Материалдар / Ашық сабақ "Музыка әлемі" балабақшада
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Музыка әлемі" балабақшада

Материал туралы қысқаша түсінік
Музыка арқылы бала бойындағы дүниетанымдық,адамгершілік қаситтерді дамыту.Өмірге деген сүйіспеншіліктерін жаңа деңгейге көтеру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Сәуір 2021
6542
7 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қарағанды қаласы









Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі


Тақырыбы: «Музыка әлемі»







Өткізген музыка жетекшісі:

Өмен А.А






2020-2021 жыл




Тақырыбы: «Музыка әлемі»

Білім беру саласы: Шығармашылық.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: Музыка.

Тобы: Мектепалды даярлық тобы «Шағала»

Мақсаты:

Мақсаты: Музыка арқылы бала бойындағы дүниетанымдық,адамгершілік қаситтерді дамыту.Өмірге деген сүйіспеншіліктерін жаңа деңгейге көтеру.

Міндеттері:

- Музыкалық дыбыстар туралы білімін қайталау және бекіту;

- Бала бойында таныс әуедерді жаңа бағытта сипаттай білу және айыру ;

- Музыкаға деген қызығушылығын арттыру;

Оқу қызметінің көрнекілігі: нота, аспаптар, үнтаспа, шулы аспаптар, баян, фортепиано.

Оқу қызметінің барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Балалар музыка залына әуен ырғағымен кіреді.

Жетекші: Сәлеметсіңдер ме, балалар,! Көңіл күйлеріңіз қалай?(музыкалық сәлемдесу)

Балалар.Сәлеметсіз бе Ақпейіл Апай. .Тамаша!!!

(Балалар орындарына отырады)

Жетекші:

Балалар, менің қолымдағы суреттен ненің бейнесін көріп тұрсыңдар? (кемпірқосақ)

Кемпірқосақта неше түс бар.

Балалар, ал сендердің киімдеріңде қандай бейне тұр? (нота)

«Шыр айналып әлемді

Сиқырлайды бар елді……»

1)Ноталар қалашығы

Иа балалар, біздің музыка әлемінде неше нота бар? (7 нотаның түсі осы түстермен белгіленеді)

1-нота қызыл түс

2-нота қызғылт сары түс

3-нота сары түс

4-нота жасыл түс

5-көгілдір түс

6- көк түс

7- күлгін түс (ойын)

Қараңыздаршы бұл не? ( Музыкалық нота станына көрсетеді)

Ноталар тұратын сиқырлы үй кімнің есінде?

Нота санында неше сызық бар екен? (5)

Барлық ноталардың патшасының аты кім? (Скрипичный ключ)

Музыка әлемінде неше нота бар. 7.

Жетекші: Қане ондай болса ноталар орнымыздан тұрып аттарымызды айтайықшы. Кейін ноталарды әндетіп айтамыз.

Ендеше барлық ноталарды әндетейік.

(балалар гамманы әндетеді)

Балалар ал енді ноталар қалашығында біздер онымен қатар музыкалық дыбыстар түрлерімен танысамыз. Ендеше балалар гамманы айтып шығайық.(Музыка жетекшісі пианинода гамманы балалармен айтады)

Тағы саяхатқа аттанамызба?

Жетекші: Ендеше балалар!

«Шыр айналып әлемді

Сиқырлайды бар елді……»

би ырғағына сай музыканың дыбысы естіледі (дыбыс естиміз)

Жетекші: Балалар тыңдаңдаршы бір музыка естілетін сияқты.

Бұл қандай музыка екен?

Жетекші: Балалар бұл қандай музыкаға жатады би ырғыма әуен ырғағыма? (Би ырғағы)

Дұрыс айтасыңдар би ырғағы. Балалар біз 2)би әлеміне саяхаттап келдік.

Музыкалық-ырғақтық қимыл: «Летко-енко»

Балалар Тағыда бір әуен естңлетңн сияқты. Бұл қандай ән? (Абай Құнанбаев «Желсіз түнде жарық-ай»). Абай Құнанбаев туралы сұрақ-жауап алу.

Ән тыңдау: «Желсіз түнде жарық-ай» Абай Құнанбаев (баян аспабында орындау)

Жетекші: Балалар ән не туралы айтыңдаршы сұрақ-жауап.

Жетекші: Балалар сендерге ұнадыма?

Жетекші: Әрі қарай сахаттайық балалар?

Бір дыбысы естіледі.

Жетекші: Қандай ғажап балалар біз қайда келдік?

Жетекші: Балалар тыңдайықшы бұл әуенді музыка ма? (Жоқ)

Не естіп отырсыңдар балалар? (Барабан).

Біз 3) ритмикалық дыбыстар қаласын келдік. Ол музыка яғни әуенге жатама балалар?Жоқ дұрыс айтасыңдар ол ритмикалық дыбысқа жатады.Ритмикалық дыбыстардың қандай түрлері бар кім айтады (шулы дыбыстар және музыкалық дыбыстар) Дұрыс айтасыздар.

Қандай музыкалық дыбыстар болады?кім жауап береді? (Қатты-жәй, Жоғары-төмен)

Енді сендердің музыкалық қабілеттеріңді тексеріп көрейікші?

Оркестр-«Шулы оркестр ертегісі»

Жетекші: әрі қарай саяхатымызға аттанайық?

ән дыбыс естіледі «Аспаптар-оркестр»

М.Ж: Тағы да музыка естіледі. Бұл әуен сендерге таныс сияқты ғой? (Таныс)

Бұл не екен? (Ән)

М.Ж. Дұрыс айтасыңдар балалар біз 4) ән әлеміндеміз.Біздер түрлі әндер білеміз бірақ ән айтар алдында біздер дауыс жаттығуын жасаймыз, дауыс жаттығуы бізге не үшін керек?

Дауыс жаттығуы

Ән«Аспаптар-оркестр»

Жетекші: Жарайсыңдар балалар сендер би билейді екенсіңдер әнді де жақсы айтады екенсіңдер

Сиқырлы музыка әлемі өте үлкен және біз ол әлемде әлі де көп саяхаттаймыз.

Оқу қызметінің қорытындысы:

Жарайсыңдар балалар маған сендердің билерің әндерің ұнады.

-  Музыкада неше нота бар?- Ритмикалық дыбыстар қандай?
-
  Абай Құнанбаев кім?-Қандай ән тыңдадық?-Қандай ән айттық?
-
  Сендереге сабақ ұнады ма? Музыка әлемі қызықты болды ма?
-  Ия.
-  Осындай жақсы көңіл- күймен сабағымызды аяқтаймыз.  
Сау болыңдар!
(Марш екпінімен залды айналып шығып кетеді)



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!