Материалдар / Ашық сабақ "Мынау мектеп" 1 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ "Мынау мектеп" 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақтың тақырыбы. "Мынау мектеп". "Қазақ тілі" орыс мектебіндегі 1 сыныпқа арналған ҚМЖ. Сабақта тыңдау, түсіну және оған сәйкес дұрыс әрекет ету, қимыл, ым мен ишараны қолдану, іс-әрекет жасау, сұхбаттасу әдіс тісілдері қолданылған. Сурет бойынша оқушылар мектеп, сынып сөздерімен танысады, мұғалім сөйлеу үлгілері бойынша тыңдау, қайталау жұмыстарын жүргізеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Мамыр 2022
840
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Тақырыбы:

Мынау - мектеп

Күні, айы:

Мұғалімнің аты-жөні: Даникова Алма Абзалбековна

1-сынып

Сабаққа қатысқан

оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған оқушылар

саны:

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.1.1.1. Сөзді зейін қойып тыңдау, түсіну және оған сәйкес дұрыс әрекет ету (қимыл, ым мен ишараны қолдану, іс-әрекет жасау).

1.2.3.1. Сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік

нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру.

1.3.2.1. Мәтіндегі таныс сөздердердің мағынасын түсіну.

1.4.1.1. Суретте берілген заттардың сынын білдіретін сөздерді жазу немесе постерлер жасау.

Сабақ мақсаты




Барлық оқушылар:

Өзінің мектебі қандай екенін айта алады, үлкен, кішкентай сөздерін орынды қолдана алады.

Оқушылардың басым бөлігі:

Сұрақ қою үлгілерін қолдана алады, сұрақтарға дұрыс жауап бере алады, сөйлесу жағдаятында өзін еркін сезінеді.

Кейбір оқушылар:

Мектепті басқа да сөздер қатарымен сипаттай алады, сабақта үйренген сөйлеу үлгілерін өмірлік жағдаяттарда еркін қолдана алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы (2-5 минут)

(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй калыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.


Сабақтың ортасы (6-40 минут)

(МК, Ү) Оқулықтағы 1-тапсырмада мұғалім оқушылардың назарын суретке аударады, сурет бойынша оқушылар мектеп, сынып сөздерімен танысады, мұғалім сөйлеу үлгілері бойынша тыңдау, қайталау жұмыстарын жүргізеді. Тапсырмада сөздердің дыбысталуына ерекше назар аударылады. (Ж) Сұрақ/жауап үлгілерін сыныптағы оқушылар бір-біріне қою арқылы жаттығады. Сонымен бірге оқушылардың назарын «әдемі» сөзіне аударып, оның аудармасын беріп, бірнеше рет қайталатып, есте сақтау жұмыстары жүргізіледі.

2-тапсырмада оқушылар суреттердің көмегімен мектептерді салыстырады, тапсырма бойынша оқушылар «Мектеп қандай?» деген сұрақ үлгісімен және «үлкен - кішкентай» сөздерімен танысады. Оқушылар топтасып, жұптасып бір-біріне суреттерді көрсету арқылы (алдын ала мұғалім суреттерді дайындап, оқушыларға таратып береді) сұрақ пен жауаптарды дұрыс айтуға дағдыланады. (Ж) 3-тапсырмада тілдесім әрекетіне көңіл бөлінеді. Оқушылар осы тапсырмада берілген диалогті тыңдайды, қайталайды, соңың негізінде бір-бірімен сөйлеседі. Диалог арқылы (Мынау не? Мектеп қандай? Сынып қандай?) сұрақ үлгілерін қайталайды. Берілген сұрақтарға жауап беру дағдылары қалыптастырылады.

(МК) «Есте сақта!» айдары бойынша мұғалім оқушыларға «Менің мектебім (сыныбым), Сенің мектебің (сыныбың)» деген үлгілер арқылы тәуелдік жалғауының жекеше түрінің бірінші, екінші жағын түсіндіреді.

(Ж) 4-тапсырмада оқушылар сұрақ қою, сұраққа жауап беру дағдыларын жетілдіре түседі. Жұптасып өзара «Сенің мектебің қандай?» деген сұраққа «Менің мектебім үлкен, әдемі» деп жауап беруге жаттығады. (ОТ) Мұғалім оқушыларға өз мектебінің суретін салу сияқты шығармашылық жұмыс тапсыра алады (постер жасау). Осы арқылы оқушылар сөздерді қайталайды, салған суреттерін үйренген лексика негізінде сипаттайды.

(МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.

(Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады.

Оқулық

Аудиодиск:

2.1.1.; 2.1.3.; 2.1.4.



А4 форматты ақ қағаз, қарындаштар.

1 жұмыс дәптері



Қосымша тапсырма: 2.1.

Сабақтың соңы (40 минут)

(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.


Қосымша ақпарат

Қорытындылау

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз. Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе не?

1:

2:




Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!