Материалдар / Ашық сабақ "Мұғалім апай"

Ашық сабақ "Мұғалім апай"

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға арналған
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Сабақ №1

Сабақтың тақырыбы: Біздің мұғалім 1сағат

Сабақтың мақсаты: Мұғалімдерді сыйлауға, құрметтеуге үйрету, жаңа сөздермен танысу.

Күтілетін нәтижелер: білім алудың әр түрлі тәсілдерін меңгерді, өз пікірлері , идеялары қалыптасады, дәлелдемелер келтіруге үйренеді, өз ойларын ашық, еркін, жеткізеді, қоршаған ортаға сеніммен қарайды, әділ бағалауға үйренеді



Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар


1.Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

«Шаттық шеңбері»

Реттік нөмір арқылы топқа бөліну

Бір-біріне тілек тілейді

Слайд


2.Үй тапсырмасын тексеру

«Ыстық орындық»

Бір оқушы ыстық орындыққа отырады,қалған оқушы сұрақ қояды.

Орындық


3.Сабақтың тақырыбын ашу.

Сөзжұмбақ шешу

Оқушылар сөзжұмбақ шешеді



4.Сөздік жұмысы

Жаңа сөздермен жұмыс, сөздерді дәптерге жазады. Жаңа сөздермен жұпта сөйлем құрастырып, әр жұптан бір оқушы шығып интербелсенді тақтаға жазады.


Слайд

Интербелсенді тақта


5.Сергіту сәті: «Қара жорға» биі

Оқушылар «Қара жорға» биін билейді.

Интербелсенді тақта


6.Топтық жұмыс. Оқушыларды рөлдерге бөлу.

Оқушылар мәтінді оқып ,постер жасайды. Рөлдерге бөлінеді. Таимкипер, хатшы, тілші, көшбасшы

Флипчарт, маркерлер, түсті қағаздар


7.Постерлерді қорғау

Әр топтан тілші шығып қорғайды. «Екі жұлдыз, бір тілек », «Смайлик», «Шапалақ» арқылы топтар бір-бірін өзара

бағалайды.

постер


8. Өзін-өзі бағалау

«Басбармақ»

Оқушылар өздерін бағалайды.



9.Сабақты қорыту: Стикерлер арқылы кері байланыс алу

Оқушылар стикерлерге сабақта Не ұнады? Не ұнаған жоқ? соныжазады. Стикерлерді сандықшаға салады.

Стикерлер

Сандықша


10.Үйге тапсырма:

Жаңа сөздерді жаттау.

Мәтінді оқу

оқулық

























Сабақ №2

Сабақтың тақырыбы: Біздің мұғалім 2-сағат

Сабақтың мақсаты: Өткен сабақпен байланыстыру,

грамматикалық тақырыпқа тапсырмалар орындау, өмірмен байланыстыра отырып материалды меңгерту

Сабақтың міндеттері:

  1. Оқушыларды өз ойын еркін айта білуге баулу

  2. Тақырыпқа байланысты ой шақыру

  3. Әңгімелесу дағдысын шыңдау

Күтілетін нәтижелер: білім алудың әр түрлі тәсілдерін меңгерді, өз пікірлері , идеялары қалыптасады, дәлелдемелер келтіруге үйренеді, өз ойларын ашық, еркін, жеткізеді, қоршаған ортаға сеніммен қарайды, сұрақтар қоя біледі, көршісінің жауабын тыңдай біледі, әділ бағалауға үйренеді


Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

9-9.05.

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

«Шетелдік амандасу»

Смаликтер арқылы топқа бөліну

Оқушылар түсті қағаздарға сағаттың суретін салып, оқушылардың аттарын жазады. Сосын сағаттың тілімен жазған сыныптастарымен шетелдерше амандасады.

Слайд, түсті қағаздар

9.05.-9.10.

2.Үй тапсырмасын тексеру

«Велосипед» ойыны

Оқушылар қағазға үй тапсырмасы бойынша бір сұрақ жазады. Сосын бір-біріне қарсы тұрып сұрақ қояды.


9.10.-9.13.

3.Сабақтың тақырыбын өлеңмен ашу.

Білімің- бұлағың,

Ардақты.....

Білімің –бұлағым,

Таусылмас сен жайлы

Тасқынды жыр-әнім.


Оқушылар Актив студио бағдарламасында көп нүктенің орнына керекті зат есім бола алатын сөзді тауып, тақтада жазу керек.

Интербелсенді тақта



















































9.13.-9.18.

4.3-тапсырма.

Сұрақ қою техникаларын қолданып оқушыларға сұрақтар қою.

Түрткі болатын сұрақтар:

Сен нешінші сыныпта оқисың?

Сен мектепке нешеде келесің?

Нешінші партада отырасың?

Сынақтан өткізу сұрақтары:

Мұғаліміңнің аты-жөні кім?

Сендерде ертең неше сабақ болады?

Қандай сабақтар болады?

Антоним дегеніміз не?


Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

оқулық

9.18.-9.20.

5.Сергіту сәті: «Қызыл өрік» биі

Оқушылар «Қызыл өрік» биін билейді.

Интербелсенді тақта

9.20.-9.32.

6. Топтық жұмыс. Оқушыларды рөлдерге бөлу.

4-тапсырма

Екі топ мәтінді оқып ,постер жасайды. Мәтінге ат қояды. 3-топ 2-тапсырманы

орындайды.Өз мұғалімі туралы ашық хат жасайды. Рөлдерге бөлінеді. Таимкипер, хатшы, тілші, көшбасшы

Флипчарт, маркерлер, түсті қағаздар

9.32.-9.38.

7.Постерлерді қорғау

«Аквариум» әдісі арқылы қорғайды.

постер

9.38.-9.41.

8.Жеке жұмыс жүргізу:

4-тапсырма


Синонимдер қатарын жаз:

Ұстаз,

Әсем,

Антонимдер жаз:

Ана-

Кешке-

Күндіз-


Дәптермен жұмыс

9.41.-9.42.

9. Өзін-өзі бағалау

«Бағдаршамның түстері»

Оқушылар өздерін «Бағдаршамның түстері арқылы бағалайды. Жасыл түс – сабақ түсінікті

Сары түс- сабақ қызықты

Қызыл түс- сабақты түсінбедім


Ашық хаттқа салынған үш түсті дөңгелекшелер

9.42.-9.44.

10.Сабақты қорыту: Саусақтар арқылы кері байланыс алу

Оқушылар түсті қағазға қолдарын салып, әр саусаққа тақтада көрсетілген сұрақтар бойынша жауап береді. Сосын қабырғаға іледі.

Түсті қағаздар


9.44-9.45.

11.Үйге тапсырма:

Ережелерді жаттау.

Мәтінді оқу

оқулық



Сабаққа талдау:

Не сәтті өтті?

Сабақтың басында ынтымақтастық атмосфераны қалыптастыру үшін өткізген психологиялық тренинг, сергіту сәті, топтық жұмыс, өзара бағалау, өзін-өзі бағалау жақсы өтті.

Не сәттсіз өтті?

«Велосипед» ойыны. Бұл ойын сәтсіздеу шықты. Себебі балалар ойынның шартын дұрыс түсінбей қалды. Сабақтың мақсатын қою сәтті болмады. Себебі біріншіден оқушылардың сөздік қоры аз, екіншіден мақсат қоюға дағдыланбаған.

Қандай күшті жақтарға сүйенемін. Мұғалім мен сыныптың арасындағы қарым-қатынасы өте жақсы. Мұғалім берген тапсырмаларды оқушылар түгелдей орындап шыққаны, әсіресе, сыни тұрғыдан ойлау стратегиясыны қолданғаны қуантады.

Нені жақсартқым келеді?

Оқыту мен оқуда жаңа әдістерді ендіру арқылы сабақты тереңірек, кеңінен жақсартқым келеді. Көбірек оқушылармен жеке жұмыс түрлерін және өздігінен жұмыс жасауға жетелеп, үйренуін жақсартқым келеді. Болашақта біреудің көмегінсіз өз бетінше жұмыс істей алу дағдысын қалыптасыру және жеке тұлға ретінде қалыптасу мақсатында жұмыс жасағым келеді.

Нені өзгерткім келеді?

Уақыт жетіспеуіне байланысты, сабақтарды қатар етіп өткізер едім.

Бұнымен не жасай аламын?

Уақыт жеткілікті болғандықтан оқушылар өз бетінше білім алуға мүмкіндік туады. (бастаған тапсырманы аяғына дейін орындап, нәтижесін көріп, бағалай алады)

Қандай қолдау, көмек қажет?

Мұғалімдер мен тәлімгерлер тарапынан қолдау.

Одан әрі не істемекпін?

Осы алған білімдерім арқылы мен келешекте тәжірибеме мынадай өзгерістер енгізер едім.Талантты және дарынды балаларды оқыту модулі бойынша жұмысты дамытқым келеді. Мультимедиялық кабинетте көбірек жұмыс жасауға, АКТ модулін әр сабағымда қолдануға (Актив студия, интернет, ұялы телефон ) көңіл бөлу. Менің өткізген сабағым туралы әріптестерім өз ойларын білдірді.

Сабақ бойынша мұғалімдердің пікірі:Мағамбетова Қ.М. қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі. Сабақ өте тартымды өтті. Оқушылар сабаққа белсене қатысты. Әрбіреуі асқан жауапкершілікпен қарады. Бұл сабақтың тиімділігі - оқушылар өз жұмыстарына өздері баға беруі. Дәстүлі сабақта баға қоюға қиналсақ, бұл сабақта оқушылар өз қателіктерін, кемшіліктерін түсінеді де, шамасына қарай баға қояды. Келешекте жақсы баға алуға тырысады. Уақыттарын үнемдеуге үйренді. Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлануына көп тапсырмалар болды. Мұғалім курста алған білімін сабақтарда жан-жақты қолдануға тырысты.

Байгужина Қ.Е. қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі. Маған сабақтың құрылымы ұнады. Тапсырмалар жүйесі баланы ойлауға және қызығушылықпен еңбектенуге талпындырып отырды. Оқушыларда өзіне деген сенімділік байқалды. Жақсы нәтиже көрсетуге ұмтылды. Бағалауда әр оқушы тиесілі бағасын алды.

Сабақ бойынша оқушылардың пікірі:

Д: Мен ойша көп жұмыс істегенді ұнатамын. Бұл сабақта топтастыру, өз ойыңды дәлелдеп жазу ұнады. Мұғалім бізге тек жол сілтеп отырды. Біз өзіміз оқып, өзіміз туған сұраққа жауап іздеп,өмірмен байланыстырып отырдық.

Ә: Маған сабақ қызықты болды. бір-бірімізден көшірмей, тапсырмаларды өзіміз орындадық. Постер бойынша жұмыс жасау ұнады.

С:Маған постер арқылы өзіміз орындаған тапсырмалар түсінікті болды



















ЖИ арқылы жасау
06 Маусым 2018
556
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі