт менің ойымды, айта алмаған» — деп болашақ ұрпаққа жол сілтеген Мақатаев жырлары, бүгінгі кеш барысында оқушыларға шабыт беріп, өз бойларындағы таланттарын шыңдауына арқау болады деген сенімдеміз.



























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.10.2020
408
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12